Әкімдіктің 2015 жылғы 3 тамыз №322

Loading...


Дата15.02.2017
өлшемі60.18 Kb.
Әкімдіктің          
2015 жылғы 3 тамыз № 322  
қаулысымен бекітілген   

Тіреу және қоршау конструкцияларын,


инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге
байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын
(жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,
қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы және оның қалалар мен аудандардағы бөлімдері (бұдан әрі – ХҚКО).
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау мен Стандарттың  9-тармағындакөрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады.


      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, олардың тіркелуін жүзеге асырады және қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтінішінің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, өтініштің көшірмесін беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, 1 (бір) сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 3 (үш) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, 6 (алты) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:


      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      7. Әрбір рәсімінің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, олардың тіркелуін жүзеге асырады және қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар өтінішінің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 15 (он бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, 1 (бір) сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 3 (үш) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды, 6 (алты) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО-ға жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығын сипаттау:


      1) ХҚКО-ның қызметкері өтініштің дұрыс толтырылуын және көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді, 5 (бес) минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Құжаттар топтамасын толық ұсынған кезде ХҚКО-ның қызметкері оларды «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 5 (бес) минут;
      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО-ның қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісімін алады 5 (бес) минут;
      3) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы жібереді, 3 (үш) сағат;
      4) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды, қол қояды және ХҚКО-на жібереді, 9 (тоғыз) жұмыс күні;
      5) ХҚКО-ның қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 (он бес) минут.
      ХҚКО нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберу үшін ХҚКО-ға дайын құжаттарды жібереді.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкіметінің» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

«Тіреу және қоршау конструкцияларын,   


инженерлік жүйелер мен жабдықтарды    
өзгертуге байланысты емес қолданыстағы  
ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген   
бөліктерін) реконструкциялауға (қайта   
жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім   
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет   
регламентіне қосымша          

«Тіреу және қоршау конструкцияларын,
инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге
байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын
(жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,
қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




Шартты белгілер


: gosudarstvennye-uslugi -> arkhitektura-i-gradostroitelstvo
gosudarstvennye-uslugi -> Регламенті Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
gosudarstvennye-uslugi -> «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»
gosudarstvennye-uslugi -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
gosudarstvennye-uslugi -> Регламент Қостанай облысы әкімдігінің 24. 04. 2015 жылғы №163 Қаулысымен бекітілді
gosudarstvennye-uslugi -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
gosudarstvennye-uslugi -> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
gosudarstvennye-uslugi -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
gosudarstvennye-uslugi -> «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
arkhitektura-i-gradostroitelstvo -> "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...