«Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша бақылау іс-шаралар нәтижесі туралы акт

Loading...


жүктеу 55.4 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі55.4 Kb.
«Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша бақылау іс-шаралар нәтижесі туралы

АКТ

Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы

Балдырған к-сі, 10, кабинет №


2016 жыл 22 маусым

сағ. 11.00


Бақылау объектісінің атауы:


Бірыңғай сәйкестендіру нөмірі (БСН):


«Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

(бұдан әрі – бөлім)
№ 050240007345


Бақылау объектісінің өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:

Кунтуганов Зайыр-Хайдар Смагулович- бөлім басшысы




Бақылау іс-шарасын тағайындау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі:

2016 жыл 28 наурыз, № 46-ө




Бақылау іс-шарасын жүргізген жауапты орындаушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы:

Әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Шабықбаев Сағындық Нургалиевич, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің бас маманы Шуиншин Темирбек Зинеевич



Бақылау іс-шарасының жүргізілген күні, орны және кезеңі:

2016 жыл 22 шілде, Комсомол ауылы

Көрсетілетін қызметті беруші, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі- Заң) 5- бабы, 2-тармағы, 2- тармақшасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде, оларға қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Бөлім ғимараты 2 қабатты ғимараттың 1-ші қабатында орналасқан және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай толық жасалынған.

Заңның 11- бабы 2- тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бөлімнің ақпараттық стендке толық ақпарат ілінген.

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың, 2016 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс- шаралар жоспары бойынша орындалу жағдайы төмендегідей:

Жоспардың 23 пункті бойынша, бөлімнің құзыретіне сәйкес, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бағыты бойынша іс- шаралар жоспары қабылданған.

Жоспардың 22 пункті бойынша, бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер мәселелерін БАҚ-да сөйлеу ұйымдастырылмаған.

Жоспардың 21 пункті бойынша, Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мәселелері жөнінде семинар- кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізуін ұйымдастырылған.

Бөлім басшысының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына жауапты тұлғалар бекіту туралы 2015 жылдың 27 мамырдағы № 30 бұйрығына сәйкес, бөлім басшысының орынбасары Е.Бозбетов, бас мамандар М.Маханова, А.Шайхиева, М.Жиеналина, С.Куккузова.

Тексеру барысында бөлім қызметкерлерімен ұсынылған құжаттар, яғни, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түскен өтініштер және оларды тіркеу журналдары зерттелді.

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға өтініш түспеген.

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, 430 өтініштер «egov.kz» порталы арқылы түсуде.

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша өтініш жасалмаған.

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне тіркеу журналы арналған,

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға 24 өтініш түскен, барлығы уақытылы қанағаттандырылған.

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға 51 өтініш түскен, барлығы уақытылы қанағаттандырылған.
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 681 өтініш түсіп қанағаттандырылған;

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, өтініштер түспеген.

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға 20 өтініш түскен, барлығы уақытылы қанағаттандырылған.
«Мүгедектерге кресло-арбалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға 2 өтініш түскен, барлығы уақытылы қанағаттандырылған.
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға 10 өтініш түскен, барлығы уақытылы қанағаттандырылған.

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, өтініштер түспеген.

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға 22 өтініш түскен, барлығы уақытылы қанағаттандырылған.

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, өтініштер түспеген.

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға 1 өтініш түскен, барлығы уақытылы қанағаттандырылған.

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, өтініштер түспеген.

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, өтініштер түспеген.

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға 343 өтініш негізінде жолдамалар берілген, барлығы уақытылы қанағаттандырылған.


«Ақталған адамға куәлік беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметіне журнал арналған, алты айға өтініш түспеген.

2016 жылдың 22.07.жағдайына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіге шағымдар түспеген.




Қорытынды: Жүргізілген бақылау нәтижесі мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бөлім қызметі тиімділігінің қанағаттандырлық екендігін куәландырады.


Ұсыныс:

- Мемлекеттік қызметтер көрсету ақпараттық стендін талапқа сай рәсімдеу;



  • Қызметкерлерінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелерін БАҚ-да сөйлеуін ұйымдастыру;



Әйтеке би аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелерін үйлестіру

бөлімінің баcшысы С.Шабықбаев


Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ басшысы З.Кунтуганов
: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...