Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку



жүктеу 3.68 Mb.
бет15/16
Дата15.01.2017
өлшемі3.68 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Тіл мәдениеті

Қазақ тілінің бүгінгісі мен ертеңіне қатысты ғалымдар мен зерттеушілердің ой-пікірлерінің салыстырмалы жиынтығы.

Тілдік тәсілдердің ширау, даму дәрежесін фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік заңдылықтар мен нормаларды, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану машығы жаттығады.

Тюркологияға кіріспе курсы

Түркі тілінің құрылым-жүйесі. Өзіндік ерекшелігі. Бүгінгі қазақ тіліндегі түркі тілінің сақталу түрлері. Оның фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік заңдылықтарымен салыстырмалы тұрғыда меңгеру дағдысы, машығы дамытылады.



Түркі тілінің салыстырмалы грамматикасы

Жалғамалы топқа жататын түркі тілдерінің тамыры бір екенін аңғаратын жаттығуларды орындау арқылы машықтық іскерлігі ұшталады.

Грамматикалық өзіндік ерекшеліктерін діттейтін теориялық ұғымдарды түйістейтін әрекеттері жаттығады.

Қазақ тілі грамматикасының тарихы

Ойма жазудан бүгінгі алфавит жүйесіне жету жолдарының тарихын меңгеру қабілеті жаттығу жұмыстары арқылы ширатылады.



Әдебиеттану іліміне кіріспе

Әдебиетке кіріспе курсының негізгі нысаналарын зерттеушілердің еңбектерінде алгоритмдеу. Оның бүгінгі құрылым-жүйесін алғашқы қалыптасу кезеңдерімен байланыстыра қабылдау іскерліктері дамытылады.



Әдебиет теориясы

Әдебиет қисынының қалыптасу, зерттелу кезеңдері. Жанрлық жіктеменің айшықтау мен құбылту жүйелеріне ықпалы. Оның мұраттық сипаты, құрылымдық заңдылықтары мен қағидалары. Әдеби мәтіннің көркмдігі мен оқиға және оқиғасыздығы. Құбылыстар мен үрдістердің шоғырлану тәсілдері.

Қаһарман, кейіпкер, бейне және типтік кейіпкерге саралып, дараланып келуінің себептерін көркем шығармаларды талдау әрекеті арқылы дамыту көзделеді.

Қазақ әдебиегінің тарихы

Қазақ әдебиетінің тарихи кезеңдерін зерттеушілердің еңбектеріне негіздеу қабілеті дамытылу назарда болады.



Ежелгі дәуір әдебиеті

Түркі тұқымдас елдердің әдеби шығармаларын зерттеушілердің еңбектерін жинақтау тәсілімен қабылдау, оның философиялық маңызын ажыратарлықтай деңгейліктердің озықтық көзқарастарды байланыстыра алу іскерлігімен ұштастығын жүзеге асыру басты рольде болады.



XV - XVIII ғасыр әдебиеті

XV-XVIII ғасырдан басталу себептерін бүгінгі өзекті мәселеге негіздеу. XV ғасырға дейінгі әдеби шығармалардың назарға ілікпеуінің мәдени құндылықты арттыруға тікелей ықпалы.

Зар заманда жырлаған Асан Қайғыдан бүгінгі күнге дейінгі ел басына туған тауқыметтің әдеби шығармалардағы ізі. Осы іскерліктерді талдау барысында игеру басты нысанада болады.

XIX ғасыр әдебиеті

Отарлау саясатының әдеби шығармалардағы көрінісі. Жанрлық сипаты. Оптимизм мен пессимизмнің шығармалар арқылы берілу тәсілдері. Әдебиеттің саясаттануы. Осы қабілеттіліктерді талдау барысында меңгеру көзделеді.



XX ғасыр әдебиеті

Екі төңкерісті басынан кешкен халықтың әдеби шығармасындағы әлеуметтік жағдайлардың сипаты. Адамның тұлғалық болмысының тоталитаризм құрсауына бұғаулануы. Құлдық психология. Зерттеушілердің 20-ғасыр әдебиеті жайлы филологиялық тұжырымнамаларының маңызы. Аталған әдеби машықтарды әдеби шығармаларды оқу, талдау үрдісінде ширату көзделеді.



Қазіргі дәуір әдебиеті

Уақыт пен кеңістік талабына сай қазіргі дәуір әдебиетіне зерттеушілердің көзқарасындағы өзгерісті монографияларды талдау үрдісінде аңғару. Жанрлық ауқымы. Орыс және басқа әдебиеттердің қазақ әдебиетіне ықпалы. 70 жыл бойы дербес дами алмаған төл әдебиетіміздің даралық сипатын бағамдау дағдысы көркем шығармаларды оқу, талдау әрекетінде ұшталады.



Балалар әдебиеті

Балалар әдебиетінің зерттелу барысы. Жанрлық ауқымы. Талдау үрдісінде балалар әдебиетінің өзіндік ерекшелігін ажыратарлық, оның жанрын жіктей аларлық іскерліктер дамытылады.



Мәнерлеп оқу

Мәнерлеп оқудың ерекшелігі. Оның фонологтық маңызы. Әдеби шығарманы түсініп оқу, оның құрылым-жүйесіндегі, жанрлық маңызына орай сипатын меңгеру. Мәнерлеп оқудың іске асуын жаттығу жұмыстары арқылы ширату басты назарда болады.


4. Студенттердің оку жүктемесінін көлемі

Теориялық дәрістері - апта сағат

- педпрактика - апта

- сынақ-емтихан - апта

- мемлекеттік емтихан

- дипломдық жұмыс -

- каникул -

Барлығы -


Кәсіптік мамандықты меңгеру үшін білім меңгеру мазмұнының бағдарламасы 03.07

«Қазақ тілі мен әдебиеті»


Индекс

Пәннің атауы мен негізгі тараулары

Барлық сағат

Ауд.
















Қазақ тілін оқытудың әдістемесі

140

46




Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі

140

46




Тіл біліміне кіріспе

102

38




Жалпы тілтану

110

44




Қазіргі қазақ тілі

750







Фонетика

92

30




Лексика и фразеология

ПО

40




Сөзжасам

90

40




Морфология

136

40




Морфология

ПО

40




Синтаксис

140

50




Синтаксис

72

20




Қазақ тілінің практикумы

200







Қазақ тілі грамматикасының тарихы

150

60




Қазақ диалектологиясы

60

24




Қазақ әдебиетінің тарихы

80

40




Стилистика

75

30




Көркем текстіге лингвистикалық талдау

75

10




Сөйлеу мәдениеті

60

22




Түркі тіліне кіріспе

54

20




Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

64

24




Қазақ графикасының тарихы

70

20




Әдебиет теориясы кіріспесі

110

44




Әдебиет теориясы

114

40




УНТ

108

40




Қазақ әдебиетінің тарихы

652







- Ежелгі дәуір

48

18




- XV-XVIII ғғ. әдебиеті

80

30




- ХІХ ғ. әдебиеті

108

50




- ХХ ғ. әдебиет

108

50




- Қазіргі дәуір әдебиеті

308

106




- Балалар әдебиеті

54

20




Көркемдеп оқу

40

8




Қазақ тілінен арнаулы курс

80

54




Қазақ әдебиетінен арнаулы курс

80

54




Орыс әдебиетінің тарихы

134

60




Шетел әдебиетінің тарихы

152

70




Шығыс әдебиетінің тарихы

144

60




Әдебиет сынының тарихы

50

20




Түркі елі әдебиетінің тарихы

146

60




Қазақ әдебиетінің арнаулы курсы

108

72




Қазақ тілінің арнаулы курсы

114

96


Қойылатын талаптар:

Бұл мамандандырылған мінездеме нормативтік құжат есептеліп, төмендегідей көкейкесті мәселелерді негізгі нысанда ұстайды:

- университет бітірушілер мектептерде «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ұстаздық кәсіпке ие болады:

- кәсіптік сипаты мен әлеуметтік қызметіне жалпы мамандыққа орай міндеттеріне сәйкес талаптар қойылады. Жоғарғы оқу орнында оқу-тәрбие ұйымдастыру үрдісінде аталған мамандыққа даярлық мәселесі шешіледі;

- ЖОО-ның түлектерінің білім сапасының деңгейі аттестацияға қойылатын талаптармен қорытындыланады;

- ЖОО - түлектері білім сапасының даярлығына жауапты, оны оқу орнында кәдеге жаратуға ынталы болуға тиіс;

- мамандандырылған мінездеме ЖОО-ның басқару ісіне арналады, министрлік пен мектептер үшін, басқа да осы мамандықты қажет деген мекемелер үшін құжат жоғарғы білімді мамандардың қажеттілігін үлгілеуге, жобалауға қызмет етеді. ЖОО-дағы жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен мазмұн мақсатын анықтайтын тірек (субстанция), ЖОО-на түсушілердің кәсіптік бағдары үшін, оларды орналастыру, түлектерді аттестациядан өткізіп, кәсіптік іскерлігін сараптау үшін қозғаушы күш;

- мамандандырылған мінездеме сұраным негізінде үндесіп құрылады, түлектерді даярлау деңгейін кешенді үрдісте диагностикалап, мамандық шеберлігін белгілеуге бағыт жасайды;



Маманның жұмыс алгоритмі төмендегідей:

- мектептерде арнайы білім көлемінде меңгерген қисындық тұжырымдарын жүзеге асыруы;

- қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің қажетті деген білімдерінің жүйесін мектеп бағдарламасына ыңғайлап, мемлекеттік қалып мектептің түріне сәйкес талаптарының құрылым-мазмұнына құбылтуы;

- мектепке бармай, ғылыми жұмыс төңірегінде қалған зерттеушілік құлшыныс танытушы аспиранттар, сырттай оқитын аспиранттар мен ізденушілер белгілі бір өзекті мәселенің ауқымында эксперимент (мектептерде) жасап, жаңалық ашуға ниеттенуі, осы бағытта ғылыми еңбектің толық сипаттамалары, әдістемелік құралдары кафедраның білім-ғылым қоймасының қорына үнемі қосылып отыруы.

Оқу орнында жүргізілетін мекемелер мен мектептер үшін қазақ тілінен дәрістеме беретін мамандар Қазақстан Республикасының, қазақ халқының тарихын тағылымдау дәрежесінен көрінуге бағыттайды, үнемі өзінің көзқарасын тың деректермен толықтырып, салыстырып, зерделеуге ұмтылады.

Қазақ халқының тарихын әлемдік, дүние жүзілік тарихымен ұштастырып, оның әдебиет және мәдениет арқылы тәрбиеленушілерге меңгерілуіне қолайлы жағдай жасаудың ұтымды әдіснамасын таңдайды. Бұл аталған арналардың мемлекеттік тіл тұрғысында сан салалы бөліктерге бөлінуін қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің салыстырмалы деңгейінде жіктеп, есте сақтауға дағдыланады.

Қазақ тілін тарих, әдебиет, мәдениет, ғылым сияқты нысаналардың жиынтығының негізінде меңгеруге талпынады.

Нәтижесінде қазақша сөйлеу қазақ тілі мамандығының көздейтін басты талабы ғана болмай, Қазақстан Республикасы жағдайын жетік білетін, соны ой түйетін, зиялы, білікті іс-әрекетке ыңғайлайды. Тарихи, мәдени, әдеби, ғылыми ақпараттар тек қазақ тілі пәнінің сан алуан кіші бөліктерден (компоненттерден) тұратын курстарының мазмұн-құрылымдары арқылы мамандық алушыларға қабылданады. Былайша айтқанда, тарих, мәдениет, әдебиет, ғылым салаларынан деректер қазақ тілінен өтілетін дәрістер (лекция), тәжірибешілік, зертханалық жұмыстар арқылы меңгеріледі.

Қазақ тілі мамандығының негізгі атқарар қызметінің түрлері

Мамандық қызметінің нысаналары мен мақсаты.

0308 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын меңгергендер білім беретін және жаңа типті, жеке меншіктегі мектептердің оқушы қауымына мемлекеттік тілді Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ғылымы тұрғысында меңгеретін және мемлекеттік қалыптың мүддесін көздейтін мұғалім қызмет атқарады.

Маман осы мамандандырылған мінездемеге сәйкес атқарар қызметтің төмендегі түрлерін меңгеруге тиіс:

- ғылыми-әдістемелік (мұғалім-зерттеуші)

- ғылыми-филологиялық (аспирант-болашақ филолог ғалым)

ғылыми-басқарушы (әдебиетші-тілші-директор).

0308 «Басқа үлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша негізгі міндеттер

Қызметтің, іс-әрекеттің сан-салалы түрлерінің жинақталған міндеттерін маман құзырлылықпен және жауапкершілікпен шешуі керек:

Ғылыми-зерттеу

Зерттеу ісінде белгілі өзекті мәселені бөліп алып, оған талдау жасау.

Жоғары білім деңгейінің ең қажетті деген қазақ тілін меңгеруге қызмет атқаратын пәндердің шоғырланған жүйесін мектеп өміріне және басқа да қазақша тілді меңгеруге ниеттенген мекемелердің өміріне енгізу.

Бөтен аудиториға, дәріс, қарым-қатынас басқа тілдерде жүргізілетін ортаға қазақша тілді меңгеруге тиімді деген әдіс-тәсілдерді, амал, жол, технологияларды көпшілікке тарату.

Үздік (флективті) тілдің жалғамалы тілге ыңғайлау фонологиясын айқындайтын сызбалар мен матрицаларды салыстырмалы түрде кафедра қоймасына жинау.

Тілді вербальді емес (сөз) әдіспен меңгертудің жолдарын іздеу.

Тыңдаушылардың қабылдау деңгейін ескеріп, білімнің тығыздылығы мен толықтығын жүзеге асыруды үнемі есте ұстау.

Тілді меңгерудің қисындық негіздерін және олардың бағдарламалық түйіндерінен әдістемелік нұсқаулар мен зерттеу үрдісіндегі міндеттерді саралау мен даралау пішінін сұрыптау.

Қисындық (тілге қатысты) ұғымдар мен бернелерді зерделеу, зерттеу, сараптау, оның нәтижелілігін жинақтау мақсатында талдаудан өткізу, оны тәжірибеге ұсыну, эксперимент қисынын гуманитарлық ағымға бағындыра отырып, жоспарлау, ғылыми зерттеудің әдістерін әдіснамалық қағидаға ыңғайлау.



Қазақ тілі саласында мыналарды білу керек:

- қазақ тілінің әлеуметтік негізі жайлы жаңа философиялық көзқарасты меңгеруге бағыттау (парадигма);

- қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы табиғатын, маңызын, белгісін ажырату;

- дыбысжасам мен фонологияның ерекшелігін қазақ тілі мен орыс тілін салыстыру тұрғысында аңғару: сөйлеу аппараты, акустикалық, артикуляциялық дыбыстардың естілу заңдылықтары, фонологы (ырғақ, созылыңқылығы, күші, әуезі, екпіні), сөйлеудегі дыбыстардың жіктелу реті, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстар, буын, тілдің қоғамдық мәні, тіл туралы жалпы мәлімет.

Лексика және фразеология

Бұл нысаналардың да салыстырмалы түрде қарастырылуын қадағалау: сөз туралы түсінік. Сөз пәні. Сөз және ұғым. Лексикалық мағына. Сөз мағынасының келтірінді түрі. Этимология. Ономастика және топонимика.

Тілдің сөздіктерден құралуы. Неологизм, архаизм. Сөздік қор және құрам. Активті және пассивті сөздер. Жалпы - тілдік әдеби, сөйлеу, жергілікті, терминдік, кеңселік, поэтикалық жіктемелер. Синоним, антоним, омоним, басқа пәндерден кірген сөздер. Фразеологиялық жіктеме.

Сөздің құрылымын салыстыру тұрғысында меңгеру: морфема, түбір және қосымшалар.

Сөзжасамның тәсілдерін екі тілді салыстыру әрекетінде қабылдау.

Екі тілдің грамматикалық категорияларын текст арқылы, ситуациялар арқылы бағамдау.

Сөзжасам (морфема) бөлімін екі тіл ауқымында салыстырмалы деңгейде түйсіну: сөз таптарына жіктелуі, олардың жалғану (көптік, тоәуелдік, септік, жіктік) тәртібі. Қазақ тіліндегі сөзжасам нысанасының орыс тілінен ерекшелігі (род, число и падеж).

Сөйлем және күрделенген сөйлем бөлімін екі тіл ауқымында салыстырмалы деңгейде түйсіну: салалас және күрделенген сөйлем.

Сөз тіркестері жайлы мағлұмат. Сөйлем мүшелері. Сөздердің байланысуы (қиысу, матасу, меңгеру, жанасу, қабысу).

Синтагма. Парадигматика. Сөйлемдердің жасалу типі.

Тілдердің даму заңдылығын пайымдау: тіл туралы заңдылықтар (қазақ тілі мен орыс тілі жайлы).

Лингвистикалық зерттеудің әдістері туралы түсінікті сараптау: Ескертпе. Зерттеу әдісі туралы түсінік. Сипаттау әдісі. Салыстырмалы-тарихи әдіс. Тарихи әдіс. Салыстырмалы әдіс. Санамалы әдіс. Талдау әдісі. Тілдерді үйренудің, зерттеудің әдістері.

Тіл білімінің дамуы жайлы мәліметті игеру:

Ежелгі дәуірде өмір сүрген тілдер жайлы ғылым. Қазақ тілін зерттегендер. Құрылым-жүйесінің өзгерістері. Этнолингвистика, социолингвистика. Қазақ тіліндегі қазіргі синтаксис.



0307,0308 мамандығына байланысты

ЖОО бітіршілердін білім әзірліктерінің

сапасын қорытындылау аттестациясы

Аттестация осы мамандыққа берілген мамандандырылған мінездемедегі диагностикалауда құрама құралдарын басшылыққа алады.

Жыл сайын МЕК мамандыққа сәйкес мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыстың жобасын қорғау түрінде өткізіледі.

ЖОО мемлекеттік аттестация құрылған комиссиямен қабылданады.



ЖОО-ны бітірушілердің білім сапасының әзірлігі

мен оны қолдану шеберлігін байқау

қорытындысына жауаптылық

ЖОО-ны бітірушілердің білім сапасының қорытынды көрсеткіші аталған мамандыққа мамандандырылған мінездеме талаптарынан төмен болмауына кепілдік береді.

ЖОО бітірушілердің аттестациядан білім сапасының қорытынды бағасы қанағаттанарлықсыз болса, онда кафедра жауапкершілікте, бұл Жоғары оқу орнының ең соңғы оқу кезеңін бітірушілердің білім сапасын қорытындылау жайлы Ережесінде қарастырылған.

Мектеп және осы мамандыққа сәйкес келерлік мекемелер жас мамандарды жұмысқа алуға және оларды әділетті тұрғыда аттестациядан өткізуге жауапты. Сол сияқты өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мен диплом жұмысы жобасының мазмұны осы мамандыққа берілген мінездемемен үндесуі көзделеді.



Бұлардың жауапкершілігі мамандарды орналастыру хақында бақылаумен еңбек нәтижелілігін анықтайтын аттестация қорытындысымен айқындалады.


индекс

Пәннің атауы мен негізгі тараулары

Барлық сағат

Ауд.




Қазақстан тарихы. Маңызы, түрлері, тарихи сананы дамытудың белгілері; ежелгі дәуір тарихы, әлемдік тарихи процесі, ағымы, өркениет еліне айналуы, отарлау саясатының әсері, тарихи шектеудің жаңа деңгейі, адам менталитеті, интеграция мен ұлтаралық қарым қатынастың ықпалы.










Шет тілін игеру, сөйлеу қызметінің түрлерін ажырату аясында жүзеге асуы; Сөздіктерді пайдалану дағдысы; Грамматикалық категорияларды коммуникативтік қажетке жарату.










Мәденеттану: Әлемдік мәдениеттің құндылығы мен Қазақстан Республикасы мәдениетінің құндылығын ажырату.










Философия: Философияның адам өміріне ықпалы, микро жайлы түсінігі, діни көзқарастың ғылыми; Ойлау қабілетінің ғылымилығы мен заңдылықтары; таным мен сезімнің ғылыми-философиялық тұжырымы; әлеуметтік тәжірибенің түрлері; Шығыс, Батыс, Қазақ елдерінің философиялық көзқарасындағы ерекшеліктер мен үндестік; техникалық-мағлұмнама дәуірінің философиялық тынысы; қоғамның дамуына философияның әсері.










Әлеуметтану: әлеуметтану тарихы, оның даму сатысы; қоғамның әлеуметтану мәдениеті, өзгерістері, қоғамдық қарым қатынаста әлемтану ілімінің құндылығы, оның экономикаға әсері, тұлғаның субъективті белсенділігі.










Экономика; қоғамдық сұраным, бағаның деңгейі, мектепті шаруашылық есебіне ыңғайлаудың заңдылығы; рентабельділігі, оқушылардың білім сапасын, өзін-өзі қамтамасыз ету қырынан қаражат жию










іскерлік дамытуы; түбінде қоғамға қажетті мамандықтың сұранымын зерделеуі;










Саясаттану: нысанасы, пөні, әдістері, оның әлеуметтік-гуманитарлық жүйеде алатын орны, саясат оқудың тарихы, мемлекет басқару ісінің заңдылығы, идеологиясы, Қазақстан политологиясын басқа елдермен салыстыруы.










Психология және педагогика. Психология нысанасы және пәні; субъектілер ара-қатысы, ақиқат деңгейі, психика мен адам ағзасы, психиканың жан мен тәнге жіктелуі, тәртібі, қызметі, әлемдік шындықты тануы, адамдар арасындағы қатынас, еріктілік, жауапкершілік, жалпы, жалқы ерекшеліктері.










Педагогика: пәні, біліктіліктің мақсаты және тәрбиелілік, педагогтың мұраты, әдістері мен тәсіл-құралдары, дидактика қағидасы, әдіснамасы, шаңырақ құруы, отбасын ұстай алуы; отбасы, этнопедагогикасы, педагогтың іскерлігі.










Құқық негізі: Мемлекеттік құқықтың конструктивтілігі; әділет заңдылығы, қорғаныс қағидалары, мамандыққа қатысты ережелері мен құжаттары, жекелену құлқылығы, оның қорғалу заңдылығы, тұрмыстық атрибуты, еңбек тәртібінің кодексі, жазалануы, марапатталуы, сот, прокурор, тергеуші, адвокат қызметтерінің маңызы;

Құлықтың шетел деңгейіндегі көрінісі.












Денешынықтыру: Денешынықтырудың кәсіптік мамандыққа көмегі; Салауатты, санатты өмір сүруге ықпалы; Денешынықтырудың әр адамның мүмкіндігіне сәйкес рөлі.










Информатика: Компьютермен өздік жұмысы; Информатика жайлы түсінігі; Мағлұмнама жиюы, оны сұрыптауы; Мағлұмнаманы пайдасына жаратудағы техникалык және бағдарламалық құралдары; Алгоритмге қазақ тілі мен әдебиет пәнін салуы және оның бағдарламасын сараптауы; Бағдарлама тілінің ең жоғары деңгейі: Компьютерлік графика, матрица, пішіндер, қажетті материалдарды жіктеу мен олардың белгілерін табудың әдістері. Сабақ беру үрдісінде техникалық жабдық.










Экология: Адам және биосфера; биосфера құрылымы жүйесі, орта мен организмдегі өзара байланысы, адам денсаулығының экологиясы, қоршаған ортадағы кездесетін өзекті мәселелер, табиғи байлықтарды ұтымды пайдаланудың экологиялық қағидалары және табиғатты қорғау, табиғатпен байланысты экономикалық негізде жүзеге асыру, экологияны қорғаудың технологиясы, экологиялық құқық, кәсіптік жауапкершілік, халықаралық ынтымақтастықтың қоршаған ортаға ықпалы.






Авторлық ұжым: мемлекеттік стандарт

0307 «Қазақ тілі мен әдебиет» және 0308 «Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының ғылыми-әдістемелік кеңесі:

- қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.г.д., профессор Қ.П. Жүсіпов;

- қазақ филологиясы мен шет тілдер факультетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрайымы п.ғж., доцент Е.Ө. Жұматаева;

С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің төрағасы, ПМУ-нің ректоры, профессор А.Д.Фрезоргер.

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және арнаулы оқу орындары басқармасының бастығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет