Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты

Loading...


жүктеу 136.93 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі136.93 Kb.
Экология ғылымы және негізгі бөлімдері.

Мақсаты: Студенттерге экология және оның қысқаша даму тарихы, экологияның ғылым ретінде анықтамасы, мақсаты, міндеттері және әдістері, ғылымның қысқаша тарихы. бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология туралы түсінік бере отырып, экологияның басқа ғылымдармен байланысын, экологиялық мәселелерді шешудегі экологияның ролін түсіндіру.

Негізгі түсініктер:  экология, аутэкология, синэкология, биоиндикация, лихеноиндикация, қоршаған орта. 

1.                  Экология туралы ұғым.  Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі  тобы белгілі бір жерде қоныстанып,  өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық және т.б.

       Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған , өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

       Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.

       Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін  организмдерді зерттейді, олардың басқа  организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.

        Экология терминін  ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын,  өсімдіктер мен жануарлардың , олардың достары  мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.

        Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі . Өсімдіктер туралы осындай жоспарда Эмпедокл  және Теофраст  (IIIғ.б.э.д) жазған , ал жануарлар туралы  - Аристотель (Ivғ.б.э.д) жазған.

         XIX ғ. ортасында Ресейде К.Ф.Рульенің еңбектері биологиялық ғылымдағы  экологиялық  бағытының дамуы үлкен әсер етті. Оның еңбектері зоологиядағы экология бөлімін қалыптастырды.

            XIXғ. соңында Дарвиннің ілімі арқасында экология организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналды .  Дарвиннің анықтамасы бойынша , экология -бұл табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастарды зерттейтін ғылым, тіршілік үшін күрес жағдайы ретінде. 

            XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық  елдерде  экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады.Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар  бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.

        Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның  бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған.

        Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері:

-                                         организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;

-                                         табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;

-                                         адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

-                                         биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

-                                         биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;

-                                         көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптасты.

Экология организмдер мен ортаның өзара байланыстары және өзар әсерлесуі туралы ғылым ретінде биологиялық білімдер дамуының белгілі кезеңінде пайда болды. Оның қалыптасуы қоғамның сондай-ақ өндірістік күштердің даму деңгейімен де  тығыз байланысты. Ф.Энгельстің айтуынша , «ғылымның ең  бастапқы қалыптасуы мен дамуы өндіріске тәуелді» депті.

Экология ғылымына берілген анықтамалар көп. Э.Геккельдің анықтамасы бойынша , экология- бұл организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Басқа жұмысында(1868ж.) Геккель жазған: «Біз экология деп экономика туралы, жануар организмінің үй тұрмысы туралы ғылымды ұғынамыз» дейді. Ол қоғам өмір  сүруінің  маңызды жағдайы ретінде табиғат экономикасын  зертейді, сөйтіп ол тек биологиялық қана емес , сонымен бірге экономикалық факторларды да қарастырады

Экологияның дамуына үлкен үлес қосқан А. Гумбольдтың, Ч.Дарвиннің, К.Ф.Рульенің , А.Северцовтың және т.б. еңбектері болды.

Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулісі болды. Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып , өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық бағыттың негізін салды.

XIXғ. ортасында Ресейде биологиялық  ғылымның экологиялық  бағытының дамуына үлкен үлес қосқан К.Ф.Рулье(1814-1858) болды. Осы ғалымның еңбектері арқасында зоологиядағы экологиялық бөлім қалыптасқан.

XIXғ. соңында Ч.Дарвиннің ілімі негізінде  экология – организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналған .

Дарвиннің анықтамасы бойынша , экология- тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде , табиғаттағы барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттейтін ғылым дейді.   XXғ. 60-жылдарының басында,  экология дамуында жаңа кезең басталды ,  ол барлық  елдерде  экологиялық  зерттеулердің жылдам өсуімен  сипатталады.

Әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша ақпараттар саны өсе бастады, мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы өте көп  фактілерді , өсімдіктерді қорғау саласында эклогтар өз зерттеулерінде жазды.

          Сонымен , қазіргі заманғы экология адамзат үшін биосфераның бетбұрысын ғылыми негіздеуге ұмтылады. Ол табиғи ресурстарға тұтынушылық қатынасты жоюға мүмкіндік беретін , ойлаудың ерекше түрін қалыптастырады.

         Қазіргі кезде экология тек биологиялық ғылым ғана емес , ол білімнің интеграциялық саласы, яғни адам мен қоғамның табиғатпен өзара әсері туралы ғылыми жаратылыстану , әлеуметтік және технологиялық кзқарастардан тұрады.

     4. Экология бөлімдері.

Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.



1.Аутэкология  - особьтар экологиясы.

             Аутэкология  бір түрдің  өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Қоршаған орта факторларына :

     а.) Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

            б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

            в.)  Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің  әсерлері.



2.  Демэкология - популяциялық экология.

Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.

            Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы  мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

3.  Синэкология  - қауымдастық экологиясы.

            Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда  мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған,  тірі  организмдер жиынтығы.

            Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан  оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Экологияның негізгі бағыттары

Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:



1. Классикалық   экология - биологиялық   жүйелердің
қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.

2. Глобалъды   экология - биосфераның   бірлігін   және
тұтастығын зерттейді.

3. Қоғамдық   экология - қоғам   мен   қоршаған   орта
жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.

4.  Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға
антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.

5.  Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік


ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.

6.   Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала
экожүйесін,   техносфераның   қоршаған   ортамен   байланысын
зерттейді.

7.   Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын


болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.

5. Экологияның зерттеу обьектілерінің сатылама деңгейлеріТірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады: Молекулалық –>Жасушалық деңгей –>Ұлпалар мен мүшелер деңгейі–>Организмдік (Особь) деңгей –>Популяциялық (түрлік) деңгей –>Экожүйелік деңгей - >Биосфералық деңгейі.

Экологияның зерттеу әдістері:

1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.

2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары

Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін — қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.

Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.

Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды.

Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.

Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы — «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңдар, ал 2002 жылы — «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы — Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.

Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.

Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.

Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.

Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады. Олардың ішінде: экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілемелі дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.

Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді.

Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.

Осы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан — 2030» Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және XXІ ғасырдағы Күн тәртібінің негізгі ережелері мен Қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді.

Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерін кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді.

Бірінші кезең (2004 — 2007 жылдар) — қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және оны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.

Екінші кезең (2008 — 2010 жылдар) — қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетілдіру.

Yшінші кезең (2011 — 2015 жылдар) — қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.

Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты:

Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:



  • климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;

  • биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;

  • экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;

  • Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;

  • су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;

  • табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;

  • өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

Қойылған міндеттерді шешуге:

  • Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;

  • табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;

  • қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;

  • халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізеді.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл;

  • экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;

  • қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді);

  • өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);

  • шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;

  • халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;

  • халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі
publications -> АҒылшын тілін оқытудың Қазіргі замандық Әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...