ЭҚабж мо 18. 4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп



жүктеу 79.58 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі79.58 Kb.


18.04.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды



040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, анықтама телефоны: (872833) 32037

Электрондық мекенжайы: E.Akhmetkhanov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 



Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау соңғы жариялауған күннен 5 жұмыс күні ішінде мына мекен жайы бойынша: 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, анықтама телефоны: (872833) 32037, аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын E.Akhmetkhanov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz, keden.dostyk@mail.ru, электрондық адреске ұсына алады.

Іріктеуге қатысу үшін:

а) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

б) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

      С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-5

83 282

112 431



1. «Достық» кеденінің «Алакөл» кеден бекетінің санитарлы-карантиндік бақылау бойынша бас маман С-О-5 санаты маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 25.11.2018 ж. дейін) АКБ-10-13 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген міндеттер шегінде, санитарлық-карантиндік заңнама талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру; ҚР-ның санитарлық-эпидемиологиялық саладағы заң талаптарының орындалуын бақылау және халықтың саулығы үшін, азық-түлік өнімі қауіпсіздігінің рұқсат құжаттарының бар болуын тексеруді жүзеге асыру; Кеден бекетінің өткізу пунктінде санитарлық-карантиндік бақылауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; Кеден ісі саласында санитарлық-карантиндік заңнамаларға қатысты, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; Өз құзыреті шегінде кеден органдарымен, СЭҚ қатысушылармен және кеденнің құрылымдық бөлімдерімен хат алмасуды жүзеге асыру; Өзіне заңнамалармен жүктелген, басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

Талаптар: білімі жоғары: денсаулық сақтау және әлеуметтік.
2. «Достық» кеденінің Адам ресурстары басқармасының Персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы

С-О-5 санаты, №АРБ-02-1-2 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттіліктерді жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандардың қажеттілігіне байланысты штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау, Кеденнің лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, еңбек демалысын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Кеден персоналының еңбек тәртібінің талаптарын сақтауына бақылау, қажет болған кезде кінәлілерді тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда консультация беру. Кеденнің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру әдістерінің нысандарын жетілдіруге бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда және құрылымдық бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденде мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың талаптарын іске асыру мәселелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу; азаматтардың және Кеденнің құрылымдық бөлімшелердің өтініштерін, Басқарма басшысының тапсырмаларын қарау. Салық құпиясының сақталуын қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу және бекітілген міндеттер шеңбері бойынша құжаттардың, қатаң есептілік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар.

3. «Достық» кеденінің Ақпараттық технологиялар басқармасының

бас маманы, С-О-5 санаты, №АТБ-04-3 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Кедендегі қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бюджетті, қызметтер мен ресурстардың жоспарлауын ұйымдастыру, олардың орындалу сапасын бақылау, жобалық қызметті ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды өткізу, сапалы іскерлік хат алмасуды және құжаттар жобаларын дайындауды қамтамасыз ету. Деректер қорын сүйемелдеу бойынша қызметтік міндеттерді бөлеу жұмысын ұйымдастырады. Деректер қорындағы кедендік құжаттарды сүйемелдеу мен қолданушылар жүйесінің әкімгері. Кедендік ақпараттарды бақылауды жүзеге асырады. ЖКД мен КҚТ ЭК өңдеу мен сүйемелдеу және орталық сервердегі деректер қорына жіберуді жүзеге асырады. Бөлімнің жұмыс жоспары мен жұмыс кестесін құруды іске асырады. Электрондық поштасының серверін әкімшілендіру. ЖКД ЭК-нің санын салыстырып тексеру, сараптама жасау. КААЖ-1, КААЖ-2 бойынша қолданушылардың құқығын бөлуді әкімшілендіру. ҚР ҚМ КБК жетекшілік ететін бағыт бойынша есептер мен сұрауларға уақытында жауаптар дайындау. Ұжымда жұмыс істей білу, бірыңғай корпоративті рухын құру қабілеті, жанасқыштық, орындаушылық, оперативтілік және талапшылдық. Жоғары моральды, этикалық және іскерлік қасиеттері.

Талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдар, математика, информатика немесе құқық немесе ақпараттық технологиялық саласында.
4. «Достық» кеденінің Ұйымдастыру-қаржы басқармасы Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 10.08.2018 ж. дейін), С-О-5 санаты, ҰҚБ-05-2 2

Функционалдық міндеттері: Кеденнің құрылымдық бөлімшелерінің тіл туралы заңнама, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері, Комитеттің, Кеденнің мемлекеттің тіл саясатын регламенттейтін бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулары нормаларының және ережелерінің сақталуын бақылау, Кеденнің басшылығы қол қоятын мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттары жобаларының мемлекеттегі тілдегі мәтіндерін редакциялаудан өткізуді қамтамасыз ету; Кеденнің құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша жоспарлы іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау; Пресс-конференциялар, брифингтер, ақпараттық хабар пресс – релиздер өткізуді ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін материалдар дайындау; Кеденнің құрылымдық бөлімшелеріне өз қызметі бойынша БАҚ-қа материалдар дайындауға ықпал ете отырып практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденнің қоғамдық консультативтік кеңестерін және дөңгелек үстелдерін БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру; БАҚ бойынша мониторинг жүргізу; сыни мақалаларға жедел жауап беру; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының уақытылы және сапалы орындалуын бақылау және таратуды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу, олардың уақытылы орындалуын бақылау; ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне ұсыну үшін 1-ТӨ тоқсан сайынғы статистикалық есепті қалыптастыру және шығарып салуды сүйемелдеу; бөлімнің істер тізімдемесіндегі құжаттардың ішкі тізімдемесін жасап мұрағатқа өткізуге дайындау; мұрағаттағы құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізу; сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға акті жасау.

Талаптар: білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдар математика, информатика немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет