ЭҚабж мо 18. 4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп



жүктеу 83.14 Kb.
Дата06.03.2017
өлшемі83.14 Kb.


19.12.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.






«Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1, анықтама үшін телефондары: 8 /7242/ 60-54-08, uiir@korda.gov.kz,

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігінің қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырылуын және басқарма басшысының тапсырмалары мен бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру аясында мақсатты индикаторларға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауда бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды. Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыруға қатысады. Қазақстанның индустриаландыру Картасына жобаларды енгізу бойынша жұмыс жасау.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму саясатты іске асыруда ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Сараптамалық комиссияның және Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырыстарын ұйымдастыруда бөлім басшысының тапсырмаларын жүзеге асырады. Қызылорда облысы бойынша жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың іске асыру барысында туындаған кедергілерді шешуге ықпал ету, шешу жолдарына ұсыныстар енгізу. Инвестиция тарту бойынша болжамдар мен ұсыныстар енгізу.

Жобалардың мерзімінде іске асырылуын қамтамасыз ету.

Өз құзыреті шегінде басқарма басшылығының және бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын сапалы әрі мерзімінде орындау.

Бөлім басшысы еңбек демалысында немесе іссапарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында көзделген жағдайларда жұмыс орнында болмаған жағдайда бөлім басшысының міндетін атқару.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандығы бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Кәсіби қызметті тиімді атқаруға қажетті құзыреттер:


  • бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

  • тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

  • «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

  • ҚР Кәсіпкерлік кодексін білуі;

  • ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын білуі;

  • ҚР инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен оны іске асырудың ұлттық жол картасын білу;

  • осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;



  1. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  2. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  3. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы
    21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  6. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  7. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

  1. 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1, облыстық мекемелер үйі ғимараттың


5 қабатында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1, облыстық мекемелер үйі ғимараттың


5 қабатында) өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Қызылорда облысының индустриялық-

инновациялық даму басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет