Экология ғылымының құрылымымен және зерттеу әдістерімен танысу



жүктеу 64.5 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі64.5 Kb.
Экология –ғылыми сала

Мақсаты: Экология ғылымының құрылымымен және зерттеу әдістерімен танысу

1.Экология ғылымының  құрылымы.  

2.Экологиялық  зерттеу әдістері
1.Экологияның ғылыми сала ретіндегі анықтамасы. Экология ғылымының  құрылымы. Экологияның биологиямен байланысы. Экологияның гуманитарлық ғылымдармен байланысы. Экологияның қоғамдық ғылымдармен байланысы. Экология ғылымының салалары

Биоэкологиялық зерттеулер бағыты. Биозкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, т.б.



Аутэкология жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байлапыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Жеке организмге табиғат факторлары қалай өсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, рөлі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.

Демэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық қүрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі түрғысында қарастырады. Өйткені, особь, популяция белгілі бір нақты түрдің өкілдері. Сондықтан эйдэкология, особь, популяция, түр, биоценоз-биогеоценоз (экожүйе) - биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.

Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микро-организмдер) жиынтығын біртүтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің калыптасуы, қүрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия және зат алмасулар, сандық және сапалык озгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің түрақтылығы і уралы жан-жақты мәселелер қаралады.

Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Қүрлық пен дүниежүзілік мүхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша  экожүйелердің қүрылымы, бірлестіктері, түрақтылыгы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгсруі, экожуйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер  жиынтығы.

Ғаламлық экология - табиғи және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфсра шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзғерістер мен кұбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауыткуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т.б. Осы бағыттағы ірі-ірі бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын проблемаларды қарастырады.

Адам экологиясы - ауыл, село, қала түрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық жәнс халықаралық карым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдарды экологиялық қүқық қорғау жәис этнозкологиялық проблемаларды жап-жактьі зерттсу. Жер шары түргығдарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестірсді.

НООЭКОЛОГИЯ -- адам, табиғатқоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялык жағдайларды, қарым- қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы  дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия жәнс шикізатпсн камтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, қүқық, т.б. Адам мен биосфера шегіндегі түрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді. Экология ғылымының қазіргі кезеңдегі қүрылымы 1-кестеде керсетілген.

2.Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.

Далалық зерттеу әдісі - далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу объектілері - особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері, т.б. болуы мүмкін. Кез келген популяциялар тобына экологиялық сипаттама бсру үшін физиология, биохимия, анатомия, систематика, биология, география ғылымдарының зерттеу әдістері қолданылады. Сондықтаи эколог-жаратылыстану ғылымдарының ғылыми-теориялық негіздерін, зертеу әдістерін толық меңгерген білікті маман болуы тиіс.

Далалық зерттеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өчсн-көлдер, т.б. объектілердің жәйі, сандық қатынасы  ,сапасы, ауытқулар мси өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке катысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар, материалдар жинақталды. Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілдерін, зерттеу объектісінің ареалын, географиялык табиғат аймақтарын камтумен қатар бірнеше жылдарға созылған уақыт пен кеңістікке байланысты жүргізіледі.

Далалык материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді. Дүние-жүзілік стандартқа сай лабораториялар қазіргі заманғы - камералар, видсоаппаратуралар, оптикалық приборлар, аналитикалық таразылар, топографиялық қүралдар, термостаттар, хромотография, микроскоптар, компьютерлік т.б. керекті қүралдармен жабдықталуы тиіс.

Далалық жағдайдағы зерттеулер ғылыми жүмыстың мазмүнын толық аша алмайды. Әсірссс, түр, популяциялардың көбеюге қабілеттілігі, шығыны, жыныстық, жастық ерекшеліктері, морфофизиологиялык қүрылымы, факторларға қатысты организмдегі өзгерістер мен реакциялар, экологиялық зерттеулер, ауа, су, топырақтың ластану дәрежесі, т.б эксперименттік талдау жасауды қажет етеді. Сондықтан зерттеу объектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тожірибслср жүргізілсді. Эксперимент нәтижслері далалық зсрттсу жүмыстарымен салыстырыла отырып, оның ғылыми теориялық және практикалық маңызы қорытындыланады. Әрине, зерттеу объектісінің сипатына қарай далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеулердің бағыттары, зерттеу әдістері өзгеріп отырады.

Организмдерді зерттеудің негізгі көрсеткіштері бар. Олар -жануарлардың кездесу жиілігі, басымдылық дәрежесі, тығыздығы, жамылғы сапасы, биомассасы және өнімділігі. Аталған көрсеткіштердің әрқайсысының өзіндік есептеу тәсілдері, ерекшеліктері бар.

Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қол-данылады. Бүл әдістер бойынша белгілі бір популяцияға берілген экологиялық сипаттаманың дүрыстылығы, ауытқу мүмкіндіктері, биомасса сапасының сандық мөлшері нақты тексеріліп анықталады. Қазір экологиялық зерттеулерде информация теориясы, кибернетика, мүмкіндіктер теориясы, сандар теориясы, интегральдық есептеулер жиі қолданылады.



Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен қүбылыстарды модельдеу жиі қолданылып жүр.  Бұл табиғат процестеріне тән қасиеттердің техникалық түрғыда жүмыс істеу үлгісі. Мәселен, жасанды қан айналу аппараты, фотосинтез, клетканың жүмысы, өкпе, бүйрек, бүлшық еттердің жүмыс істеуі, протездер, т.б.

Экологиялық модельдеудің мақсаты - теориялық түжырымдарды, биологиялық жүйелердің жүмыс істеу функцияларын жасанды жолмен тәжірибе арқылы тексеру.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет