Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку



жүктеу 3.68 Mb.
бет1/16
Дата15.01.2017
өлшемі3.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Е.Жұматаева


ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ БІРТҰТАС ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ

монография



Павлодар 2012

Кереку

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы
Е.Жұматаева

ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ БІРТҰТАС ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ

монография




Павлодар 2012

ББК 74-58

Ж 78
С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған
Е.Жұматаева

Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесінің теориясы. Монография. Баспаға ұсынған С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі. Павлодар, 2012 ж., 237 бет.


ISBN 9965-568-54-5
Редакция алқасы: С.Өмірбаев (Бас редакторы), Р.Ж. Қадысова (жауапты редактор), А.Е.Беисова, З.С.Искакова, А.К.Асаинова, М.М.Жаркумбаева, С.Ш.Кабдиева
Пікір жазғандар:

И.Б. Бекбоев - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі.

Қ.П. Жүсіп - филология ғылымдарының докторы, профессор, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафердасының меңгерушісі.

Монографияда жоғары оқу орнында жүргізілетін гуманитарлық бағыттағы ғылым негіздерінің дидактикалық біртұтас құрылым-жүйесінің тарихы мен мен бүгінгісі және постиндустриалды Қазақстан Республикасының алыс болашағының моделі жайлы жаңаша пайым-тұжырым беріледі. Қазақстан, Ресей, Шығыс, Батыс елдеріндегі зерттелімдердің нәтижесін нысанада ұстау сындарлы ой-түйін жасалады.

Әсіресе, политехникалық бағыттағы жоғары мектептің дидактикасын зерттеген ғалымдарға, атап айтсақ, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е.Әбілқасымованың ғылыми тұжырымдарына толық талдау түйінделеді. Автор біртұтас дидактикалық жүйесінің теориясын оқырман назарына ұсынады.

Баспаға ұсынған С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі.

Ж4309000000

00(05)-01 ББК 74-58

ISBN 9965-568-54-5

© Е.Жұматаева, 2012

© Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ҒПО, 2012

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде дамыған, өркениетті елдердің ұстанымы жалпы адамзаттың басына қауіп төндірмеудің амалына ғылым мен білімді тиімді пайдалану екені түсінікті.

XX ғасырдың құндылықтары мен дүниетанымына жаңа философиялық пайыммен (парадигмамен) қарағанда, адамдардың білімі, ғылыми ізденімпаздығы мен ізгі тілегі ғана бірден-бір маңызды ресурстар болып табылатыны белгілі болды. Оларсыз бейбітшілік, гумандық сипат пен адамзаттың құқықтары мен негізгі бас бостандықтары ешқандай озықтық, ілгерішіл қарқында орнықпайтыны айқын бола бастады. Мұндай сүбелі де салиқалы мәні бар қасиеттерді дамытуда ғылым мен білімнің атқарар орны ерекше. Оқытудың дидактикалық жүйесін біртұтастық принципте алу заңдылығын жобалау амалының нәтижелі іске ықпалы зор екені байқалды.

Оқытудың бұл нысанасы ғылымның басқа салаларындай уақыт пен кеңістік, қоғамдық мүдде мен құндылықтардың сапасы ұдайы ауысып отырған сайын жаңарып, кей тұстарда құрылымы түбірімен қайтадан өзгеріске ұшырайтыны кеңестік дәуірдің күйреуімен дәлелденді. Жаңа жүйені құру үшін алдымен өткенге сараптама жасаудың маңызын оқыту заңына негіздеген жағдайда тығырықтан шығудың бір амалы табылмақ.

Сараптама материалының жаңа ғылым мен білімге негіз болуы үшін әдіснамалық жүйе жасау жолдарын меңгеруде мамандық иесі ынталылық танытпақ. Мұнымен бірге жаңа ғылым мен білімнің бұрынғыдан айырмашылығын ажыратып берерлік өлшемдіктерді іріктеп алу мақсатын ұстанбақ. Бұл іс-әрекет жүзеге асқан уақытта оның алыс болашаққа негіз боларлық құрылымы мен тұжырымын сұрыптап алмақ. Ұдайы үзіліссіздік білім мен ғылым меңгертудің заңдылығын алдымен халықтың деңгейіне, одан кейін көршілес ТМД елдерінің ұстанымына, соңында ғаламдық, әлемдік иерархия мәресіне үндестіру мақсаттылықтың басымдық бағыты екені ескерілмек.

Оқытудың концептуалды дидактикалық біртұтас жүйесі жоғары оқу орнындағы барлық ғылым мен білім бағыттарын бір орталыққа шоғырландырып, модернизация талабын шешуге ықпалын тигізеді. Нәтижесінде, программаға, проблемаға, модульге ыңғайлап оқытудың (жаңа технологиямен) рейтинг және мониторинг жүйесін пәндердің ішкі принциптері мен заңдарын ашу мүддесіне сай құрылуына қозғаушы күш болмақ. Өзекті мәселенің көкейкестілігінен жоғары оқу орнында оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесін құрудың қажеттілігі туып отыр. Бүгінгі таңда біздің халқымыздың болашағын өркениетті елдердің санатына бағдарлаудың бір тізгіні - жоғары оқу орнында. Үш мыңыншы ғасырдың алыс болашағына жаңашыл субъектіні ізгілік нұрында ғылым негіздерімен дамыту - басты мақсат. Осы мақсатты жүзеге асыруда қоғамымызда кезек күттірмейтін, тез арада шешімін табуға тиісті ғылыми мәселелерде қайшылық туып отыр. Ол - таптаурын болған оқулықтар мен прагматикалық істе студенттер санасына жаттанды ұғым болып қалыптасып қалған жаттанды түсініктерді логикалық пайым құруға бейімдеу. Логикалық тұжырымды студент өздігінен құруының нәтижелілігін қамтамасыз етер жоғары деңгейге ұмтылдырудың дидактикалық нысандарын айқындау болып табылады.

Логикалық тұжырымы болу үшін дидактиканың философиялық негізінің парадигмасы әр пән ғылымының тірегіне айналуы міндетті.

Егер бұндай концептуалды ұстаным нәтижелі болсын десек, дидактиканың өзі жоғары мектепте біртұтас дүниетанымға бағытталуы көзделеді. Бұл тұжырымды жүзеге асырудың бүгінде ғылыми тірегі арнайы зерттеуді қажет етеді және бұл ұстанымның компоненттерін әр түрлі қырынан зерделейтін ғылыми еңбектер керек. Егер генезисіне көз жүгіртсек, мынандай ой-түйіннің жиынына көзіміз жетеді.

Қазіргі уақыт пен кеңістікке аталған қағидалар бірнеше ғылыми еңбектің тіректік нысанасы ретінде қызмет атқарып келеді. Мұнымен бірге ойлау әрекетіне қатысты құнды тұжырымдар ұсынатыны жайлы Б.П Есипов өз еңбегінде айтып өткен:

- дүниетаным сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес;

- ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді;

- түйсік дегеніміз адал жетекші ой және зейін, сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.

- білім тиянақтылығы теорияның негізіне құрылады. Дидактиканың өзектілігін айқындап отыратын «Жақыннан алысқа», «Белгіліден белгісізге», «Нақтылықтан дерексіздікке», «Жеңілден ауырға» секілді қағидаларды жіктеп, олардың бір - бірінен ерекшеленетін белгілерін сипаттап, ережелерін құрады.

Дидактика, соның ішінде, әдіснама негізін психология іліміне бағындыра зерттеген Ян Амос Коменский десек, оның жалғастығын Адольф Дистерверг (1790-1866) еңбектерінен кездестіреміз. Ол 1835 жылы «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» атты үлкен еңбегінде I тарауды дидактикаға, II тарауды әдістемеге арнайды. Дистерверг өзінше пікірі бар адам тәрбиелеуді ұйғарған. Оқыту үрдісінде ақыл-ой, қабілет сияқты категорияларға ерекше мән берді. Мұны жүзеге асыру үшін дидактика нысанын құрастырды. Міне, осы бағытта ол Коменскийдің дидактика жайлы қағидалары мен заңдылықтарын дамытты.

Дидактика жайлы ашқан жаңалығының басымдығын былайша түйіндейді: «Оқыту баланың ақыл-ойын ғана дамытып қоймайды. Оның еркін, сезімдерін, мінез-құлқын қалыптастырады. Әсіресе, ойлау әрекетін дамытуға әңгіме әдісінің рөлі зор. Оқушылар өзінің ой-әрекетінің дамып отырғанын үнемі сезетін болсын. Оқуда оқушы табанды болуы керек».

Қорытып тұжырымдасақ, Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегі арқылы әлемде дидактиканың бір саласы, діңгегі ретінде дидактиканың құрылымы, нысанасы жайлы түбегейлі, сындарлы ой-түйіндер жасап, ғылыми анықтамалар береді. Осы ойды одан әрі өз еңбегімен дамытқан Адольф Дистервергтің дидактикаға қосқан үлесі тек неміс халқына емес, бүкіл әлемдегі зиялы қауымның игілігіне айналды.

Дидактиканың біртұтас жүйесінің алғашқы қадамы физио-психологиялық процестер десек, оның ішінде ойлау қабілетінің өзара байланысын айқындап, мәнділік сапасын өз еңбектерінде дәлелдеп берген даналарымыз: Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Қ. Иассауи, Бұхар жырау, Ш. Құлекеұлы, А. Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, III. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов және т.б.

Аталған зиялы қауым өкілдері өз еңбектерін қай жанрға (толғау, бәйіт, жыр, лирика, проза, драма, т.б.) негіздесе де, ішкі сарыны, пернесі дидактиканың ең негізгі басқышы, адамның ойлау жүйесінің заңдылықтарын айқындап беруге бағдарланғанына көзіміз жетеді.

Сол секілді тағдырдың ықпалымен тарихымыз тоғысып келе жатқан Ресей ғалымдарының ішінде бұл мәселені алға дамытушылар: Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.



Ойлау қабілетінің дидактикалық заңдылықтарын жеке қарастырған, дамытпалы оқыту жүйесін зерттеген В.В. Давыдов, Д.В. Эльконин, педагогикалық психология жайлы ілім жасаған ғалымдар О.С. Анисимов, Ф.Н. Гоноболин, В.П. Беспалько, Н.В. Кузьмина.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін құрып, оқытудың проблемалық жүйесін айқындап берген бір топ ғалымдардың еңбегі ерекше, олар: А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов, Ю.М. Колягин, соның ішінде, жоғары мектеп нысанасына қатысты жүргізгендер: С.И. Архангельский, А.А. Вербицкий, В.П. Беспалько және т.б.

Оқытудың теориясы мен әдістерін және модульдеудің үлгісін айқындап берген бір топ ғалымдар: С. Рубинштейн, Д. Эльконин, Б. Ананьев, А. Вербицкий, Ф. Петерсон, Е. Семенова және т.б.

Оқытудың міндеттерін белгілегендер: С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Г. Балл, Ю.Ж. Колягин, Л.М. Фридман.

Оқытудың дидактикалық бірліктерін шоғырландыруды ұсынған ғалым - П.М. Эрдниев.

Жоғары мектепте жаңашыл ұстанымдағы әдіснамалық негіздің дидактикалық біртұтас жүйесін қарастырған ғалымдар: В.П. Беспалько, Л. Клемберг, З. Кил, В.В. Краевский, Н.В. Кузьмина, Т.С. Садықов, А.Е. Әбілқасымова және т.б.

Дидактикалық, әдістемелік зерттеулерде логикалық және методологиялық білімдерді ғылыми білім негіздерін жүйелі меңгеру және оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру процесінде қарастырған ғалымдар: Л. Зорина, А. Усова, С. Шапоринский. Бұл зерттеушілер оқытудың жекелеген әдістерін бөліп алады, атап айтсақ, дедуктивтік, арнайы жаттығулар, эмпирикалық, мұнымен бірге ақыл-ой қызметін кезеңдеп қалыптастыру (білімнің өзгеріске түспеуіне ықпал) теориясы бойынша ақыл ой іс-әрекетін екіге бөледі:

- арнайы;

- жалпы логикалық білімдер.

В.А. Крутецкий ойлау қабілетін дамытуды екі категорияға жіктейді:

1) жинақталған білімдер қоры;

2) білім алуға қажетті ойлау операциясын меңгеру.

Бұл мәселеге қатысты терең пайым-тұжырымдармен ғаламға танымал бірқатар зерттеушілердің еңбектері ерекше. Мәселен, Л. Хей, Н. Хил, С.Н. Лазарев, Н. Семенова, Алан Лео. Ерекшелігі неде? Ол - адамды субъекті ретінде жан-жақты қарастырып, ойлау мүмкіндігін шарықтау шегіне дейін дамыта алудың (эзотерикалық) мәні ішкі ұстанымдағы құбылыстың ізігілікті Нұрға бағытталуы екендігіне дәйектеме беру.

Қазақстан Республикасында оқытудың алға тартар платформасын жасауда ізгіліксіз ғылымды меңгерудің нәтижесіздігі дәлелденді. Оған көптеген ғалымдар зерделі зерттеулер жүргізді. Жеке-жеке саралап айтсақ, А.Ш. Абдраман жоғары техникалық оқу орнында болашақ инженердің моделін ғаламдық құпияны ашуға, зерделеуге ынталану өзін Басқарып Тұрған Құдірет ісіне бағыну заңдылығының негізінде жүзеге асуы жайлы Құран Кәрімнен үзінді келтіру сапасында ой түйеді.

«Ғылымның ғарышты пайдалануы жер қойнауындағы кейбір құбылыстардың космос арқылы анықталуы осыдан және бұл Құран Кәрімде айтылған Жер - ғарыштың біртұтастығының дәлелі», - дейді зерттеуші.

Автор бұндай түйінге келуіне себепші болған зерттеулерге сілтеме жасайды, олар: П.К. Анохин, Д.Н. Унадзе және т.б. еңбектері.

Бұл Құмашқызы Нүрғалиева тұлғаны құндылыққа бағдарлаудың психологиялық, педагогикалық негіздері жүйесінің тұжырымын құрып берген. Бұл мәселені мемлекеттік тұрғыда зерделеп, стратегиялық шешілімнің міндеттерін былайша жіктейді:

- тұғырнамалы, халқына қызмет етерлік мықты президенттік мемлекет құрылуы;

- жеке адамның бағалы бағдарламасы әрбір істің нәтижелілігіне ыңғайлануы;

- жеке адамды әлеуметтік өмірге араластыру проблемасын шешуі;

- кез-келген мамандықты еркін таңдауға үйренуі;

- іс-әрекеттің түрлерін туғызатын, жүйе жасайтын интеграцияның мәнін дәлелдеуі.

Алма Есімбекқызы Әбілқасымова жоғары оқу орындарында студенттердің дербес, өздік жұмыстары арқылы оқу және оқыту міндеттерін таңдауды ұсынады.

Мұның негізгі өзегі студенттердің танымдық ойлау белсенділігін арттыру процесінде жүзеге асатынына тоқтала отырып, Н.Я. Голант, Б.П. Есипов, М.И. Скаткин еңбектеріне сілтеме жасайды. Студенттердің танымдық ойлау әрекетінің амалдарын дамыта отырудың моделін пішіндейді. Бұл тұжырымды Д.Н. Богоявленскаяның, Е.Н. Кабанова-Меллер, Н.А. Менчинская, В.В. Давыдов, Д.Б. Элькониннің зерттеу еңбектерін зерделеп, өзінің тақырыбына орайлас ой-тұжырымдарды қорыту нәтижесінде түбірімен өзгерісті, жаңа инновациялық пайым түйіндейді.

Оқытудың әдіснамалық біліктілігін дамытудың заңдылығын И.Я. Лернер, Б.И. Коротяев, П.И. Пидкасистый секілді ғалымдардың ілгерішіл тұжырымдарына негіздеп, өзінің ұстаным-тұғырнамасын алыс болашаққа ыңғайлы келерлік студенттердің моделін сомдауға бағыттайды.

Аталған іс-әрекеттердің бәрі тек оқыту қызметінде өзін-өзі бақылауды үздіксіз дамытудың нәтижесі екеніне Л.И. Рувинскийдің еңбегіндегі негіздемелерге сілтеме жасау арқылы дербес жаңа тұжырым-түйін құрайды.

Сол секілді Құрмет Қабдықапаров, Аспет Кеңесбекқызы Қағазбаева, Хорлан Рахимбек, Тілеуғали Әшірбекұлы Қышқашбаев, Досымхан Рахимбек, Талғат Сабыржанұлы Сабыров, Қарлығаш Қадашева және т.б. жалпы оқытудың дидактикалық жүйесін құрып берді. Олар өздерінің ғылыми еңбектерінде пәннің ішкі заңдылықтарына орай дидактиканың біртұтас жүйесі бар екенін айқындайды. Аталған еңбектерде дидактиканың заңдылықтары, құрылғылары, тұжырымдары әр түрлі бағытта (пәні, нысанасы) болғанымен, нысананың сарыны мен мазмұнынан жүйесі шығатынын ескерген жөн. Ол үшін өтілетін нысананы талдау, жинақтау, қарастыратын теориялық негізін сұрыптау, саралау, жалқылау және т.б. ойлау іс-әрекетінің танымдық қызметін жүзеге асыруға ерекше назар аударылған.

Басымы нақты пәндер және жоғары оқу орнынан гөрі мектепке қатысты дидактиканың біртұтас жүйесі зерттеудің негізгі нысанасы болып келеді. Гуманитарлық бағыттың әдеби нысанына қатысты еңбек сирек кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет