«Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы 5В050900 «Қаржы» мамандығының курстық жұмысты орындау бойынша Әдістемелік нұСҚаулығЫ



жүктеу 205.27 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі205.27 Kb.
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы


5В050900 «Қаржы» мамандығының
курстық жұмысты орындау бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ




Астана 2016
Мазмұны


КІРІСПЕ …………………………………………………………………………..…….

4

1.

Курстық жұмысты орындауға қойылатын жалпы талаптар …….


4

2.

Курстық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар...........


5

3.

Курстық жұмысты безендіруге қойылатын талапта………………


6

4.

Курстық жұмысты қорғауға қойылатын талаптар…………………..


7

5.

Курстық жұмыстың тақырыптары ……………………………………………..


7

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….…………

9

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………….…………………..……

10

ҚОСЫМШАЛАР………………………………………………………………………

14





КІРІСПЕ
5В050900 «Қаржы» мамандығының оқу жоспарына сәйкес студенттер курстық жұмысты орындайды. Курстық жұмысты орындау оқу үдерісінің маңызды кезеңі және білікті мамандарды дайындаудағы тиімді әдістердің бірі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты – осы курстағы теориялық білімдерін тереңдетіп, жүйелеу және бекіту, сонымен қатар, нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік міндеттермен, мәдени бағыттағы міндеттерді шешуде қолдану болып табылады. Бұл әдістемелік нұсқаулық кредиттік технология бойынша білім алып жатқан студенттерге курстық жұмыс тақырыбын таңдауға, қаржылық қатынастырдың теориясы мен тәжірибесін талдауға, таңдалған тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді қарастырып, таңдауда курстық жұмыстың жоспарын құрып және оны жазу мен рәсімдеуде көмек көрсету үшін жасалған.





  1. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА қойылатын

негізгі талаптар
Курстық жұмысқа келесі талаптар қойылады:

Курстық жұмыстың теориялық сұрақтарын осы кезеңдегі нарықтық экономиканың тәжірибелік дамуымен, қаржылық ұйымдар мен мекемелердің статистикалық жинақтарын, шаруашылық субьектілерінің есептік материалдарын пайдалана отырып көрсету керек.

Жұмыс нәтижелері мен алынған білім сауатты және логикалық тізбектілікті болуы керек.

Курстық жұмысқа пайдаланылған әдебиеттерді дұрыс безендіру керек.

Курстық жұмысты дайындау және жазу келесі кезеңдерді қамтиды:

- кафедра ұсынған тізімдер қатарынан тақырыпты таңдау;

-тақырыпқа сай әдебиеттермен танысу;

-жоспарды құрып, оны кафедра тағайындаған жетекшімен талқылау;

- курстық жұмысты жазу;

- курстық жұмысты қорғау.

Курстық жұмыстың тақырыптары экономикалық өмірдегі және қаржылық қатынастар саласындағы болатын үдерістерге байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. Курстық жұмысты орындау кезінде оның мазмұнының анық, дұрыс болуы үлкен мәнге ие болады. Курстық жұмыстың міндетінің бірі студенттің болашақ қызметіне байланысты әдебиеттермен жұмыс жасауды және материалдарды безендіруде тәжірибе жинақтауы болып табылады.


  1. Курстық жұмысты аяқтағаннан кейін титулды парақты дұрыс безендіру керек. Титулды парақтан кейін жұмыс жоспары болады. Сонан кейін текст жазылады ( номер титулды парақтан бастап саналады ,бірақ қойылмайды). Сандық көрсеткіштерді қолданғанда және әдеби көздерден мәліметтер алынғанда, оларға тік жақшаның ішіне әдеби көздердің номері мен беттері көрсетілген сілтемелер жасайды. Мысалы, [1, C.125]. Қолданылған әдебиеттердің тізімі мүмкіндігінше құрылады.

  2. Курстық жұмыстың жалпы көлемі компьтелік термеде 30-35 беттен аспауы керек.

Курстық жұмыстың тақырыбы "Қаржы" курсының аясынан асып кетпейтіндей тақырыптар тізімінің ішінен таңдалады.

Курстық жұмыстың жоспарын құру және оны әдеби безендіруді студен өз бетінше жүргізеді. Дұрыс құрылған жұмыс жоспары студенттің тақырыпты жалпы түсіну дәрежесінің нәтижесін және қарастыратын сұрақтардың ішкі байланысын көрсетеді. Қажет болған жағдайда жетекші жағынан кеңестер алуына болады.

Жұмыс жоспарына байланысты, студент терең зерттеуге және конспектілеуге кіріседі. Әдебиеттермен жұмысты оқулықтар мен оқу әдістемелерінен бастау керек, сонан кейін ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік нұсқауларға ауысу ұсынылады.

Алдын- ала жетекшімен талқыланған жұмыс жоспары, талапқа сай безендіріліп, жұмыста "мазмұны" деп көрсетіледі. Бөлімдердің мазмұны қайталанбау керек, жұмыстың тақырыбы негізгі бөлімнің тақырыбын көрсетеді. Мазмұнда зерттелетін мәселенің логикалық байланыстылығы мен тізбектілігі және құрылымдық бірліктілігі көрсетіледі.

Кіріспеде зерттеу обьектісі, курстық жұмыстың қысқаша мазмұнымен, сандық және нақты материал көздері болуы тиіс.

Бірінші тарауда зерттеудің теориялық аспектілері қарастырылады. Онда экономикалық категориялардың мәнділігі мен мазмұндылығы, қажет болған жағдайда тарихи сипаттағы көрсеткіштерді қарастырады. Әрі қарай қазіргі заманғы жағдайларды көрсету керек. Негізгі маңызды түсініктерді жұмыс құралы ретінде пайдалана отырып, студент зерттелетін мәселені теориялық жағынан қарастырып, сонан кейін тәжірибелік деңгейге өтеді.

Екінші тарауда кестелер мен графиктер түрінде безендірілген нақты сандық материалдар негізінде, зерттелген мәселе бойынша соңғы 3-5 жыл бойынша талдау беріледі және осы облыстағы нақты негізгі мәселелер бөлініп көретіліп, оларды республикада шешу жолдары көрсетіледі.

Қорытынды - жүргізілген жұмыстың нәтижесін дәлелдеп, жұмыс қорытындылары мен ұсыныстарын береді..


2. Курстық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері болып табылады:



  • Титулды парақ (1 бет.);

  • Курстық жұмыстың мазмұны

  • кіріспе (толық 2 бет.);

  • негізгі бөлім (25-30 бет.);

  • қорыиынды (2 бет.);

  • әдебиеттер тізімі;

  • қосымша.


Титулды парақ. Титулды парақ курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады. Титулды параққа бет номері қойылмайды.

Титулды парақта келесі мәләметтер беріледі:

- студенттің аты, жөні, тегі;

- жұмыс атауы;

- жетекшінің аты, жөні, тегі;

- орындалған жұмыс пәні;

- қала және күні (Қосымшадан қараңыз).
Курстық жұмыстың мазмұны өзіне кіріспені, номер тәртібі мен барлық тарау атауларын, бөлімдер мен бөлімшелерді, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшаны құрайды.

Кіріспе. Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен зерттеу міндеттері, зерттеу пәні мен объектісі, курстық жұмыстың құрылымы көрсетіледі. Кіріспе көлемі 2 парақтан аспауы керек.

Негізгі бөлім. Негізгі бөлімде мәселенің мазмұны мен мәні, орындалған жұмыстың негізгі нәтижелері мен әдістері көрсетіледі. Курстық жұмыстың негізгі бөлімін текст түрінде, кестелер мен иллюстрациялар арқылы жазады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімін екі тарау мен бөлімшелерге бөліп жазады. Жұмыстың берілген бөлімінде студент өзінің ойы мен көзқарастарын, бағалауын келтіреді. Зерттеу материалдарының негізіндегі өзіндік дәлелдеу жүйесі – студенттің творчестволық потенциалын көрсетеді. Негізгі бөлімнің көлемі 25-30 беттен кем болмау керек.

Қорытынды. Қорытындыда зерттелген сұрақтың немесе мәселенің нәтижелері мен қысқаша қорытындылары көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі. Әдебиеттер тізімінде курстық жұмысты жазуда қолданылған көздер жайында толық мағлұматтар көрсетіледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімінде 20-дан кем емес шығарылым болу керек.


3. Курстық жұмысты безендіруге қойылатын талаптар

Курстық жұмыстың текстінің беттері және кіргізілетін иллюстрациялар мен кестелер А4 форматына сәйкес болу керек.

Жұмыс компьютер мен принтерді пайдалану арқылы, ақ парақтың бір жақ бетінде, А4 форматында бір интервал ара қашықтықта орындалуы керек. Шрифт 14 кегль.

Жұмыстың текстісін келесі өлшемдерді сақтай отырып орындау керек: оң жақ – 10 мм, жоғарғысы - 20 мм, сол жақ – 35мм, төменгісі - 20 мм.

Жұмысты жазу барысында біркелкі тығыздылықты, анықтылықты сақтай отырып орындау керек. Жұмыста түзу сызықтар, анық әріптер, сандар мен белгілер болу керек.

Арнайы терминдерге, теңдеулерге көңіл аудару мақсатында әр түрлі шрифттарды пайдалануға, компьютерлік мүмкіндіктерді қолдануға рұқсат етіледі.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Әдебиеттер тізімі», «Қосымшалар» жұмыстың құрылымдық элементтері болып табылады. Әрбір жаңа тарауды жаңа парақтан бастап жазады. Тараулар мен бөлімшелердің атауларын қатардың басынан соңында нүкте қоймай ,сызылмай жазу керек.

Курстық жұмыстың беттерін араб сандарымен бүкіл жұмыс бойынша тізбектілік номермен номерлеп, жазады. Парақ номерін беттің төменгі бөлігінің ортасына, соңына нүкте қоймай белгілейді.

Курстық жұмыстың тараулары бүкіл жұмыс бойына абзацтан басталған, араб сандарымен белгіленіп, нүктесіз жазылады. Бөлімшелер әрбір тарау аясында номерленуі тиіс. Бөлімшелер номері тарау және бөлімше номерімен ,нүкте арқылы бөлініп жазылады. Бөлімше номерінің соңында нүкте қойылмайды. Мысалы: 2.1 ( Екінші тараудың бірінші бөлімі).

Сандық материалдарды (кестелерді) жұмыста тексттен кейін, алғаш жазылған жерден кейін немесе келесі бетте көрсетілу тиіс. Теңдеулерді тексттен бөліп, бөлек қатарға жазу керек.

Барлық теңдеулер, кестелер мен суреттер номерленуі тиіс. Әрбір кестенің атауы, өлшем бірлігі және кестедегі алынған мәліметтер көзіне сілтемесі болуы тиіс. Кесте атауы кестенің үстінен жаңа қатардан жазылады. Сурет атауы мен номері суреттің астында, ортасынан жазылады.
4. Курстық жұмысты қорғауға қойылатын талаптар

Курстық жұмысты аяқтау кезеңі оны қорғау болып табылады. Қорғауды бастау:



  1. Таңдалған тақырып бойынша білімін , зерттеудің тереңдігі мен өзбетіншелігін көрсету. Қорғау кезінде студент ұсынып отырған жұмысының мазмұнын толық білу керек.

  2. Сандық көрсеткіштерді, есептеу әдістерін түсіндіру керек.

3.Қарастырылған тақырыппен байланысты теориялық және тәжірибелік сипаттағы сұрақтарға жауап беру керек.

4.Негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды құрастыру керек.



5. Курстық жұмысты жетекші оның орындалу сапасы мен қорғау нәтижесіне байланысты бағалайды.
Курстық жұмыс арнайы журналда тіркеліп, жетекші оған пікірлеме береді. Пікірлемеде алдын-ала курстық жұмыстың орындалу сапасына баға беріліп, қорғауға жіберілу жайында шешім беріледі. Жұмысқа ескертулер жасаған кезде, студент түзетулер, анықтамалар, толықтырулар енгізеді. Қорытынды бағалау курстық жұмысты ауызша қорғаудан кейін қойылады. Курстық жұмысты қорғау уақыты мен күні емтихандық сессия графигіне сай қойылады.

5. «ҚАРЖЫ» ПӘНІ БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫБЫ


  1. Қаржылардың мәні және объективті қажеттілігі

  2. Тауар-ақша қатынастары және қаржылар .

  3. Қаржылардың бақылау қызметі және қаржылық бақылау.

  4. Ұлттық шоттар жүйесінің қаржылық аспектілері ( Қазақстан мысалында).

  5. Қаржылық ресурстар,олардың құрылымы және динамикасын талдау .

  6. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығының жолдары

  7. Қаржылардың басқа экономикалық категориялармен байланысы.

  8. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық қатынастардың дамуы.

  9. Өндіріс тиімділігін көтерудегі қаржылардың ролі.

  10. Әлеуметтік бағдарламаларды дамытудағы қаржылардың ролі.

  11. Макроэкономикалық реттеудегі қаржылардың ролі.

  12. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе.

  13. Мемлекеттің қаржылық саясаты, қазіргі таңдағы ерекшеліктері.

  14. Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері.

  15. Қаржылық жоспарлар мен болжамдар жүйесі.

  16. Қазіргі таңдағы қаржыларды басқару.

  17. Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету .

  18. Үй шаруашылықтарының қаржылары

  19. Қаржылық бақылау: теория, тәжірибе, шетелдік тәжірибе.

  20. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай қорлары және оларды бөлу

  21. Акционерлік қоғамдардың қаржылары.

  22. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі.

  23. Шаруа қожалықтарының қаржыларын ұйымдастыру

  24. Қаржылық менеджменттің мазмұны және оның эволюциясы.

  25. Мемлекеттік табыстардың экономикалық мазмұны.

  26. Қазақстан республикасының салық жүйесі.

  27. Мемлекеттің салық саясатының қалыптасу ерекшеліктері.

  28. Экономиканы салықтық реттеу.

  29. ҚҚС: мәселелері мен жетілдіру.

  30. Мемлекеттің салық саясатындағы акциздер.

  31. Корпоративтік табыс салығы және оның бюджет табыстарын қалыптастырудағы ролі.

  32. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні.

  33. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегібюджеттің ролі.

  34. Қазақстан бюджетін қалыптастырудағы ерекшеліктер.

  35. Қазақстанның бюджеттік жүйесінің дамуы.

  36. Жергілікті бюджеттер және олардың дамуы

  37. ҚР Ұлттық қоры: қалыптасу ерекшеліктері жәнеқолданылуы.

  38. Мемлекеттік шығындардың экономикалық мазмұны.

  39. Инвестицияларды қаржыландыруға шығындар.

  40. Қаржы қорларын қалыптастырудың түрлері мен әдістері.

  41. Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға шығындар.

  42. Жинақтаушы зейнетақы қоры: жағдайы мен дамуы.

  43. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз етудегі қаржылардың ролі.

  44. Білім берудегі шығыстар, олардың нарық жағдайындағы ерекшеліктері.

  45. Ғылыми-техникалық прогресс және қаржылар.

  46. Нарық жағдайындағы қаржылар мен сақтандырудың өзара байланысы.

  47. Әлеуметтік сақтандырудың қаржылық аспектілері.

  48. Әлеуметтік сақтандырудың қаржылық аспектілері.

  49. Сақтандырудағы тарифтік саясат.

  50. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы: жағдайы мен даму болашағы .

  51. Нарық жүйесіндегіжеке сақтандыру.

  52. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметі: стратегиялары мен тактикасы.

  53. Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу

  54. Мүліктік сақтандыру: теория, тәжірибе.

  55. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін ұйымдастыру.

  56. Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі.

  57. Қаржы нарығын ұйымдастыру.

  58. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз.

  59. Қаржы және инфляция: өзара байланысы мен өзара әрекеті.

  60. Экономикалық интеграцияны жүзеге асырудағы қаржылардың ролі.

«БАНК ІСІ» ПӘНІ БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫБЫ


  1. Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамуы.

  2. Коммерциялық банктердің экспорттық операцияларын несиелеуі.

  3. Коммерциялық банктердің валюталық операцияларын реттеу.

  4. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары.

  5. Банк несиесінің қамсыздануын талдау.

  6. Банктің несиелеу жүйесі және оның элементтері.

  7. Қарыз алушының бизнес-жобаларын талдау.

  8. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістері.

  9. Коммерциялық банктерде несиелік тәуекелдерді басқару.

  10. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау.

  11. Несиелік тәуекелдерді төмендетудің әдістері мен басқаруды жетілдіру жолдары.

  12. Банк несиелерінің қамсыздануының түрлері және формалары.

  13. Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формасы ретінде.

  14. Несиелеу сатылары және несиелік талдау.

  15. Коммерциялық банктердің вексельдермен операциялары.

  16. Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары.

  17. Қазақстандық ипотекалық несиелеудің дамуы.

  18. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары.

  19. Коммерциялық банктердің факторингтік операциялары.

  20. Комерциялық банктердің трасталық операциялары.

  21. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару.

  22. Коммерциялық банктердің тұтыну несиесі.

  23. Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қызметтерін қадағалау.

  24. Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның құрылымы және дамуы.

  25. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін бағалау, капитализациялану проблемалары.

  26. Банктің қарыз құралдарын тарту операциялары.

  27. Банкаралық несиелік нарық және оның Қазақстанда дамуы.

  28. Банктің міндеттер портфелін басқару.

  29. Екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясаты.

  30. Коммерциялық банктердің активтері және оның құрылымы.

  31. Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін және төлем қабілетін басқару.

  32. Коммерциялық банктердің активтерін басқару.

  33. Банк депозиттерін сақтандырудың шетелдік және отандық тәжірибесі.

  34. Банк қызметтерінің түрлері және оларға бағаның қалыптасуы.

  35. Коммерциялық банктердің валюталық нарықтағы операциялары.

  36. Несиелік тәуекелдерді басқару.

  37. Қазақстанда депозиттік нарықтың қалыптасуы және дамуы.

  38. Коммерциялық банктердің экспорттық операцияларын несиелеуі.

  39. Коммерциялық банктердің валюталық операцияларын реттеу.

  40. Коммерциялық банктердің импорттық операцияларын несиелеуі.

  41. Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі коммерциялық банктер қызметтерін қадағалау.

  42. Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның құрылымы және дамуы.

  43. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін бағалау, капитализациялану проблемалары.

  44. Банктің қарыз құралдарын тарту операциялары.

  45. Банкаралық несиелік нарық және оның Қазақстанда дамуы.

  46. Банктің міндеттер портфелін басқару.

  47. Екінші деңгейдегі банктердің проценттік саясаты.

  48. Коммерциялық банктердің активтері және оның құрылымы.

  49. Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін және төлем қабілетін басқару.

  50. Коммерциялық банктердің активтерін басқару.

  51. Банк депозиттерін сақтандырудың шетелдік және отандық тәжірибесі.

  52. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары.

  53. Банк несиесінің қамсыздануын талдау.

  54. Банктің несиелеу жүйесі және оның элементтері.

  55. Қарыз алушының бизнес-жобаларын талдау.

  56. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау әдістері.

  57. Коммерциялық банктерде несиелік тәуекелдерді басқару.

  58. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау.

  59. Несиелік бюро және оның банк тәуекелдерін төмендетудегі ролі.

  60. Банк несиелерінің қамсыздануының түрлері және формалары.

  61. Кепіл – несиенің қайтарылуын материалдық қамсыздандырудың негізгі формасы ретінде.

  62. Несиелеу сатылары және несиелік талдау.

  63. Коммерциялық банктердің вексельдермен операциялары.

  64. Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары.

  65. Қазақстандық ипотекалық несиелеудің дамуы.

  66. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары.

  67. Коммерциялық банктердің факторингтік операциялары.

  68. Комерциялық банктердің трасталық операциялары.

  69. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару.

  70. Коммерциялық банктердің тұтыну несиесі.

  71. Банк қызметтерінің түрлері және оларға бағаның қалыптасуы.

  72. Коммерциялық банктердің валюталық нарықтағы операциялары.

  73. Несиелік тәуекелдерді басқару.

  74. Коммерциялық банктердің импорттық операцияларын несиелеуі.

  75. Коммерциялық банктердегі банктік маркетингті жетілдіру.

  76. Қазақстандағы банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері мен жолдары.

  77. Банк жүйесніндегі ҚР Ұлттық Банкінің рөлі.

  78. Қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау.

  79. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты және оны жетілдіру механизмдері.

  80. ҚР- ғы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының дамуы.

  81. ҚР- ғы коммерциялық банктердің несие саясаты.

  82. Банкаралық ақша аударымдарының дамуы.

  83. ҚР- ғы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін басқару.

  84. ҚР- ғы коммерциялық банктердің инвестициялық жобаларды қаржыландыруы.

  85. ҚР- ғы коммерциялық банктердің меншікті капиталын қалыптасытру және тиімді пайдалануды жақсарту.

  86. ҚР- ғы коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті дамытудағы рөлі.

  87. ҚР- да банктік қызметті реттеу мен қадағалау тәжірибесі.

  88. ҚР- ғы коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлемқабілеттігін жоғарылату мәселелері, жақсарту жолдары.

  89. Коммерциялық банктердің табыстылығы мен қазіргі жаһандану жағдайындағы банк ресурстарының қозғалысы.

  90. Коммерциялық банктердің активтерін басқару тиімділігі.



ҚОРЫТЫНДЫ
«Қаржы» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер оқу жоспарына сәйкес теориялық пәндерді оқу үдерісінде таңдалған тақырып бойынша курстық жұмысты жазып және қорғауға міндетті. Курстық жұмысты орындау өздігінен жасалған теориялық зерттеу болып табылады.

Курстық жұмыс зерттеу қызметінің нәтижесі ретінде студентке кәсіпорындар мен банктерде теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын ұсынуға мүмкіндік береді.



Курстық жұмыс студенттің өзіндік бір есебі ретінде көрініп және оқу үдерісіндегі табыстылық көрсеткіші болып табылады. Жұмысты жазбаша түрде көрсету студенттен шаруашылық өмірдегі құбылыстар мен нақты жағдайларды талдауда білімдерін көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар, таңдалған тақырыптағы мәселелер бойынша өз көзқарастарын қалыптастыруға және кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде ғылыми негізделген теориялық және тәжірибелік қорытынды жасауға мүмкіндік береді.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі


  1. Банковское дело: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина.- М.: КНОРУС, 2014.- 800 с.

  2. Банковское дело Учебник Г.С. Сейткасимов, г. Астана, 2008г.- 243с.

  3. Сейткасимов Г.С., Маулетов К.М., Мусина А.А. «Банковское дело: курс лекций» - Астана: КазУЭФМТ, 2008 – с.248.

  4. Банковское дело: Учебник/Сембиева Л.М., Сейткасимов Г.С. - Астана: КазУЭФМТ, 2016г.

  5. Киреев, В. Л. Банковское дело : учебник / В. Л. Киреев, О. Л. Козлова. – М: КНОРУС, 2012. – 239 с.

  6. Банки и банковские операции: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина.- М.:КНОРУС, 2012.- 272 с.- (Бакалавриат)

  7. Денежно-кредитная и финансовая системы: Учебник / Под ред. М.А.Абрамовой, Е.В.Маркиной.- М.: КНОРУС, 2014.-448 с.- (Бакалавриат).

  8. Банковские риски : учебник / под ред. О. И. Лаврушина, Н. И. Валенцовой. –3-е изд., перераб. и доп. – М. : КНОРУС, 2013. – 292 с.

  9. Банковское дело : учеб. для бакалавров / под ред. Е. Ф. Жукова, Ю. А. Соколова. – М. : Юрайт, 2012. – 590 с.

  10. Банковское право: учебник для магистров.- 3-е изд., перераб. и доп. / под ред. Д.Г. Алексеевой, С.В. Пыхтина.– М.: Юрайт, 2012.- 1055с.

  11. Банковское дело организация деятельности коммерческого банка. Учебник для вузов. Белоглазова Г.Н., Кроливецкая Л.П. — М.:Издательство Юрайт, 2011 г. — 422 с.

  12. Безопасность банковской деятельности: Учебное пособие. Букин С.. — СПб.: Питер, 2011 г. 288 с.

  13. Организация кредитования в коммерческом банке : учеб. пособие / Н. В. Горелая. – М. : Форум : ИНФРА-М, 2012. – 207 с.

  14. Финансово-экономический анализ (предприятие, банк, страховая компания) : учеб. пособие / Д. И. Жиляков, В. Г. Зарецкая. – М. : КНОРУС, 2012. – 368 с.

  15. Банковское дело : учебник / В. Л. Киреев, О. Л. Козлова. – М: КНОРУС, 2012. – 239 с.

  16. Краткосрочная и долгосрочная финансовая политика : учеб. пособие для вузов / В. Г. Когденко, М. В. Мельник, И. Л. Быковников. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. – 471 с.

  17. Финансы, денежное обращение и кредит : учеб. пособие для бакалавров / Г. М. Колпакова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : Юрайт, 2012. – 538 с.

  18. Банковское дело : учеб. для бакалавров / Т. М. Костерина ; Моск. гос. ун-т экономики, статистики и информатики. – 2-е изд., перераб. и доп. – М. : Юрайт, 2013. – 332 с.

  19. Бухгалтерский учет в коммерческом банке: новые типовые бухгалтерские проводки операций банка : учеб. пособие / В. Н. Курсов, Г. А. Яковлев. – 15-е изд., испр. и доп. – М. : ИНФРА-М, 2012. – 364 с.

  20. Роль кредита и модернизация деятельности банков в сфере кредитования: монография / под ред. О. И. Лаврушина. – М. : КНОРУС, 2012. – 267 с.

  21. Банковское дело: управление кредитной организацией : учеб. пособие / А. М. Тавасиев. – 2-е изд., перераб. и доп. – М. : Дашков и К, 2011. – 639 с.

  22. Управление финансами. Финансы предприятий : учебник / под ред. А. А. Володина. – 2-е изд. – М. : ИНФРА-М, 2012. – 509 с.

  23. Финансы, денежное обращение и кредит : учеб. для бакалавров / под ред. Л. А. Чалдаевой. – М. : Юрайт, 2012. – 540 с.

  24. Финансы : учеб. для бакалавров / под ред. М. В. Романовского, О. В. Врублевской. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : Юрайт, 2012. – 590 с.

  25. Финансы и кредит : учеб. пособие / под ред. О. И. Лаврушина. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : КНОРУС, 2012. – 315 с.

  26. Финансы организаций (предприятий) : учеб. для вузов / под ред. Н. В. Колчиной. – 5-е изд., перераб. и доп. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2011. – 407 с.

  27. Финансы, денежное обращение и кредит : учеб. для бакалавров / под ред. Л. А. Чалдаевой. – М. : Юрайт, 2012. – 540 с.

  28. Экономические и финансовые риски: оценка, управление, портфель инвестиций : [учеб. пособие] / А. С. Шапкин, В. А. Шапкин. – 9-е изд. – М. : Дашков и К, 2013. – 543 с. – 5 экз.   


ҚОСЫМША А
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«___________» пәнінен
Тақырыбы «______________________________________________________»

Орындаған: студент Ф-1

_____________________
Тексерген: _____________

Астана, 20___



ҚОСЫМША Б

Мазмұны


Кіріспе…………………………………………..……………………………

3







1 …………...







1.1










1.2










1.3



















2







2.1










2.2










2.3






3








3.1










3.2










3.3






Қорытынды………………….……………………………..........................................................





Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………..........................................................................................





Қосымшалар………….………….………….……...………………………………….………







Достарыңызбен бөлісу:



©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет