Э н. профессор М. Д. Жұмабаева. Силлабус «5В090800 «Бағалау» мамандығының студенттеріне/магистранттарына арналған ««Іскерлік қазақ тілі» курсының типтік бағдарламасы



жүктеу 412.79 Kb.
бет3/3
Дата15.01.2017
өлшемі412.79 Kb.
1   2   3

Сөйлесім сұрақтары:

1.Көше тәртібін бұзған жолаушыны көрсеңіз қандай ескерту жасар едіңіз?

Көше тәртібін өрескел бұзған жүргізушіні байқасаңыз қандаай шара қолданасыз?

2. Алғашқы бағдаршам қалай пайда болған? Оны ойлап тапқан кім?

Түрлі-түсті бағдаршамдар қашан пайда болды?

3. Базардың «көк базар аталуының себебі не?

Көк базар тарихы туралы не білесіз? Базарға көк-сөк сатып алуға бардыңыз.

Диалог құрастырыңыз.

4. Электр қуатын қалай ұнемдеуге болады? Ақыл-кеңесіңізді беріңіз.

Күннен алынатын электр қуатының пайдасы туралы не айтасыз?

Әлемдік электр көзін үнемдеуге қосар үлесіңіз турал ыайтып берсеңіз.

5. Судың адамға берер пайдасы туралы не айтасыз? Әлемдік су көздері туралы не білесіз?

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдарының болжамы туралы не білесіз?

6. Қазақша БАҚ туралы не білесіз? Қазақша газеттен оқыған қызық әңгімеңіз туралы

айтып беріңізші...

7. Қазақша сайтттардың мазмұндылығы,сауаттылығы туралы пікір қосыңыз.

Қазақша сайттардың қызықтылығы, тартымдылығы туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

8. Бала тәрбиесіне қай жастан көңіл бөлген жөн? Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың,

қоғамның, ортаның әсері мен рөлі қандай?

9. Әдепті адам деп қандай адамды айтар едіңіз? Жастар арасындағы адамгершілік

қарым- қатынас жайлы не айтасыз?

10. Қазақтар адам жасын қалай бөлген?

11. Өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы айтсаңыз.

Адам сүйікті ісімен айналысса, көптеген жетістікке жетеді дегенге қосарыңыз...

12. Болашақтағы жоспарыңыз туралы айтып берсеңіз. Болашақтың формуласын жасай

аласыз ба?

13. Қазақша ай таттарының шығуы туралы не білесіз? Григориан күнтізбесі туралы

естігеніңіз бар ма?

14. Туған күніңізді қалай тойлайсыз? Сіздің отбасыңыздағы жиі тойланатын той туралы

әңгімелеңіз.

15.Қазақтардың жиі тойлайтын тойы туралы не айтасыз? Қазақстандықтардың жиі

тойлайтын тойы және қалай тойлайды?

16.Әр үйдегі ынтымақ, шаттықты қалай орнатуға болады? Сіз отбасыңыздың бақытты болуы үшін не істер едіңіз...

17. Адам алдымен өзін қалай таныта алуы керек? Қай жағынан өзін таныту керек?

18. Қазіргі қоғамдағы адамды дәрежесіне,атақ-даңқына, байлығына қарай бағалауға қосар

ойыңыз...

19. Білімді ұрпақ – келешектің негізі» дегенге қосар ойыңыз...

20. «Келешектің негізі – білімде» деген пікірге не айтар едіңіз?

21. «Туған жерді шын мәнінде құрметтей аламыз ба? деген ойға қосар пікіріңіз.

22. «Әнші құм - табиғат ескерткіші» туралы естідіңіз бе?

23. Қазақстндық ғылым және ғалымдар туралы не білесіз?

24. Қазақстан ғарышы туралы білетініңізді ортаға салыңыз

25. «Болашақ» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері туралы қосар ойыңыз.

26. Айтыс өнерінің ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

27. Қазақтың күй өнері туралы не білесіз?

28. Компътердің пайдасы мен зияны тура қосар ойыңыз.


Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:

1.Қ.А.Жақыбаева., Г.Ш.Акимбекова. «Қазақ тілі» оқу құралы (жоғары деңгей). Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Экономика, Алматы 2012

2. Ш.Бағиева. Іскери қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Алматы, 2012

3. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009ж.

5.Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен,Алматы, 2009ж.

З. Күзекова, Р. Әбдіқұлова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде тілді оқытып үйретудің екінші кезеңіне арналған оқулық. Алматы, «Раритет», 2011ж.

www.til.gove.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). − Астана, 2010.

7. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 4-7 беттер.


Қосымша әдебиеттер:

1. Ж.М. Аяпова. М. Арынов. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық сөздігі. Алматы. 2002 ж.

2. Г. Камешова. Қазақ тілі. Іскери қарым-қатынас үшін, Алматы, 2009ж.

3. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Раритет», 2011ж.

4. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

5. З.Күзекова., Г.Қарақұсова. Қазақ тілі (эконом). Алматы, «Қаржы–Қаражат», 1997ж.

6. Ғ.Ә.Байтілеуова., Ш.С.Сұлтанова. Іскерлік қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, 2009ж.

7. Қ.А.Жақыбаева, Ш.М.Бағиева. Қазақ тілі. Жалғастырушы деңгей. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық жобасының тыңдаушыларына арналған оқу құралы. Алматы, 2011ж.

8. http://www.nur.kz/

9. http://www.google.kz/


Бағалау саясаты

Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 – балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Қазақ тілі пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы ) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан (ұпайдан) кем болмауы керек.



Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг):2 (орташа арифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг те) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы:


Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташа арифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7(баға саны)=72. (1Аб).

1 аралық бақылауда(АБ) бұл студент/манистрант 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ) : 2 құрайды, яғни (63+83):2=73. ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.

Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) - 65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді (егер оқу жұмыс жоспарында курстық жұмыс қарастырылған болса).



Себепсіз практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырманың бағасын 60балға, практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 40 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.





Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)

Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)


95-100

4

А

Өте жақсы

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты
Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Қазақ тілі пәнін игеру практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс практикалық сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды оқу немесе практикалық сабақтарына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы практикалық сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша сауалнама түрінде, билет бойынша, тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады (жазбаща тест түрінде).



Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау (РК) өткен материалдарды сұрау бойынша (сұрақ,тест.глоссарий түрінде) өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады (сұрақ,тест.глоссарий түрінде).

Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80%-дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады. График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы).Бақылау іс шаралары(Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практикалық сабақтардағы белсенділік. Студенттер практикалық сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат (шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді. Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМАТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Келтірілген контингент 13

Талап етілген әдебиеттер саны 16 негізгі 14 ; қосымша 2




Университет кітапханасындағы бар әдебиеттер

Сатып алуға тапсырыс

атауы

саны

атауы

саны

1

2

3

4

5

1.

Кәсіби қазақ тілі (Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит)  

10

Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Экономика жә...  

20


2.

Іскериқазақтілі  

100

Орысша-қазақша қазiргi экономикалық терминдердiн түсiндiрме сөздiгi  

20


3.

Іскериқазақтілі  

185







4.

Қазақтілі  

100







5.

Қазақтілі мен өлкетану № 1  

1







6.

Қазақтілі мен өлкетану № 2  

1







7.

Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Экономика жә...  

1







8.

Кәсіби қазақ тілі. 1 оқу кітабы  

135







9.

Кәсіби қазақ тілі. 2 оқу кітабы  

135







10.

Кәсіби қазақ тілі. 3 үй кітабы  

135







11

Іскерлікқазақтілі  

36







12

Іскерлікқазақтілі  

6







13.

Орысша-қазақша кәзiргi экономикалық терминдердiн тусiндiрме сөздiгi  

1







14.

Қазақ тіліндегі көнерген аталымдар лұғаты  

200










Ф-ПР-02.3.2-05-2014-03 Силлабус


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет