«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру» Оқу-әдістемелік кешені 050108 «Дене шынықтыру және спорт»

Loading...


бет1/5
Дата22.05.2020
өлшемі1.74 Mb.
  1   2   3   4   5
Биология кафедрасы


«Емдеу және бейімделу дене шынықтыру»

Оқу-әдістемелік кешені

050108 «Дене шынықтыру және спорт»

мамандығы бойынша 4-курс студенттеріне арналған.

Семей 2012ж.

Құрастырған жалпы биология кафедрасының

аға оқытушысы Кунанбаева С.К.

Кафедра отырысында талқыланды:

хаттама № __ «___» _______ 2012 г.

Жалпы биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к______________ Калиева С.К.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған

Хаттама № __ «___» ________ 2012 г.

Әдістемелік кеңестің төрайымы. __________ Абдишева З.В..

Жаратылыстық ғылымдар факультетінің оқу-кеңесі бекіткен

хаттама№__ «___» ________ 2012 г.

Факультет деканы, х.ғ.к. _________________ Ибраева Л.С.



Мазмұны.

  1. Пән бойынша глоссарий.

  2. Лекциялардың қысқаша конспектісі.

  3. Практикалық сабақтарының жоспары.

  4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау

  5. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау

  6. Бақылау – тексеру құралд

1.Пән бойынша глоссарий.

Патология- ауру, сырқат.

Преморбидный-сырқаттың алдынғы кезі,

Патологиялық жағдай-аурушандық

Иммунитет- ағзаның ауруға қарсы туру қабілеті, ауруға қарсыласу.

Ананез-аурудың себебі мен дамуы, барысымен таныстыру .

Денені әлдендіру-(сергіту),

Трофика- қоректендіру

Коррекция-орнын толтыру, бірыңғайлау немесе бұрынғы қалпына келтіру.

Ишемия- шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері.

Атрофия- тіндегі зат алмасуының бұзылуы.

Қабыну- тіндегі алмасуының бұзылуы.

Гипотермия- жылу алмасынуың өзгерүі.

Гипертония ауруы-қан қысымының жоғарлауы.

ИБС (ишемическая болезнь сердца)- жүректің етінде қан алмасуының нашарлауы

Жүрек инфаркті- еттің өлі еттенуі.

Стенокардия-тамырлар ауруынан жұрек ауруы

Коронаросклероз –жұрек қан тамырлардын тарылуы.

Порок- жүрек қақпақшалар ауруы (пороки),

Варикоз- көк тамырлардың кеңеюі т. б.

Стенокардия — жүректің демікпелі ауруы, жүрек талмасы. Кенет жүрек тұсынан инемен піскендей қатты қысып ауырады, ол жауырынға, иыққа, сол қолға беріледі.

Атеросклероз дегенде май мен майлы заттар алмасуының бұзылуынан, атап айтқанда, холебтериннің қан құрамында табиғи мөлшерден көп кетуінің әсерінен болады. Холестерин — қандағы ең маңызды заттардың бірі. Бірақ белгілі мөлшерден артып кетсе, зияны да соншалық коп.

Асқазан ңабынуы -гастрит деп аталады. Асқа-ван сөлі мен тұзды қышқылдың құрамына бай-іанысты гастрит аз сөлді, сөлі көп және мүлде жоқ болып үш түрге бөлінеді.

Гепатит ауруын халық .арасында-- сары ауру деп атайды

Холецистит — өт қабының қабынуы. Бұл да жоғарыда көрсетілген себептерден және асқазан, ұйқы бездері ауырганда қосымша болып кезде-седі.

Диета-арнайы тағам мәзірі.

Неврастения — невроз түрлерінде жиі кезде-сетін ауру. Ол туралы әдетте халық арасында «оның жүйкесі тозған» деп әлдекім туралы әң-гіме етеді. Оның гитерстениялық және астения-лық деген екі түрі бар.

Неврастения — невроз түрлерінде жиі кезде-сетін ауру. Ол туралы әдетте халық арасында «оның жүйкесі тозған» деп әлдекім туралы әң-гіме етеді. Оның гитерстениялық және астения-лық деген екі түрі бар.

Остеохондроз -омыртқа аралың шеміршектің, буындардың, сіңір мен сүйектің өзгеруінен пайда болған ауру.

Артроз,артрит -буын аурулары.

Пневмония — өкпенің қабынуы.

Медициналық және^әлеуметтік реабилитацияда (қайта қалпына кёлтіру) негізгі көздеген мақсат — адамды уаңытша көнё тұрақты әдетке үйрету, үй жағдайына, шаруа-шылыққа жақындатып, оз тамағын озі алып ішетін жағдайға жеткізу.

2.Лекциялардың қысқаша конспектісі.
Лекция №1

Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері.

Мақсаты: Жалпы ауруға анықтама беру. Ауру, сырқаттың алдынғы кезі, патологиялық жағдай, ауруға қарсыласуға анықтама беру. Аурудың себебі мен дамуы, барысымен таныстыру . Ағзаның ауруға қарсы туру қабілетін түсіну..

Дәріс тезистері:

Қандай ауру болмасы, алғаш басталғанда, адамның еркін алып, күнделікті қалыпты өмір тіршілігін өзгертеді. Жұмысқа деген қабілеттілік азайып, бойды немқұрайдылық пен самарқаулық билеп алады. Ал жұқпалы індетке тап болса, адамның ыстығы көтеріліп, жүрегі жиі соғып, бас ауруы жиілеп, берекесі кетеді.

Осындай кезде, әлбетте, науқас адамды жылы төсекке, тыныш жеке бөлмеге жатқызып қояды. Өйткені індет асқынып кетуі ықтимал, организмнің ауруға қарсыласуы, төзімділігі кенет төмендеп кетуі мүмкін.

Дегенмен ұзақ уақыт науқасты төсекте қозғалтпай, қимылдатпай жатқызып қоюдың өзі де жақсылыққа апармайды. Қимылсыз жатқан денеде неше түрлі жағымсыз жағдайлар болады. Содан бойды аулақ ұстау үшін, сырқат адам әлі келген кезде біртіндеп тыныштық пен қимылдың арасын жақындату керек. Бұл науқастың жағдайына, жасына, аурудың түріне, кезеңіне байланысты шешілетін мәселе.

Емдік гимнастика, дұрыс қолданса, денені жылдам сергітіп, ауруға төзімділігін арттырып, қорғаныс қабілетін нығайтып, сырқаттың жылдам айығуына ықпал етеді.

Емдік гимнастика адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Ол-жоғары нерв жүйесі мен гуморальды (денедегі сұйық зат) реттеуші күштер моторлы-висцералдық рефлекстер.

Негізінде емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені әлдендіру (сергіту), қоректендіру, орнын толтыру, бірыңғайлау немесе бұрынғы қалпына келтіру. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.

Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жалпы және жеке патология негіздері.

2.Жалпы ауруға берілетін анықтама.

3.Шеткері қан айналымының бұзылуының негізгі түрлері.

4.Тіндегі зат алмасуының бұзылуы.

5.Қабыну және жылу алмасынуың өзгерүі.



Әдебиет:

1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.

2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.

3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год

4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.

5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.



Лекция №2

Тақырып . Жеке патология негіздері.

Жүрек –қан тамырлар ауруы



Мақсаты: Жеке патология негіздерімен танысу. Жүрек –қан тамырлар ауруларының себебі, белгілері, өтү барысын оқып білу. Тыныс мүшелерінің және ас қорыту ағзаларының ауруларын зерттеп тану. .

Дәріс тезистері:

Жүрек аурулары

Адам тіршілігінде жүрек-қан тамырлардың атқаратын ролі ерекше. Бүкіл организм тек сол жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіліп, өндірілген, денеге керексіз заттар шығарылып отырады. Жүрек кенеттен ауруға шалдықса, бүкіл денеде айтарлықтай өзгеріс байқалады. Адамның бойында әлсіздік, көңілсіздік, құлықсыздық, керенаулық пайда болады. Жүрек ауруы тез қартайтады, тіпті жүрек ауруының кейбір түрі ажалға душар етеді.

Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырлары ауруы өте жиі кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әрбір төртінші ер адам жүрек инфарктынан, әрбір жетіншісі — миға қан құйылуынан қайтыс болады. Сондықтан да бұл аурулар XX ғасыр сырқаты деген атақ алып отыр.

Осы сырқаттардың негізгі себептері, одан сақтану шаралары туралы арнайы газет-журналдар, радио-теледидар арқылы хабарлар беріліп тұрғанымен, халықтың көбі әлі де бұл дерттің алдын алу шараларына мән бермей келеді. Басы ауырып, балтыры сыздағанша, ауру асқынып денені меңдеп алғанша өз денсаулығына көңіл бөлмейтіндер елі де аз емес. Өкінішке орай, бұл кезде асқынған сырқатқа ем қону да қиынға түседі.

Қазіргі уақытта қан тамырлары ауруларының ең жиі кездесетіндері оның жолдарының тарылуынан немесе біржола бітелуінен болатын инфаркт ауруы. Халыққа тарап кеткен ұғымдай, инфаркт тек жүректе ғана емес, бүйректе, көк бауырда, мида, бұлшық еттерде, қан тамыры жүйесінің кез келген жерінде болуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде ең жиі кездесетіні және өмірге қауіптісі жүрек инфаркты.

Аурудың пайда болып, бойды жайлауына көп жағдайлар әсер етеді. Ол ішкі және сыртқы ортадағы факторлар, мешкейлік, арақ-шарапқа құмарлық, шылым шегіп никотинмен улану, қимыл-қозгалыстың тапшылығы, физикалық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы, ашу-реніш, қайғы-қасірет, жұқпалы ауруларға жиі шалдығу, тұқым қуалаушылық т. б.

Жүрек-тамыр ауруларының түрлері өте көп. Олардың ішінде халық арасында жиі кездесіп жүрген гипертония ауруы, ИБС (ишемическая болезнь сердца), жүрек инфаркті, стенокардия, коронаросклероз, жүрек қақпақшалар ауруы (пороки), көк тамырлардың кеңеюі т. б.

Жүрек ауруларының қандай түрі болмасын, адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді, өйткені оның қызметі нашарлайды, басқа мүшелерге қанның мөлшері жетіспейді. Осы кезде әр түрлі белгілер білінеді. Сондықтан да әр адам жүрек ауруына тән жиі кездесетін белгілерін ажыратуға тиіс. Негізінде жүрек тұсында шаншу, сыздап ауыру, соғысы жиілеп, ентігіп, әлсіздік байқалады. Кейіннен аяқ-қол сыздап, мұрынның ұшы, саусақтар көгеріңкіреп кетеді. Мұндай белгілер денедегі қанның, оттегінің тапшылығынан болады. Бұл көбінесе жүректің дімкәстенуінен, қан тамырларының өзгеруінен болады.

Жүрек-тамыр ауруларының көпшілігі қан айналымының тапшылығына, жетіспеуіне әкеп соғады. Қан айналымы үш кезеңнен тұрады, әрқайсысын дәрігерлер белгілеріне қарай айырып, қажетті ем қолданылады.

Қазіргі кезде өте жиі кездесетін аурудың бірі — жүрек инфаркті, дәлірек айтсақ миокард инфаркті дедік. Бұл жүрек қан тамырларының бір бөлігінің ұйыған қанмен бітелуі не кенет түйілу салдарынан жүрек бұлшық етінің, не тканінің бір бөлігінің өлуі. Жүрек қан тамырларының кенет тарылуы, не склероз болып өзгерген тамырдың тығындалуы, оны қоршаған кішкене тамырлардың шамасының келмеуі осындай қайғыға әкеп соғады. Бұл неліктен болатын жағдай? Оған итермелейтін күш көп. Мәселен, көптен елемей келген қанның қысымы, қан ұюының жоғарылауы, ашу-ыза, реніш, қатты назалану, шамадан тыс ауыр жұмыс, алкоголь мен никотин улары. Инфаркт өзінің зақымдаған шеңберіне, бүлінген тамырдың кеңдігіне, арнасына қарай әр түрлі болады. Жансыз ошақ кең жайылып, үлкен болады немесе көлемі орташа, ал тагы бірде көзге әрең көрінетін микроинфаркт болады.

Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жүрек –қан тамырлар ауруы.

2.Қан айналымы аурулары.

3.(ЖҚТ)Жүрек –қан тамырлар ауруларын жіктеу.

4.Тыныс мүшелерінің аурулары.

5.Ас қорыту ағзаларының аурулары.



Әдебиет:

1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.

2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.

3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год

4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.

5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.


Лекция №3.

Тақырып. Емдік гимнастиканың негізі.

Мақсаты: Емдік гимнастиканың тәсілдерін, әдістерін оқып білу.

Емдік гимнастика формаларын зерттеп танысу..



Дәріс тезистері:

Емдік гимнастикасының тәсілдері

Емдік гимнастикасының тәсілдеріне жаттығулар жиынтығы және та-бигат факторлары (ауа, су, күн сәу-лесі) жатады. Бұлардың ішіндегі негізгісі жатты-ғулар жиынтыгы. Олар гимнастикалың, спорттық-қолданбалы, ойын түрлері болып үшке бөлінеді.

Гимнастикалық жаттығулар анатомиялық белгілеріне (қол, аяқ, дене бүлшық еттеріне), белсенділігіне (жылдам, ақырын, күшпен), ерекшелігіне, түр-сипатына (тыныс алу, дайындау, реттік санау, түзету, үйлестік-лақтыру, тепе-теңдік, қарсыласу, асылу, тіреу т. б.), жабдықтандыруға (снарядпен, снарядсыз, арнайы аппараттармен) байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

Жаттығулар жиынтығын барлық денеге бірдей әсер ететін жалпылама немесе тек бір ғана мүшеге әсер ететін арнайы жаттығулар ретінде қол-данады. Бүл жаттығулардың ара-қатынасы аурудың түріне, кезеңіне, жынысына, жасына қарай өзгеріп отырады.



Спорттық-қолданбалы жаттығулар. Бүған жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, жер бауырлап жорғалау, шаңғы тебу, туризм, коньки тебу, экскурсия, серуендеу, түрмыстық еңбекке бейімделген қимылдар, қайықта ескек есу т. б. жатады.

Осы көрсетілген спортты-қолданбалы жаттығулардың әрқайсысы-ақ организмге тиімді әсерін тигізетіні белгілі. Әрбір жаттығу жай жүруден басталады. Көбінде жаттығумен өз бетінше айна-лысатын адамдар (жүрек-қан тамырларымен ауырғандары семіздікке ұшырап, тыныс жолдары зақымданғанда, буындар мен ішек-қарын ауырғанда) ақырын аяңдап жүруден бастайды. Ңазақ халқында ежелден келе жатқан әдет, қатты ыстығы көтеріліп ауырган шақта бірер күн төсекте жатқызып қояды, ал ыстығын қайтару үшін көк шөпке жалаңаяқ жүргізеді. Көбірек қимылдаса, жер-ана ауруды тартып алады деген ұғым да бар.

Ал жүгіру болса кейінгі кезде ел арасында жиі қолданып жүрген әдіс. Ол ішкі ағзаларға, жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді. Сондықтан оны көбінде санаторий-курорттарда қолданады. Аурудың жазылып келе жатқан кезеңінде, ал кейбір аурулардың басталған шағында ақырын жүгіртеді. Емдік гимнастикада жүгіру мен жүру алма-кезек ауысып отырады.

Секіру жаттығулардың қарқынды, үдемелі түрі. Ол организмге айтарлықтай күш түсіреді. Секіру арқылы адамның қимылдары үйлестіріледі, жылдамдығы артып, буын қимылдары реттеледі. Бұл мектепте, жоғарғы оқу орындарында арнайы медициналық топтағы балаларға тағайындалады. Сол сияқты емханалар мен санато-рийларда ересек адамдарға жіптен секіру не өк-шені көтеріп селкілдеу ретінде беріледі.

Лақтыру — кішкене резина доптарды арнайы межеге лақтырады немесе үлкен доптарды әріптестер бір-біріне әрқилы жағдайда лақтырады (басынан жоғары, кеудеден, белден, сырт айналып оң не сол жағынан т. б.). Мұндай жаттығулар бұлшық еттерін жетілдіріп, буындардың қимыл-қозғалысын, дененің сезімталдығын арттырып, жүріс-тұрысын, тепе-теңдігін қалпына келтіреді, көңіл-күйді көтереді. Емдік гимнастикасының бұл түрі арнайы немесе жалпы сырқаттың жағдайына байланысты қолданылады. Әсіресе, құлақ-мұрын ауруларында, гипертония, нерв жүйесі зақымданғанда (вестибуляр аппараты) адам түзу жолмен жүре алмай, бір жағына қисайып, сыңар езу аттай «қабырғалап» кететін жәй кездеседі. Міне, сондай кезде емдік гимнастикасының осы тәсілін қолданады.

Өрмелеу — көлденең жазықтыққа, тік биіктікке, беткейге, сатыға, арқанға т. б. өрмелеу. Мұның барлығы дененің, әсіресе, аяң-қолдың бұлшық еттерін ширатып, шынықтырып, қимыл-қозғалысын арттырады, тепе-теңдік қалыпты сақтайды. Емдеу гимнастикасының бұл түрін ортопедтік-травматологиялық, неврологиялық аурухана-ларда кеңінен қолданады.

Еңбектеу не бауырмен жылжу — омыртқа жотасының қимылын жақсартады. Дене бір жағына қисайып кеткенде, сынғанда, асқазан-ішек, гинекологиялық аурулармен ауырганда үй ішінде еңбектеп жүру өте пайдалы.

Шаңгы тебумен санаторий, профилакторийларда, өз бетімен спортпен шұғылданған адамдар жиі айналысады. Бұл денедегі ең үлкен, кесек еттерге әсер етеді. Барлық организмнің нығаюына, нерв жүйесінің түзілуіне барынша ықпал жасайды.

Жүзу — дененің жылуын бірқалыпты ұстауға, шынықтыруға ықпал жасайды. Оны жүрек-қан тамыры, тыныс мүшелері ауырғанда, зат алмасуы бұзылғанда, дененің мүсіні қалыпты жағдайдан ауытқығанда қолдануға болады.

Серуендеу, экскурсия, туризм, терренкур (мөлшерлі жоғары жүру)— курорттарда аурудың қалған әсерін біржолата жою үшін қолданылады. Мұның бәрі өкпе-жүрек, нерв жүйесінің ауруына шалдыққандар үшін өте пайдалы.



Ойын — адамдардың көңіл-күйін көтеріп, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігін, назарын, ілтипат-ықыласын арттырып, жылдамдықты шыңдайды. Ойын бір орында қозғалмайтын, жылдам жүгіріп ойнайтын және спорттық ойын болып үшке бөлінеді. Спорттық ойындар волейбол, бас-кетбол, бадминтон, теннис т. б.

Табиғат факторлары — ауа, күн сәулесі, су — адам денесінің ауруға ңарсылығын арттырып, төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға да, үлкенге де, кішіге де түгел пайдалы. Тек қандай тәсіл болса да ептеп, мөлшермен қолданған жөн.

Емдік гимнастиканың осындай тәсілдерін дұрыс пайдалану үшін оның түрлерін, кезеңдерін, негізгі нұсқауларын немесе методикасын, қозғалыс режимдерін білу қажет. Оны емдеу профилактикалық орындарда арнайы мамандар жетік біліп, қалыпты мөлшерде қолданады. Сондықтан көпшілік қауымға емдік гимнастиканың құпияларын түгел айтуды емес, аурудың түріне қарай қандай емдік гимнастика қолданылады, оны үйде өз бетінше қалай орындауға болады, міне, соны мақсат еттік.



Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Емдік гимнастиканың негізі.

2.Емдік гимнастиканың тәсілдері..

3.Емдік гимнастиканың әдістері.

4.Емдік гимнастика формалары.

Әдебиет:

1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.

2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.

3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год

4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.

5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.


Лекция №4.

Тақырып.Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика.

Мақсаты: Жүрек –қан тамырлар ауруына және тыныс мүшелер ауруларына қолданатын жаттығуларын оқып білу.

Дәріс тезистері: Стенокардия — жүректің демікпелі ауруы, жүрек талмасы. Кенет жүрек тұсынан инемен піскендей қатты қысып ауырады, ол жауырынға, иыққа, сол қолға беріледі. Мұның себебі жүрек ңан тамырлары бірден қысылып, белгілі бір жерде талаурап қан жетіспей қалады. Бұл қайғы-қасіретке душар болғанда, қызмет бабында қатты қиналғанда, әлсірегенде болатын жағдай.

Науқастың қатты ұстамасы басылған соң, электрокардиограммалық көрсету жөнді болса, емдік гимнастиканы бастайды. Оның негізгі мақсаты нейрогумаралды орталықты қалыпқа келтіріп, көңіл-күйді жайландырып, қан тамырларының жазылуына ықпал жасау.

Жаттығулар (1-таблица) шалқая жатқан бойда, оң жағына аударылып отырған кезде жасалады. Барлығы еппен, науқастың жағдайына қарай біртіндеп орындалады. Жаттығу мөлшері 15—20 минуттан аспайды.

Халық арасында жиі кездесетін ңан-тамыр ауруы — атеросклероз. Бұл созылмалы індет қан-тамырларының тарылуынан, ішкі бетіне май қосындыларының жабысуынан, дәнекер тканьдердің өсуінен болады. Осының бәрі тамырдың арнасын тарылтып, созылғыштық, икемділік, майысқақ қасиетінен айырады. Әлбетте, денеде қан ағыны тоқырап тоқтап қалады. Тканьдер мен органдар қоректік затқа тапшы болып, әр түрлі өзгерістерге душар болады. Ең көп зақым-данатын қолқа, жүректің ішкі тамырлары, ми, бүйрек, аяқтың ірі тамырлары. Атеросклероз асқынса тамыр жарылып кетуі немесе тығындалып қалуы ыктимал. Мұндай жағдай ми тамырларында болса инфаркке ұшыратуы мүмкін.

Атеросклероздың пайда болуына ықпал ететін іиш жағдай бар. Олар адамның шамадан тыс зорлануы, нерв жүйесінің қажуы, шаршау, ой еңбегінің дене еңбегінен бірнеше есе асып кетуі, кимыл-қозғалыстың тапшылығы, тамақтану мә-ишіетін білмеу, семіздік, мешкейлік, қант диабеті, тұқым қуалаушылық, гипертония ауруы.

Атеросклероз дегенде май мен майлы заттар алмасуының бұзылуынан, атап айтқанда, холебтериннің қан құрамында табиғи мөлшерден көп кетуінің әсерінен болады. Холестерин — қандағы ең маңызды заттардың бірі. Бірақ белгілі мөлшерден артып кетсе, зияны да соншалық коп.

Егер қан құрамында холестерин өз мөлшерінен аз уақытқа болса да сирек көтерілсе (мысалы, майлы тамақ ішкеннен кейін), онда организм өзі күресе алады. Ал, мұндай жағдай ұзақ уақыт әрі жиі болса атеросклероз ауруына ұшыратады.

Холестериннің табиғи мөлшерден артығы көпшілікке түсінікті сөзбен айтқанда, күрделі көміртегі және кальций тұздарымен қосылып тамырдың ішкі қабырғасына шор болып байланады. Көбінесе бұл процесс қолқа, күре тамырлардан басталып, асқынғанда үсақ тамырларға да тарайды. Тамырдың ішкі бетіне біткен шор оны тарылтып, қан жүрісін қиындатады, кейде біржолата тоқтатып тастайды.

Аурудың белгілері, қауіптілігі қай тамырдың қаншалықты ауыр зақымдануына байланысты. Мысалға, жүрек-қан тамырлары атеросклерозға шалдықса, жүректің қыспа (стенокардия) ауруы басталып, жүрек етінің біржола жарамсыздығы-на дейін жеткізеді.

Егер ми күре тамырлары осы ауруға шалдықса адам ұмытшақ, көп сөйлегіш келеді, бастың айналуы, құлақтың шыңылдауы, ұйқының қашуы сияқты белгілер қосылады. Асқынған кезіңде мидағы қан айналымының қатты бұзылуынан сол ауруға ұшырау да мүмкін.

Бүйрек күре тамырлары атеросклерозға ұшы-раса, оның семіп қалуы, қан қысымы қатты кө-терілуі ықтимал. Аяқтың қан тамырлары зақымданса, балтырдың бұлшық еттері тартылып, адам ұзақ жаяу жүре алмайды. Аяқ үнемі мұздап тұрады.

Көп уақытқа дейін ғылымда атеросклероз тек. жасы 50-ді алқымдаған, адамның егде тартқан шағында кездесетін ауру, тіпті қан тамырлары-ның табиғи тозуының бір түрі деген ұгым орын алып келді.

Алайда, бүгінгі күнде атеросклерозбен жас адамдардың да сырқаттануы, тіпті сәбилік шақтан басталуы да мүмкін екендігі ғылым жүзінде дәлелденіп отыр. Холестериннің қан құрамында мөлшерден тыс, өте көп болатын түрлері, аса сирек болса да, кей семьяларда ұрпақтан-ұрпақ-қа жалғасады.

Атеросклероз ауруы тұқым қуаламаса да, организмнің кейбір бейімділігі, оның осы ауруға қарсы күресу мүмкіндігінің әлсіздігінен ұрпағына жалғасуы мүмкін. Осы әлсіздікті бірнеше есе күшейтетін, аурудың жас кезден басталып, тез асқынуына біздің күнделікті өмірімізде себепкер болатын, кейде біле тұра ескерілмейтін, көп жайлар бар. Соның ең бастысы — тамақтана білмеу.

Қоғамның, әр семьяның әл-ауқаты артқан сайын тамаққа сары май, қант, тәтті, жұмсақ тағамдар, майлы ет, жұмыртқа, қаймақ, кілегей, консервіленген тағамдар қолдану етек алып ба-рады. Ал, бұл тағамдарда холестерин өте көп. Оның есесіне май мен майлы тамақтар ішіндегі холестеринді байлайтын, оның қан құрамындағы мөлшерін азайтатын, ішектің жұмысын жақсар-татын есімдік клетчаткаларына бай дәмдерді асқа жарату азайды. Әрине, бұдан аталган тағам-дарды біржола ішпеу керек деген ұғым тумау керек.

Екінші бір көңіл аударарлық жай — қимыл-қозғалысты көбейтіп, дене шынықтыру жатты-ғуларымен айналыоу, шылым шекпеу, ішімдік ішпеу. Бұл да ғылымда дәлелденген жай. Аз қимылдау, асқазанда орын қалдырмай, сылқия тою, ерте жатып, кеш тұру денедегі зат алма-суының саябырлауы мен семіздікке әкеліп соғады. Мұндай тұрмыс айтып отырған атеросклероз ауруының пайда болуына, тез өршуіне әсер етеді.

Атеросклероз ауруының тағы бір қауіптілігі оның біртіндеп өршіп, асқынған уақытында гана білінуі.

Студенттің өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика.

2.Жүрек –қан тамырлар ауруына қолданатын жаттығулар.

3.Тыныс мүшелер ауруларына қолданатын жаттығулар.



Әдебиет:

1. Икиманова ГК. Саулық пен сымбат. Алматы. 1991ж.

2. Попов СН Лечебная физическая культура. –М 1988г.

3.Дубровский ВИ. Лечебная физическая культура. М 2001 год

4.Васичкин ВН. Лечебный и гигиенический массаж. –Минск 1996 год.

5. Правосудов ВП. Лечебная физическая культура. М-1980год.



Лекция 5

Тақырып. Ішкі ағзалар ауруына қолданатын емдік гимнастика.

Мақсаты: Ас қорыту ағзалар ауруында, зат алмасу бұзылғанда берілетін емдік гимнастиканың тәсілдерін оқып білу..

Бүйрек және несеп жолдары ауруына, асқазан және ішек жолдары қабынуда қолданатын жаттығуларды қолдануды оқып білу..



Дәріс тезистері:

Ас қорытатын мүшелердің ауруына асқазан, 12 тұтам ішек (ұлтабар). ащы-тоқ ішектердің қабынуы, ойық жара (язва), рак, асқазанның төмен түсуі, бауыр мен өт жолдарының қабынуы жатады.

Аталған мүшелердің ауруы көбінесе созыл-малы болып кездеседі. Негізгі себептері: уақытында дұрыс тамақтанбау, улану (дәрі-дәрмек, қыш-қылдар және газбен, инфекцияға душар болу, теріс эмоциялық құбылыстар, орталық нерв жүйесінің нашарлауы, адамның жалпы қажуы, арақ-шарапқа, темекіге қүмарлық т. б.).

«Ас — адамның арқауы» деп халық текке айтпаған. Астың қорытылу процесі дұрыс жүрмесе, организмде, адамның бойында үлкен өзгерістер болады. Басқа мүшелердің де қызметі бұзылып, нерв жүйесіне әсерін тигізеді.

Жалпы белгілері: асқазан, ішек, өт, бауыр тұстарының ауруы, асқа тәбеті шаппай, кекіріп, айнып, лоқсып, құсу, іш өту, іш қату т. б.

Ас қорыту агзалары жогарғы нерв жүйесімен, көретін, еститін, сезетін түйсікті мүшелердің түпнұсңасымен (анализатор) тығыз байланыста. Сондықтан ми қабында, ми қыртысы астында болған өзгерістер ас қорыту мүшелерінің сөл бөліну, қозғалтушы (моторлы), сіңіру сияқты қасиеттеріне үлкен ықпал жасайды. Керісінше, осы мүшелер запа шегіп, ауруға шалдықса, мида, ми қыртысында кемшіліктер байқалып, адамның рухани күйі, ішкі сезімі өзгереді.

Сондықтан емдік гимнастика осы жағдайды теңестіру үшін, қалпына келтіру үшін кеңінен қолданылады.

Мөлшермен берілген жаттығулар ішек-қарынның қозғалу, қорыту, сіңіру қасиеттерін артты-рады.

Аз мөлшерде, орташа жылдамдықпен жасалған жаттығулар асқазан сөлін көбейтіп, өттің шығуына, астың қорытылуына, ішек-бұлшың еттерінің жиырылуына ықпал жасайды. Қарқынды, күшейте, үдемелі жасалған жаттығулар ішек-қарын жұмысын кемітеді; сөлдің шығуын азайтып, ішектің жиырылуын жайландырады.

Емдік гимнастика ңарын ішіндегі қан-лимфа ийналымын күшейтіп, ақау түскен жерлердің жазылуына септігін тигізеді.

Асқазан ңабынуы гастрит деп аталады. Асқа-ван сөлі мен тұзды қышқылдың құрамына бай-іанысты гастрит аз сөлді, сөлі көп және мүлде жоқ болып үш түрге бөлінеді.

Асқазан сөлі аз жэне мүлде жоқ кезінде, бой-дағы бұлшық еттің барлығына бірдей жаттығулар беріледі. Тек орташа жылдамдықпен, асық-пай жасалады. Оның ұзақтығы 25—30 минут. (!ол сияқты жаяу жүру, жәй жүру, жәй жүгіру, кейбір спорт ойындарының түрі, диафрагмалық (көк ет) тыныс алу кеңінен қолданылады.

Ал сөлі көп адамдарға үлкен сақтықпен, әсі-ресе, іштің бұлшық етіне күш түсірмей, көпші-лікке танымал жаттығулар беріледі. Мұнда аяқ-қол қимылдары кеңінен қолданылады, ұзақтығы 30—35 минут.

Емдік гимнастика ертеңгі гигиеналық дене тарбиесінен бастап өз бетінше жүру, ескек есу, шаңғы тебу т. б. толықтырылады.

Асқазан, ішек-қарынға жара шыққанда (язва) адамның дегбірін кетіріп, жанға батып ауырады. Ол көбіне ашқарынға байқалады. Адамда әлсіз-дік, тынышсыздық, берекесіздік пайда болып, жұмысқа қабілеті төмендейді. Асқазан қыжыл-дап, айнып, құсуға дейін барады. Оның асқын-ған түрі адамға тіпті азап береді.

Сондықтан аурудың белгілері байқалған бой-да дәрігерге қаралып, рентгенге түсіп, жедел ем-делген дұрыс.

Өзіне берілген арнайы емдердің ішінде адам-ның өзінен талап етілетіні: уақытында дұрыс тамақтану, тынығып ұйықтау және емдік гим-настиканы қолдану.

Емдік гимнастика ауру асқынбаған кезде жа-салынады. Оның мақсатьп.кең құрсақтың ішінде қан-лимфа айналымын, зат алмасуын жақсарту, жараның аузын бітеу, жараны тыртық қалдыр-май тезірек жазуға, науқастың көңілін көтеруге негізделген.

Алғашқы кезде жаттығулар қол-аяқ қимыл-дарымен шектеледі. Ңұрсақ еттеріне күш түсіріл-мейді. Аяқты тізеден бүгіп-жазғанда табанды тө-сектен көтермей жылжытып отырады. Жаттығу-49 -лар қарқыны баяу, бәсең болады. ¥зақтығы 15— 20 минут.

Палаталық режимдегі науқас әр түрлі қалып та (отырып, тұрып, жатып) барлық бұлшық ет терді қозғайды, тек құрсаққа күш түсірмейді Ірі буындар қимылы жай қарқынмен орында лып, тыныс алуды қадағалайды. Жаттығула| жасағанда барлық ой-өрісті соған бағыштайдыі Бұл кезеңде жаттығудың ұзақтығы 30 минутқа ұзарады.

Бос режимде науқас көтеріңкі қуатпен жұмыс істейді. Ақырындап іштің бұлшық еттерін де қо-сады. Тек күш жұмсайтын, зорлайтын жаттығу-лар керек емес. Адамды еңбекке баулап, бау-бақ-шада, аулада жұмыс істеуге икемдейді; серуен-деу, суда жүзу сияқты дене шыныңтырудың түр-лерін біртіндеп қосып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
ауданы кіміні
конкурс туралы
Мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
мелетке толма
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...