«Әлемнің ұлы физиктері» атты ғажайып алаң ойыны



жүктеу 82.56 Kb.
Дата22.04.2017
өлшемі82.56 Kb.
Москалев орта мектебі

«Әлемнің ұлы физиктері»

(ғажайып алаң ойыны)

Жүргізген:

Алакаева Жадыра Айтбаевна


«Әлемнің ұлы физиктері» атты ғажайып алаң ойыны.
І бастаушы:

-Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Физикадан басталмақшы

Ғажайыптар алаңы.

Көргендер де армандар,

Көрмегендер де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Физика туын көтеріп,

Жар салайық, әлемге!

Көрмегендер көріңдер,

Естімегендер естіңдер.

Дабылын оның қағайық.

Шақырамыз бәріңізді,

Физиканың кешіне

Жиналыңдар алаңға

Кешігіп одан қалмаңдар.

ІІ бастаушы:

-Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге.

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге

Физика емес пе жол көрсеткен

Бұл жерде танысасың Лоренц, Максвелл,

Жолио-Кюрилермен

Попов пен ломоносов, Жуковскийлермен

Келмегендер, олар философ әріде өткен

Кесдесесің дәл сондай тағы да бір ғылымның

Жер жаһанға білім еккен ғұлама ғалымдар мен физиктермен.



І бастаушы:

-Қымбатты, жас білім сүйгіш достар!

Сіздерді бүгінгі физикадан болатын «Ғажайыптар» алаңы ойынын тамашалауға шақырамыз. Бүгінгі ғажайыптар алаңы «Әлемнің Ұлы физиктері және оның еңбектері» деген атпен өтеді.

ІІ бастаушы:

-І турдың тапсырмасына назар аударыңыздар!

Ежелгі грек ғалымы «Маған жердің тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны, мен жерді көтеріп беремін» - деген сөзінен тарихта қалған.

(жауабы: 272-212 жж. Біздің эрамызға дейін өмір сүрген Сиранус ғалымы Арихимед).



І бастаушы:

-Ғылымда Архимедті тірі десең, сүйікті ұстаздардың бірі дерсің. Бәріне адамзаттың ғылыми ортақ. Білім қуған жастардың тірі дерсің Архимед таң қалдырып адамзатты, табиғат сырларының бәрін ашты. Архимедтің керемет сол рычагі кемелерді қасықтай домалатты. Кім де кім көрем десе кереметті, ол рычаг физиканың заңы депті. Тіреу нүктесін берсеңдер қолыма егер, жер шарын да төңкеріп берем депті. Күн мен ай қозғалысын дәлдікпен көрсетілген. Аспан сферасы моделін жасап берді. Архимед отаны үшін құрбан болған. Артында ұлаңғайыр мұра қалған.



ІІ бастаушы:

-Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Естімеппін Архимед есімін де,

Жерді қозғау қиялы былай тұрсын

Жемісі де тимепті несібіме

Кім білмес Сиракус ақсақалын

Күн сүйіп, жел желпіген ақ сақалын

Ол-артық адамзатқа жаттығы жоқ

Белгісі адамшалық жақсы атаның

Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған

Қай түйрік Архимедті басын озған?

Жалынды патриот, батыр-ғалым,

Ғасырлар түкпірінен қолын созған.



І бастаушы:

-ІІ турдың тапсырмасына назар аударыңыздар!

Атмосфераның жерге түсіретін қысымын бірінші рет өлшеген физик ғалым кім? Осы ғалым тәжірибесі негізінде жасалған құрал?

ІІ бастаушы:

-оның тәжірибесі жөнінде айтады.

І бастаушы:

-ІІІ турдың тапсырмасы:

Электромагнитизм құбылысына үлес қосқан өз тәжірибелі негізінде ток көздерін ашқан анатомия ғылымының профессоры, физик ғалым кім?

Көрермендер ойыны

Тапсырма: Электр тогы деген ұғымды енгізген физик, математик ол электрик және магниттік құбылыстар арасындағы байланыс туралы алғашқы теорияны жасаған ғалым? Масквелл оны электрдің Ньютоны -деп атаған?
Супер ойыны

Тапсырма: Физикада тұңғыш нобель сыйлыған иеленген ғалым? Бұл ғалым қандай жаңалық ашқаны үшін Нобель сыйлығын иеленген?

Жауабы: Атақты неміс ғалымы Вильгелм Контраз Рентген 1901 жылы белгісіз сәулелерді ашқаны үшін Нобель сыйлыған иеленген.



Тапсырма:Физикадан Нобель сыйлығын иеленген отбасылар династиясын білесіз бе?

Жауабы: Брэг династиясы: Лаурекс Брэг әкесі Генри Брэгпен бірге рентген сәулелері арқылы кристалдың құрылысын зерттегені үшін.

Томсон династиясы: Джеймс Томсон мен оның ұлы Джордан Томсон электрондар интерференциясын ашқаны үшін.

Бор династиясы: Нильс Бор мен оның ұлы Оге Бор атом ядросыныңқұрылысын зерттегіні үшін.

Кюри династиясы: Мария Кюри ері Пьер екеуі табиғаттағы радиоактивтілік құбылысын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған.

Тақырыбы: Ана тілімізде әсерлеп ...
Мақсаты: Оқушылардың білім дәрежесін тексеру, бақылау. Халық

педагогикасының негіздерін физика сабақтарында, іс-

шараларда қолдану- оның білімділік және тәрбиелік

мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-

дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухына

тәрбиелеу.



Өткізілу түрі: «Алтын қақпа» ойыны.

Көрнекілігі: Магнитофон, қақпалар, сандық, жазылған қағаз,

сыйлықтар, киіз үйдің моделі.



Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ойыншыларды отырғызып, ойын тәртібін түсіндіру.


  1. Ойыншылар ішінен ойыншы таңдау.

( Қойылған сұраққа дұрыс жауап беру 1 минут. Әр жеңген оқушы әр бөліс

сайын сыйлыққа ие болады.

Жүргізуші:

Табиғат заңдылықтары мен техниканың терминдерін ана тілінде әсерлеп жеткізе білу, тілдік қордың байлығын, қазақ тілінің көркемдігін білдіреді.

Физика деген сөзді әдеби тілімізде:

«Физис» деген табиғат,

Грек сөзінен алынған.

Ғылымға қажет жаңалық

Осы сөзден табылған

Қоршаған барлық дүние,

Табиғатты құрайды.

Сарқылмас оның сырлары

Өзгеріп тұрар ұдайы,-

дей отырып ойынымыздың негізгі шарттарына көшейік.

ІІ.


  1. Ватт-қандай шаманың өлшем бірлігі /қуат/

  2. Температура дегеніміз не? /дененің жылулық құбылысын сипаттайтын шама/

  3. Электр тогы дегніміз не?

  4. Жол дегеніміз не?

  5. Күш дегеніміз не?

  6. Барометр, альтиметр, монометр, танометр не өлшейтін құрал?



«Тас қақпа»

Шывққан оқушы 3 сұрақтың біреуін таңдайды.



  1. «жұмыс» сөзінің мағынасы жіне физикалық анықтамасы

  2. «кедергі» сөзінің мағынасы және физикалық анықтамасы

  3. «қуат» сөзінің мағынасы және физикалық анықтамасы




  1. «қысым» сөзінің мағынасы және физикалық анықтамасы

  2. «жылдамдық» сөзінің мағынасы және физикалық анықтамасы

  3. «ток күші» сөзінің мағынасы және физикалық анықтамасы


«Күміс қақпа»

(магнитофонға жазу)

1.ареометр дегеніміз қандай құрал?

1. трансформатор қандай құрал?

2. радиолакация дегеніміз не?

2. лактометр нені анықтайтын құрал?

3. транзистор деген не?

4.жартылай өткізгішті диод қандай құрал?


«Алтын қақпа»

(магнитофонға жазу)



  1. Диодтар /лампалы, жартылай өткізгіш/ не үшін қолданылады?

  2. «Киіз үй» сүйектерін жасауда деформацияның қандай түрлкрі қолданылады, ашып айт?

  3. Модуляция, демодуляция дегеніміз не?

  4. Киіз үйді көшпелі өмірге бейім, ағаш пен киізден тұратын, тез тігіліп, жиылатын, әрі жеңіл болғандықтан ата-бабамыз мыңдаған жылдар бойы пайдаланды. «жүн, киіз, түбіт, аң терілері» не үшін пайдаланған, физикалық мәнін түсіндір?


«Алтын сандық»

«Тері , ыстау, бояу құбылыстарының қандай физикалық құбылыстарға негізделгенін түсіндір»


Жеңімпаздарды марапаттау.



Сабақтың тақырыбы: «Рентген сәулелері»

Мақсаттары:

Білімділік: а) оқушыларға негізгі заңдылықтар мен анықтамалардан

білім жинақтау, әрі оны іс жүзінде пайдалану, дағды

мен біліктілігін қалыптастыру.

ә) рентген сәулелері туралы білімдерін толықтырып,

оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша

оқу материалын талдауға үйрету.



Дамытушылық: Олардың өздігінен білімдерін жетілдіруіске астыру, әрбір

жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық

дамуына мүмкіндік жасау.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру,

оларды шыдамдылыққа, байқампаздыққа, жинақылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: Оза оқыту технологиясы. Деңгейлік даралап оқыту

технологиясы.



Көрнекілігі: «Рентген түтікшесі» суреті, «Рентген» суреттері, плакаттар.

Сабақтың

ұраны: «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген

және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған

осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана»

Я.А.Каменский.





Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім сөзі,

Мақсаты,


Жүргізілуі жөнінде бағыт, бағдар беруі

ІІ. Жаңа білімді игеру

1-ші деңгей-білу «Үйренушілік»

«Абайдың 43-ші қара сөзі.

Қажетті тірек білімдерін еске түсіріп, жаңа фактілерді, терминдерді, ұғымдарды, заңдарды және т.б. қабылдау

а)Рентген сәулелерінің ашылуы

б)Рентген түтікшесі арқылы анықтама шығарып алу.

в)Рентген түтікшесінің жұмыс істеу кернеуі.

А)электрондардың кенет тежелуінен шығатын электромагниттік толқындар рентген сәулесі деп аталады.

В) (1) (4) (7)

Ек (2) Е (5) (8)

Е (3) (6) (9)

(10)

Һ=6,63*10-34 Дж*с Планк тұрақтысы өте кіші мән

Энергияның жиіліктерге, толқын ұзындықтарына байланысты үлестіруі
2-ші деңгей-түсіну «Алгоритмдік»

Қабылданған жаңа мәліметті пысықтап бекіту, өз сөзімен естігенін, оқығанын айтып беру. Қабылданған жаңа мәліметті бұрыңғымен салыстыру, ерекшелігін түсіну.

Абайдың 31-ші қара сөзі

а)Рентген сәулелерінің қасиеттерін анықтау.

б)Рентген сәулелерінің дифракциясы

в)Рентген сәулелерінің қолдануы.


ІІІ. Жаңа білімді бекіту.

3-ші деңгей-қолдану-«Эвристикалық»

Қабылданған білімді үлгі бойынша пайдалану

а) Рентген сәулелерінің пайдасы мен зияны (Өздік жұмыс)

б) Есептер шығару №181 (ә): \185 (ә): №1128 (р) (тақтаға)
ІV. Жаңа білімді пысықтау.

4-ші деңгей-біліктену «Шығармашылық»

Жаңа білімнің мәнін түсіндіру абсқалармен салыстыру, өзара жіктесу, қортынды жасау. А байдың 15-ші қара сөзі

а) «Сен қалай ойлайсың?»-шағын шығармашылық жұмыс.

ә) Рентген сәулелерінің тірі организмге үлкен әсер ететін білеміз. Әлсіз сәуленің өзі организм клеткаларының тіршілігін бұзуға жеткілікті әсер болмау үшін не істеу керек? Сенің ойың?

б)Толық қорытындылау.



V. Үйге тапсырма §64

Физикалық сипаттамасы

Сәуле шығару көздері

Қасиеттері

Қолданылуы














VІ.Қорытынды.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет