Әож 130. 2(574)+16 болашақ отбасылық Өмірге əлеуметтік-психологиялық даярлаудың аспектілері



жүктеу 98.38 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі98.38 Kb.


ӘОЖ 130.2(574)+16

БОЛАШАҚ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ƏЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛАУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Оразимбетова К.Ш. – филос.ғ.к., аға оқытушы

ОҚМПИ, Шымкент қаласы


Резюме

В статье раскрываются роль и значение подготовки молодежи к брачно-семейным отношениям.

Summary

The author in clause opens scientific bases of preparation of youth to creation of family.
Қоғам өмірі мен оның тұрақтылығында әлеуметтік шиеленістерді шешуде отбасы-ның орны өте маңызды. Отбасы өзінің табиғатына сай қоғамдағы өзекті мәселелерді (депопуляцияны жеңу, қоғамдағы негізгі адамгершілік туралы түсініктің қалыптасуы, балалардың әлеуметтендірілуі, мәдениет пен экономиканың дамуы, отбасы кәсіпкер-лігінің дамуы) шешуде қоғамның басты көмекшісі болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, отбасы институтының даму қарқыны төмендеу. Отбасы саясатының негізгі мінде-тінің бірі отбасы институтының мүмкіндіктерін қоғам дамуының күрделі мәселе-лерін шешуде тиімді пайдалана алатын механизмдер мен технологияларды ойлап таба білуі тиіс. Әртүрлі қоғамдық тиімді қызметке белсенді қатысатын, жоғары квали-фикациялы ой еңбегін дайындауда жұмыс істейтін, интеллигенция қатарын толтырудың негізгі қайнар көзі ретінде анықталатын үлкен қоғамдық топ – жастар. Жастық шақ – адамның жеке адам ретіндегі, қоғамның белсенді мүшесі ретіндегі маңызды қалыптасуы. Бұл кезеңде белсенділіктің əр алуан түрлері, əлеуметтік байланыстың дамыған жүйесі қалыптасады. Мысалы, әлеуметтік ориентация кең мағынада қоғамдық қарым-қаты-настарда жəне осы қарым-қатынас жүйесіндегі шынайы немесе болжанған орынға индивидтің немесе топтың ұсынылуы. Бұл ориентацияның толығырақ мағынасы белгілі бір əлеуметтік жағдайға қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар, олардың өскен отбасылық жағдайы да елеусіз емес. Олардың негізгі əлеуметтік қызметі əрекеттің мынадай бірнеше түрімен байланысты: оқу, қоғамдық-саяси, тұрмыстық-шаруашылық, мəдени-тұтынушылық, шығармашылық қатынаста болу, еңбектік, отбасылық өмірге дайындық жəне мəдени бос уақытты ұйымдастыру.

Отбасы – адамның өмір сүруінің әлеуметтік формасы болып табылады. Отбасы – әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы – қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адам-дардың өзара туыстық немесе некелік қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғам-ның алғашқы ұясы. Бұл қоғамның некелік және туыстық байланыстарға негізделген бірге өмір сүретін, ортақ тұрмыстық шаруашылығы бар кіші әлеуметтік топ. Жыныстар арасындағы қатынас – әлеуметтік және биологиялық, отбасылық-некелік қатынастар тек қоғамдық ғылымдармен емес, биологиялық, психологиялық және медицинамен де зерттеледі. Яғни, отбасылық өмірді құру мен сүру – үлкен өнер. Оған қол жеткізу үшін, белгілі бір дайындық қажет. Некеге дейінгі жүріс-тұрыс – өте кең ұғым. Ол болашақ ерлі-зайыптылардың сипатын алдын ала анықтап, өз кезегінде некелік қарым-қаты-насты құрушы əр субъектіні таныстырады. Адамдардың некеге дейінгі күтіну кезеңі отбасын құру процесіне əсер етеді. «Танысу кезеңін» «күтіну кезеңінен» ажырата білу керек. Бұл екеуінің ортақ (адамдардың бірін-бірі танитын уақыт ағымы) жəне айырмашылық мағынасы бар. Күтіну адамды үлкен қызығу-шылықпен тану, оған деген ерекше қарым-қатынас орнатуды білдіреді. «Танысу кезеңі» некеге дейінгі əйел мен қалың-дықтың арасындағы жақындық деңгейін сипаттайды. Ал, «романтизм» өзара қарым-қатынас, басқа да жоғары эстетикалық жəне адамгершіліктік құндылықтар қандай да бір басқа факторларға емес, олар жастардың мəдени адамгершілік жəне эстетикалық деңгейі мен мінезіне тəуелді. Некеге дейінгі қарым-қатынаспен байланысты мақсаттар мен мотивтерді, күтулерді зерттеу болашақ отбасылық рөлдерді қалыптастыру меха-низмдерін, болашақ отбасында пайда болатын конфликтінің бағыттылығын көрсетеді. Осылай некеге дейінгі қарым-қатынас кезеңінде болашақ ерлі-зайыптылардың отбасын-дағы рөлдері, əйел адамның қоғамдық жəне өндірістік əрекетке қатысуы, отбасы өмірін-дегі материалдық жəне рухани құндылықтардың орны туралы түсініктер қалыптасады.

Мамандар некеге тұрудың мынадай түрлерін бөліп қарастырады: əр алуан кең тараған жəне туу мен отбасындағы тұрақтылық процесіне əр түрлі əсер ететін деңгей-лер. Бірінші түрі – жағымсыз мақсат, бұл əйел мен еркектің қандай жағдай болса да некеге тұрмауы, олардың барлық қажеттіліктерін, соның ішінде сексуалдық қажеттілік-терін некеден тыс қанағаттандыру тиімді жəне мақсаттырақ болады. Екінші түрі – неке-лік серікті таңдауда ең жоғары таңдап алушылық. Индивид некелік серікті таңдауда өзі-нің қалауына сəйкес келетін адамды таппайынша, өмір бойы некеге тұрмауды қалайды. Үшінші түрі – көптеген адамдарға тəн орташа таңдап алу мақсаты, мұндай индивид өзіне тиімді қасиеті бар адамды кездестіргеннен кейін онымен некеге тұруға келіседі. Төртінші түрі – таңдап алудың төменгі деңгейі үйлену немесе тұрмыс құру өзін-өзі бағалаудың дəлелі некеге тұрушы серігінің жеке басынан жоғары тұратын адамдарға тəн.

Белгілі ғалым В.И.Переведенцовтың мəліметтері бойынша, заңды ажырасуды санамағанда, фактіге негізделген ажырасу, некенің 21%-ы бір жылдан кем өмір сүреді [1,63-б.]. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептері – бұл категориядағы жұбайлардың некеде тұруының төртінші түрінің басымдылығы. Бірақ, берілген жалғыз констатация-мен шектелуге болмайды, себебі, социологиялық жəне демографиялық зерттеулер көрсеткендей, отбасы өмірінің бастапқы кезеңінде тұрақтылықты төмендететін басқа да факторлар анықталады. Мысалы, біріншіден, жастардың өмір сүру салтының шұғыл өзгеруіне дайын еместігі. Оның негізгі аспектісі – басқа адам үшін жауапкершілігі жоқ-тығы, ұдайы пайда болатын мəселелерді шешуге қабілетсіздігі, өзара қарым-қатынаста қалыптасқан жағдайда өзін ұстай алмауы. Екіншіден, буынаралық қарым-қатынастың күрделілігі (жас жұбайлардың ата-аналарымен қарым-қатынасы жəне керісінше). Соны-мен қатар, объективтік (тұрмыс, үйдің жетпеуі, жеткіліксіз материалдық жағдай және т.б.) себептерден басқа субъективтік себептер де бар. Жастардың өзіне отбасын мате-риалдық жағынан қамтамасыз етуге, үй шаруашылығын жүргізуге, бала тəрбиелеуге жауапкершіліктің жоқтығы және т.б. – бұлардың барлығы нəтижесінде отбасының күйреуіне əкеп соғатын, жанжалдың пайда болуына тіреледі. Жастарды ана болуға, əке болуға, отбасы өміріне дайындау ретінде, əлеуметтендірудің осындай аспектісін алу керек.

Мәскеудегі мемлекеттік университеттердің бірінде студент жастардың білімі мен тəрбиесіне өткізілген лабораториялық жұмыс барысында «Сіз отбасының бюджетін жоспарлай аласыз ба, мəдени бос уақытын ұйымдастыра аласыз ба, жаңа туылған перзенттеріңізге қарай аласыз ба?» деген сұрақтарға студенттердің 34%-ы жағымды жауап берген. Ал, шет елдерде отбасы мәселелерін зерттеу алдыңғы орындардың бірінде. Мысалы, АҚШ-та жылына 700-ге жуық кітап пен мақалалар осы мәселеге арналады екен, АҚШ-тың 95 университеттерінде «Отбасы және неке» деген арнайы курс оқытылады. Американдық отбасын зерттеушілер Р.Хилл мен Д.Хансеннің жетек-шілігімен Миннесот университетінің ғалымдары отбасын әлемдік құбылыс ретінде қарастырып АҚШ-та, Европада, Азияда жүргізілген зерттеулерді жүйелеп талдаған. Ал, Жапонияда отбасы мүшелерін мұқият зерттеуді табиғат құпияларын зерттеумен салыс-тырады, мұнда премьер-министрдің саясатты зерттеу комитеті жыл сайын отбасының негізін дамыту туралы баяндамалар жасайды. Ресейде С.Голод, В.Харчев, Н.Соловьев, Г.Юркевич, Л.Дарский, А.Волков, В.Переведенцев және тағы да басқа алдыңғы қатарлы ғалымдары отбасы мәселесін зерттеуде [2,116-б.].

Жас жұбайлар үшін ата-аналық көмек туралы сұрақ өте маңызды және едəуір күрделі. Бір жағынан, ол жас жұбайларға білім алуға, қосымша табыс үшін өзіне көп міндет жүктеуге, бос уақытын қызықтырақ жəне тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, олар біреудің қарамағында болу, инфантилизм (балаға тəн қасиет-тердің сақталып қалуы), біреудің еңбегімен күнелту сияқты бейімделудің дамуын қалыптастыруы мүмкін. Социологиялық зерттеулер жас ұрпақтың өміріне ата-ананың отбасының əсері мен маңызының өскенін дəлелдейді. Біріншіден, бұл жағымды жағдай болса, екіншіден, балалардың ата-анасына психологиялық жəне материалдық тəуелдігін ескермеуге болмайды. Бұл жастардың өмір жолын таңдауға ата-анасының алдын ала болжауы оларға əлеуметтік статус жолдас, қалыңдық, күйеу және т.б. таңдап беру сияқты ниеттерінен көрінеді. Жастардың отбасын жоғарғы буын жағынан нығайтуы дəстүрлі кертартпалық негізде жүріп отырғанын зерттеулер дəлелдеп отыр. Бұл инфантилизмге əкеледі (мəліметтер бойынша, Иркутск университетінің 73%-ы ата-ана-сының үйінде ғана өздерін қауіпсіздікте сезінеді. Жастардың 50%-ы мамандық таңдау-да, ал, əр бесінші адам қалыңдық немесе күйеу таңдауда ата-анасының көзқарасын ескереді [3,47-б.].

Кейбір жастардың экономикалық жағдайының қиындығы ата-анасынан ұдайы материалдық көмек сұрауға итермелейді. Мысалы, студент жастардың 80%-дан 96%-ға дейіні ата-анасынан жүйелі түрде көмек сұрап, пайдаланады. Студенттердің 30%-ы «ата-ананың көмегін табиғи құбылыс» деп қабылдаса, 50%-ы «ондай көмекті еріксіз пайдаланамыз, онсыз болмайды» деп санайды. Санкт-Петербургтің студенттері «жас отбасы ата-аналарының көмегінсіз тұра алады ма?» деген сұраққа келесі жауаптарды қайтарды: 80%-ы – «егер де мүмкіндік болса – ия», 13%-ы – «жоқ, ол өзі жеке өмір сүріп, өз бетінше болу керек» [3,48-б.] – дейді. Неке құндылықтарының төмендеуі адам өміріндегі соңғы міндетті хабар ретінде болуы мүмкін. Жастар ата-ананың, жолдастар-дың пікіріне эмоцияның əсерімен сенуге болады деп ойлайды. Отбасына қажетті бар-лық қызметтерді кейбір жұбайлар орындамайды. Жалпы, ғылыми болжам келесі түрде қалыптасады: жастар тұрмыстық, тəрбиелік жəне басқа да міндеттерді өз мойнына алған сайын отбасына сəйкес қызметті орындауда өзара көмек құру күштірек болады жəне соғұрлым ұрпақ аралық кедергілердің алуан түрлері азаяды. Ресей ғалымдары Б.Ю.Шапиро мен Н.С.Верещагина өскелең ұрпақтың отбасы өміріне дайындығының глобальды мақсатын құндылықтар бағытын, адамгершілік-психоло-гиялық сапасы тұрғысынан қарастырды. Жастарды тəрбиелеуде болашақ отбасын қалыптастырудың негізі – адамгершілік-психологиялық тұрғыдан дайындау маңызды орын алады. Белгілі ғалымдар М.А.Абалакина мен В.Барскийдің пікірлері бойынша, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас көбінесе олардың өздерінің отбасына əкелетін психоло-гиялық көңіл-күйімен, достық орнатумен басталатын некелік қарым-қатынасқа дейінгі маңызды кезеңмен анықталады. Сондықтан, отбасы қарым-қатынасына дайындықтың мазмұны, біздің пікіріміз бойынша, білімнің, шеберліктің жəне некеге дейінгі күтіну дағдысының қалыптасуына кіру керек. Болашақ отбасы өміріне нашар тəрбие əсер ететіндіктен, «отбасы қарым-қатынасындағы шиеленістің жəне кедергілердің тара-луына жағдай жасайтын, конфликтілік жағдайдың пайда болуына, отбасында некелік байланыстың тұрақсыздығына əкелетін қайнар көз болып табылады» [3,51-б.].

Отбасының адамгершілік жағдайы мен жоғары білім алудың қиылысу жасы бар: білім өмірлік құндылық болып табылады, білім отбасының ішкі жағдайындағы қарым-қатынасқа əсер ететін этикалық білімдерді игеруге жағдай жасайды, білім өмірлік мақсат пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға əсер етеді. Осы мәселеге байла-нысты А.В.Петровский студентті жеке адам ретінде қалыптастырудың негізгі факторы некеге тұрғандармен тəрбие жұмысы болып табылатынын анықтады. Зерттеулердің нəтижесі бойынша, ол келесі қорытындыға келді: «3-4 курстарда серік іздеу, студенттің қоғамдық əрекетіне жəне оның үлгеріміне əсер ете отырып, маңызды рөл ойнайды» [4,84-б.]. Ал, В.П.Лисовский жастарды отбасылық өмірге дайындау процесін қарастыра отырып, қажетті қасиеттерді қалыптастыру процесі «…əрекетті, комплексті əсер етуді талап ететін, жас ерекшелікті ғана емес, сонымен қатар, жыныстық ерекшелікті еске-ретін процесс» деп көрсетеді [3,119-б.]. Осы тұрғыда, отандық зерттеушілердің белгілі бір сіңірген еңбектері бар. Мысалы, белгілі қазақ ғалымы О.Қауғабаев қазіргі қазақ отбасының өмірлік құрылымына талдау жасай отырып, жоғарғы буынмен өзара қарым-қатынас құрудың, шаруашылық жүргізуде дағдыны қалыптастыру қажеттігін ескереді [5]. Ал, К.Оразбекова қазақтардың отбасылық өміріндегі этиканы зерттей отырып, отбасына дайындау сабақтарында қазақ жəне орыс халықтарының ауызша халық шығармашылықтарын пайдалану əдістемесін жасады [6]. Сонымен, жастардың отбасын құруға дайындығын жеке адамның білімі мен шеберлігіне жəне дағдысына кіретін, қоғамның əлеуметтік-экономикалық жағдайында қалыптасқан отбасының өмірлік əрекетін қамтамасыз ететін, отбасында педагогикалық процестің ерекшеліктері туралы білімдерді игерудегі жəне отбасы өміріндегі жеке адамның алдын ала келісілген əлеу-меттік қасиеттері деп түсінеміз. Осы ұғымға анықтама беруде, мыналарды ескеру керек: а) жұбайлардың жас ерекшеліктері; ә) болашақ ата-ананың педагогикалық мəдениетін қалыптастыруды – баланың жеке адам ретінде үйлесімді дамуының жағдайы деп қарауы; б) жеке адамның некелік-отбасылық ортасындағы қажеттіліктерінен отбасының негізгі функциялары шығады: балаға деген қажеттілік, оларды тəрбиелеу, отбасының дамуы мен қалыптасуы процесінде пайда болатын конфликтінің түрлері. Осы берілген дайындықтың негізгі компоненттерін ескерсек, төмендегідей бөлу қажеттілігі туындайды:

− адамгершілік-психологиялық (отбасы өмірінің психологиясы туралы білім, отба-сында жағымды жағдай құра білу шеберлігі, басқа адамдармен достық қарым-қатынас құра білу шеберлігі);

− əлеуметтік (отбасылық қарым-қатынасты құру мен сақтау қажеттілігі туралы білу, отбасының құндылықтарын əлеуметтік-мəдени институт деп білу, өз жұбайының ұлттық тілін, салт-дəстүрін қадірлей білу);

− тұрмыстық-шаруашылық (бірлескен өмірдің мəдениетін білу, отбасындағы əр адамға жайлы жағдай болу үшін өзіне талаптар қоя білу);

− физиологиялық (елдегі демографиялық жағдайды білу, бала тууды жоспарлай білу, жұбайлар өміріндегі махаббаттың, сыйласымдылықтың, адалдықтың маңызын білу);

− педагогикалық (педагогикалық мəдениетті игеру, бала тəрбиелей білу, отбасында барлық жастағылармен араласа білу, балаға отбасындағы педагогикалық процестің субъектісі ретінде қарау);

− сауықтыру-мəдени бос уақытын өткізу (отбасы мүшелерінің өмірінде мəдени салтты қалыптастыру қажеттілігін білу, отбасының мəдени бос уақытын ұйымдастыра білу, қазіргі сауықтыру бағдарламаларын білу, бос уақытты өткізуді отбасындағы əр адамның дамуына жұмсай білу);

− экономикалық (отбасының экономикалық жағдайын білу, отбасы мүшелерінің материалдық қажеттіліктерін тəрбиелеу жəне білу, өзінде мəдени тұтынушылықты тəрбиелей білу).

Әдебиеттер тізімі:

1. Переведенцов В.И. Культура семейных отношений. -Москва, 2013.

2. Мальцев В.А. Основы политологии. -Москва, 2007.

3. Лисовский В.П. Студенчество: социологические очерки. -Москва, 2010.

4. Петровский А.В. Семейная политика // Вестн. РАН. 2012. №1.

5. Қауғабаев О. Халың қалай, қазақ отбасы? // Заман. -Алматы, 1996. -№ 5.



6. Оразбекова К. Иман жəне инабат. Oқу құралы. -Алматы, 1993.



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет