ӘОЖ: 159. 9(07. 5) Студенттік отбасына қолдау көрсету жұмысының психологиялық ерекшеліктері

Loading...


Дата29.04.2017
өлшемі109.31 Kb.
ӘОЖ: 159.9(07.5)

СТУДЕНТТІК ОТБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алимкулова А.Н.

«Педагогика және психология» мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы С.М. Ташкенбаева

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы


Резюме

Психологические особенности работ по оказанию поддержки студенческой семьи.

Summary

Psychological peculiarities of the work with the students family.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.

«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.

Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

Қарым-қатынас адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады.

Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр.

Ел басы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан Халқына Жолдауында: «Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табуымыз керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау кажет. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейте түсуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, балалар өздерінің ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиіс.

Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз», - деп атап көрсетті [1].

Біздің қоғамымыздың маңызды мәселелерінің бірі – отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару осал некенің пайда болуына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы Республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігі мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасыларды құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады.

Демографиялық мәселе, туудың жоғарылауы, халық денсаулығы, жас отбасын зерттеу мәселелерін шешуге мемлекеттің қызығушылық таныту курсы есепке алынады. Одан басқа, халықтың көп бөлігін жастар құрайды, сондықтан да оның мәселелерін зерттеуге де көптеген адамдар қызығушылық танытуда.

Жас отбасы – зерттеудің күрделі де аз зерттелген нысаны. Осыған орай бұл тақырыпқа арналған әдебиеттер де көп емес, зерттеулер өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басына жатады. Біздің зерттеуде жас отбасы деп екі жұбайдың да жоғары оқу орнының күндізгі бөлім студенттері болуын түсінеміз, яғни әйелі мен күйеуінің әлеуметтік жағдайы бойынша гомогендік (біркелкі) болуы. Бұл жұбайлардың жасы 28-ден аспаған, ал отбасылық өмір өтілі 5 жылдан аспаған жас отбасы. Жас отбасындағы балалар мектепке дейінгі жастағы балалар. Жас отбасы жұбайлардың идеялық-әдептілік сипаттамаларының жақындығына байланысты сәтті болады. Алайда студенттік жылдардағы жағымды ұстанымдардың іске асуын қиындататын бірқатар әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және әкімшілік-құқықтық факторлар болады. Зерттеудің мақсаты студенттік некенің сәтті болуына әсер ететін факторларды және студенттік отбасының ерекшелігін анықтау болып табылады.

Отбасыны теориялық зерттеудегі жетістіктер туралы әр түрлі ғылыми пәндер аппаратының интеграциясы куәландыра алады. Отбасын зерттеудің негізгі бағыттарына мыналар жатады: отбасы және қоғам; отбасының әр түрлі институттармен және ұйымдармен әрекеттестігі; отбасының саны, құрамы және түрлері (типология); отбасының негізгі кызметтері; отбасының жұмыс қалпы; отбасындағы туыстық-отбасылық қарым-қатынас; отбасы-некелік қарым-катынастың қалыптасу кезеңі; отбасы және жеке адам; отбасындағы жеке адамаралық қарым-қатынас; отбасының ыдырауы. Бұдан басқа отбасы мәселесін зерттеу: педагогика, демография, әлеуметтік психология, құқық, экономика, социология, этнография ғылымдарымен бірге жүреді.

Отбасылық тәрбиенің жалпы теориялық, педагогикалық, психологиялық негізін жасауда көп үлесті: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский [2] т.б. сынды классиктер қосқан.

Қоғам да, ата-аналар да отбасылық өмір жайын тәрбиеленушілердің бойына сіңіруге тырысады. Дегенмен, бір-бірімен өз қалауларымен сүйіп қосылған жастардың көп ұзамай ажырасып жататыны және мұндай жәйттердің жиі кездесетіні жасырын емес.

Адамдардың көпшілігіне өмірдің мәні мен сәні, мұраты жанұялық өмірдің ойындағыдай болып, тараған ұрпақтардың өз орындарына қонып, бара-бара өсіп, өнуінде. Ол үшін отбасын құрушылардың бір-біріне шынайы сүйіспенпеншілігіне қоса, өз беттерімен үй ұстауға, отбасындағы үлкенді-кішілі қиыншылықтарға кездескенде, ерлі-зайыптылық өмірлеріне сызат түсіріп, кері әсерін тигізіп алмайтындай әзірліктері болуы тиіс. Отбасы мәселесі қай кезеңде де өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, тақырып өзектілігін жоймайды. Осыған орай, ғылыми тұрғыдан жастарға отбасының асыл қасиеттері мен мол мұраларын жеткізу қажет деп есептейміз.

Жастарды отбасын құруға және болашақ ерлі-зайыптылардың функциясын орындауға дайындау мақсатына бағытталған тәрбие жұмысын жүргізу керек. Бұл тұрғыда педагогикада және отбасы әлеуметтануында көп жұмыстар жасалынды. Болашақ отбасы иесін даярлау мәселесінің педагогикалық аспектілері И.В.Гребенников, Л.М.Панкова, А.Я.Студенте , В.Я.Титаренко, И.В.Бестужев-Лада және басқалардың еңбектерінде берілді. Бұдан басқа жыныстық тәрбие мәселелері И.С.Кон, В.Е.Каган [3] еңбектерінде көрініс тапқан.

Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлауда халықтық салт-дәстүрді пайдаланудың маңыздылығы Ж.Сакенов [4] еңбегінде ерекше көрсетілген.

Отбасылық өмірге бозбалалар мен қыздарды дайындау жолдарын В.Е.Зарайченко, А.Г.Хрипкова өз еңбектерінде қарастырды. Жастардың некеге дайындығының кемшіліктеріне талдау жасау негізінде зерттеушілер отбасылық өмірге жігіттер мен қыздарды дайындауда тәрбие жұмысын жүргізуді жетілдірудің кейбір жолдарын анықтады [5].

Р.А.Иремашвили, В.А.Кишкурко, И.А.Эльшанская зерттеулерінде бозбалалар мен қыздарды отбасылық өмірге дайындау мәселелерінің біршама аспектілерін қарастырды. Қоғамның некеге тұрушы жастарға қоятын талаптары, олардың отбасылық өмірге дайындығының деңгейін бағалау критерийі айқындалған, осы маңызды бағыт бойынша мектеп жұмысының кемшіліктеріне талдау жасалған [6].

Жас отбасыларға қолдау көрсету мәселесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау, жас отбасыларға қолдау көрсету мәселесінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Демек, жас отбасыларға қолдау көрсету арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Сондықтан, бүгінгі таңда жас отбасыларға қолдау көрсетудің қажеттілігі мен бұл мәселенің тәрбие теориясы мен тәжірибесінде нақты тиімділігін таппағандығы олардың арасында қайшылық орын алып тұрғандығымен ерекшеленеді.

Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы мен сезімдер сипатына ешкімнің шүбәсі болмауы тиіс. Отбасылық қарым-қатынаста оның әрбір мүшесінің рөлі ерекше болып табылады. Отбасында ана баланы өмірге әкеледі, оны ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді және мәпелеп өсіреді. Анадан бала эмоциялық жылық пен махаббат сезімін сезінсе, ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Бір көзқарастарда балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоциялық қолдау деп есептесе, үшіншілері әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі деген тұжырымдарды ұсынады. Қазіргі таңда әкенің рөлі қалай болса да ананың рөлінен кем болмауы керек. Бұл жағдай тек әр адамның жауапкершілік сезіміне тәуелді болып келеді. Себебі, қазіргі таңдағы жаһандану жағдайында, әсіресе еуропалану уақытында ұлттық құндылықтарымыз арқылы баланы тәрбиелеу басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Отбасылық дағдарыстардың белең алуы көп жағдайда еліктеушілік қасиетімізге байланысты екені ешкімге күмән туғызбас. Сондықтан бала тәрбиесіндегі мәселелер, әсіресе отбасылық өмірге тұлғаның дайындығы ғылыми тұрғыда негізделуі керек. Бұл жағдайлар жоспарланбаған сәбилердің дүниеге келуінен, жас отбасылардың дағдарыс жағдайларының, жауапсыздық сезімдердің алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс[7].

Жеке тұлғаның қалыптасу негізі, қоғамның құрылымдық бірлігі – отбасы. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын бесігі. Ол қоғамдағы өзгерістердің әсеріне ұшырай отырып, өзі де қоғамға күшті әсер етеді. Отбасына, негізінен, тәртіп пен реттік, мамыражай тіршілік тән.

Адам баласы қандай да болмасын тәрбие түрлерінің негізгі мазмұнын, бағытын отбасынан алатыны анық. Отбасы кішкентай мемлекет деген ұғым бар. Бұл кішкентай мемлекеттің негізгі қызметі – осы мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси, жағдайын реттестіріп отыру. Салауатты отбасы – өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі қасиеттер тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік тек отбасында қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиенің негізі қалыптасады. Демек, өмірге ұрпақ әкеліп, оны қоғамдық ортаға сай, ақылды, парасатты, адамгершілікті, имандылық қасиетін бойына сіңірген тұлға ретінде тәрбиелеу ең алдымен отбасының міндеті. Бүгінгі студент ертеңгі ата-ана, ол бала тәрбиесінде алдымен бала, сонан соң қоғам алдында жауапты екенін түсінуі абзал.

Отбасы – өмір университеті, онда адам ең алғаш рет ізгілік сабағын алады, оның бойында мейірбандық, еңбексүйгіш, әділеттілік қасиеттері қалыптасады, жақынына, туған-туысқандарына қайырымдылығы, махаббат сезімі артады, яғни оның келешегінің адамгершілік, азаматтық позициясының негізін салады. Отбасының тұрақты болуы үшін ерлі-зайыптылардың өзара түсінушілігі, бір-бірін толықтыра түсу маңызды роль атқаратындығы жоғарыда жұмыс барысында кеңінен тоқталып өтілді, бірақ өзара түсінушілік дегеніміз өздерін қоршаған ортаның, сыртқы әлемнің әлдебір оқиғасына көзқарастарының сәйкес келуі емес. Мұнда ең әуелі отбасындағы әдетте болып жататын тәртіпті, өте қарапайым, болар болмас іс әрекетті өздігінен өзара түсінісіп, қабылдай білуі керек. Себебі отбасы – әрқайсысының түрлі ерекшеліктері, қасиеттері бар адамдар араласуының барлық түрлерінің ішіндегі неғұрлым тығыз байланыстысы [8].

Отбасы мәселесі қай заманда болмасын қоғамның ең қажетті проблемаларының бірі болып келген және бола да бермек. Әсіресе, бүгінгі қоғамдағы отбасы мәселесі қоғам қажеттілігінен туындап отырған мәселе.

Неге десеңіз, жаңа ұрпақты тәрбиелеу әрбір қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылғандықтан, отбасы – қоғамның бүкіл адамзаттың қалыптасу негізінің іргетасы болып саналады. Адамзат тіршілігінің ең қажетті құндылықтарына жататын отбасы дамудан қалды дегенше, қоғам дамуына қатер төнді дей бер. Сондықтан осы мәселелерді ғылыми тұрғыда, жаңаша көзқараспен, қазіргі қоғам талабына сай шешкен кезде ғана біз нағыз демократиялық өркениетті, жан-жақты дамыған елге айнала аламыз.

Сонымен, университет саласында білім алып отырған студентік отбасыларына қолдау көрсету қазіргі қоғам талабына сай қажеттігін туғызады. Университетте бойжеткен қыздарымыз бен бозбала жігіттерімізге арнаулы клубтар ашылып, онда отбасы мәселелері қаралып отырса, әртүрлі дәріс сабақтар жүргізілсе, жастарымызға әрине үлкен септігін тигізері анық. Оларды болашақ ана, болашақ әке, сүйікті жар етіп, отбасы мәселелірінің қуанышы мен қиыншылықтарын бойларына сіңіріп, қазақ салтын үлгі-өнеге етіп даярлап отырсақ, өздерін табыстырған жұбайлары мен ортақ тіл табысуға, біріне бірі сыйлы болуға, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктерінің жоғары екендігін түсінуге әсер етуі ықтимал.

Демек, жоғары оқу орындарында студенттік отбасыларына қолдау көрсету екі жасқа игі әсер етер де еді. Мұндай тиімділік жастардың отбасын сақтап қалуға, ондағы моральдық-психологиялық ахуалға, некесі және бала тәрбиесі мәселелеріне ден қоюына септігін тигізері шындық.


Әдебиеттер

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы: Білім, 1997ж.

2 Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.

3 М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.

4 Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева.-Алматы:«Экономика» баспасы ЖШС, 2014ж.

5 А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.

6 Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.

7 Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.



8 Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.

-Алматы: 2002ж.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...