«Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбалары өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің төлқұжаты

Loading...


Дата07.09.2017
өлшемі23.44 Kb.
«Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбалары өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің төлқұжаты

 


1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңатауы

Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбалары өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңкөрсететін Мемлекеттік орган

Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) жүргізеді

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңтұтынушылары

Жеке тұлғалар

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңкөрсетілетін формасы

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңкөрсетілетін орны

050014, Алматы қаласы, «Құлагер» ықшам ауданы, Серіков көшесі, 6А.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну Алматы қаласының ЖАО арқылы жүзге асырылады



6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңкөрсетілетін тәртібі

Мемлекеттік қызметтін көрсету мерзімдері:

  1. егер туу туралы акт жазбасы өтініш білдіру жері бойынша тіркеуші органда болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні     

  2. егер туу туралы акт жазбасы басқа аймақта болса, көрсетілетін қызметті беруші акт жазбасының көшірмесін сұратады, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

  3. азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қаралады (өтініш қабылданған күні есепке алынбайды), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

  4. көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

  5. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.



Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

7

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:


      1) әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш ;
      2) баланың туу туралы куәлігін, мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;
      3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген, баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
      1) өзін баланың әкесі деп мойындайтын тұлғаның әке болуды анықтау туралы өтініш;
      2) әкесінің өтінішінде көрсетілген негізіне байланысты анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлік; анасын психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама;
      3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
      1) сот шешімі бойынша әке болуды анықтау туралы өтініш;
      2) әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
      3) баланың туу туралы куәлігі;
      4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
      5) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;
      3) әке болуды анықтау туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – әке болуды анықтауды тіркеу туралы анықтама;
      4) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
      5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;
      6) нотариатта куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда);
      7) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;
      8) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде Алматы қаласының ЖАО, құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқасын қайтарады.


      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Алматы қаласының ЖАО берген кезде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі қағаз жеткізтегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ, егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңқұны және төлеу тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      1) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
      2) әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілуіне байланысты куәлік берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
      Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3 қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтіңкөрсетілетін мерзімі

  1. егер туу туралы акт жазбасы өтініш білдіру жері бойынша тіркеуші органда болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні     

  2. егер туу туралы акт жазбасы басқа аймақта болса, көрсетілетін қызметті беруші акт жазбасының көшірмесін сұратады, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

  3. азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қаралады (өтініш қабылданған күні есепке алынбайды), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

  4. көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

  5. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

11

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қөрсетілуінің нәтижесі

.  Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік.
 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде

12

Нормативтік құқықтық акттер

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі.

«Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы




Достарыңызбен бөлісу:

Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...