Экономиклық талдаудың теориялық негіздері



жүктеу 317.69 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі317.69 Kb.
2. ДӘРІСТІК КЕШЕН

1 БӨЛІМ


ЭКОНОМИКЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дәріс №1.

Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны.

Дәрістің мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

Экономикалық талдау түсінігі, пәні.

Экономикалық талдаудың мазмұны мен міндеттері

Шаруашылық субъект-микродеңгейдегі зерттеу объектісі ретінде

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.


Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.
Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:
• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;
• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;
• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;
• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;
• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;
• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.
Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.
Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет.
Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.
Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың қорытындысына әсер етеді.
Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.
Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.
Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды көздейді. Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.
Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.
Бақылау сұрақтары:

Талдау ұғымын қалай түсінесіз?

Экономикалық талдаудың бүгінде кәсіпорындар экономикасында алатын орны?

Экономикалық талдау қандай принциптерге сүйенеді?


Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №2
Экономикалық талдаудың әдістері және олардың ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: Экономикалық талдау барысында көптеген қолданылатын тәсілдерді жіктеу және анықтама беру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

Экономикалық талдаудың тәсілдерін жіктеу

Экономикалық талдаудағы салыстыру әдістері

Тақырыптың қысқаша мазмұны


Экономикалық талдау барысында тәсілдер қолданылады және олар екі топқа бөлінеді:

Дәстүрлі;

Математикалық;
Дәстүрлі қабылдаулар зерттеу үшін абсолютті, орта және салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады.
Аналитикалық орта көрсеткіштердің әртүрлі түрлері экономикалық талдау жүруінде қажеттілікпен қолданылады:

Орта арифметикалық;

Орта үндесу;

Орта хронологиялық;

Орта геометриялық;

Сән;


Медиана;

Экономикалық талдау жүруінде келесі топталу түрлері пайдаланады:

Типологиялық – табуға арналған мінездемелі және типтердің оқылатын процестердің байланыстары;

Құрылысты - құрылымның талдауға арналған және құрам бағалауларының көрсеткіші;

Аналитикалық - өзара байланыс зерттеуіне арналған тәуелді, факторлы, нәтижелі көрсеткіштердің әрекеттестіктері;

Математикалық әдістердің қолданылуы кәсіпорынның шаруашылық қызмет экономикалық нәтижелігін жоғарылатады. Негізгі математикалық әдістерге және экономикалық талдау қабылдауларына жатады:

Математикалық үлгі;

Математикалық бағдарлама;

Ойындар теориясы;

Бұқаралық қызмет ету теориясы;

Корреляция қабылдаулары және кері кетушілік;
Экономикалық талдаудың ең басты кезеңі:

Материалдардың аналитикалық өндеу;

Қажетті кестелер құрастыру (график, диаграмма);

Көрсеткіштердің жүйе құруы;

Бөлінген көрсеткіштерге ықпал жасау;

Факторлардың ықпалын жасау;

Бар резервтерді бағалау;
Бақылау сұрақтары:

Экономикалық талдау кезінде қолданылатын барлық тәсілдер неше топқа жіктеледі?

Математикалық әдістерді атаңыз?
Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №3
Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыздандыру

Дәрістің мақсаты: Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыздандыруда оларды жіктеу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Ақпарат көздерінің түрлері
Экономикалық талдаудағы көрсеткіштер жүйесі
Оперативтік, ағымдық және перспективтік талдауды жүргізу әдістері Экономикалық талдаудың тәсілдерін жіктеу
Экономикалық талдаудағы салыстыру әдістері
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Экономикалық талдау нормативтік, статистикалық, бугалтерлік және жедел мәліметтердің, алғашқы құжаттардың, сонымен қатар мамандандырылған фирмалардың жүйесі ретінде қарауға болатын түрлі шығыс ақпаратқа негізделген. Ақпараттардың барлық дереккөздері ресми, нормативтік-жоспарлық, есептегі және есептен тыс болып бөлінеді.
Ақпараттардың ресми түріне:
• ҚР заңдары;
• ҚР Президентінің Жарлықтары;
• ҚР Үкіметінің қаулылары және қараулары;
Нормативтік-жоспарлық көздерге:
• министерстволардың, мемлекеттік комитеттердің, федаралдық қызметтер және орындаушы биліктің орталық федералды органдарының нормативтік құжаттары (бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулықтар және т.б.);
• кәсіпорынның шаруашылық-құқықтық құжаттары (бұйрықтар, шарттар, келісімдер, рекламациялар т.б.);
• акционерлер жиналысының шешімі;
• кәсіпорында дайындалатын жоспарлар;
• сметалар (бюджет);
• бағалар.
Экономикалық талау жүргізудің есептегі дереккөздеріне:
• бугалтерлік есеп және есеп берулер- осы көздердегі деректер шаруашылық құбылыстарды, үрдістер және олардың қорытындыларын неғұрлым толық баяндайды;
• статистикалық есеп және есеп берулер- жаппай құбылыстар мен үрдістердің сандық мәліметтерінен тұрады және өзара қатынастарды тереңірек зерттеп, экономикалық заңдылықтарды анықтайды;

• жедел есеп және есеп берулер- экономикалық талдауды статистикалық және бухгалтерлік есепке салыстырғанда неғұрлым қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді және талдаудың тиімділігіне жағдай жасайды;

• салықтық есеп берулер- кәсіпорынның салықтық міндеттемелерді түрлі бюджет деңгейлерінде толықтығын талдауға және уақытылы орындалуына мүмкіндік береді;

• таңдаулы есеп мәліметтері жатады.


Ақпараттың есептен тыс мәліметтеріне:

• төмендегідей материалдар, актілер, қорытындылар:

ведомство ішілік және тыс тексерулердің;

сыртқы және ішкі аудиттің;


салық органдарының тексерулерінің;
тұрақты өндірістік мәжілістердің;
баспасөз беттерінде жарияланған;
• түсіндірме және баяндау жазбаларының материалдары;
• контрагенттермен хаттар;
• жарнама;
• кәсіпорынның техникалық және технологиялық құжаттары.
Бақылау сұрақтары:

Ақпараттардың ресми түрлеріне не жатады?

Экономикалық талау жүргізудің есептегі дерек көздеріне ше?

Нормативтік-жоспарлық көздерге?

Ақпараттың есептен тыс мәліметтеріне?
Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №4


Кешенді экономикалық талдаудың әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Кешенді экономикалық талдау барысында көптеген қолданылатын тәсілдерді жіктеу және анықтама беру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік ықпал

Факторларды жіктеу, талдау және жүйелендіру


Тақырыптың қысқаша мазмұны
Экономикалық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Соның ішінде негізгі деген әдістерін қарастырайық:
Көлденең немесе уақытша талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру.ол өткен кезеңмен салыстырғандағы бухалтерлік есептің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей немесе құрылымдық талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Коэффициенттік талдау - коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады. Олардың біреуі бірлік ретінде, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеміз. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.
факторлық талдау- бұл жекелеген себептердің қорытынды көрсеткіштерге тигізетін әсерін зерттеудің детерминттік(анықтау) немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктесе тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктірсе кері болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған әдістер мен қатар қаржылық жағдайды талдауда экономиканың және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шамалар, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және т.б.) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржыылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субьектінің тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

Экономикалық талдау кезінде қолданылатын барлық тәсілдер неше топқа жіктеледі?

Математикалық әдістерді атаңыз?


Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.
2 БӨЛІМ

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Дәріс №5

Өнімді (жұмысты, қызметті)өндіру мен өткізуді, сұранысты талдау.

Дәрістің мақсаты: Кәсіпорындарда өнімді шығару мен өткізуді талдаудың негізгі міндеттерімен таныстыру және өндіріс ырғақтылығына талдау жасау.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Өнімге деген сұранысты талдау
Өнімнің ассортименті мен құрылымын талдау
Өндіріс ырғақтылығын талдау
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Шаруашылық ететін субъектінің сәттілігі немесе сәтсіздігі сұраныстың деңгейі, сипаты, құрылымы қаншалық мұқият зерттелуі мен анықталуынан және оның өзгеру беталысынан тәуелді болады. Нарықты зерттеудің нәтижелері шаруашылық стратегиясы мен тауарлық ассортиментті жасаудың негізіне салынған. Олар өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жаңарту екпінін, өндірістің техникалық жетілдіруін, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына мұқтаждықты анықтайды. Шаруашылық субъектісі өндіріс көлемін жоспарлаған және өндіріс қуатын анықтаған кезде қандай өнімді, қандай көлемде өндіретінін, қашан, қайда және қандай бағаға сататынын анықтайды. Соңғы қаржылық нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық осыған байланысты.
Ресурстар өның өнімдеріне сұраныс бар салалар мен кәсіпорындарға түседі. Нарықтық жүйе пайдасы жоқ салалар мен шаруашылық субъектілерін сирек кездесетін ресурстардан айырады. Шаруашылық субъектілері тауарларды оны өткізуден пайда түсіп турған уақытқа, осы тауарларға сұраныс қаныққанға дейін өндіреді. Қанша және қандай тауарларды өндіру, қандай бағамен оларды сату, капиталды қайда салу сұраныс және ұсыныс механизімімен, пайда нормасымен, акция бағамымен, валютамен, несие пайызымен анықталады.
Өндіріс көлемінің өсу және өнімді өткізу екпіні, сапаның жоғарылауы шығындардың, түсімнің және рентабельділіктің көлеміне тікелей әсер етеді. Шаруашылық субъектілердің іс-әрекеті аз шығынмен жоғары сапалы өнімді көбірек шығару және сатуға бағытталуы қажет. Сондықтан өндіріс көлемі мен өнімді өткізуді талдаудың маңызы зор.
Бәсекелестермен салыстырғанда тарату көлемін көбейту, өндірістік қуаттарды барынша пайдаланған кезде рыноктың үлесін кеңейту, оның сапасын жақсарту жолдарын табу, шығару көлемін өсіру үшін ішкі резервтерді табу және нәтижесі – кәсіпорынның түсімін көбейту өнімді шығару мен өткізуді талдаудың мақсаты болып табылады.
Кәсіпорындарда өнімді шығару мен өткізуді талдаудың негізгі міндеттері:
– көлемнің негізгі көрсеткіштері бойынша, өнімнің құрамы мен сапасы дамуын бағалау;
– бизнес-жоспарлардың, жоспарлау көрсеткіштерінің, олардың қарбаластығы мен нақтылығының теңгерілімі мен оңтайлылығын тексеру;
– өндіріс көлемі мен өнімді өткізу мөлшері өзгеруіне факторлар ықпалының дәрежесін айқындау;
– өнімді шығару мен өткізудің ішкі шаруашылық резервтерінің көбеюін айқындау;
– өнімнің өсу, ассортименті мен сапасының жақсарту екпінін көтеру үшін ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану бойынша іс-шаралар жасау болып табылады.
Талдаудың осы бағыттағы объектілері:

өндіріс көлемі мен өнімді өткізу;

өнімнің ассортименті мен құрамы;

өнімнің сапасы;

өнімнің ырғақтылығы болып табылады.
Өнімді өндіру мен өткізуді талдау процесінде өндірістің өсуіне тежеуіл болатын себептер ашылуы тиіс:

өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудағы кемшіліктер;

материалдық, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз пайдалану;

өнімнің жарамсыздығы.


Бақылау сұрақтары:

Өнімді шығару мен өткізуді талдаудың басты мақсатынын атаңыз?

Кәсіпорындарда өнімді шығару мен өткізуді талдаудың негізгі міндеттері?
Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №6
Шаруашылық субъектінің негізгі қаржыларын қолдануды талдау .


Дәрістің мақсаты: Негізгі қаржыларды қолдануды талдаудың мақсаты мен міндеттерін анықтап, негізгі қаржылардың қор қайтарымдылығын талдау
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Негізгі қаржылыардың көздері,мақсаты мен міндеттері
Негізгі қаржылардың қор қайтарымдылығын талдау
Өнімді өндіруді жоғарлату резервін бағалау және қор қайтарымдылығы
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Негізгі өндірістік қор-бұл материалдық құндылықты ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль бөлігінің, байланыстың,сауданың және тағы басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі түрлері. Өндірістік емес негізгі қорлар-тұрғын үй, шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралдық заттық құрама принципіне негізгі қорлар мыналардан тұрады- ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары,жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар,өндірістік-шаруашылық құрал -саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым жасайды. Ол мынандай сатылардан тұрады:
* негізгі қорлардың тозуы
* амортизация
* негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы
* оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез- келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен,тнхникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келтіру. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы - сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып табылатыны - ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу(әсіресе активтік бөлігі), себебі, олардың жеке сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
Негізгі өндірістік қорларды есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзімі көрсетілетін құрал қолданылады. Негізгі қорлар қабылдау –тапсыру актісімен рәсімделеді. Субъектілер пайдалы қызмет ету мерзімін қолданудан экономикалық пайда алу көзделетін нормативті қызмет мерзімін және жойылу құнын өз бетінше белгілейді. Өндірістік қорларды қабылдау-тапсыру актісі негізінен бухгалтерияда мүліктік карточкада ашылып, негізгі құралдардың талдамалы есебі жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік –сериялық жүйе бойынша жасалады. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде сақталады, ал істен шыққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір данада жүргізілетін тізімдемеде жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:

Негізгі қаржыларды қолдану тиімділігін талдаудың мақсаты мен міндеттерін атаңыз?

Негізгі қаржылардың қор қайтарымдылығы коэффициенті қалай анықталады?

Өнімді өндіруді жоғарлату резервін бағалау?


Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №8
Еңбек ресурстарын қолдану тиімділігін талдау .


Дәрістің мақсаты: Кәсіпорынның еңбек ресурстарын, персаналды қолдану тиімділігін талдау экономикалық талдаудың басты бір бөлігі болып табылатындықтан оларды тиімді қолдануды жоғарлатуға кедергі жасайтын факторларды анықтау.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Жұмыс күшінің саны, құрамы олардың қозғалысын талдау
Еңбекақы қорын талдау
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Кәсіпорынның еңбек ресурстарын, персаналды қолдану тиімділігін талдау экономикалық талдаудың басты бір бөлігі болып табылады. Кәсіпорынды өзгертуге және қысқартуға дайын ресурс. Олардың төмендеуіне әкеледі. Еңбек ресурстарының талдауына мақсатты – олардың қолдану деңгейін анықтау еңбекті тиімді қолдануды жоғарлатуға кедергі жасайтын факторларды анықтау және тірі еңбекті қалданудың өсу резервтерін анықтау. Еңбек ресурстарын қолдануды талдауда келесі көрсеткіштерді оқып білеміз.
1. Кәсіпорынмен оның бөлімшелеріне жұмыс орындарының қамтамасыз етілуі.

2. Жұмыс уақытын қолдану.

3. Кәсіпорын персаналын қолдану тиімділігі мен интенсифтілігі.

4. Білім деңгейі және еңбекақы қорын тиімді қолдану.

Еңбек ресурстарын талдауда қолданылатын әдістер:

1. Алғашқы мәліметтерді өңдеу.


2. Салыстыру және топтастыру.
3. Эксперттік баға беру.
4. Баланстың әдісі.
5. Индекстік баға әдісі.
Осы әдісті қолдану арқылы келесідей еңбек ресурстарын талдаудың түрлері болады:
1. Өткізу кезеңіне байланысты (күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық, жылдық)
2. Объектіні қамту толықтығына байланысты толық лакальдік тематикалық.
3. Объектілерді оқып – білу әдісіне байланысты; кешендік, жалпылама таңдамалы.
4. Оқып – білу сипаттамасына байланысты; ағымдық, оперативтік жүиелі, бір реттік.
Өндірістік бағдарламасына толықтыру қажеттілігіне байланысты келесі әдістердің бірі қадағалайды; еңбек сиымдылығы бойынша, өндірістік норма бойынша,жұмыс орындалу бойынша,жұмысшылар санының шарты бойынша.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдауға қажетті ақпараттарды кәсіпорынның статистикалық және бухгалдерлік есеп берінен, еңбек бойынша жоспар және есеп беру бойынша, жұмысшылардың қозғалысы бойынша кадрлар бөлімінің есеп беруінен цехтардың есеп берушілерінен және басқа да еңбек ресурстары бойынша есеп беруден аламыз. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау еңбек персаналын жіктеуден басталады, себебі кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінде әрбір жұмысшының категориясы әртүрлі қызмет атқарады.
Көбінесе кәсіпорындарда негізгі және көмекші жұмыс шарты деп нақты екі топқа жіктеледі. Негізгі және көмекші жұмысшының еңбек қызметі әртүрлі. Ал басшы топтардың атқаратын қызметі не байланысты мамандар немесе қызметкерлкр деп бөлеміз.
Сонымен персоналды жіктеу келесідей міндеттерді шешуге көмектеседі:
1. Әрбір жұмысшы категориясына байланысты кадрлармен қасиет ету деңгейін анықтау..
2. Жұмыскерлердің квалификациясы дәрежесіне байланысты, жұмыстың құрамына байланасты, жыныстық құрамына байланысты, жасына байланысты санын анықтау.
3. Жұмыскерлердің қал еңбегінен және еңбектің механикаландырылған түрімен айналысатын жұмысшының саны.
Бақылау сұрақтары:
1.Кәсіпорынның еңбек ресурстарының сандық және сапалық параметрлер мен толықтырылуын қалай талдауға болады?
2. Қандай көрсеткіштер арқылы еңбек ресурстарынын қозғалысын анықтауға болады?
3.Кәсіпорындағы түскен өнімнің өсу резервін жаңа жұмыс ашу арқылы қалай анықтауға болады?
4. Қандай көрсеткіш арқылы еңбек ресурстары толық пайдалануға болады.
5. Қосымша кундік жұмыс пен ауысым жұмыс кезінде жұмыс уақыты жоғалу себебі?
Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №9
Өндірілген және өткізілген өнімнің өзіндік құнын талдау .


Дәрістің мақсаты: Кешенді шығындарды талдаудыдың міндеттерін оқу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 теңге тауарлы өнімге кеткен шығындарды талдау
Кешенді шығындарды талдау.
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті бір немесе екі түрлі өнім шығаратын кәсіпорында (су электр стансалары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және жартылай өңделген өнімдерді өзі өндіреді. Кей уақытта оны бөлістік (попередельный) шығындарын есептеу мен калькуляциялау әдісінің бір нұсқасы деп санайды, себебі калькуляциялау бір ғана бөліс бойынша ғана жүргізіледі. Бұл әдісьте өнім шығаруға кеткен үстемелі шығындардаң барлығын шығарылған немесе өндірілген өнімнің көлемені бөліп тікелей өзіндік құнды анықтайды. Егер де кәсіпорын оның өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің табиғи көлеміне немесе шартты-табиғи көрсеткішіне жай бқлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық үдеріс бойынша есептелінуі мүмкін.
Сонымен, көмір өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмір өндіру, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өңдеу, вагонға тиеу. Міне, сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялау қарапайым әдісі үдерістік деп атауы да осындан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірлетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарлатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген мөлшерлеу арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі өндірістік қарапайым әдісінің дұрыстығын және алдыңғы қатарлы екенін дәлелдеп береді. өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа кемзінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. өнімнің бір өлшемнің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндрістерде (су электр стансалары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, жартылай өңделген өнімдер және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.
Екінші нұсқасы аяқталмаған өндірісі бар кісіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындардың бөлудің қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа бір текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндіндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.
Үшінші нұсқа бір мезгіл өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, тал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы ұңғыма жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша – мұнайға, ал газ жинай және тасмалдау жөніндегі шығындар – газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа кесімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған үлесіне тепе-тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.
Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе үдерістік әдістер бойынша жүргізілетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарынг шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдалынады.
Бақылау сұрақтары:

Өнім өндіру мен өнімнің өзіндік құнын талдаудың мақсаты мен міндеттерін атаңыз?


Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №10

Шаруашылық субъектінің қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.

Дәрістің мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.


Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Қаржылық талдаудың мақсаты, әдістері, ақпарат көздері
Өнімді өткізуден түскен пайданы факторлық талдау
Қаржылық нәтижелерге инфляцияның әсерін талдау
Кешенді шығындарды талдау.
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқада қызметтер түрлері үшін қажетті қаржы ресурстрамен қамтамасыз етілуімен оларды мақсатқа сай тиімді тарату мен пайдалану, басқа субъектілермен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлем қабілеті және қаржылық тұрақты болуымен сипатталады. Кәсіпорынның төлемдерін уақытында жүргізу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеті мен несие қабілетін сақтай отырып табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржылық ресурстар көздері.
Қысқаша тұжырымдама беретін болсақ: қаржылық тұрақтылық бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы шаруашылық қызметті біртұтас кешенді талдауды ішкі және сыртқы талдау деп екіге бөлуді қажет етіп отыр.
1. Сыртқы талдау- акционерлерді, банктерді, сақтандыру ұйымдары мен үкімет орындарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайын, есепті кезеңнің шаруашылық қызмет нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер, бюлетеньдер мен арнайы анықтамалардан басылып шығарылатын қаржылық есеп беру.
2. Ішкі немесе басқаруды талдау – бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сапасының төмендеуіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығаруына және өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын, қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп түрі болып табылады.
Сондықтан ішкі талдау басқару есебі ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргіземіз.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты міндетті төмендегідей:

Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерістер.

Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестігі оларды таратудағы рационалдығы және пайдалануды тиімді зерттеу.

Айналым капиталының көлемін оның өсу кемуін және ағымдағы міндеттемелерінің ара-қатынасын анықтау.

Кәсіпорынның активтерімен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу.

Ағымдағы активтердің айналымының есебі, оның ішінде дибеторлық берешекті есептеу.

Баланс өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау.

Кәсіпорынның табыстылығын бағалау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.


Бақылау сұрақтары:
1. Қаржылық талдауды жүргізудегі басты міндеттерәдістері?
2. Қаржылық талдауды жүргізудегі басты әдістерді атаңз?
3. Қаржылық талдаудың басқаруды талдаудан айырмашылығы қандай?
4. Қаржылық талдаудың түрлерін атап, қысқаша анықтама беріңіз?
Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

3 БӨЛІМ
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН


ІСКЕРЛІК ТҰРАҚТЫЛЫҒЫДәріс №11
Шаруашылық субъектінің қызметінің қаржылық жағдайын талдау.
Дәрістің мақсаты: Кәсіпорынның төлем қабілетілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі болып табылатындықтан, нарық экономикалық жағдайда оған көп көңіл бөліп, төлемқабылеттілік көрсеткіштеріне талдау жасау.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Қаржылық жағдайды экспресс талдау және оның этаптары
Ш.субъекті балансының актив пен пассив құрылымын талдау
Дебиторлық және неселік қарызды талдау .
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Кәсіпрынның төлем қабілетілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалар болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналым кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалының құралы болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдыр сонымен бірге кәсіпорынның бар тауарлы – материалды құндлықьарының қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражаттарын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарызды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасына артса, онда о қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл оыс кезде оның өндірістік қзметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдыр құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарын төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырсулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілеттілігі деп саналады.


Келешекке арналған төлем қабілеттелеге нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдырының сомасына осы мерзімдегі жедел мендеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті 1 – ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіорынның төлем қабілеттілігі екеніні білдіреді. Егер коэффициент 1 – ден аз болса, онда талдау процесіде төлеу құралдарының жетіспеуі себебтерін анықтау керек.
Төлем құралдырының ағымдағы міндеттемелерінен асуы кәсіпорынның төлемге қабілеттілігі екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарының болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтеп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілетсіздігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
Бақылау сұрақтары:

Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден артуы нені білдіреді?

Ағымдағы және перспективті төлем қабілеттілікті қалай түсінеіз?

Төлем қабілеттілік коэффициентін атаңыз?

Өтімділік көрсеткіштері?
Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.

Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.
Дәріс №12

Шаруашылық субъектінің қызметінің іскерлік белсенділігі мен тиімділігін талдау.

Дәрістің мақсаты: Іскерлік белсенділікті талдау барысында кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттеу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

Шаруашылық субъектінің қызметінің іскерлік белсенділігін бағалау критерийлері


Экономикалық өсу тұрақтылығын талдау және баға беру
Іскерлік белсенділік коэффициентін талдау және бағалау.
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсу кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.
Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол сатудан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.
Меншік капиталдың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды;
Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысыың (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:
Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды.
Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі, дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен анықталады.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен анықталады.
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен есептеледі.
Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады.
Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді.
Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген.
Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды.
Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі.
Бақылау сұрақтары:

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті?

Негізгі құралдардың айналымдылығы?

Меншік капиталдың айналымдылық коэффициенті?

Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті?

Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті?

Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті?
Әдебиеттер:

Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.



Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет