Әож 32. 313 Құрманбаева Дамира Парменқызы

Loading...


жүктеу 80.13 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі80.13 Kb.
ӘОЖ 32.313

Құрманбаева Дамира Парменқызы

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Тараз, Қазақстан
«МӘҢГІЛІК ЕЛ »ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАҒА КІРУ МАҚСАТЫНЫҢ ТЕТІКТЕРІ РЕТІНДЕ
Түйіні

Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін,

ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға

жетелейтін идея бар.

Ол – Мәңгілік Ел идеясы» Н.Ә.Назарбаев.


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ХХI ғасыр ортасында Қазақстан халқына арналған идеяны ұсынған болатын.Ол мәңгілік ел идеясы болатын. . Сенімді серігі – ұлттық идея. Ұлттық идеяның тарихи орнын, оның кешегі, бүгінгі, ертеңгі болмыс-бітімін анықтау үшін алдымен «ұлт», «идея» ұғым-түсініктеріне тоқтала кеткен жөн.

«Ұлт» (латынша – nascor) термині Ежелгі Римде аз халықтар деген мағынада қолданылған екен. Бүгінде «ұлт» терминіне берілген анықтамалар қисапсыз көп.

Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мысалы, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi. Шығарманың түпкi түйiнi мағынасында да қолданылатыны бар.

«Мұрат» сөзі де мағынасы жағынан «мақсаттан» маңыздырақ, жүрекке жақынырақ. Қайткенде де, мұратсыз ұлт та, мемлекет те жер бетінде болған емес. Қазақ даласында ұлттық идея байырғы түрік дәуірінде мемлекеттік, тіпті империялық биікке көтерілді. VIII ғасырда: «Бүкіл түркі халқы үшін қызыл қанымды жүгірттім, түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт еттім: бастыны еңкейттім, тізеліні бүктірдім!», деген бабаларымыз «Мәңгілік Ел» құрғанына сенімді еді.

Қазақ хандығының шаңырақ көтеруімен ұлттық идея мемлекет пен оны құраушы этносты, тарих сабақтастығын үзбестен, дараландыратын факторға айналды. Кейінде ол идея талантты ұл-қыздарын әлемдік ақыл-ойдың асқар шыңына алып шығуға септігін тигізді. Ендеше, ұлттық идеямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар екен. Оның өзi бiрнеше дәуiрден тұрады. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегiн мемлекеттiліктi нығайту, этникалық аумақты қалыптастыру, бiрде тiлiн, бiрде тiсiн көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату, бәсекеге төтеп беру құрады.

Жақсы менен жайсаңның басын өлiмге байлаған ХVІІІ ғасыр Абылай хан дүние салуымен қазақтың маңдайындағы бағын ұшырды. Ресейдiң бодандығына кiрген қазақ қоғамы әлеуметтiк-саяси және аумақтық тұтастығынан айырылды. Төл мемлекеттiң болмауымен қоса бiртұтас ақпараттық кеңiстiктiң жоқтығы да жалпыұлттық идеяның өрiсiн тарылтты, жолын кестi. «Бөлiп ал да билей бер» саясатынан туындаған әрбiр саяси күш, әлеуметтiк қауым өз биiгiне, көздегенiне лайық ұлттық идеяны дүниеге әкелдi. ХVІІІ ғасырда Абылай мен Ботақанның, ХІХ ғасырда Махамбет пен Баймағамбет сұлтанның, Кенесары мен Қоңырқұлжаның, ХХ ғасыр басында Сәкен мен Мағжанның, Әлiби мен Әлиханның ұстанған ұлттық мұраты барша қазаққа ортақ едi деп, ешкiм айта алмас. Иә, бұлар әрiсi – туған халқына, берiсi – соңынан ерген пікірлес қауымға қызмет еткiсi келдi. Бiрақ, уақыт өзi көрсеткендей, бiреулерi ат төбелiндей азшылықтың мұратын жалаулатса, екiншiлерi – барша қазақтың болмаса да қалың көпшiлiктiң мұратын дөп басып таба алғаны ақиқат. Сырым, Махамбет, Кенесарылар ұлттық идеяны қарулы күрестен тапса, Шоқан, Абай, Ыбырайлар ағартушылықтан, Әлихан, Ахмет, Мiржақыптар Алаш автономиясынан, Шоқай тұтас Түркiстанды құрудан, Әлiби, Сәкендер таптық күрес ілімін олжалады.

Егер ұлттық идеяның мәні – ұлттың тағдыр анықтағыш тілегі, ниеті, оны ілгері қадам басуға жұмылдырушы фактор, күн тәртібіндегі басты мәселені шешуге бағышталған мазмұнды әрі кесек ой десек, осылардың жиынтық формуласы М.Дулатов дәйектеген «Оян, қазақ!» тұғырнамасында жатыр. Бұл ұран емес, М.Дулатовтың өлеңдер жинағы да емес. Халық қасіретін, замана келбетін дәлме-дәл айқындаған сәуегейлік. Шынында да екі ғасырға жуық созылған отарлау, қорлық пен зорлық халықтың дүниетанымына, мінезіне, өмірсалтына, шаруашылығына орасан зор нұқсан келтіріп, еңсесін түсірген еді, алды-артын бағамдау қасиеттерінен айыра бастаған болатын.

Бір мүшелден де аз мерзім ішінде Ұлы даланы қозғалысқа әкелген «Оян, қазақ!» идеясы мақсат-мұратына жетіп, 1917 жылдың жазынан оның орнын «Қазақ автономиясы» ұлттық идеясы басты. Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейханов, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бірігуге, мақсатты әрекетке, бас амандығын қамтамасыз етуге шақырды. «Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бұл «Қорған, қазақ!» ұлттық идеясы еді. Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР-і түрі жағынан ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.

Кеңестiк Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихы мен тағдырын бiр ауыз сөзбен шиырып айтар болсақ, ол – ұлтжанды тұлғалардың қасiретi мен қуғын-сүргiнге ұшырағаны, кешегi әралуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мән-мағынасынан жұрдай болған утопиялық социалистiк идеяның алмастырғаны, ол – өз елiндегi, өз жерiндегi біраз қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерiнен қазақтан жатсынуға бет түзегенi. Ұлтын сүйген, социалистiк эксперименттерден қара бұлттай төнiп келе жатқан апаттың сұмдығын қапысыз ұғынған рухы биiк ақын-жазушылар, ғалымдар, жекелеген тұлғалар туған халқының тiлi, дiнi, мәдениетi, жерi үшiн отқа күйiп, суға түскенмен, қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйе Қазақстанда тiлге жеңiл, жүрекке жылы ұлттық идеяны түзуге де, халыққа ұсынуға да жеткiзбедi, көктей солдырды. 20-30-жылдары Алаш зиялылары құрбандыққа шалынғаннан кейiн ұлттық идеяны табу бағытындағы талпынысты «ЕСЕП» партиясының, «Жас тұлпар» қозғалысының дүниеге келгенiнен, «Қазақ әдебиетi», «Зерде» газет-журналдарындағы ұлт тарихы, тiлi, мәдени мұрасы жайлы жарияланымдардан, Ш.Смаханұлының қазақ мектептерiн ашуға жанталасынан, 1979 жылғы Целиноград, 1986 жылғы Алматы оқиғаларынан көргенiмiз ләзiм. Әйт-кенмен, бағыт – мақсатқа тура жеткiзетiн даңғыл жол емес. Кеңестік 70 жылдың ішінде қисапсыз қасiреттi басынан өткiзген, демографиялық азшылықтың әсерінен ұлттық болмыс-бітімінен ажырай жаздаған біздің ел тәуелсiздiктiң табалдырығынан кемел ұлттық идеясыз аттады.

Тәуелсіздік таңы атысымен ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Түрлі пікірлер ортаға салынды. Олар қоғамдық санаға игі әсер еткені сөзсіз. Алайда, ғылыми ізденістер бір арнаға тоғыспаған күйде қала берді. Мемлекеттік биліктің ашық та жария қолдауынсыз ұлттық идея табылмайтыны, тамырына қан жүгірмейтіні белгілі болды. Жұлдызды сәт Прези дентіміздің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын жариялаумен туды. Енді не істеу керек?

Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл істен барша зиялы қауым, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ тыс қалмауына Парламент пен Үкімет, Президент Әкімшілігі жағдай жасағаны абзал.

Екіншіден, заманауи ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, студенттерге, жастарға жеткізу үшін бар күшті салған артықтық етпейді. Осылардың санасына, өмір салтына сің¬ген құндылық пен сенім «Мәңгілік Ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз.

Үшіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын қазақстандық кәсіпкерлер, бизнесмендер, бай-бағландар қолдауының маңызы зор. Олар ғалымдармен ынтымақтасуы арқылы мәселені тереңінен зерделеген еңбектердің дүниеге келуіне септігін тигізер еді.

Төртіншіден, болашағы жарқын ұлттық идеямызды Қазақстандағы барлық этнос¬тар мен аймақтарға жеткізу атқарылар іс-шараның бір парасы ғана. Ол әлемдік ақпараттық, ғылыми кеңістіктерден ойып тұрып өз орнын алуы керек.

Соңғы үш ғасырда қазақ даласында дүниеге келген озық ұлттық идеяның бірде-біреуі жасампаз миссиясын толық атқара алмай, тарих қойнауына кірген еді. Есесіне Кеңестік тоталитаризмнің таптық-партиялық қатыгез идеясы тұлғаларымызды баудай түсіріп, Қазақстанды өркениет әлемінен жыраққа әкете жаздады. Қазақ елінің мәңгілігіне, гүлденуіне қызмет ететін идея енді туды. Осынысымен-ақ «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының мәңгілік ғұмыры басталды.

Шыны керек, Елбасымыз Мәңгілік Елге бастайтын, абыройлы әрі мәртебелі жолды жалғастыратын жастарға, яғни Бізге зор сенім артып отыр. Өйткені, Отанымыздың болашағын баянды етіп, аға буын салып кеткен сара жолды жалғастыратын – Біз, жастар! Сондықтан, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында аянбай еңбек етіп, Қазақ Елін төрткүл дүниеге таныту – тікелей жастардың қолында! Ұлт Көшбасшысының, ел ертеңі – жастарға көбірек жүгіне сөйлеуі – осының айшықты дәлелі. «Бұл Стратегия Сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Елдің болашағын бірге жасаңыздар!» деген Елбасы Қазақстанның болашағын жастармен байланыстырады. Бүгінде республикамыздың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған өскелең жастар. Жас буын өкілдеріне арналған мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Соңғы жылдары жоғары білім алуға берілетін гранттар саны ұлғайтылып, мемлекеттік «Болашақ» Бағдарламасы аясында жас қазақстандықтар әлемнің таңдаулы оқу орындарында озық білім алуда. Ең басты міндет ретінде белгіленген - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру – Қазақстан жастарының мойнына жүктелер үлкен міндет болмақ. Біз, жасотандықтар, өз білімімізбен, жаңашылдыққа деген құштарлығымызбен осы мұратқа лайық болуға, соның талабына жауап беруге тиіспіз. Сонда, «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау қолымыздан келеді. Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушы да, жемісін көруші де – Біз, жастар. Сондықтан, өзімізге артылып жатқан сенімді үлкен жауапкершілікпен ақтауға міндеттіміз. Елбасының жастар саясаты дамуын нақтылай түскені – жастарға үлкен сенім артқаны деп қабылдаймын. Мерейлі істердің берекелі бастауы белгіленген аталмыш тарихи құжатта ең бастысы – ұлттық идеяның тұғыры айқындалып, қазақ тілінің мәңгілік тіл екендігі айтылды. Шынымен-ақ, қазақ тілі – ұлт тірегі. Дәл осы «Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтты ұйыстырып, болашаққа бет алған бағдарымыздың дұрыстығына кепіл бола алады. Сондықтан келешегіміз кемел болуы үшін – бәсекеге қабілетті мемлекет болуымыз шарт. Қазақ тілі – ортақ құндылығымыз. Қазақ тілі – мемлекетімізде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстар ұйытқысының кепілі болуы қажет.

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар.

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар. — Алматы, «Алматыкітап» баспасы, 2005. — 368 бет.

2. Сыздықов С.М., Селиверстов С.В., Сыздықова Ж.С., Джаферсой Н., Кара А., Қабылдинов З.Е. Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясы және түркі кеңістігі. Ұжымдық монография. — Астана, «Сарыарқа» баспасы, 2011. — 404 бет.

3.Зиябек Қабылдинов. Астана ақшамы, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж.



4. Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...