Әлемдік экономикалық-қаржылық дағдарыстың жаңа толқынын еңсеру жолдары



жүктеу 109.63 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі109.63 Kb.
Керімбек Ғалымжан Есқараұлы
Әлемдік экономикалық-қаржылық дағдарыстың жаңа толқынын еңсеру жолдары
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» 2015 жылғы биылғы Жолдауында бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отырғандағы анық айтылған. Елбасы кезекті Жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстың жалғасын тауып отырғанын былайша атап көрсетті: «Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. Әлемдік экономикадағы ахуал мынадай дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі» [1].

Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдаданды. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын. Сондай-ақ, Үкімет қажетті шаралар қабылдап, осы қаржылардың тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек.

Оның басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс [2].

Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.



Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді. Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады [3].

ҚР егемендігін алысымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен ұлттық экономиканың негізгі салалары нарықтық қатынастарға бағытталды. Кеңес дәуірінде мемлекет өзі ғылыми зерттеулерге тапсырыс жасап,  қаржыландырып, оларды мемлекеттік кәсіпорындарда іске қосатын болса, енді Қазақстан өнеркәсіптерінің 90% жуығының жекешелендірілуіне орай мұндай байланыс жойылып кетті.

Әлемде орын алған қаржы дағдарысының басты себебі – әлемдік валюта АҚШ долларының шектен тыс көп мөлшерде шығарылуы деп баспасөз беттерінде жиі жарияланатын болды. Алайда, бұл дағдарыстың себептері Елбасынының «Дағдарыстан шығу кілті» аты мақаласында  нақты әрі тереңінен қарастырылып, оған келесідей анықтама беріледі: «Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет» [4].

Әрине, жаңаша көзқарастың қалыптасуына бірталай уақыттың кететіні сөзсіз. Алайда, мұндай игі бастаманың алғашқы қадамын Қазақстан жасап та үлгерді деп айтуға болады. Оған 2003-2015 жж. арналған ҚР Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы дәлел. Ғылыми-технологиялық саясат – экономиканың тұрақты дамуының басты тетігі. Алайда, елде ғылыми зерттемелерге деген сұраныстардың болмауы және осының салдары болып табылатын өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның ролін бағаламаудан туындайды. Шын мәнінде, өндіріс факторларының өнімділігіне тек қана ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс арқылы ғана қол жеткізуге болады.



Әлемдік дағдарыс – барлық экономикалық бастауларды өзгертуге ұшырататын ерекше құбылыс.  Әлемдік экономикалық дағдарыс ең бай, қуатты деген елдердің экономикасын да әлі күнге теңселтуде. 

Биылғы 2015 жылы да дағдарыстың кезекті толқыны күтіліп отырғаны баршаға мәлім. Дағдарысқа қарсы күресу шараларын ұйымдастырмас бұрын, әлемдік қаржылық дағдарыстың шығу себептерін анықтау қажет. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Ләззат Мұзапарова әлемдік экономикалық дағдарыстың бес негізгі себебін көрсетіп берді.

«Биыл басталғалы тұрған әлемдік экономикалық қиындық 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың жалғасы болып табылады. Өйткені, жаһандық жүйенің түрлі кемшіліктері кесірінен туындаған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың мәселелері бүгінде де шешілмеген. Осы орында негізгі бес мәселеге тоқталғым келеді:

- біріншіден, әлемдік нарықтарды орталықтандырып, реттеу мүмкіндігінің жоқтығы;

- екіншіден, әлемдік экономиканың нақты секторымен салыстырғанда қаржылық саланың озық дамуы. Бұның салдарынан ақша өндіріске емес, әлемдік нарықтардағы спекуляцияға түседі;

- үшіншіден, шикізатқа баға қалыптасуының деформациясы мәселесі ықпал етті;

- төртінші кемшілік – қазіргі қолданыста қаржылық жүйенің жұмысы. Бұл инвестициялық талаптардың бұрмаланған жүйесі, яғни ол әлемдік рейтингтік агенттіктердің объективсіз рейтингтеріне негізделген;

- бесінші кемшілік – бұл дамыған елдердің шаруашылық субъектілері мен үй шаруашылықтарының шамадан артық несиелендірілуі және шектен тыс қарыздарға қызмет көрсетудің күрделене түсуі.

Әлемде қаржылық дағдарыстың артуы АҚШ қаржылық дағдарыстың айқын факторы болып табылады. 2008 жылғы әлемдік дағдарыстың белгілері ретінде шикізат тауарларына қойылатын бағалардың өзінің тарихи ең жоғары бағасынан артуына әкелген (бір баррель мұнай WTI $147,27) АҚШ тұтынушылар серпілісін атауға болады. Әлемнің ең ірі экономикасында ипотекалық дағдарыс орнады, бұдан кейін банктердің, сақтандыру компанияларының дәрменсіздігі жалғасты және нарық күрт төмендеді. Мемлекет қаржы саласын жедел түрде мемлекет мүлкіне айналдыруға кірісті, ірі банктер, сақтандыру компаниялары мен инвестициялық компаниялар мемлекеттен көмек сұрады. АҚШ-нда қазір біз куә болып отырған құлдырау басталды. Бұдан кейін тізбектік реакциялар басталды, Еуропа, Жапония, Ресей қаржылық дағдарыстың құрбаны болды.

Бүгінгі таңда әлемдік экономикалық дағдарыстың біртіндеп саябырсығандығы байқалғанмен, оның жалғасу ықтималдығы азайған жоқ. Бұл тұжырымдамаға дәлел ретінде бірнеше дәйек келтірейік, экономикалық дағдарыстың алғышарттарын анықтап көрейік.

Біріншіден, әлемдік экономика АҚШ секілді негізгі тұтынушы нарықтың көрсеткішіне арқа сүйеді. Яғни американ экономикасының жағдайына байланысты өзге елдер өз экономикалық стратегиясын анықтап, соған қарап бой түзеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Брэттон-вудтық валюталық жүйе американ долларының үстемдігін орнатты. Логика бойынша американ доллары өзінің төлемдік мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алтынға, ал әлемнің өзге мемлекеттерінің валютасы өз төлем мүмкіндігін долларға байланысты айқындады. Бұл жүйе екніші дүниежүзілік соғыстан жапа шеккен мемлекеттердің бюджетін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Ағымдағы экономикалық дағдарыс себептерінің санына мыналар кіреді: банкирлердің қателіктері, әлемдік қор валютасының әлсіздігі, доллар салмағының үрленген көбігі, АҚШ ипотекалық дағдарыс және т.б.

Қазір қалыптасқан жағдайда экономикалық дағдарыстың туындау себептерін анықтап қана қоймай, одан мүмкіндігінше жылдам шығу жолдарын қарастыру одан да маңызды. Дағдарысқа ұшыраған елдердің көпшілігі дағдарысқа қарсы шаралар мен іс-шаралар бағдарламаларын әзірлеуге және жүргізуге ерекше назар аударады, бірақ қазіргі кезде дағдарыс қашанға дейін созылатынын және қандай сипатқа ие болатынын болжау қиын.

Жалпы және шикізат өніміндегі экономикалық серпілістің ұзақ мерзімді перспективалы жалғасудағы ұсыныстарға бағдарланған жуық арадағы дағдарыс заттардың шынайы жағдайын көрсетеді.

Дағдарыс жаңғыртуға арналған себеп туғызады және насихаттау риторикасында емес, шын мәнінде саяси-әлеуметтік, экономикалық жаңғырту қажеттігін ашады. Осы мәнде тұтас әлемнің және жеке алғанда Ресейдегі ары қарай дамуға арналған маңызды позитивтік мәндерінен тұрады.

 Қазақстан экономикасының негізгі экспорттаушы өнімдері шикізат болғандықтан әлемдік экономиканың дамуының тежелуі шикізат тұтынуды шектейді, оның үстіне Ресейге қолданылатын санкциялар шикізатпен байланысты болса экономикалық шығындардың көбеюіне алып келуі мүмкін.

АҚШ пен Ресей арасында орын алуы мүмкін валюталық «соғыстың» нәтижелері Қазақстан ұлттық валютасына кері әсерін тигізуі ықтимал. Себебі Қазақстанның алтын қоры валюталық қақтығысқа қатысу ықтималдығы бар барлық тараптармен тығыз байланысты, өйткені әлемдік нарықта шикізатты саудалау АҚШ долларымен жүзеге асырылады. Яғни мемлекетке кіріс АҚШ долларымен келеді. Алтын қорымыздың бір бөлігі Еуропада сақталатындығы да белгілі жәйт. Ал Ресей болса Қазақстанның бүгінгі күні ең ірі экономикалық әріптесі. Рубльдің құлдырауы ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттігін сақтап қалу мақсатында теңгенің құнсыздануына да ықпал ететіндігі сөзсіз [5].

Экономикалық циклдер бойынша экономикалық серпілістен құлдырауға (экономикалық күйзеліс) дейінгі іскерлік белсенділік деңгейінің тұрақты тербелісімен түсіндіріледі.

Әдетте экономикалық циклдердің негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:

- Китчиннің қысқа мерзімді циклі (сипатталатын кезең – 3-4 жыл);

- Жюглярдің қысқа мерзімді циклі (сипатталатын кезең – 7-11 жыл);

- Кузнецтің ырғақтары (сипатталатын кезең – 15-20 жыл);

- Кондратьевтің ұзақ толқындары (сипатталатын кезең – 45-60 жыл).

Іскерлік белсенділік циклдерінде нақты ажыратылатын төрт сатысы ерекшеленеді: шың, құлдырау, түп (немесе «ең төменгі нүкте») және даму, алайда осы сатылардың ең көп бөлігі Жюгляр циклдері үшін тән.

Даму циклдің ең төменгі нүктесіне (түбіне) қол жеткізгеннен соң жетеді. Жұмыспен қамтылу мен өндірістің біртіндеп өсуімен сипатталады. Көптеген экономисттер осы сатыға инфляцияның жоғары емес қарқындары болады деп болжайды. Қысқа мерзімде экономикаға инновациялар енгізілу жүргізіледі.

Іскерлік белсенділіктің шыңы немесе басы экономикалық көтерілудің «жоғары нүктесі» болып табылады. Осы сатыда жұмыссыздық әдетте ең төменгі деңгейге жетеді немесе мүлдем жоғалып кетеді, өндірістік қуаттылықтар ең жоғарғы немесе оған жақын деңгейге жетеді, яғни елдегі барлық материалдық және еңбек ресурстары кірістіріледі. Несиелерді өтеу мүмкіндіктерінің біртіндеп төмендеуі арқылы ұзақ мерзімді несиелендіруге сұраныс артады.

Бәсеңдеу (құлдырау) өндіріс көлемінің қысқаруымен, іскерлік және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі арқылы сипатталады. Конъюктураның төмендеуі салдарынан бәсеңдеу әдетте жұмыссыздардың артуымен өндірістік қуаттылықтар жүктемесінің төмендеуімен бірге жүреді. Экономикалық бәсеңдеудің ресми сатысы немесе құлдырауы үш айдан жоғары ұдайы жалғасатын іскерлік белсенділіктің төмендеу жағдайымен түсіндіріледі.

Капиталдың шоғырлануы (монополизация) ел экономикасы немесе тіпті әлем ауқымында «қателесу» шешімдеріне әкеледі. Кез-келген инвестор өз капиталынан кіріс алуға ұмтылады. Осы кіріс мөлшері бойынша инвестордың болжалы көтерілу-шыңдалу кезеңінен бастап кірістер ең төмен болғанда пайда болады. Құлдырау кезеңінде инвестор «кешегіден» төмен кірісі бар жобаларға капитал салу өзі үшін пайдасыз деп санайды.

Мұндай салымдарсыз (инвестициялар) басқа саланың тауарлары мен көрсетілетін қызметін тұтынушылардың, осы сала қызметкерлерінің төлем қабілеттілік салдары ретінде өндірістік қызмет қысқарады. Осылайша бір немесе бірнеше салалардың дағдарысы жалпы алғанда барлық экономикадан көрініс табады.

Капиталды шоғырландырудың басқа бір мәселесі тұтыну және тұтынушылық тауарлар (сондай-ақ осы тауарларды өндіру қаражатын өндіріс саласынан) өндіріс саласы өндірісінен қаржы салымын (ақша) алып қою. Дивиденттер (немесе кірістер) түрінде алынған қаражаттар инвесторлардың есебінде жинақталады. Өндірістің қажетті деңгейін қолдау үшін қаржы жеткіліксіздігі және өндіріс көлемінің төмендеу салдары туындайды. Жұмыссыздық деңгейі артады, тұрғындар тұтынуды үнемдейді, сұраныстың төмендеуі туындайды.

Құлдырау қызметтің кейбір түрлерін жандандыруға мүмкіндік береді, көбіне дәрменсіздікке мамандандыратын ломбард пен заңгерлердің қызметіне сұранысты жоғарлатады. Өнеркәсіпте шығарылатын заттар мен ұзақ мерзімді пайдалануға арналған тауарларға фирманың циклдік тербелісі тез әсер етеді.

Бұл фирмалар басқаларға қарағанда іскерлік құлдырауға тез бейім, керісінше сонымен қатар басқаларға қарағанда экономикалық дамудан ұтары да көп. Оған негізгі екі себеп бар:

- сатып алуды кейінге қалдыру;

- нарықты монополиялау мүмкіндігі.

Бәрінен бұрын капиталды жабдықтарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады, экономиканың қиын кезеңдерінде өндірушілер жаңа машиналар мен жабдықтарды сатып алудан және жаңа ғимарат құрылыстарынан бас тартуға бейім.

Нақты тауар өндірісінде негізгі кепіл тауардың өзі, яғни материалдық құндылық болып есептелсе, қызмет көрсету саласында кепіл ретінде идея немесе ой бағаланады. Шын мәнінде бұл ойдың дұрыс бұрыстығы, қолданысқа ену мүмкіндігі тек тұтыныс барысында анықталады. Ал идея тұтынудан бұрын түрлі инвестицияларды талап етеді. Яғни шын мәнінде идея немесе интеллектуалды меншік жарамсыз деп табылған жағдайда бұл шығындардың орны толмасы анық. Бұл экономиканың құрылымдық ерекшелігі  әлі күнге дейін аяғына дейін шешілмеген күрделі мәселе күйінде қалып отыр.

Бұдан басқа дағдарыстың әлемдік сипатқа ие болуы осы уақытқа дейін белсенді өсім көрсетіп келе жатқан Қытай, Ресей секілді мемлекеттердің экономикалық өсімін кешеуілдетуде. Бұл әсіресе экспортының негізгі бөлігін шикізат құрайтын мемлекеттерге қауіпті құбылыс. Себебі, шикізатты өсім үстіндегі экономика ғана белсенді тұтына алады. Сұраныстың төмендеуі шикізат құнын төмендетеді. Тиісінше шикізатқа деген сұраныстың азаюы шикізат экспортымен айналысатын елдердің табысын азайтады. Бұдан әрі қарай бұл жүйелік дағдарысқа әкелуі заңды. Себебі жеткілікті дәрежеде диверсификацияланбаған экономика жағдайында, мемлекеттің шығындарын қалыпты ұстап тұру қиындықтар тудырады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономиканы әртараптандыру мен даму бағдарламаларына қаржы бөлу мүмкіндігін шектейді.
Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» 2015 жылғы Жолдауы.

2. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму» жоспары.

3. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2010-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы».

4. Тақаева Г.Т. «Жаһандық қаржы және экономикалық дағдарыс». // Материалы международной научно-практический конференции, 27-28 мамыр 2010 жыл.

5.Кенжеғали А. «Елімізде дағдарысқа қарсы жасалып жатқан іс-шаралар». // Экономика негіздері. №2-3, 2009 жыл. –бет.6





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет