Э.ғ. к., доцент Ахметова А. А



жүктеу 115.65 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі115.65 Kb.
Э.ғ.к., доцент Ахметова А.А.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


Тауарлық-материалдық құндылықтар өндіріс дамуының

маңызды факторы ретінде

Нарықтық экономика кезінде меншіктіктің көп түрлілігіне сәйкес, экономиканы басқаруда мекеме құқығының кеңеюі, өндірістің салалық ерекшелігі талап етеді: өндірістік қорлар есебін жүргізуде әр түрлі сұрақтарды шешуде техника және тәсілдердің балама және көп нұсқалы тәсілдері қажет.

Өндірістік қорлар (шикізат, материалдар, жанармай және т.б.) дайын өнім алу мақсатымен адам еңбегіне бағытталған заттар болып табылады. Өндірістік жағдайда өзінің түрін сақтайтын және өнімге бірқалыпты құнын аударатын еңбек заттары болып табылады. Еңбек құралдарымен салыстырғанда, еңбек заты бүтіндей қолданылады және өзінің құнын сол өнімге толығымен аударады және әрбір өндірістік циклдан кейін алмастырылады. Өндірісте тауарлық-материалдық құндылықтарды пайдаланудың біртіндеп жоғарлауы өндірістің кеңеюін, өнім өзіндік құнындағы материалдық шығындардың және ресурсқа бағаның өсуін көрсетеді. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштеріне өнімнің өзіндік құнына материалдық шығындарды төмендету, үнемдеу, сапаны жақсарту сияқты факторлар маңызды орын алады[8, 125 б.].

Ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға байланысты алғашқы құжаттардың рәсімделуін реттеу, типтік үлестірілген формаларды кеңінен енгізу, есептік-талдамалық жұмыстарды автоматтандыру және механикалан-дыру деңгейін кеңейту, шикізаттар мен материалдар, топтамалық заттарды сақтау, қабылдау және жұмсаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ете отырып, ерекше, тапшы және қымбат тұратын материалды беру құжаттарына қол қоятын лауазымды тұлғалардың санын шектеу арқылы өндірісті қажетті ресурстармен жабдықтауды жақсартуға болады. Өндірістік қорлардың сақталуын, дұрыс қабылдануын, сондай-ақ құндылықтарды өндіріске жіберуді қамтамасыз ету үшін, ұйым жеткілікті мөлшерде қойма, өлшейтін және өлшеуіш приборлар, ыдыстық заттар және басқа да жабдықтармен жабдықталуы керек. Материалдық ресурстарды нормаға сәйкес жұмсалуына және норманың сақталуына, сонымен қатар өндірісте жартылай фабрикаттың, бөлшектердің қозғалысының жедел есебінің анықтығын және нақтылығын жетілдіруге көп көңіл бөлу керек. Сондықтан бухгалтерлік есептің мәліметтері өнімнің өзіндік құны құрамындағы материалдық шығындарды төмендетуге байланысты резервтерді анықтау үшін, шығын нормасын төмендету және сақтауда тұрған материалдар туралы толық ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет [1, 126-128 б.].

Осыған байланысты өндірістік қорлар есебі алдында келесі міндеттер тұр:

- материалдарды дайындау, түсуі және жіберілуі бойынша барлық операциялардың құжаттық көрінісі дұрыс және мерзімді болуын қамтамасыз ету;

- тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындауға байланысты шығындардың анықтығын және дұрыстығын бақылау;

- шығындардың жұмсалуы бойынша ауытқуларды есептеу және есептен шығару;

- материалдық құндылықтарды сақтау орнында және қозғалысының барлық сатысында олардың сақталуын бақылау;

- өндірістік қорлардың бекітілген нормасының сақталуын тұрақты бақылау;

- өндірісте материалдарды қолдануды құрылымдық бақылау;

- технологиялық қалдықтар мен жоғалтуларды және оларды қолдануды бақылау;

- белгіленген шектермен (лимиттермен) салыстырғанда материалдық ресурстарды артық шығыстау немесе үнемдеу көлемі бойынша нақты ақпаратты мерзімінде алу;

- материалдық ресурстармен жабдықтаушы ұйымдардың арасында есеп айырысудың мерзімінде жүргізілуін және жолдағы тауарлық-материалдық құндылықтарды бақылау.
Ұйымда бухгалтерлік есеп пен есеп саясатын ұйымдастыру
Нарықтық экономикаға өту барлық басқару жүйесін өзгеріске ұшырауына алып келді. Кез – келген басқару жүйесі сәйкесінше белгілі бір мәліметтерге сәйкес орнықтырылады. Ұйымның кез–келген түрінде мәлімет-тер жүйесінің негізін бухгалтерлік есеп құрастырады.

Ұйымдарды иелік етудің түрлі меншік түрлерінің пайда болуы, нарықтық құрылымның пайда болуы, яғни әр ұйымның есеп саясаты болуы керек.

Есеп саясаты - бухгалтерлік есеп принциптері бойынша ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау[8, 130 б.].

Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.

Есеп саясатының басты міндеттері:

- ұйымның қаржы – шаруашылық қызметін объективті көрсету;

- ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру.

Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай принциптерін сақтау керек:

1. Есептеу – ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамданады.

3. Түсініктілік – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдала-нушыларға түсінікті болуға тиіс.

4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.

5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.

6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.

7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.

8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.

Бұл принциптер ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады [8, 131-132 б.].

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.



Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Қазақстан Республикасының заңы мен бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілген құжаттардың қатарына мыналар жатады:

  • бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;

  • бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;

  • алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

  • ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;

  • актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі;

  • актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

  • құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;

  • шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;

  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызда мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:

  • меншік нысаны мен құықтық-ұйымдастырушылық нысаны (ЖШС, ААҚ, ЖАҚ, өндірістік кооператив және т.б.);

  • салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және т.б.);

  • қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;

  • салық салу жүйесі мен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық салудан босату, салық мөлшері және тағы басқа);

  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы ;

  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша );

  • материалдық базасының болуы;

  • кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болуы қажет.

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастыратын уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

  • негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері;

  • материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;

  • шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) есептеу әдістері;

  • өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляцияла жүйесі;

  • жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі;

  • дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;

  • аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары;

  • материалдық қорларды бағалау есептеу әдістері;

  • негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;

  • курстық айырманы есептеу;

  • тағы да басқалар.

Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.

Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • нормативтік әдіс;

  • өндірістік өңдеу сатысы;

  • тапсырыстық әдіс.

Үстеме шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі.

Үстеме шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей шығындар;

  • тікелей шығындардың жалпы сомасы;

  • материалдық шығындардың сомасы;

  • сметалық мөлшерлеме;

  • өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.

Аяқталмаған өндірістің бағалануы.

Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:

  • нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;

  • тікелей шығындар бойынша;

  • жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.

“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі [1, 131-132 б.].



Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол турал түсініктеме берілуі қажет

Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;

  • бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;

  • жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының , еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелеоінің өзіндік бухгалтерлік есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.

Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет [1, 142 б.].

Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп» Оқу құралы- Алматы: Экономика, 2005 жыл-242бет.

  2. Бейсенова М. Кәсіпорын экономикасы. - /М.Бейсенова, А.Садықбеков, Алматы, Ғылым, 2002. – 230 б.

  3. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. – Алматы, ТОО “Издательство LEM”, 2007. – 375 б.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет