Э н. профессор М. Д. Жұмабаева. Силлабус «5В090800 «Бағалау» мамандығының студенттеріне/магистранттарына арналған ««Іскерлік қазақ тілі» курсының типтік бағдарламасы



жүктеу 412.79 Kb.
бет1/3
Дата15.01.2017
өлшемі412.79 Kb.
  1   2   3

Алматы, 2014

Құрастырғандар: аға оқытушы Қ.Жақыбаева

аға оқытушы Н.Әміреев

д.э.н. профессор М.Д.Жұмабаева
. Силлабус «5В090800 – «Бағалау» мамандығы» мамандығының студенттеріне/магистранттарына арналған ««Іскерлік қазақ тілі» курсының типтік бағдарламасы (міндетті компонент үшін) Жұмыс бағдарламасы» негізінде құрастырылған7

Жұмыс бағдарламасы Тілдер кафедрасының мәжілісінде қарастырылған

№ «_____» хаттама__________________2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Г.Садыр




Кіріспе
Кәсіби қазақ тілін оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін сөйлеуде қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды игерту қарастырылады. Кәсіби қазақ тілінің зерттеу нысаны — сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту практикалық сабақтар, ОБСӨЖ (Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін жұмысы), СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіби қазақ тілін оқытудың мақсаты: коммуникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құзыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда ғылыми тілмен қазақша ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби бағдарға дайындықты қамтамасыз ету.

Кәсіби қазақ тілін оқытудың міндеттері:

  • қазақ тілін кәсіптік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;

  • қазақ тілін іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;

  • студенттердің ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру;

  • мамандық туралы энциклопедиялық және зияткерлік – мәдени мәліметтермен студенттердің білімін толықтау;

  • студенттердің диалогтық және монологтық сөйлеуін, ауызша және жазбаша түрде дамыту.


Алдыңғы деректемелер: мәліметтерді беруге дайындығы болуы; белгілі бір тақырыпты талқылауға деген өз қабылдауының болуы; тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылай білуі; алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіре алуы; мәліметтерді беруге дайын болуы; нұсқау, кеңес бере білу; мәліметтерді беруге дайындығы болуы керек.

Кейінгі деректемелер: оқудың басты стратегиясын пайдалану; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, қажетті ақпараттарды ала білу; мамандық бойынша ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу, таңдаған кәсібі бойынша баяндама жасай білу. оқу-кәсіби сала бойынша сәлемдесуді, алғыс білдіруді, сұхбаттасуды, келісуді, келіспеуді, талап етуді және т.б. білуі тиіс.
Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі керек:

Пән бойынша үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды сөз әдебі тұрғысынан орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сөйлеуде, жазуда, ойды жеткізуде сыпайы сөздерді таңдап алуға дағдыландырады.

Пәндік мамандандырылған:

Тыңдалым бойынша:

  • берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

  • түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жекелік мағыналық бөлшектері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс;

  • іскер-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу тиіс;

Оқылым бойынша:

  • оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы,баяндаманы оқу барысында оқудың стратегияларын қолдана білуі;

  • мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

  • хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу тиіс;

Жазылым бойынша:

  • мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта, толықтыра, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

  • ғылыми баяндама, мәлімдеме, баяндама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

  • нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары, тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі тиіс.

Айтылым бойынша:

  • өздеріне ұсынған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады.

  • берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі;

  • баяндама жасай білуі, сұхбат құра білуі тиіс;

  • айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпараттар ала білуі;

  • мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарастарын серіктесіне жеткізе білуі;

  • естіген ақпараттары жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс;

  • қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, үйрету;

  • сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту;

  • кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру;

  • іскерлік қарым-қатынастағы оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңның» 4-бабында жазылғандай қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналғандықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында барлық деңгейлерде типтік бағдарламалар негізінде тақырыптар беріледі.

Кәсіби қазақ тілінде берілген бағдарлық тақырыптарды игеру арқылы ресми тілде сөйлеу, жазу түрлеріне машықтандыру, кәсіби терминдер бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарын сауатты жүргізу ескеріледі. Сонымен қатар, кез келген ресми және бейресми жағдайларда қарым-қатынас жүргізе алатын тақырыптық диалог үлгілері, аудио материалдары да кеңінен қамтылған.




Күнтізбелік-тақырыптық жоспар




р/с

Тақырып атаулары

Апта бойынша бөлінуі

Практикалық сабақтар

СОБЖ

СӨЖ

1

2

4

5

6

1.

Бағалаудың негізгі ұғымдары

3

1

2

2.

Бағалаудың қағидалары және бағалауға әсер ететін факторлар

3

1

2

3.

Бағалау қызметін құқықтық реттеу

3

1

2

4.

Бағалауда қолданылатын жүйелік талдау

3

1

2

5.

Бағалаудың негізгі аспаптарына шолу және капитализация әдісі

3

1

2

6.

Уақытқа байланысты ақша құны

3

1

2

7.

Бағалау қызметіндегі математикалық статистиканың әдістері

3

1

2

1 – аралық бақылау

8.

Бағалау қызметіндегі математикалық әдістерді қолдану

3

1

2

9.

Қаржылық есеп беру мен коэффициценттердің талдануы

3

1

2

10.

Қаржыландыру аспаптарын талдау

3

1

2

11.

Элвудтың ипотекалы-инвестициялық техникасы

3

1

2

12.

Бағалаудағы шығындық тәсіл

3

1

2

13

Сатуда тура және салыстырмалы талдау тәсілдерін қолдану кезеңдері

3

1

2

14.

Бағалаудағы табыстық тәсіл

3

1

2

15.

Физикалық- калдық әдісі бойынша капитализация әдісі

3

1

2




Барлығы 90

45

15

30

2 - аралық бақылау

Емтихан сессиясы


Практикалық, зертханалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау


р/с

Практикалық сабақтардың сұрақтары

Әдебиеттер




Бақылау түрі

Жоғары балл

1

1. Бағалаудың анықтамалары

2. Мүліктің құнын бағалаудағы негіздемелер Құнның баға мен шығыннан айырмашылығы

3. Көшеде жүру тәртібі


1. З.Күзекова

«Қазақ тілі» практикалық курсы, Алматы,

Рари-тет,

2. З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгіме-

леу, ой бөлісу, пікір-талас



100

100
100



2

1. Бағалаудың өз ара байланысты қағидаларының үш тобы

2. Өндіріс факторлары: жер, капитал, еңбек 3.Бағдаршамның шығу тарихы



З.Күзекова

«Қазақ тілі» практикалық курсы, Алматы,

Рари-тет,

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экон.фак.-не арналған)



Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс


100
100


100

3

1. ҚР бағалау қызметін реттеу туралы бойынша заң.

2.Бағалау бойынша есеп беруді рәсімдеуге қойылатын талаптар

3.Базар тынысы


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн.Практика-лық курс, Алматы, 2009ж.

Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



100
100
100

4

1.Жүйелік талдау зерттеудің теориялы-қолданбалы бағыты ретінде

2.Бағалау қызметін жүйелік талдауда қолданылатын ақпараттық технологиялар

3. Көк базар тарихынан


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Раритет», 2011ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Әңгіме

леу, пікір-талас баяндау



100

100

100


5

1.Сатып алу кезеңі. Жалпы ренталық мультипликатор

2. Таза ағымдағы құн. Элвул техникасы. Капитализация коэффиценттеріне шолу.

3. Электр қуатын үнемдеу


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Раритет», 2011ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Әңгімелеу, пікір-талас, баяндау

100

100

100


6

1.Ақшаның алты қызметі.Бірліктердің жинақталған құны. Күрделі пайыз сұлбасы.

2. 72- жылдың ережесі және жинақталу. Дискретті және үздіксіз жинақталу.

3. Суды үнемдеу


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Монолог, диалог

100

100

100


7

1. Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері
. Сызықтық регрессия. Сызықтық емес регрессия.
3.Бұқаралық ақпарат құралдары

З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Жеке жұмыс

100

100

100


Бірінші аралық бақылау

8.

1. Бағалауда эконометрикалық әдістерді қолдану. Болжам әдістері

2. Excel графикалық құрамы көмегімен болжамдар жасау.

3. Қазақ тіліндегі сайттар


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Монолог, диалог

100

100

100


9

1. Бухгалтерлік баланстың тік және көлденең талдануы.

2. Есеп беру мәліметтері бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептелген іскерлік белсенділіктің коэффициценттері

3.Сүйікті ісіңіз


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.


Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



100

100

100


10

1. Ұдайы ипотекалық несие төлем сомасының есебі.

2. Несиелік дисконттар және несиені ұзақ мерзімді қайтару.

3. Тойыңыз тойға ұлассын


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Ойын түрлері

100

100

100


11

1. Элвуд формуласы. Элвудтың «С- таблицасын» қолдану.Ипотека-лық қарыз бен элвуд техникасы.

2. Сөз әдебі

3. Қазақтардың жиі тойлайтын тойы


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгіме-

леу, ой бөлісу, пікір-талас



100

100

100


12

1. Шығындар мен құн. Қайта қалпынакелтіру-дің толық құны мен орын басудың толық құныТура және жанамашығындар. Тозуды бағалау, физикалықтозу,

функционалды тозу.

2. Көшбасшыңы-ның сөйлеу әдебіне қойылатын талаптар

3. Әр үйге шаттық орнайды




З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгіме-

леу, ой бөлісу, пікір-талас



100

100

100


13

1. Аналогтарды таңдау. Қосарланған сату. Жалпы түзетулер. Салыстыру бірліктері

Құрылыс жүргізілген учаскелер. Сату бағасы мен табыс қатынасы негізделген жобаларды бағалау.

2. Жұрт алдында сөйлеу әдебі

3. Үй салу оңай ма?




З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

З.Күзекова

Қазақ тілі,

(ЖОО экономика факультеттеріне арналған)



Әңгімелеу баяндау

Сұхбат,


сұрақ –жауап,

әңгіме-


леу, ой бөлісу, пікір-талас

100

100

100


14

1.Бағалаудағы табыстық тәсілге негізделген методология. Бағалаудың ағымды және болашақ құнын бағалау.

Бағалау объектісінің нарықтық құнын бағалаудағы табыс тәсілінің орны. Табысты тура капитализа-

циялау әдісі. Ақша ағымдарын дисконттау әдісі.

2. Пікірталас мәдениеті

3.Адам, сен алдымен, өзіңді таны


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.


Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



100

100

100


15

1. Жерді

пайдаланудың теориялық негізі. Жер экономика-сының калдық теориясы.

Ғимарат үшін калдық теориясы. Жалпы меншік үшін калдық техникасы.

2. Келіссөзде кезедесетін орамдар (оралымдар)

3. Компьютерсіз өмірді елестете аласыз ба?


З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.


Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



100

100

100


Екінші аралық бақылау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет