Энтеровирусты инфкция. Негізгі бөлім

Loading...


Дата28.03.2020
өлшемі53.5 Kb.
Жоспар.

  • Кіріспе

Энтеровирусты инфкция.

  • Негізгі бөлім

Эпидемиологиясы және патогенезі.

Клиникалық белгілері.

Микробиологиялық диагностикасы.

Энтеровирустар (гректің enteron –ішек деген сөзі)- негізінен адамның ішегінде мекендейтін және қоршаған ортаға нәжіс арқылы шығатын вирустар тобы.

Picornoviridae тұқымдастығына Enterovirus туыстастығына жатқызылатын вирустар. Полиомиелит (сал) вирустары, коксаки, ЕСНО, 68-71 түрдегі энтеровирустар осы туыстастықтың өкілдері болып табылады.

Энтеровирусты жұқпа – клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен сипатталатын энтеровирустың әр түрінен туатын жіті жұқпалы ауру.

Энтеровирустар бүкіл жерде таралған, қоршаған ортада ұзағынан сақталады, суда көп уақыт тірі болады, төмен температураларға төзімді.

Энтеровируспен тек қана адамдар ауырады. Науқас адам мен вирустасымалдаушы жұқпаның көзі болып танылады. Азық-түлік, сапасыз су қолдану арқылы, ластанған су қоймаларында шомылу, сондай-ақ тыныс алу жолдарының жоғары бөлігіне вирустың түсуі арқылы адамға жұғады. Жұқпаның таралуына антисанитариялық жағдайлар мен халықтың үймеленуі себеп болады.

Энтеровирустар тудыратын аурулар барлық жерде таралған, жаппай кездесу сипаты бар, көбінесе балаларға жұғады. Маусымдылығы жаз айлары . инфекция көзі – науқас адам мен тасымалдаушылар. Негізгі таралу механизмі фекальді және оральды. Энтеровирустар су, топырақ, тағам өнімдері, тұтыну заттар, лас қолдар арқылы таралады, оларды шыбындарда таратады.

Залалданған сәттен бастап бірінші клиникалық белгілерге дейін 3 күннен 6 күнге дейін уақыт өтеді. Ауру безгек, респираторлы-вирсты жұқпа, герпесті ангина, гепатит, жіті ішік жұқпасы, конъюнктивит түрінде өтеді; ең қауіпті түрі ретінде ОЖЖ-ның зақымдануы болмақ (менингит және менингоэнцефалит).Энтеровирустар серозды менингиттің тууына жиі себепші болады.

Менингит (мидың жұмсақ қабығының қабынуы) – бұл орталық жүйке жүйесінің жіті жұқпалы ауруы.

Энтеровирусты менингиттің мезгілділік болуы (жаз-күз мезгілдері), байланыстылық және ошақты, эпидемиялық кезеңнің лап алуы және мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың залалдануы қалыпты жағдай.

Ауру солғындылық, тәбет төмендеу, жөтел, мұрын бітелу, нәжістің бұзылуынан басталады. Аурудың 2-4-күндерінде үш тағанды симптомдар пайда болады:

а) бас ауруы;

б) құсу;

в)дене қызуының көтерілуі.

Бас ауруы шеке мен маңдай тұсында жиі болады, келіп-кетпелі, өтпелі сипатта да болуы мүмкін. Қатты дыбыс, жарық немесе басқа да тітіркендіргіштер бас ауруын үдетеді. Құсудың тамақ ішкен-ішпегенге қатысы жоқ және құсқаннан кейін адам жеңілдеп те қалмайды. Дене қызуы негізінен 37,5-тен бастап одан да жоғары болады.

Менингит – қауіпті ауру. Оның әрі қарайғы жағдайы уақтылы анықтап, емдеуді жылдам бастап, лайықты ем қолдануға байланысты. Менингит диагнозы тек қана клиникалық сипаттарға қарап қойылмайды, міндетті түрде жұлыннан сұйықтық алынып, зерттеледі.

Жұлын пункциясы аса ауыртатын шара емес, зарарсыздандырылған жерде жасалады, одан асқыну болмайды және менингитке күдік болған кезде міндетті түрде жасалатын шара, себебі тек ликвордың жасушалық құрамының нәтижесі арқылы ғана лайықты ем тағайындалады. Сонымен қатар жұлындағы артық сұйықтықты шығарып тастау емдік шара болып табылады, себебі сол арқылы бассүйек ішіндегі қысым төмендейді және соның есебінен адамның жалпы жағдайы, көңіл-күйі жақсарып, басының ауыру қарқыны азайып, құсуы тоқтайды.

Менингитті емдеуді міндетті түрде стационарлық жағдайда, мамандардың бақылауында жүргізеді, одан кейін менингитпен ауырғандар невропатологтің «Д» есебінде болады.

Энтеровирусты серозды менингит диагнозы мен сырқаттанған 55 балаға клиникалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді. Энтеровирусты менингит негізінен көктем-жаз маусымдарында өте жиі тіркеледі және көбіне балабақша мен ерте мектеп жасындағы балалар арасында (72 пайызға дейін) кездесетіні анықталды.

Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) вирустармен зақымдануы бала денсаулығына және өміріне аса қатерлі. Жедел серозды менингиттердің көтерілісі кезеңінде энтеровирусты менингиттер жиі кездеседі. Қазіргі таңда серозды менингиттердің этиологиясында ЕСНО және Коксаки вирустарының өте маңызды орын алатындығы анықталған [1].

ХХ ғасырдың соңында және XXI ғасырдың басында вирусты менингоэнцефалиттердің құрылымы көптеген өзгерістермен толықтырылды, яғни нейроинфекциялардың негізгі қоздырғыштары – герпес, цитомегаловирусты инфекция, энтеровирусты инфекциялар және т.б. екендігі анықталды. Қазіргі уақытта вирустарға қарсы дәрілерді ерте қолдануға қарамай, герпесті менингоэнцефалиттер барысында кездесетін жоғарғы өлім (20%-ға дейін) мөлшері, ауыр резидуальды көріністердің анықталуы, ал қызылша менингоэнцефалиттері кезінде өлім мөлшерінің 10 - 20%-ға дейін болуы, ОЖЖ вирустармен зақымдануы инфектологияның аса өзекті мәселелерінің бірі екендігін көрсетеді [2, 3].

Ғылыми зерттеудің мақсаты: энтеровирусты серозды менингиттердің клиникалық көрінісі мен маусымдық ерекшеліктерін зерттеу.

Науқастардың 72%-н мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар құрады; ерте жастағы және ересек балалар сирек кездесті. 26 науқас балада қосымша және фондық аурулар анықталды: гипертензионды-гидроцефалды, тырыспа синдромдар, эписиндром және резидуальды-органикалық фон. Науқас балалардың 97% ауруханаға жедел жәрдем арқылы түсті, солардың 8% «жедел респираторлы вирусты инфекция, менингизм белгілері» деген диагнозбен жеткізілді.

Вирусты инфекцияның дамуына организімде көптеген қорғаныс механизімдері қарсылық жасайды: фагоцитоз, интерферон, макрофаг жүйесі. Зерттеу барысында мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда энтеровиурсты инфекция көбіне ауыр түрде, яғни менингит, ал ересек балаларда жиі жеңіл - қызба түрінде өтетіндігі анықталды. Ал ерте жастағы сәбилерде энтеровирусты инфекция менингоэнцефалиттің дамуына себепші болды. Бұл сәби организімнің реактивтілігімен және иммундық жүйе жағдайының әлі толық жетілмеуіне байланысты болуы ықтимал.

Науқастардың басым бөлігі (72,3%) ауруханаға аурудың алғашқы күндері түсті, оның 54% - екінші күн.

Ауру барлық науқастарда жедел басталды, жалпы инфекциондық белгілердің пайда болуымен: дене қызуы 38-38,5С-қа дейін (73%) көтерілумен, кей науқастарда 39-40С-қа дейін (27%). Дене қызуы негізінен 1-2 күн (61%) сақталды, ал 7% жағдайда 5 күнге дейін ұзарды. Бас ауру сезімі (76,8%) жылдам кері дамыды, орташа есеппен 2-3 күнге дейін ғана, тек 1 науқаста бір апта сақталды. Ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатындағы қызару, «теңбілдену» 64% балаларда анықталып, 3 күн бойы сақталды.

Жеті науқаста серозды менингит герпетикалық баспамен бірге жүрді. 5 науқас бір тәулік бойы іш ауруына шағымданып, сұйық нәжіс күніне 6-7 ретке дейін болып, екі тәуліктен бір аптаға дейін сақталды.

Кей науқастарда (8 бала) көздің ақ қабығының қызаруы, көз алмасының ауру сезімі, жарыққа қарай алмау белгілері анықталды (2 күн бойы сақталды).

Екі науқаста аурудың екінші күні жәншаудағы тәріздес бөртпе пайда болды (1-2 тәулік сақталды), ал екінші балада - геморрагиялық сипатта.

Улану белгілері әлсіздікпен, тынышсызданумен, тәбетің төмендеуімен сипатталды. Аурудың алғашқы күні 84% науқаста бір реттен 15 ретке дейін құсу пайда болды, кей жағдайда құсу 5 күнге дейін сақталды.

Бас миының қабықшасының қабынуы менингеальдық белгіліермен және жұлын – ми сұйықтығындағы (ЖМС) өзерістермен сипатталды.

Бас миының қабықшасының қабынуы науқастарда менингеальдық белгілер: желке бұлшық етінің қатаюы, Керниг және Брудзинский симптомдарымен анықталды. Желке бұлшық етінің қатаюы 100%, Керниг белгісі - 50%, жоғарғы Брудзинский белгісі - 28% жағдайда анықталды, ортаңғы және төменгі Брудзинский белгілері өте сирек анықталды. Менингеалдық белгілер 1-1,5 тәулік сақталды. ЖМС-да қабыну өзгерістері болса да, 3% жағдайда менингеалдық белгілер анықталмады.

Ликвордағы клеткалардың көбеюі аса жоғары болмады, яғни 55% жағдайда 1 мкл-де 85±20 клетка, ал 45% жағдайда 1 мкл-де 62±15 клетка. 9 науқас балада цитоз мөлшері төрт-саннан құралды 1000 – 1735 клетка. Аурудың алғашқы (бірінші-екінші күн) күндері 77% жағдайда плеоцитоз нейтрофильды сипатта болды (нейтрофильдер мөлшері 60-95% аралығында). Алтыншы-жетінші күндері (қайта жасалған пункция қортындысы бойынша) плеоцитоз лимфоцитрлы болды, ал клеткалар мөлшері азайып, кейде қалыпты санға дейін төмендеді.

ЖМС полиморфты-ядролық лейкоциттердің басым болуы кез келген қабыну құбылысы кезінде дамитын процеске және ерте экссудативті кезеңдегі осы клеткалардың миграциялық белсенділігіне байланысты. Ликвордағы белок мөлшері 54% науқастарда 1,0 – 1,3 г/л дейін жоғарлады. Науқас ауруханаға келіп түскен кейін, 7-8 күні - ликвор қалыпты жағдайға дейін тазарды.

Вирусологиялық. Аурудың 1ші тәулігінде вирусты мұрын-жұтқыншақтың кілегей қабатынан, нәжістен және жұлын сұйықтығынан табуға болады. Қайтыс болған науқас адамдардың зақымданған ішкі мүшелерінен вирусты анықтайды.

Сералогиялық. Науқастың қос сарысуы зерттеледі, аурудың 14ші тәулігінде алынған сарысудағы энтеровирустарға түзілген антиденелердіңтитры алғашында алған сарысумен салыстырғанда 4 есе жоғары болса диагноз дәлелденеді.

Салыстырмалы диагностика кезінде пайда болған қиындықтар ЖМС қайта зерттеу барысында шешілді. Сонымен қатар науқастарға бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізілді, ал ол менингококкты инфекциямен салыстырмалы диагностика жүргізуде көмектесіп, қойылған диагнозды негіздеуге көмектесті.

Аурудың алғашқы күндері 10х109 /л - 21х109 /л мөлшеріндегі лимфоцитоз сипаттағы лейкоцитоз анықталды. 12 науқаста нейтофилді лейкоцитоз (кей жағдайда жас клеткаларға дейін) және эритроцитардың тұну жылдамдығының (ЭТЖ) – 35 – 45 мм/сағ. дейін жоғарлауы анықталды.

Вирустарды бөліп алу және оларды типтендіру көптеген техникалық қиындықтар тудыратындықтан, қазіргі кезде вирусологиялық зерттеу қортындылары ерте диагноз қоюға көп септігін тигізбейді. Нәжістен вирустың бөлінуі антидене титрінің жоғарлауын анықтау үшін жасалатын серологиялық - қанның қос сары суды зерттеу әдісінің нәтижесінсіз диагностикада аса маңызды орын алмайды. Сонымен қатар, вирусологиялық зертеудің оң және теріс қортындысы клиникалық көрініспен қатар қаралып негізгі шешімге әсер етуі керек.

Айқын диагностика жүргізілу үшін клиникалық көрініс пен эпидемилогиялық жағдай қатар қаралуы керек. Науқас балалардың 83%-да жедел респираторлы вирусты инфекциямен және серозды менингитпен сырқаттанған балалармен қарым-қатынаста болғандығы, ал 14% жағдайда сырқаттың су жолымен жұққандығы (жабық және ашық су қоймалары, құдықтар) анықталды.

Энтеровирусты инфекцияға қарсы этиотропты емнің жоқтығы ем қолдануды қиындатады. Аурудың алғашқы күндері ауруханаға түскен кей науқастарға антибиотик тағайындалды (пенициллин), ол қайта жұлын сұйықтығын зерттеу қортындысына байланысты емнен алынды. Менингиттерді емдеу - стандартқа сәйкес: дезинтоксикация, дегидратация емдерін қамтиды, яғни магний сульфат, лазикс, диакарб және 10-15% маннитол дәрілерінің жасына сай дозасымен жүргізілді. Тырыспаға қарсы финлепсин, седуксен, карбамезипин, ал ми қан айналысының өзгерісіне қарсы – кавинтон, актовегин, цинарезин тағайындалды. Комплексті терапия құрамына антигистаминді дәрілер, В - витамин тобы кірді.



Қортынды:

  • Аурудың этиологиясы және жылдың маусымы арасында байланыс барлығы анықталды, яғни энтеровирусты менингиттердің жиі кездесуі көктем-жаз уақыты, ең жоғарғы көтерілуі шілде-тамыз айларында болады.

  • мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда энтеровирусты инфекция (72%) жекеленген менингит түрінде жүреді.

  • менингеалды белгілер 97% науқастарда анықталып, негізінен желке бұлшық етінің қатаюы, Керниг және Брудзинский белгілерімен сипатталды.

  • Энтеровирусты серозды менингиттердің бағаналық клиникалық көрінісі дене қызуының 38,5-39С-қа дейін (73%) көтерілумен, айқын бас ауру сезімімен (76,8%), қайталап құсумен (84%) сипатталды

  • Негізгі клиникалық көріністер орта есеппен 2-4 күн (61%) сақталды.

Пайдаланылған әдебиеттер.



  • А.Қ. Дүйсенов «жұқпалы аурулар» Алматы 2009 ж

  • Ұ.А.Маемер «Жұқпалы аурулар» Алматы 2008 ж

  • Интернет желісі www.googl.kz www.yandex.kz


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...