Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша жасалған «100 қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде анықтама

Loading...


жүктеу 91.38 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі91.38 Kb.



Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 15-38-2/1


Ғылыми кеңес

АНЫҚТАМАСЫ

7 беттің беті

СМЖ «Институтты басқару»

ҮК БҮ 01-2011

Баспа 1.Дана №1







Елбасы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша жасалған «100 қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде

АНЫҚТАМА

23.02.2016 ж.
Жоғары оқу орны – көптеген ішкі және сыртқы байланыстарды біріктіретін күрделі құрылым, сондай-ақ ол - студент жастарды әлемдік стандарттар деңгейінде білім алуға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі жетекші звено болып табылады. Жоғары оқу орнына түскен жастар тек маман иесі ғана емес, жан-жақты талант иесі, шығармашыл, өз ойын еркін жеткізе білетін, ұлттық рух пен имандылық қасиеттері бойына дарыған, өзін-өзі басқаруға қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуы керек.

Барлық уақытта жастар халықтың жетекші бөлігі болып табылған. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Елбасымыз атап өткендей қазіргі таңда тұғыры биіктен көрінетін талантты, дарынды, белсенді жастардың қоғам өміріне араласуы – заман талабы. Болашағы өзгенің емес, өзінің уысында екендігін ұғынған жастардың қоғамға белсене араласуы – үлкен жетістік. Ал сол жетістікке жеткізер жете жол – Ұлт жоспары – «100 нақты қадам».

2015 жылы 20 мамырда жарияланған бұл реформа Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын айқындап берді.

Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» Қазақстанның барлық азаматтарын тәуелсіздігіміздің сенімді тұғырына, халқымыздың таусылмайтын қуат көзіне, барлық қазақстандықтарды біріктіруші күшке айналып, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін құнды құжат болып табылады. Сондай-ақ, бұл бағыттағы нақты қадамдарға «Мәңгілік ел» патриоттық актісі,

«Менің елім» ұлттық жобасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасы, «Нұрлы болашақ» тәрізді кең көлемді

мәселелер т.б. жатады. Мұндай мемлекеттік маңызды құжатты жүзеге асыруда Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жүйелі жұмыс жүргізуде.

2015-2016 оқу жылында институтта арнайы бекітілген жоспарға сәйкес қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілуде. Атап айтсақ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевтың қатысуымен Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды талқылауға байланысты конференция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» атты 4-ші реформасына ерекше назар аударылып, «Үлкен ел – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу мен жүзеге асыру міндетін жылдық жоспарға енгізуді ұсынды.

Тәрбие мәселелерінің маңыздылығы мен мәнін ұғына және ескере отырып, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымызда тәрбие үрдісін тиімді қамтуда барлық жағдай жасалынып, республика, облыс, қала деңгейінде кураторлық сағаттар, жастар акциялары, дискуссиялар, дөңгелек үстел, флэш-моб тәрізді түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, жалпы институт көлемінде мынадай іс-шаралар ұйымдастырылды:

- Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Дала өркениеті» атауымен мерекелік жиын өтті. Бұл елеулі тарихи іс-шараның өскелең жас ұрпақ үшін берер тәлімі мен тәрбиесі зор. Тарихты терең білуге деген құлшыныс терең құрметтен туатынын ескерсек, осы мерекеден алатын тарихи тағылымымыз әрбір жас ұрпақтың көңіліне отаншылдық сезімін оятатыны хақ. Тараз қаласы көшесімен шеру форматында өткен шараға жалпы саны 2500-ден астам адам қатысты. Мерекелік шеруде институттың оқу орнының студенттері үш мың жылдық тарихы бар қазақ елінің тарихи тұлғаларының келбетін сомдап, «Тарихқа тағзым» атты сахналық қойылымға ұласты.

- Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен институт ұжымының мұрындық болуымен «Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу кезеңдері» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған алқалы жиынның өтуіне Конференция барысында т.ғ.к. Жанна Сейітқұлова (М.Х.Дулати атындағы ТарМУ) «Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегіндегі қазақ хандарының саяси билігі», т.ғ.к. Бақытжан Жүрсінбаев (ТарМПИ) «Қазақ хандығының тарихын

зерттеудегі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар», тарих ғылымдарының кандидаты Ұзақбай Құрманбаев (ТИГУ) «Мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі мәдени қақтығыстың факторлық рөлі» тақырыптарында баяндама жасап, орамды ойларымен бөлісті.



- «Мәңгілік ел» идеясы негізінде «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Ғылыми еңбектің лентасын Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған мен Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов салтанатты жағдайда кесті.Сондай-ақ,Қазақ елінің Ұлттық идеясы – Мәңгілік ел жолдауын насихаттауға арналған форум өтті. Форумға 300-ге жуық студент тартылды.

- Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 20 студенті «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының қызметі, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары, ғылым докторлары, профессорлары өткізген семинар-тренингтерге қатысып, авторлық дәрістер курсын тыңдаған болатын. Оларға «Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» курсын өткендігі туралы арнайы сертификат табыс етілді. Дәл осы жобаны институт белсенділері өзіміздің оқу ордамыздамызда жалғастырып, студенттермен семинар-тренинг өткізді.

- «Болашақ» Корпоративті Университеті» жобасы аясында жас мамандарды үлгі ете отырып, ЖОО кейінгі кәсіптік білім алуға студенттерді ынталандыру мақсатында институт студенттері «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегімен кездесті.

- институтта мектеп оқушыларынан құралған командалардың қатысуымен қала деңгейінде 2 рет интелектуалдық-танымдық «BRAIN RING» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Брейн-ринг ойынының негізгі мақсаты: жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыруға, топпен жұмыс жасауға, шұғыл шешім шығаруға, логикалық ойлауға, әр жастың тапқырлығын шыңдауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

- ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен оқу ордамызда еліміздегі жоғары оқу орындары студенттері арасында «TarMPI CUP-2015» зияткерлік чемпионаты ұйымдастырылды.

- «Жолдау – жастар көзімен» тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлескен республикалық онлайн-конференция ұйымдастырылды.

- 27 өзге ұлт ұйымдарынан келген қонақтардың қатысуымен институтта «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты кең ауқымды акциясы өтті. Акцияның бастамасы ғимарат алаңындағы 100 студенттің флешмобымен басталды.



- «SANA» оқыту орталығы тренерлерінің жетекшілігімен «TarSPI STARTUP» облыстық студенттік пікірсайыс турнирі өтті.

- «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бастауыш бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Ұлт жоспары 100 нақты қадам» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өтті.

- Институт профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Спорт сүйер оқытушылар» атты спартакиада ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, тәрбие мәселелерінің маңыздылығы мен мәнін ұғына және ескере отырып, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында қоғамдық-саяси және мәдени-кешенді жұмыстарға институт факультеттері мен құрылымдық бөлімшелері де белсене атсалысты. Жалпы институт бойынша 202 куратор, 209 кураторлық топ бар. Атап айтсақ: Педагогика және Филология факультеті «100 нақты қадам» ұлт жоспарын насихаттауға ерекше белсенділік танытты. Сонымен қатар, құрылымдық бөлімдерден Идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс департаменті мен Ғылыми кітапхана қызметкерлерінің еңбегін айрықша атауға болады. Олар төмендегідей іс-шаралар тобын атқарды:




Педагогика факультеті



Іс-шара атауы

Мерзімі, өту орны

Форматы

1

«Қазақ елінің ұлттық идеясы –Мәңгілік ел!»

2 қазан, 2015 жыл

Дөңгелек үстел

2

«Қазақ елі – мәңгілік ел»

2 қазан, 2015 жыл

Ашық тәрбие сағаты

3

«Тарихтың шежірелі тағылымдары»

19 қазан, 2015 жыл

Тарихи-әдеби кеш

4

«Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық технологияларды пайдалану және болашақ тәрбиешілерді дуалды оқыту жүйесі бойынша даярлау»

27 қаңтар, 2015 жыл

Ғылыми-практикалық семинар

Филология факультеті

1

Мәңгілік елдің ұлы тарихы

2 қазан, 2015 жыл

Әдеби-сазды кеш

2

Ұлы дала елінің мәңгілік құндылықтары

15 желтоқсан, 2015 жыл

Патриоттық кеш

3

«100 нақты қадаммен – үздік отыздыққа»

3 қазан, 2015 жыл

Ашық кураторлық сағаты

4

«Шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялары»

5 қараша, 2015 жыл

семинар-тренинг

Өнер және мәдениет факультеті

1

«Тарихқа мың тағзым»

21-30 қыркүйек, 2015 жыл

Ашық сабақ, дөңгелек үстел

2

«Бір шаңырақ астында-бақытты елміз»

3 қазан, 2015 жыл

Дөңгелек үстел




Химия-биология факультеті

1

100 нақты қадаммен үздік отыздыққа

3 ақпан, 2016 жыл

Ашық тәрбие сағаты




Физика-математика факультеті

1


«Қазақ хандығына – 550 жыл»

Қараша

Ашық тәрбие сағаты

Идеологиялық жұмыс және қоғаммен байланыс департаменті

1

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол!»

25 қыркүйек, 2015 жыл

Насихаттау, түсіндіру

2

«Бес халықтық реформа – Ұлттың жасампаздық жоспарын»

30 қазан, 2015 жыл

Талқылау

3

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»

11 қаңтар, 2015 жыл

Дөңгелек үстел

Ғылыми кітапхана

1

«Қазақ хандығының құрылу тарихы»

2 қазан, 2015 жыл

Кітап көрмесі

2

«Ұлттық рухты оятқан шығармалар»

2 қазан, 2015 жыл

Кітап көрмесі

3

«Білімді бағындырған – әлемді бағындырады!»




Виртуалды экскурсия

4

Ресейлік IPRbooks электронды кітапханалық жүйесі бойынша «Жоғары оқу орындары мен электронды кітапхананың байланысы»

3 қараша, 2015 жыл

Вэбинар

5

«Мамандар декадасы», ұмыт қалған кітап қорына талдау жасау, жаңа түскен кітаптар мен электронды оқулықтар, мерзімді басылымдармен таныстыру, насихаттау

11 желтоқсан, 2015 жыл

Кітап көрмесі

Сонымен қатар, ұлттық жасампаздық жоспары «100 нақты қадамға» факультеттерде, академиялық топтарда түсіндірме-семинарлар, ашық кураторлық сағаттары, дөңгелек үстелдер өтілуде. Облыстық, қалалық газет беттеріне, институт сайттарына мақалалар жариялануда және тағы бір назар аударатын жайт 2015 жылдың 6 қаңтарынан бастап facebook, twitter, instagram және vkontakte тәрізді көпшілік көп қолданатын әлеуметтік желілерде ТарМПИ өз парақшасын ашты. Ақпараттық-имидждік жұмыстар бөлімінің бұл бастамасы өз кезегінде аталған оқу орны туралы ақпаратты дер кезінде алуына мүмкіндік тудырмақ. Мұнда оқу орнындағы жаңалықтар, хабарландырулар және өзге де қызықты фактілер тұрақты түрде жарияланып тұрады. Алдағы уақытта YouTube порталында ТарМПИ арнасын ашу жоспарланып отыр және де болашақта институт әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл,



шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау міндетін алға қойып отырмыз.

Проректор О.Джолдасова
: download -> gil-kenes
download -> Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско- российский медициналық
download -> «бжзқ» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 04 қазандағы №40 хаттамасымен бекітілген
download -> «бжзқ» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 04 қазандағы №40 хаттамасымен бекітілген
download -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
download -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
gil-kenes -> «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінде дуалды білім берудің тәжірибелік маңызын анықтау
gil-kenes -> Арнайы топтарда үштілді білім берудің өсу динамикасы және мониторингі бойынша
gil-kenes -> Белсенді педагогикалық практика арқылы студенттердің кәсіби бейімділігін арттыру
gil-kenes -> Белсенді педагогикалық практика арқылы студенттердің кәсіби бейімділігін арттыру анықтамасы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...