Досжанова Майра Томасовна Заң ғылымдарының магистрі



жүктеу 78.5 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі78.5 Kb.
Досжанова Майра Томасовна

Заң ғылымдарының магистрі

«Тұран»Университеті

Гуманитарлы-заң факультеті

«Құқықтану және халықаралық құқық»

кафедрасының оқытушысы

8 775 203 33 38

Doszhanova.m@mail.ru
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

В статье рассматривается конституционно-правовые основы независимого Казахстана. Автор поднимает теоретические проблемы реализации норм основного закона Казахстана. Рассмотрены принципы основного закона, которые определяют главные направления развития государства в сфере экономики и политики. Приведены основные примеры которые определяют вектор интеграции казахстанского общества. Демократизация общества на прямую зависит от значимости единого закона Конституции Республики Казахстан.

Ключевые слова: Конституция, независимость, демократия, экономика, политика, интеграция.

The article deals with the constitutional and legal bases of independent Kazakhstan. The author raises theoretical problems of implementation of the norms of the basic law of Kazakhstan. The principles of the basic law, which determine the main directions of development of the state in the economy and politics. The basic examples that define the vector of integration of Kazakhstan's society. The democratization of society is directly dependent on the significance of a single law of the Constitution of the Republic of Kazakhstan.

Keywords: The constitution, independence, democracy, economy, politics, integration.

Құқықтық мемлекет құрудың және тұлға еркіндігін қамтамасыз етудің бірден-бір бастауы – конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. Заңдылық – бұл бүкіл қоғам мен мемлекет өмірінің іргетасы әрі қалыпты қызмет істеуінің ажырамас шарты. Н.Ә.Назарбаев: «Қоғамды жаңғырту және демократияландыру жолындағы міндеттерді шешу еліміздің Конституциясы мен заңдарын қатаң басшылыққа ала отырып қамтамасыз етілуге тиіс. Заңға бойұсынуды санамызға сіңіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып қалады…», – деп бірнеше рет атаған болатын. Конституция – бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.

Негізгі Заңда құқық тәртібінің үздіксіз қалыптасуы мен дамуы процесінде қолданылып, нақтылануы тиіс құқықтық қатынастың іргелі қағидалары қамтылған. Конституция бүкіл заңнаманың негізі болып табылады. Конституция құқықтың барлық салаларының дамуы үшін заңды негіз бола отырып, ұлттық заңнаманың қалыптасу процесін бекітеді әрі реттеп отырады, бұл қоғамға саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.

1995 жылғы Ата Заңымыздың күнделікті оқып үйрену, оның басты қағидаларымен мұқият танысу, оның әрбір әрпінің астарында аса зор мән- мағына барын кӛрсетеді. Өйткені әрбір азаматтың міндеті Ата Заңды және соның негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы заңдарын бұлжытпай орындау болып табылады. 1995 жылғы Конституция біздің мемлекетіміздің тарихындағы тұңғыш Ата Заң емес. Қазақстан Республикасы өзінің егемен мемлекет ретінде қалыптасуында конституциялық –құқықтық дамудың бірнеше сатыларынан өткендігі барлығымызға белгілі. Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясына екі рет түзетулер енгізілді: 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда. Еліміздің Ата Заңының қалыптасуына белсенді түрде үлес қосып, оны негіздеу жұмыстарына жетекшілік жасаған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің конституциялық дамуына қатысты былай деп жазған: «Жалпы таным тәжірибесі және соның ішінде Қазақстанның мемлекеттік – құқықтық дамуы елдің конституциялық қалыптасу тарихынсыз жаңа тәуелсіз мемлекеттің констуционализм теориясы да болмайтындығын үйретеді». Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және жаңартылған тұтастай Конституция мемлекеттік механизмді, қоғамдық бірлестіктерді, бүкіл саяси жүйені, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қағидаларын, бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекетті, республиканың құқықтық жүйесін жаңартудың жаңа кезеңінің басталуына негіз қалады. Конституциялық құқық үш тұрғыда қарастырылады: құқық саласы, ғылым саласы және оқу тәртібі ретінде. Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында елдегі заңдылық тәртіпті және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен бірге қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың жүйелі дамуын қамтамасыз ететін шаралар туралы айтылған: «Ұлттық құқықтық жүйенің негізі конституциялық құқық болып табылады. Оның қарыштап дамуы 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде елеулі түрде жаңарған Қазақстанның қолданыстағы Конституцияның принциптерін (бұл: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, барша халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу) сақтау мен іске асыру елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық және саяси – құқықтық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  жалпы  түсінік  берілген  және  ол  осы  тектес  актілерде  өте сирек  кездеседі. Оның  айқын сипатталуына  байланысты  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  конституциялық түсініктеме беруге тура келеді. Қазақстан  Республикасының  Конституциясының Конституциялық Кеңесі төмендегіше түсіндіріледі: «Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  4-бабының  1-тармағының  мән-мазмұны  бойынша «қолданыстағы құқық»    деп  Конституцияның  нақты  кезеңге  күш  жойылмаған, ал халықаралық міндеттемелері бұзылмаған нормалары  және  осы  бапта  аталған  басқа да нормативтік  құқықтық актілері, сондай-ақ  Республиканың халықаралық міндеттемелер түсіндірілуі тиіс. Бұрын  қабылданған  актілерге өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген, сондай-ақ  жаңа  актілер  қабылданған  жағдай  осы  актілердің нормалары  қолданыстағы  құқықтың  құрамына  қосылады, ал  күші  жойылды  деп  танылғандары – одан алып тасталды. Жаңадан  қабылданған нормалар  Конституцияның  77-бабының 3-тармағының 5)тармақшасында  орнықтырылған  заңның  кері  күші  туралы  қағиданы  сақтай  отырып  күшіне  енеді»

Конституциялық  Кеңестің  берген  түсіндірмесі   Қазақстан  Республикасы Конституциясындағы  «қолданыстағы құқық»  ұғымын  мәніне  сай  белгілей алмайды. Қазақстан  Республикасының Конституциясында «Қолданыстағы құқық Қазақстан Республикасында оның  заңдарына  сәйкес  келетін  Конституция  нормалары  болып  табылады» деп жазылған. Осы  конституциялық  ұғым  мәнінің  тереңдігі  мынада,  «қолданыстағы құқық»  ұғымына  тек  Конституция  нормалары  ғана  емес, заңда  және басқа  нормативтік  актілер  сәйкес  келуі  тиіс бүкіл Конституция  білдіреді. Кейінгі  баяндауларда  көрінетіндей, Қазақстан  Республикасының Конституциясы тек құқық нормаларына  ғана  емес, сондай-ақ  тиісті  субъектілер  үстем  қағидалар  ретінде  басшылыққа алуы  тиіс  құқықтық идеялардан, принциптерден  де тұрады.

Осыған  орай  Конституция  тура  белгілейді  немесе  оның идеяларын, қағидаларынан, принциптері  мен  нормаларынан  тек  өзіне  ғана тән  санаттар  туындайды. Меніңше, мұның қатарына төмендегідей  санаттар жатады.

Конституциялық кеңістік. Мұндай  ұғым арнаулы әдебиеттерде  қолданылмайды. Алайда, оны  пайдаланудың  айтарлықтай  іс  жүзіндегі  және   заңдық  негізі  бар. Конституция – мемлекеттің  негізгі  заңы, сондықтан  оның  барлық  аумағында қолданылады. Құрлықтағы, судағы, әуе кеңістігіндегі, жер қойнауындағы аумақтық шекарасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қолдану болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының  «Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы» (4-баптың 2-тармағы) туралы қағида, демек, құрлықтағы, атмосферадағы, сулардағы және жер астындағы осы аумақтың конституциялық кеңістік екендігін білдіреді. Осы кеңістікте Қазақстан Республикасының  Конституциясы өктемдік етеді.

Конституциялық  заңдылық. Бүкіл  конституциялық  кеңістікке  Конституция пәрменін  жүргізу  онда  конституциялық  заңдылықтың  орныққандығын  білдіреді. Конституциялық заңдылық  Қазақстан Республикасы Конституциясында  бекітілген нормаларды, идеяларды, принциптерді мемлекеттің, оның органдарының, ұйымдарының, лауазымды адамдардың, қоғамдық  бірлестіктердің, азаматтардың, заңды тұлғалардың, шетелдіктердің  орындауынан көрінеді.   Қазақстан Республикасы Конституциясында Парламент «Республика Конституциялық  Кеңесінің  Республикадағы  конституциялық  заңдылықтың  жай  күйі  туралы жыл  сайынғы  жолдауын  тыңдайды» (53-баптың 11-тармағы) делінген.  Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық заңдылықпен бірге  «заңдылық»  термині  қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында, прокуратураның «заңдылықтың кез келген бұзылуын  анықтау  мен  жою  жөнінде  шаралар қолданылатындығы» айтылады.

Конституциялық тәртіп. Конституциялық  заңдылық  негізінде  конституилық  тәртіп,  режим  белгіленеді. Оған мемлекеттік  органдарды, қоғамдық  бірлестіктерді ұйымдастыру  мен  олардың  қызмет  тәртібі  жатады. Сөйтіп, қоғамдық және мемлекеттік институттардың  бірігіп  кетуіне, мемлекеттік органдарда  саяси  партиялардың  ұйымдарын  құруға  жол  берілмейді (5-баптың 1-тармағы). Конституциялық  режим  қоғамдық  бірлестіктер  ісіне, мемлекеттің  және  қоғамдық  бірлестіктедің  мемлекет ісіне   заңсыз  араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың  қызметін  жүктеуге  қоғамдық бірлестіктерді  мемлекеттік қаржыландыруға жол  бермеуден көрінеді (5-баптың 2-тармағы).

Конституцялық  бастама.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы оны өзгерту  мен толықтыру тәртібін  қарастырады. Конституциялық бастама – Конституцияны  өзгертетін  және  толықтыратын  құқытық  идеялардың  сипатталыун білдіруші  субъектілердің  белсенді  әрекеті. Оны  халыққа не  Парламентке үндеу  жолдау арқылы  жүзеге  асыра алатын Қазақстан Республикасының Президенті ғана бірден-бір конституциялық бастама субъектісі болып табылады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан. 2009 жыл, 28 тамыз.

  2. Турсынбекова, С. Обеспечение прав и свобод человека как принцип демократического общества: [День Конституции Республики Казахстан] / С.Турсынбекова // Заң және заман / Закон и время. - 2012. - № 8. - С. 7 - 10.

  3. Тусупбекова, Л. Прочный фундамент мира и согласия: [к 20-летию Конституции РК] / Л. Тусупбекова // Казахст. правда. - 2015. - 22 мая. - С. 3.

  4. Уалиев, К. Основной закон и культурная идентификация: [30 августа - День Конституции] / К. Уалиев // Казахст. правда. - 2014. - 27 авг. - С. 3.

  5. Ударцев, С. Из глубины веков до наших дней: [День Конституции Республики Казахстан] / С. Ударцев // Казахст. правда. - 2012. - 23 авг. - С. 5.

  6. Усеинова, Г. Р. Эпоха созидания: [к 20-летию Конституции РК] / Г. Р. Усеинова, Д. М. Баймаханова, Д. Кусаинов // Казахст. правда. - 2015. - 27 февр. - С. 23.

  7. Фиронова, В. Особая роль Конституции: [форумы] / В. Фиронова, Е. Брусиловская // Казахст. правда. - 2012. - 1 сент. - С. 4.

  8. Фиронова, В. Правовые ценности. Беречь и приумножать: [к 20-летию Конституции РК] / В. Фиронова // Казахст. правда. - 2015. - 18 апр. - С. 1, 9.

  9. Хропова, Т. Н. По страничкам Конституции: [знакомство детей с Конституцией Республики Казахстан] / Т. Н. Хропова // Жанұя мен мектептегі тәрбие / Воспитание в семье и школе. - 2012. - № 2. - С. 17 -18.

  10. Рогов, И. Строгое следование Конституции - залог процветания Казахстана: [Основной Закон] / И. Рогов // Казахст. правда. - 2014. - 29 авг. - С. 3.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет