Əлеуметтік жүйелердегі жобалаудың мазмұндық жəне құрылымдық икемділігі кез келген ұйымның əлеуетін

Loading...


Pdf көрінісі
Дата28.03.2020
өлшемі49.75 Kb.

Əлеуметтік жүйелердегі жобалаудың мазмұндық жəне  

құрылымдық икемділігі кез келген ұйымның əлеуетін  

кӛтереді. Эволюциялық даму туралы тұжырымдаманы  

негізге алатын басқару теориялары оның постиндустриялық  

қоғамның бұрын соңды болмаған проблемалары алдында  

қауқарсыз екенін байқайды. Өйткені, тек эмпирикалық əдіске  

ғана сүйене дамыту қалыптасқан жағдайды жаңа талаптарға  

сай ӛзгерту үшін жеткіліксіз.  

Жобалау қызметі оған қарама-қарсы, болашақ  

модельдерді ғылыми негізделген дəл есептеулермен  

15 

қамтамасыз ететіндіктен,  қайта құру жəне ӛзгерістер  



жағдайында басқарудың басты қызметтерінің бірі бола  

алады.  Сонымен қатар, жасалатын əрекеттің мақсаты мен  

оған қажетті стратегияны айқындау да ӛзгерістер жоспарын  

нақтылауға мүмкіндік береді.  

Кейбір зерттеушілер басқарудың жобалау жəне жобаны  

жүзеге асыру қызметтерін біріктіре жүргізуіне кӛңіл  

бӛлінген, оның бірден бір жолы ретінде жобалау əрекетін  

ендіру жəне қолдану кезеңдерін есепке ала отырып, одан əрі  

дамыту деп есептеледі. 

Дəстүрлі «жобалау» ұғымы энциклопедиялық  

сӛздіктерде,  техникада, құрылыста, т.б. ӛндірістік салаларда  

белгілі бір бұйым жасау, немесе ғимарат салуға қажет  

құжаттардың–суреттер, есептеулер, т.б.  –жиынтығы деп  

16 


қарастырылады. Жобалаудың бүгінгі мəні одан ӛзгеріп, оны  

жеке адамның, ұжымның, ұйым не мекеменің, немесе,  

бірнеше ұйымдар мен мекемелердің бірлескен ӛнімділік  

əрекетінің аяқталған циклі деген түсінігі кеңінен тарауда. 

Əлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалау түрлерінің,  

оларды қолдану аясының тым кӛптігі оларды  

классификациялауды қажет етеді, оны А.М.Новиков  

бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде  

қарастырып кӛрейік. 


− Жобалау типтері  немесе салалары: техникалық,  

ұйымдастырушылық, экономикалық, əлеуметтік, білім беру, 

аралас салалар, т.б. 

− Жобалау кластары немесе жобалау құрамы мен  

құрылымы, пəндік аясы бойынша: моно  –  жобалау, мульти  – 

жобалау, мега–жобалау. Олар қолданылуына қарай  

сипатталды, мысалы, моно  –  дербес жобалаудың белгілі бір  

масштабтағы түрліше дара жобалау екені атынан кӛрініп  

тұрса, мульти  –жобалау бірнеше дербес жобалардан тұратын  

кешенді жобалау болса, мега–жобалау–белгілі бір  

экономикалық саланы, не аймақты дамытудың мақсатты  

бағдарламалары, оның құрамына моно  –  жобалау да, мульти  

–  жобалау да еніп кетеді. 

− Жобалау масштабтары: шағын, орташа, ірі жəне ӛте  

ірі деп шартты түрде белгілене алады. 

− Жобалау ұзақтығы: қысқа мерзімді  –  3 жылға дейінгі,  

орта мерзімді–3-5 жылға, ұзақ мерзімді–5-тен кӛп жылдарға  

созылатын жобалау; 

− Жобалау түрлері: инвестициялық, инновациялық,  

білім беру, ғылыми –зерттеу, аралас, т.б. 

Енді осы «жобалау» ұғымының білім беру саласында  

қатысты сапаларын қарастыратын болсақ, оның түрлерін  

ғылыми  –зерттеудегі жобалау, педагогикалық жобалау, əр  

білім алушының оқу əрекетінде қолданылатын жобалау деп  

бөлуге болады. 

Əлеуметтік жүйелердің дамуын жобалауды  

инновациялық процестің моделі ретінде қарастыруға болады: 

− ұйымның бастапқы жағдайы (біз қазір қайдамыз?); 

− күтілетін болашақтың бейнесі (біз қайда барғымыз  

келеді?); 

− қазіргі жағдайдан болашаққа ӛту əрекеттерінің  

құрамы мен құрылымы (біз күтілетін нəтиже алуымыз үшін  

не жасаймыз?).  

18 


Жобалау келесі қызметтерді атқаруға арналған: 

− оның қатысушылар əрекеттерінің бағытын жəне  

олардың мақсатты бағдарларын анықтау, яғни  

орындаушылардың бірлескен жұмысының мақсатқа  

бағыттылығын қамтамасыз ету құралы болу; 

− жеке орындаушылар мен олардың топтарының  

арасындағы байланыстарды анықтау, яғни, 

орындаушылардың күштерінің интеграциясы мен  

əрекеттерін үйлестіру құралы болу; 

− жұмыс барысы мен оның орындалуы жағдайларын  

бақылау құралы болу; 

− қойылған мақсаттардың орындалуына кесел келтіруі  

мүмкін қауіп-қатерді алдын ала болжай білу құралы болу; 

− жұмыс бағытының жоспарланғаннан ауытқуы немесе  

бұрын болжанбаған қауіп-қатердің анықталуы барысында  

шешім шығара білу құралы болу. 

Жобалау–бұл күтілетін нəтижеге бағытталған  

қозғалыстың тұтас моделі, оның негізгі міндеті  –  мақсатқа  

бағытталған қозғалысты бақылайтын құрал болу. Бақылау  

барысында болжамды нəрсе шынайы нəрсемен  

салыстырылады, бұл жағдайда бағдарлама аралық жəне түпкі  

нəтижелер салыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.  

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...