Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»



жүктеу 0.95 Mb.
бет1/5
Дата02.04.2017
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3   4   5
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет


1emblem


Элективті пәндердің каталогы
Мамандық 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»
(оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ)

Қарағанды – 2014-2015

Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған элективті пәндер каталогы (хаттама №___ «___»_______2014ж.). Қарағанды, ҚҚЭУ 2014.

Каталог өзіне элективтік пәндер тізімін (таңдау бойынша компонентті), сондай-ақ мамандық бойынша олардың бағдарламаларының қысқаша курсын қосады. ҚҚЭУ оқытушылары мен студенттеріне арналған.

СТУДЕНТКЕ ЕСКЕРТПЕ

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің құрметті студенті!
Сіздердің алдарыңызға Элективтік оқу пәндерінің каталогы ұсынылуда. Бұл жүйеленген аннтотацияланған элективті оқу пәндерінің тізбесі. Ол сіздерге оқудың жеке кеңістігін өзіндік, жылдам, иілгіш және жанжақты қалыптастыру мүмкіндігін жасау мақсатымен құралған. Бұл сіздердің жеке оқу жоспарларыңызды жасау үшін көмекші болып табылады.

Оқытудың кредитті техгологиясы кезінде барлық оқу пәндері 3 циклға бөлінеді – Жалпы білім беру (ЖББ), Базалық (БП) және Профильденген (ПП). Бұл циклдардың әрқайсысының ішіндегі оқу пәндері 2 түрге бөлінеді – Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективтік, яғни таңдамалы оқу пәндері).

Міндетті компонент пәндері мамандық бойынша білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен бекітілген және берілген мамандықтың барлық студенттерімен оқытылады.

Элективтік оқу пәндері Сіздерге оқу үшін кафедралармен ұсынылады. Элективтік оқу пәндерінің тізбесінен сіздер өздеріңізге қызықтыларын таңдап алуларыңызға болады. Сонымен, Сіздің жеке оқу жоспарыңыз оқу пәндерінің әр циклы бойынша өзіне 2 бөлімді қосады: Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері).



Өздеріңіздің жеке оқу жоспарларыңызға қосу үшін элекивті оқу пәндерінің Каталогы көмегімен қалай таңдау қажет?

  1. Тізімнен өзіңіздің курсыңыз бен оқу семестріңізді тауып алыңыз.

  2. Типтік оқу жоспарымен элективті оқу пәндеріне барлығы қанша кредит бөлінетінін біліңіз.

  3. Элективті оқу пәнінің тізімімен танысыңыз. Оқу пәндері сәйкес нөмірімен таңдау бойынша курстарға біріктірілгендігіне көңіліңізді аударыңыз. Элективті пәндердің әр тобынан тек қана бір элективті оқу пәндерін таңдауға болады.

  4. Сіздерді қызықтырған элективті оқу пәндерінің түсініктемелерін оқыңыз және өзіңіздің таңдауыңызды жасаңыз.

  5. Сідердің таңдаған кредит саны Типтік оқу бағдарламасы бойынша талап етілген санға сәйкес келетіндігін тексеріңіз.

  6. Сіздерге элективті оқу пәндерін таңдауға көмекті сіздің эдвайзеріңіз жүзеге асырады.

Бизнес және құқық факультеті

Мамандық: 5B011500 «Құқық және экономика негіздері»

Академиялық дәрежесі: "Құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша білім бакалавры



Пәндер циклы

Пән коды

Пән атауы

Несие саны

Семестр

Дәріс берушінің аты-жөні

1 курс

ЖБП

KT 1101


Қазақстан тарихы

3

1

Туякова А.Е.

Адамбекова С.М.

Тутинова Н.Е.


ЖБП

Inf 1105

Информатика

3

1

Молдабекова Б.К.

Дуйсекеев К.А.



ЖБП

ETD 1106


Экология және тұрақты даму


2

1

Саулебекова А.К.

Дузбаева Н.М.



ЖБП

Ale 1108


Әлеуметтану


2

1

Исабекова А.С.


ЖБП

OSKN 1111


Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері

2

1

Досмагамбетова Б.Б.,

Дузбаева Н.М.



ЖБП

ShT 1103


Шетел тілі


6

1,2

Аубакирова Г.Т., Ертысбаева Г.Н., Сясина О.А., Дюсембаева Д.К., Ныгатаева Н.А. Шерипова Г.А., Аманжол Н.И., Керимова Р.А.

ЖБП

К(О)Т 1104

Қазақ (орыс) тілі

6

1,2

Иманбаева Б.Д.,. Нуркеева Б.А., Жетписбаева М.А.

Баербекова А.Е.



БП


PМК 1201


Педагогикалық мамандыққа кіріспе

1

1

Божбанова Р.Ж.

БП


PAD1204


Психология және адам дамуы


3

2

Минжанов Н.А.

Исина С.А.



2 курс

ЖБП

ETN 2109

Экономикалық теория негізі

2

3

Шумеков З.Ш.

Суиндыков Ж.С.



ЖБП

Fil 2102

Философия

3

4

Маханова Б.Р.


ЖБП

KN 2110

Құқық негіздері

2

4

Адильбекова К.К.

ЖБП

Saya 2107

Саясаттану

2

4

Туякова А.Е.

БП

OOT 2205

Өзін-өзі тану

2

3

Исабекова А.С.

БП

Ped 2202

Педагогика

3

3к/ж

Минжанов Н.А.

Божбанова Р.Ж.



БП

ZhEFMG2206

Жас ерекшелік физиологиясы және мектептік гигиена

2

3

Тургамбаева Н.А.

БП

Etn 2203

Этнопедагогика

2

4

Минжанов Н.А.

3 курс

БП

KK ( O) T 3207

Кәсіби қазақ (орыс) тілдері

2

5

Ахметжанова Ж.Б

Иманбаева Б.Д., Нуркеева Б.А.,



Жетписбаева М.А.

БП

KBShT 3208

Кәсіби бағытталған шет тілі

2

5

Аубакирова Г.Т., Ертысбаева Г.Н., Жунусова А.К., Дюсембаева Д.К.,


БП


EKNOA3209

Экономика және құқық негіздерінің оқу әдістемесі

3

6 к/ж

Минжанов Н.А.


ПП

MSO 3302

Білім беру жуесіндегі менеджмент

3

5

Замбинова Г.К.

ПП

TMVR 3301

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

2

6

Минжанов Н.А.




ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР


Пәндер циклы

Пән коды

Пән атауы

Несие саны.

Семестр

1 курс

Таңдау бойынша курс 1

БП

MKT 1211


Мемлекет және құқық теориясы


3

2

KRMKT 1211


ҚР мемлекет және құқық тарихы


Таңдау бойынша курс 2

БП

KKTT 1212


Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы


2

2

EIT 1212


Экономикалық ілімдер тарихы


Таңдау бойынша курс 3

БП

Mik 1213


Микроэкономика


3

2

KKN 1213


Кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Таңдау бойынша курс 4

БП

KRKK 2214


ҚР Конституция құқығы


2

2

ShEKK 2214


Шет елдердің конституциялық құқығы


Таңдау бойынша курс 1

Мемлекет және құқық теориясы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Құқық негіздері, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР азаматтық құқығы.

Мақсаты: мемлекет және құқық туралы базалық білімдер қалыптастыру, кейініректе салалық заң пәндерін меңгеру үшін қажет ілімдер алу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Мемлекет және құқық теорясының пәні және әдістемесі. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заңдық пәндер жүйесінде. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы. Мемлекет пен құқықтың негізгі тектері. Мемлекет нысаны. Мемлекет мәні. Мемлекет механизмі (аппараты) және қызметі. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу. Құқықтың түсінігі және мәні. Құқық нормасы. Құқық нысаны (қайнар көздері). Құқықшығармашылық және нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру. Құқық жүйесі және заңдар жүйесі. Құқықтық қатынастар. Құқықты жүзеге асыру және оның түрлері. Нормативтік құқықтық актілерді талқылау. Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм. Құқықтағы ақаулықтар. Заңды мінез-құлық. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік. Заңдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп. Құқық, тұлға, қоғам. Құқық саласы.



Күтілетін нәтижелер: Пәнді меңгеру нәтижесінде тәлімгер білуі тиіс:

  • мемлекет пен құқықтың пайда болу, дамуы мен қызмет ету негіздерін, олармен тығыз байланысты құбылыстар мен үрдістерді білу;

  • әртүрлі тұжырымдар мен білімдерді талдау, жалпы және жекені, артықшылықтары мен кемшіліктерін, қазіргі құқықтық жүйеде қолдану болашағын анықтау;

  • нормативті құжаттармен жұмыс жасаудың тәсілдерін меңгеру; нормативтік-құқықтық актілерді талқылаудың тәсілдерін игеру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистрі, аға оқытушы Адильбекова Қ.Қ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқық тарихы.

Пререквизиты: Қазақстан тарихы.

Постреквизиттері: Құқық негіздері, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР азаматтық құқығы.Модуль мақсаты: Студенттерде мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы жайлы, тарихи-практикалық түсінікті қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы. Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық монархиялар. Манғол шапқыншылығы дәуірінің мемлекеті мен құқығы. Моғолстан мемлекеті мен Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы. Қазақ ордасының құрылуы және дамуы. ХV- ХVIII ғасырлардағы қазақтардың кәдуілгі құқығы. Тауке ханның „Жеті Жарғысы“. Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік құрылысы және құқық жүйесі. Кеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық. Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік- саяси және құқықтық жағдай. 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік- құқықтық даму. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік- құқықтық дамуы Қазіргі кездегі Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігі.



Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту кезінде студенттер Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихы пәнінен қазақ елінің заңдары мен мемлекеттік құрылымы, әлеуметтік құрылысы мен әкімшілік өзгерістеріне тоқталып толық түсініктерді меңгереді.

-Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша тарихи кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білуге дағдыланады.

- Тәуке ханның, Шыңғыс ханның, Кеңестік Конституциялардың, Реформалар мен бағдарламалардың қызметін ролдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихының қазіргі жағдайы мен даму алғышарттарына анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен ҚР Конституциялық құқық саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

- Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихын оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:т.ғ.к., аға оқытушы Туякова А.Е.
Таңдау бойынша курс 2

Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Әлеуметтану.

Постреквизиттері: Экономика теориясының негіздері, Экономикалық саясат, ҚР кәсіпкерлік құқығы.

Мақсаты: «Кооперативтік қозғалыс тарихы мен теориясы» жалпы білім беру пәніне жатады. Ол қоғамның белгілі қатынастарын зерттейді және студенттерге жан – жақты білім беруге бағатталған. Пән адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси – құқық, мәдени жан – жақты байланыстарын, іс- қимылдар процесімен топтастыруға құралын тигізеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кооперативтік қозғалысының пайда болуы. Кооперацияның әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен мәні. Кооперативтік идеология. Капитализм жағдайындағы кооперативтік қозғалыс. Әкімшілік - әміршілдік экономикалық жағдайдағы кооперативтік қозғалыс. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі кооперациялық қозғалыс. ҚР – ғы кооперативтік қозғалыс. Қазіргі заманғы халықаралық кооперативтік қозғалыс.



Күтілетін нәтижелер:

- Білім және түсінік. Кооперативтік қозғалыс тарихын оқу саласында білім мен түсінігін көрсету. Осы пәнді оқыту орта білімнің негізінде іске асырылады. Даярлау бағдарламасы қазіргі заманға сәйкес оқулықтардың, кооператив заңдарының көмегімен іске асырылады.

- Практикада білімдері мен түсіну қабілеттілігін пайдалану. Өзінің білімі мен түсінігін кәсіптік көзқарасын өз қызметінде қолдана алу. Теория мен практиканың байланысын көрсету. Практикада теориялық білімдерін пайдалану. Теориялық білімдерді кәсіби қызметке айналдыру.

- Әлеуметтік, ғылыми немесе әдептік мәселелер бойынша пікірлерін білдіру үшін, қажетті деректерді жинау және түсіндіру. Дәлелдемелер мен дәлеледерді құрау. Ақпараттық іздеу қызметін іске асыру. Талдамалы қызметін іске асыру. Сыни талдау дағдыларын меңгеру.

- Коммуникациялық іскерлік. Әртүрлі аудиторияларда ақпараттық идеяны, мәселелерді көрсетіп айту. Аудиторияның ерекшелігін есептей отыра, ақпаратты әр нысандарда көрсету.

- Жоғары дәрежелі өзіндігі бар оқуды жалғастыру үшін қажет болатын іскерлікті, дағдыларды дамытып, қалыптастыруға қабілетті. Жеке тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіруде қажеттілікті дамыту және өзіндік жұмыстың дағдыларын жетілдіру.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Адамбекова С.М.
Экономикалық ілімдер тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих.

Постреквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық саясат.

Мақсаты: студенттердің ғылыми дүниетанымын тұтыну кооперациясының болашақ мамандықтарды қалыптастыруға жаңа экономикалық ой-өрісті жэне мәдениетті тәрбиелеу, танып білу процессінің қарама- қарсылықтарын таба білу және оларды шешу жолдарын анықтау.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің мәні және әдісі. Ежелгі экономикалық ілімдер. Экономикалық ілімдердің пайда болуы. Классикалық саяси экономияның дамуы. Постмануфактурлық кезеңдегі классиктердің теориясындағы классикалық әдет-ғұрыптың дамуы. «Ескі» тарихи мектеп. Макрсизмнің экономикалық ілімі. Дәстүрлі емес экономикалық теория. Маргинализм және неоклассикалық экономикалық теорияның қалыптасуы. Әлеуметтік ойлардың пайда болуы. Кейнсианство және оның пайда болуы. Институционализм. Ресей және совет оқымыстыларының экономикалық концепциялары. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы мен дамуы. Экономикалық доктринаның қазіргі замаңғы дамуы. 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басындағы жаңа экономикалық проблемалар.



Күтілетін нәтижелер:

- саяси экономияны зерттеу, ежелгі ойшылдардың шығармаларындағы экономикалық идеялардан бастап және қазіргі экономикалық ой-пікілермен аяқталған көзқарастарды зерттеу.

- ғылыми зерттеуде міндеттерді жеке орындау.

- экономикалық ілімдер тарихын кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.

- ілімдер тарихының зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.

- Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруының даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: доцент Сүйіндіков Ж.С.
Таңдау бойынша курс 3

Микроэкономика

Пререквизиттері: Экология және тұрақты даму, Әлеуметтану.

Постреквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық саясат.

Мақсаты: үй шаруашылық, фирмалар, салалар деңгейіндегі экономиканың қалыптастыру механизмін түсіндіру үшін, сонымен қатар мемлекеттік саясатты жүргізудің зардаптарын талдау туралы студенттерге жеткілікті түсіндіру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі. Тұтынушы әрекетінің теориясы. Өндіріс теориясы. Өндірістік шығындар. Капитал концентрациясы және нарықтық билік. Жетілген бәсекелестік жағдайы. Монополия жағдайында фирмалардың әрекеті. Олигополия жағдайында фирманың әрекеті. Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті. Еңбек нарығы. Капитал нарығы. Жер нарығы. Инновация нарығы. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет