Әйелдер мен ерлердің тең ҚҰҚылығы гендерлік саясат негізі



жүктеу 62.13 Kb.
Дата11.04.2017
өлшемі62.13 Kb.
ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРДІҢ ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫҒЫ – ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ НЕГІЗІ
Ауесова Л.Ж.

Қазмемқызпу, оқытушы


Гендерлік саясат негізі әйелді атқа мінгізіп, төрге сүйреп, еркектің басын көрге сүйрейтін саясат емес. Әрине, түсінгенге! Ал, түсінбегендер көлеңкеде күңкілдеп отыра берсін. Бұл дегеніңіз, екі жұптың теңдігін әспеттеу, басында «екі тауықтың миынан» артық ақылы бар, іскерлік қарым - қабілеті мол әйелге қолдау көрсету.

Гендерлік саясатты дамыту, әйел мен еркектің теңдігі мәселелерін жолға қою ісі айналып келгенде әйелдерді «еркектерден қай жерің кем» деп елірте беру емес. Бұлай түсіну қисынсыз.  Әрине, еркекше шылым шегіп, шарап ішіп, бұзылған, қиындыққа төзе алмаған әйелдер де бар. Бірақ гендерлік саясат стратегиясынан отбасындағы  тепе-теңдік пен үйлесімділік, яғни гармония жоғалмайды. Ал, үйлесім таппағандар тек өзіне өкпелеуге тиіс. Бұл стратегия сонау кеңес дәуірі жаңа орнай бастаған кездегі Бейімбет Майлиннің «Раушан коммунистін» еске салады. Қазір тек формасы басқаша. Бірақ сол саясаттың нақ өзі. Бүгінде елімізде биліктен, саясат әлемінен бой көрсетіп жүрген қазақ әйелдері жаңа заманның жаңа үлгісіндегі Раушандар. Демек, бізде тәуелсіз Қазақстанның жаңа образды Раушан «коммунистері» өсіп келеді.



Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестірген болатын. Оның негізгі міндеті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы мен гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі төмендегі халықаралық келісім-шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады, атап айтқанда:

- Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі Пекин тұғырнамасы (1995 ж.);

- БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясы (1998 ж.);

- Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция (2000 ж.);

- Тұрмыс құрған әйелдердің азаматтығы туралы конвенциия (2000 ж.);

- ДЕҰ-ның 1951 жылғы № 100 ерлер мен әйелдердің тең құндылықты еңбекке тең сыйақы алуы туралы конвенциясы (2000 ж.);

- Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының Факультативтік хаттамасы (2001 ж.);

- БҰҰ мыңжылдықтар мақсаттары – «Ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты үшінші мақсаты.



Алайда, гендерлік саясат қазақтың болашағына қауіп төндіруде деген сөз қозғалуда десе кейбірлері мұны турасын айтсақ, гендерлік саясат қазақ ұлтын біржола құртып жіберетін келеңсіз құбылыс дегендер де бар. Бұған мысал ретінде мұны келтіруде «Гендерлік саясаттың зардабын Еуропа елдерінің тарихынан көруге болады. XX ғасырдың басында Шпенглер гендерлік саясатқа «Еуропаның құлдырауы» деп анықтама берген. Еркек пен әйел тең құқылы, гендерлік саясат жасасын деп әлемге жар салған Еуропа елдерінде бүгінде бала туу көрсеткіші мүлде төмен, балалар саны өте аз. Германияға бара қалсаңыз, көшеде ойнап жүрген бала көрмейсің. Былай қарасақ, олар материалдық игіліктердің барлығына қол жеткізген. Әйел мен еркек тең, гендер мәселесі шешілген. Бірақ бала жоқ. 1992 жылы Гарри Беккер Нобель сыйлығын иеленді. Ол саясаткер ретінде ғана емес, математикалық тұрғыдан «үйде бала бағып отыратын әйелдің қоғамдық өндіріске қосар үлесі қара жұмыста терін төгіп жүрген еркектің үлесінен екі есе көп» екенін дәлелдеп шықты» деп жазады. Бірақ бұл жерде айел затының қоғамдағы рөлі тек үйде отырып бала бағу деп санамағаныңыз жөн, себебі әйел затының 40 жаны бар дегендей ол қоғамдық жұмыстарда да, үйде де жалпы барлық салада оның рөлі керемет. Әлеуметтанушылардың әйелдер арасында жүргізген зерттеу нәтижесіне қарасақ, нәзік жанды аруларымыздың 10 % саясатта, қоғамдық жұмыстарда бақ сынағысы келетіндерін айтқан. Басым көпшілігі тек отбасының тіршілігімен ғана айналысқанды қалайды екен. АҚШ-пен, Еуропамен, өзге де елдермен салыстырғанда 10% деген түк емес. Дәл мұндай көрсеткішпен гендерлік саясат жайлы тақырыпты қозғаудың да қажеті жоқ. Егер бұл көрсеткіш 20-30%-ға көтерілсе, онда гендерлік саясат туралы ойлануға болар еді. Ал саясатқа, қоғамдық жұмыстарға араласқысы келетіндердің қатары 50%-ға жетсе, қазақтың болашағынан зор үміт күтуге болар еді деген үміттемін, тек айта кететін бір жайыт елімізді назік жандылардың басқаруына қарсымын себебі, ел басқаруда мемлекеттің ішкі саясатындағы саясаттан емес сыртқы саясаттағы қауіптен қорқар едім. Енді осы теңдікті орнатам деп ақ тер, көк тер болып жүрген құзырлы орын, яғни Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның гендерлік саясатқа қатысты бағдарламасына назар аударайық. Ол жерде комиссияның негізгі міндеті былай көрсетілген: «Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі Пекин тұғырнамасы, БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясы, әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция, тұрмыс құрған әйелдердің азаматтығы туралы конвенция, ДЕҰ-ның 1951 жылғы №100 ерлер мен әйелдердің тең құндылықты еңбекке тең сыйақы алуы туралы конвенциясы және тағы басқа осындай халықаралық келісім-шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру». Міне, теңдікті ту еткен комиссияның басты міндеті осындай. Соңғы жағындағы әйел мен еркектің теңдігі дегені болмаса, басты назар нәзікжандыларға аударылған. Жалпы гендерлік саясаттың шығу төркіні батыс екені белгілі. XIX ғасырға дейін ол жақта әйелді адам құрлы көрмей, «адамзаттың жұмақтан қуылуына себеп болдың» деп кез келген салада құқығын шектеп қойғаны да тарихтан мәлім. Бұндай бассыздыққа шыдамаған батыс әйелдері бас көтеріп, нәтижесінде «гендерлік саясат», «феминизм» деген терминдер пайда болды. Содан бері бұл сөздердің айдарынан жел есіп, аясы кеңейіп сала берді. Соңында, «Жұмақ – ананың аяғының астында» деп әйелдің дәрежесін соншалықты деңгейге көтерген мұсылман елдеріне де саясаттың көлеңкесі түсе бастады. Оған мысал ретінде өзгені емес, өз елімізді алсақ та жетіп жатыр. Бейресми деректерге көз жүгіртер болсақ, гендерлік саясаттың соңғы кезде ерекше қарқын алуы белгілі бір топтардың ықпалымен жүзеге асып жатқан көрінеді. Ондай топтардың мақсаты ел арасына іріткі салып, жауды іштен шығару. Әсіресе, саясатты сылтау қылып, рухани тұрақты елдердің тәуелсіздігіне қол сұғу. Өкінішке орай, бұл ойлары жүзеге асып та жатыр. Оған дәлел, батыс жақтан жылтырағанның бәрін алтын санайтын кейбір елдердің «ер мен әйелді тең қыламыз» деп шала бүлінуі. Осы ретте қазіргі кезде орын алған мына бір оқиғаны айта кеткен жөн. Бірде, бір британиялық азамат Ислам ғалымдарының бірінен: «Неге Исламда еркектерге әйелдермен қол алып амандасуға болмайды?» – деп сұрапты. Сонда әлгі шейх: «Сіздер, өздеріңіздің патшайымдарыңыз Елизаветамен дәл солай амандаса аласыздар ма?», – деп қайыра сұрақ қояды. «Әрине, жоқ. Оның қолын алуға тек ең таңдаулылар ғана құқылы», – деген британиялыққа шейх: «Ендеше, біздің әйелдердің барлығы патшайым. Олардың қолын алу мүмкіндігіне, тек, таңдаулылар ғана ие болады», – деп жауап берген екен. Иә, әйелдерін ардақтап, абыройын асқақтатқан Ислам әлемі ешқандай теңдікке мұқтаж емес. Қазақтың да сол әлемнің бір мүшесі екендігін ескерсек, «гендерлік теңдік» деп өзі қазған орға өзі түсіп жатқан батысқа қарап бой түзеу ақылға қонымсыз. Ендеше шын теңдікті қалайтын қазақ болсақ, ұлт пен дін діңгегін бекіткеніміз абзал. Ал бұл діңгек мықты болса, қандай теңдік болмасын өздігінен орнайтыны күмәнсіз. Гендерлік саясаттың қазақтарды қайда апаратынын талқыламас бұрын «гендер» мен «теңдік» дегеннің аражігін ажыратып алған дұрыс. Батыстан енген «гендер» ұғымы екі жынысты көрсетеді. Ал жыныстың өзі биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді. Міне, гендер дегенде, біз биологиялық емес, әлеуметтік жынысты айтамыз. Мұнда әйел еркектің орнын басқысы келмейді, керісінше өз құқықтарын қорғап, білімі мен біліктілігіне, қабілетіне қарай қоғамның дамуына, экономиканың алға қарыштауына өз үлесін қосқысы келеді. Кешегі Ислам конференциясында Малайзия премьер-министрі Құранға сүйеніп: «Мұхаммед (с.ғ.с.) – әйелдердің құқығын ең алғаш қорғаған пайғамбарлардың бірі» деген еді. Ал сол уақытта Еуропада бұл мәселе мүлде көтерілмеген. Бүгінде біздің қазақ отбасыларының арасында ажырасу саны жылдан-жылға көбейіп барады. Неге? Өйткені біз әйелдердің қабілетін, олардың қоғамға қосар үлесін бағаламай жүрміз. Егер әйел мен еркек өздерінің қоғамдағы орнын дұрыс түсінбесе, «мынау сенің орның, ал мынау менің орным» деп таласа бастаса, өзара қарама-қайшылық пайда болады.
Әдебиеттер

  1. www.masa.kz интернет газеті

  2. Мудрик А.В. Основы социальной педагогики: Учебник для студ. сред. проф. учеб. заведений. -М.: Академия, 2006. 208 с.

  3. Кон И.С. Половые различия и дифференциация социальных ролей. -М., 1975.

  4. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис: Пер. с англ. / Общ. ред. и предислов. А.В. Толстых. 2-е изд. -М.: Флинта: МПСИ: Прогресс, 2006. 352 с.

  5. Мудрик А.В. Социальная педагогика: Учеб. для студ. пед. вузов / Под ред. В.А. Сластенина. 3-е изд., испр. и доп.- М.: Академия, 2000. 200 с.

  6. Қазақстандағы əйелдер мен еркектер: Қысқаша статистикалық жинақ / К.Əбдиевтың ред. – Алматы, 2005.

  7. Адам дамуы туралы Баяндама 2004 «Қазіргі замандағы сан қырлы əлемдегі мəдени еркіндік», «Бүкіл əлем», 2004.

  8. Қазақстанның демографиялық жылнамасы, 2003. ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет