Электронды оқулықты кәсіптік оқытуда

Loading...


жүктеу 48.66 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі48.66 Kb.
Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі

Электронды оқулықты кәсіптік оқытуда

пайдалану жолдары

Дайындаған: ІІ санатты информатика пәні мұғалімі:

Жанаева Гүлшат Ертлеуқызы

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді, қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген.

Қазіргі кезде жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжыу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдаланукезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір студент таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану арқылы:



  • оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттырады;

  • оқытудың көрнекілігін арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;

  • абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді;

  • оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді.

Есте сақтаудың әсер алу, қайталау арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді:

Қазіргі таңда дайындалған электрондық оқулықтарда мынадай жағдайларды ескеру керек:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

  • электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар;

  • зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдар;

  • материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші материалдар;

  • аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест;

  • материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы.

Информатика пәнінен студент үшін электронды оқулықты қолдану тиімді.

Электронды оқулықты қолдана отырып оқушыларға сапалы білім беруге болады. Соның бір дәлелі ретінде өз тәжірибемнен жүргізген жұмысымды айтқым келеді:



  • өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

  • студенттің өздігінен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;

  • жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;

  • түсінбеген тақырыптарды қайталауға;

  • оқулықты сабақтарда қолданып, студенттің өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

  • қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып жасалынған электронды баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электронды оқулықты пайдалану студенттердің сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықты қолдану барысында графикалық безендірулер және сұхбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.

Мен өз сабағымда электрондық оқулықтарды үнемі пайдаланамын. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру(практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама, сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары(есептер, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.



Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

  • сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • студенттің пәнге қызығушылығы;

  • алынған білім, дағды деңгейі;

  • білімнің тереңдігі;

  • тексеру түрлері, бағалау;

  • практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Қорыта келе, «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...