Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері



жүктеу 3.06 Mb.
бет8/16
Дата15.01.2017
өлшемі3.06 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Сақтандыру тарифтері – белгілі бір кезең үшін сақтандыру сомасының өлшемімен есептелетін сақтандыру жөніндегі төлемдердің мөлшерлемесі.

Көтерме баға – мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар өздері өндірген өнімді халыққа емес, басқа кәсіпорындарға және ұйымдарға өткізетін баға.

Тапсырыс – фирмалар мен кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жүзеге асыру мен реттеудің ұйымдық-экономикалық және құқылық түрі. Тапсырыстың аса маңызды түрі – өнімді өндіру мен беру, соның ішінде экспортқа шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырыс.

Келісімшарт – тараптар арасында қандай да бір байланыстардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.

Нарық – экономика саласы, тауардың ақшаға айналу және керісінше ақшаның тауарға айналу процесі жасалады. Экономиканың әртүрлі саласында өндірілген тауарларды сатып алу-сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.

Бәсеке – өнім өндіру мен өткізудің жақсы, экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсеке.
Тест сұрақтары
1. Келіссөздер қай стильде жүргізіледі:

А. Ресми іс қағаздар стилінде

В. Көркем публицистика стилінде

С. Публицистикалық стильде

Д. Ауызекі сөйлеу стилінде

Е. Әдеби стильде

2. Сөздің қисындылығы:

А. Өз ана тіліңнің ішкі мүмкіншілігін сарқа пайдалана алу.

В. Жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық тұлғаны сөйлеу жағдайына сай, орынды қолдану.

С. Өзге тілдегі сөздерді қолданбау, тілді шұбарламау.

Д. Әдеби тіл нормасынан ауытқымау.

Е. Барлық жауаптар дұрыс

3. Сөз қисындылығы сақталмаған сөз қолданысы:

А. Кеше Алматыда грек-рим күресінен Азия чемпионаты ойындары басталып та кетті.

В. Ресейлік қонақтар біздерді ілтипатпен қарсы алды.

С. Жер тарпыған құлындай бұрын-соңды сынға түсіп үлгермеген 6 сазгер күміс жүлде мен Болгарияға курортқа путевканы жеңіп алып, саңлақ атанды.

Д. Мені кезекті демалысқа жіберуіңізді сұраймын.

Е. Барлық жауаптар дұрыс емес.

4. Берілген етістік синонимдердің қатарындағы келіссөздерде жұмсалатындары:

А. Қызығу, әуестену, құмарту;

В. Қыдыру, сенделу, шарлау;

С. Зерттелді, дәлелденді, негізделді;

Д. Қорытындылау, бітіру, аяқтау;

Е. Ғалым, оқымысты, көріпкел

5. Келіссөз жүргізуде қолданылатын қатар:

А. мәселе көтеру; талқылау; қайта қарау;

В. пәрменді қимыл; күш көрсету; бай мазмұн;

С. дәрежеге жету; жедел қарқын;

Д. көркемдік деталь; қарар қабылдау;

Е. келістік; бәрекелді; оқасы жоқ;

6. «Қоқан-лоқы, байбалам, құр сес» мағынасындағы сөз:

А. Бопса

В. Жаза

С. Қылмыс



Д. Қасірет

Е. Қаһар


7. «Бірігіп, тату болу» мағынасындағы фразеологизм:

А. Түтіп жеу

В. Түтін түтету

С. Түтіні түзу ұшу

Д. Түтін басы

Е. Түтіндеу

8. «Әлденді, қатайды, есейді, өзіне-өзі келді, күш жинады» мағынасындағы фразеологизм:

А. Буынына түсті

В. Буыны босады

С. Буына мас болды

Д. Буыны бекіді

Е. Буынын басып көрді

9. Ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді –

А. Құжат

В. Келісімшарт

С.Шарт


Д.Міндет

Е. Шара


10. Артық сөз:

А. Отандық нарық

В. Қазақстандық нарық

С. Ішкі нарық

Д. Қазақ нарығы

Е. Қазақстандағы нарық

11. Артық сөз:

А. Тиінді

В. Тиімді

С. Көлемді

Д. Өзекті

Е. Желекті

12. Келісімшарт... отыру :

А. -а


В. -ға

С. -та


Д. -қа

Е. -ты


13. Артығы: Келісімшарт...

А. –қа отыру

В. – жасасу

С. – ты талқылау

Д. – ты орындау

Е. – пен тиісу

14. Артығы:

А. Ұлғайту

В. Арттыру

С. Көбейту

Д. Ұзарту

Е. Өсіру


15. Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен –

А. Қуаныш

В. Мәртебе

С. Тиімді

Д. Пайдалы

Е. Сый


16. Артығы: Имидж –

А. –ді көтеру

В. –ді қалыптастыру

С. –ін түсіру

Д. –ін үйрету

Е. –жасақтау

17. Ең төменгі баға –

А. Көтерме баға

В. Бөлшек баға

С. Жеңілдетілген баға

Д. Арзан баға

Е. Тұрақты баға

18. Артығы: Қосымша...

А. Баға

В. Шығын

С. Шығыс

Д. Кіріс

Е. Салық


19. Келіссөздерде белсенді қолданылатын жақ көрсеткіші:

А. Мен


В. Ол

С. Біз


Д. Олар

Е. Сендер

20. Етістік тұлғасы: Тапсырысты көбейткіміз келеді –

А. Тәуелдік тұлға

В. Қалау рай

С. Бұйрық рай

Д. Өздік етіс

Е. Ортақ етіс



Бақылау сұрақтары


  1. Сөздің қисындылығы дегеніміз не?

  2. Сөз қисындылығына қандай талаптар қойылады?

  3. Сөздің стильдік, ситуативтік-контекстік, жеке тұлғалық-психологиялық қисындылыққа сипаттама беріңіз.

  4. Іскерлік қарым-қатынаста сөз қисындылығы қандай болуы керек?

  5. Келіссөз жүргізуде сөз қисынын қалай келтіруге болады? Келіссөзде сөздерді қалай қолдананорынды?

9-тапсырма бойынша қорсымша мәтін.



Жауаптары:

«Иә» - 2 ұпай, «кейде» - 1, «жоқ» - 0. Жауаптарыңыздан ұпай санын қосып, төмендегі адамдардың қайсысына жататыныңызды анықтаңыз.



30-32 ұпай. Сіздің адамдармен тіл табыса алмайтыныңыз айдан анық және бұл үлкен қасірет, себебі одан бәрінен бұрын өзіңіз көп жапа шегесіз. Жақын адамдарыңызға да оңай емес. Ұжыммен орындалатын істі сізге тапсыру қиын. Ашық болуға, өзіңізді өзіңіз бақылауға тырысыңыз.

25-29 ұпай. Сіз тұйық, сөзге кедей адамсыз. Жалғзыдыққа бейімсіз, сондықтан достарыңыз да аз. Жаңа жұмыс, жаңа қарым-қатынас сізге жағымсыз әсер етеді. Өзіңіздің бұл қасиетіңізді білесіз, сондықтан өзіңізге риза емессіз. Бірақ салыңыз суға түспесін, мінезіңіздегі бұл кемшілікті жою өз қолыңызда. Кейде сізді бір нәрсе қатты қызықтырса, «кенеттен» сөзшең болып кететініңіз бар емес пе? Тек кішкене сергектік қажет.

19-24 ұпай. Сіз белгілі бір деңгейде тіл табыса аласыз, бейтаныс ортада да өзіңізді еркін сезінесіз. Жаңа қиындықтардан қорықпайсыз.Сонда да жаңа адамдарға сақтықпен қарайсыз, айтыс-тартысқа құлықсызсыз. Кейде сөздеріңізде ащы қалжыңның көп болуы негізсіз. Бұл кемшіліктерді жою мүмкін екені кәміл.

14-18 ұпай. Сіз тіл табыса аласыз. Ізденімпазсыз, қызық тақырыпта сөйлесетін әңгімешіл адамды ден қойып тыңдайсыз. Қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз көзқарасыңызды еш қызбалыққа салынбай-ақ дәлелдей аласыз. Жаңа адамдармен кездесуге еш қиналмай барасыз. Сонымен қатар аса шулы ортаны да жақсы көрмейсіз. Шектен тыс нәрселер, дөрекілік, көп сөз сіз үшін жиіркенішті.

9-13 ұпай. Сіз көпшілсіз, әуесшілсіз, сөзшең адамсыз. Түрлі тақырыпта өз ойыңызды айтуға дайынсыз, ал бұл басқа адамдарға ұнамайды. Жаңа адамдармен тез танысасыз. Көпшіліктің ортасында болғанды ұнатасыз. Кейде орындай алмасаңыз да өзгелердің өтініші қайтармайсыз. Кейде тез ашуланасыз, бірақ қайтуыңыз тез. Бірақ қиын мәселелерге тап болғаныңызда сізге жетіспейтіні – тыңғылықтылық, шыдамдылық және батылдық. Егер шын ниеттенсеңіз, батылдық та көрсете алатыныңызға сеніңіз.

4-8 ұпай. Сіздің көпшіл адам болғаныңыз соншалық, әрдайым барлық нәрседен хабардарсыз. Басты қатыратын қандай қиын тақырыпта болмасын, айтыс-тартысқа түсуден бас тартпайсыз. Кез келген мәселеге біліміңіз тайыз болса да, өзіңіздің пікіріңізді білдіресіз. Орта талғамайсыз. Кез келген іске бел шешіп кірісесіз, бірақ оны әрдайым соңына дейін сәтті жеткізе алмайсыз. Сол себепті де әріптестеріңіз бен бастықтарыңыз сізге сақтықпен қарайды. Бұл ойландыратын жағдай емес пе!

3 ұпай және одан аз. Сіздің тіл табысқыштығыңыз сіздің басты кемшілігіңіз. Көп сөйлейсіз, сізге еш қатысы жоқ әңгімеге, кіріспейтін жерге килігесіз. Өзіңіз еш нәрсе білмейтін мәселелерді ойланбастан талқылайсыз. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да өз ортаңыздағы кикілжіңдердің басты себепкері өзіңізсіз. Ашуланшақсыз, өкпелегішсіз, көп жағдайда объективті емессіз. Салмақты, жауапты жұмыс сізге арналмаған. Жұмыста да, үйде де, барлық жерде де сізбен бірге болу адамдар үшін өте қиын. Өзіңіздің мінезіңізді қолға алыңыз! Өзіңізді ең алдымен шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеңіз, адамдарға сыйластықпен қарауға үйреніңіз. Әрине, өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз – бұлайша өмір сүрудің салдары қиын болады.
СОӨЖ тапсырмасы

Келіссөз жүргізуге қажетті нұсқаулық жазыңыз. Келіссөзді дұрыс жүргізуге қажетті ақыл-кеңес беріңіз.



СӨЖ тапсырмасы

Келіссөз жүргізу шеберлігі тақырыбында интернет көздеріне шолу жасап, келіссөз жүргізудің әмбебап жолын ұсыныңыз.


Қолданылған әдебиеттер

1. С.Бөрібаева. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу. Оқу құралы. А: «Қазақ университеті», 2011. 321б.

2. Л.Дүйсембекова. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы. А: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС, 2011. -400б.

3. М.Балақаев, М.Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті. А: «Зият Пресс», 2004. -140б.

4. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. А: Мұраттас, 2005.-795б.

5. Фразеологиялық сөздік. А: Арыс, 2007. 800б.

6. http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals.


Құрастырушы: п.ғ.к., доцент м.а. Ж.М.Бектұрғанова
6-сабақ. Дипломатиялық әдеп және оны рәсімдеу.

Халықаралық қатынастағы іскерлік мәдениет.
Тірек сөздер: Халықаралық қатынас, жаһандану, дипломатиялық протокол, дипломатиялық нота, сенім грамотасы, құттықтау нотасы, дипломатиялық келісім, елші, төтенше, өкілетті, үкімет, сыртқы істер, дипломатиялық хат алмасу, жаһандық мәселелер, ынтымақтастық, әріптестік қарым-қатынас, жауапкершілік, тұғырнама, төзімділік, бас қосу, ортаға салу, бетін алу, қауіпсіздік, адам құқығы, уағдаластық
Халықаралық қарым-қатынаста әр халық дипломатиялық протоколда көрсетілген дипломатиялық әдеп ережелерін ұстанады. Дипломатиылқ протокол дегеніміз халықаралық қатынаста мемлекет және үкімет, Сыртқы істер ведомстволдарының басшылары, дипломатиялық өкілдіктер, ресми тұлғалар ұстануы тиіс жалпы қабылданған ережелердің, дәстүрлер мен шарттылықтардың жиынтығы. Дипломатиялық протокол ХІХ ғасырда Вена конгресінде ресми түрде бекітілді.

Дипломатиялық әдеп Ережесі – үндеудің, хат алмасудың, сондай-ақ ресми іссапармен келудің, кездесулер мен сұхбаттар, дипломатиялық қабылдаулардың және т.б. белгілі бір нысанын құрайды. Олар дипломаттың, мемлекеттік қызметкердің, бизнесменнің сыртқы келбетіне, олардың киіміне, мәнеріне, мінез-құлығына, ресми іс-шараларға және т.б. қатаң талаптар қояды.




Халықаралық қарым-қатынас –

Дипломатиялық әдеп –

Үкімет –

Дипломатиялық өкілдіктер –

Ресми тұлғалар –

Жиынтық –

Ресми түрде –

Нысан –

Сауатты меңгеру –

Қолайлы –



Қазіргі заманға сәйкес дипломатиялық және іскерлік протоколдың Ережелерін, нормаларын сауатты меңгеру – қарым-қатынастың қолайлы климатын жасайды, дипломатиялық немесе экономикалық ведомствоның, сонымен бірге жалпы мемлекеттің беделін арттырады.
ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ!!!

Сөздердің орысша аудармасын

немесе мағынасын жазып алыңыз.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Құрметті медиа форум меймандары!

Ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді бүгінгі ҮІ Еуразиялық медиафорумның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Еуразияның кіндігіндегі Алматыда әлемдік деңгейдегі қоғамдық ой-сана өкілдері мен майталман журналистердің жиналғандарына қуаныштымын. Жаһандық көкейкесті мәселелерді ортаға салып, оларды бірлесіп талқылап, ортақ шешімге келу үшін Сіздердің осылайша бас қосуларыңыз игі дәстүрге айналды.

Қазақстан Шығыспен Батыстың, Терістік пен Күнгейдің геосаяси векторлары мен мәдени ареалдары қиылысқан тоғыз жолдың торабында орналасқан. Сол себепті де біздің стратегиямыз ұлттық және халықаралық процестердің өзара байланысына негізделген.

ХХІ ғасырдың ақиқаты шиеленіссіз келешек жөніндегі романтикалық қиялды жоққа шығарды. Халықаралық қатынастар жүйесі үдей түскен ғаламдық және аймақтық сипаттағы қауіп-қатер алдында әлсіз болып шықты. ...Бүгінгі әлемде жаһандық түйіндерді шешудің қарапайым жолы жоқ. Озбырлық тек зорлық-зомбылық туғызады. Ксенофобия, күдікшілдік және қорқыныш ХХІ ғасырдың жаңа обасына айналып келеді.



Жаһандық кеселдердің бетін қандай оң әрекеттер қайтара алуы мүмкін? Басы ашық нәрсе – әлемдік саясатта аса елеулі жаңарулар жүзеге асуы тиіс, халықаралық қатынастар мен халықаралық қауіпсіздік жүйесін қозғайтын жаһандық тетіктер өзгеруі тиіс.

Біріншіден, қазіргі дүниені біртұтас жанды организм деп ұғыну халықаралық саясатта жаһандық бәсеке парадигмасынан жаһандық жауапкершілік парадигмасына тұғырнамалық ауысуды талап етеді. «Жаһандық пайымды ой» мен «жаппай жауапкершілік» қағидаттарымен қаруланатын кез келді.

Екіншіден, мен халықаралық қатынастарда көпкіндіктілік ұғымын қайта қарап, оған сапалық жаңа реңк беру керек деп есептеймін. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты негізгі ықпал ету кіндіктерінің бәрімен – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, ЕО-мен, Үндістанмен, Араб елдерімен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Халықаралық сахнада өзін ұстаудың үшінші қағидатының маңыздылығын мен текетірес моделінен қағидаттық түрде бас тарту және сенім мен стратегиялық үнқатысу режімін белсенді түрде қалыптастыру дер едім.

Төртіншіден, әлем қазіргі халықаралық қатынастардағы элитарлықтан эгалитарлық сипатқа қарай бет алуы тиіс деген терең сенімдемін.

Сөзімді қорытындылай келе, біз осынау Форумға адал болып отырғандарыңыз үшін сіздерге ризашылықтамыз. Осында әлемнің саясатшылары, әлемнің танымал журналистері жиналуының өзі Қазақстанға деген сенімді көрсетеді. Барлық талқылаулар бір-бірімізге деген төзімділік аясында өтеді және бұл біздің бәріміз үшін зор пайда әкеледі деген сенімдемін.

Ықыластарыңызға рахмет. Сіздерге зор табыстар және мықты денсаулық тілеймін.
Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз.


  1. Сөздерді аудармаларымен сәйкестендіріңіз.

Үнқатысу тотальная ответственность

Текетірес моделі бесконфликтное будущее

Қағидаттық глобальная ответственность

Ықпал ету кіндіктері многополярность

Көпкіндіктілік толерантность

Жаһандық пайымды ой романтические грезы

Жаппай жауапкершілік страх

Жаһандық бәсеке серьезнейшие трансформации

Жаһандық кесел чума

Жаһандық жауапкершілік принципиально

Тұғырнамалық ауысу глобальная конкуренция

Шиеленіссіз келешек конфронтационный модель

Романтикалық қиял глобальные механизмы

Әлсіз полюса влияния

Озбырлық, зорлық-зомбылық глобальная болезнь

Күдікшілдік насилие

Қорқыныш диалог

Оба уязвимый

Елеулі жаңарулар концептуальный переход

Жаһандық тетіктер глобальное здравомыслие

Төзімділік подозрительность



  1. Сөздік қорымызға сөз қосайық!


Мәтіннен келесі мағынадағы сөздерді табыңыз.


    1. Білім-ғылымнан жан-жақты біліктілік, білімділік _______________________

    2. Өз ісінің асқан шебері _______________________

    3. Баса-көктеп жәбір көрсетушілік, зұлымдық _______________________

    4. Заттар мен құбылыстардың практикада тексерілген анық бейнесі; 2) шындық, дұрыстық __________________________________

    5. Ауру, сырқат, дерт; 2) ұнамсыз дағды, жаман әдет; 3) қайғы-қасірет, мұң _______________________________________

    6. Техникалық механизмді жүргізіп, басқарып тұратын бөлшек, құрал, аспап; 2) түйінді мәселе, негізгі ой ___________________________

    7. Түр-түс, келбет, әр, өң; 2) мағыналық ерекшелік, сәл ғана өзгешелік _________

    8. Белгілі бір мүдделерді қорғауға бағышталған, ел бюасқарудағы ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың әрекеті, ұстаған бағыты ________________________

    9. Әдетке айналған салт-сана, ғұрып ________________________

    10. Жақсы, ізгі; 2) қайырымды, адал, таза ________________________

    11. Адамның ойлау жүйесіне ғана тән психикалық процесс; 2) орындалуы қиын, шындыққа жанаспайтын арман, мақсат, тілек _____________________

    12. Бір нәрсенің түйіліп, шиеленісіп байланып қалған жері; 2) қорытынды, байлам ______________________________

    13. Көзге түсерліктей, көрнекті, белгілі; 2) айтарлықтай, үлкен, ірі; 3) қадірлі

    14. сыйлы, құрметті, қалаулы ______________________________

    15. Бөлшектенбейтін, жымдасып кеткен; бір түтін, ажырамас ___________________




  1. Келесі фразеологизмдерді мағыналарымен жұптастырыңыз.




Көптің енші-үлесіне айналдырды

бетін қайтарды

1) Бір жерге жиналды, мәжіліс құрып, кеңесті; 2) бірігіп тұрмыс құрды, үйлі-боранды болды

бет алды

Сан жолдың түйіскен, көп жолдың ұласып, тоғысқан жері

басы ашық

Қарқынын басты, алған бетінен тайдырды; жолына тосқауыл болды; жігерін құм қылды; қолын қақты, меселін қайтарды

ортаға салды

1) Ап-айқын, даусыз, ешкімнің таласы жоқ; 2) бос; ешкімнің ортақтығы жоқ, қолы тимеген

тоғыз жолдың торабы

Бағыт алды, кірісті, ыңғайланды; көңіл берді, жүзін көрсетті

бас қосты




  1. Келесі сөздерді етістіктерге айналдырыңыз.



Талқы______

Қиылыс______

Негіз_______

Сипат______

Түйін______

Жаңа______

Қару_______

Есеп_______

Бағыт______

Қалып______

Қорытынды_____

Пайда______

Жоқ__ _______

Ықпал ______

Қарым-қатынас _______

Сенім __________

Пайда _________





  1. Келесі сөздердің қарама-қарсы мағыналарын жазыңыз.



Шиеленіссіз -

Әлсіз -

Бүгінгі -

Үдеу -


Қарапайым -

Жаңа -


Елеулі -

Сыртқы -

Терең -

Танымал -







  1. Келесі сөздерден зат есімдер (З.е.) мен сын есімдер (С.е) жасаңыз, мағыналарындағы айырмашылықтарды ажыратыңыз.



Жаһан_____

Күдікшіл_____

Озбыр_____

Зор_____

Әлем_____

Халықара_____

Қауіпсіз_____

Жауапкерші_____

Тұғырнама______

Көпкіндікті______

Сапа_______

Әріптес_____

Маңызды_____

Қағидат______

Стратегия______

Элитар______

Эгитар______

Ризашы_____

Төзімді______

Денсау______







  1. Мәтін бойынша келесі тіркестерді жұптастырыңыз.




  1. қоғамдық

а) деңгей

  1. Еуразияның

ә) қиял

  1. майталман

б) сахна

  1. көкейкесті

в) келешек

5) игі

г) елеулі

6) геосаяси

ғ) ареал

7) мәдени

д) вектор

  1. аса

е) ой-сана

  1. жанды

ж) сыртқы саясат

  1. жаппай

з) жүйесі

  1. романтикалық

и) кіндігі

  1. шиеленіссіз

к) организм

13) әлемдік

қ) дәстүр

14) қауіпсіздік

л) жауапкершілік

15) көпвекторлы

м) мәселелер

16) Халықаралық

н) журналистер

8) Мәтін бойынша келесі сөздермен жасалған тіркестерді жазыңыз және толықтырыңыз.

А) В)

9) Келесі сұрақтар бойынша пікір алысыңыз.



-Халықаралық қатынасқа қандай ерекшеліктер тән?

-Халықаралық қатынас тілінде қандай сөздер белсенді түрде жұмсалады?

-Халықаралық қатынаста сөйлеуші қандай мақсатты ұстанады?

-Халықаралық қатынас мәдениетін білу қаншалықты маңызды?


2-тапсырма. Дипломатиялық қарым-қатынастағы сенім грамотасының орысша үлгісімен танысып, қазақшаға аударыңыз.
Верительная грамота
Кому (полное имя и титул главы государства)

Ваше Превосходительство,

Я назначил (ФИО), выдающегося гражданина (название государства-отправителя), представлять меня перед Вашим Правительством в качестве Чрезвычайного и Полномочного Посла (название государства-отправителя).

Он хорошо осознает взаимные интересы наших двух стран и разделяет мое искреннее желание сохранять и укреплять долгую дружбу между нами.

Моя убежденность в его высокой репутации и способностях дает мне полную уверенность в том, что он будет исполнять свои обязанности таким способом, который будет полностью приемлем для Вас. Имею честь рекомендоватьего Вам и прошу Вас принять его благосклонно и относиться с полной верой ко всему, что будет сказано им от лица (название страны-отправителя), равно как и его уверениям в моих лучших пожеланиях процветания (название принимающей страны).
Преданный Вам

(подпись главы государства)


Жоғары мәртебелі, Төтенше және өкілетті елші, абырой-бедел, сенім білдіру, міндет, қалтқысыз сену, ізгі ниетпен қабылдау,


Керекті сөздер:


3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Етістіктердің қандай тұлғада қолданылғанына назар аударыңыз.


Құттықтау нотасы

Астана қаласы

20___________

Жоғары Мәртебелі,___________________________________________

Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Қазақстан халқы мен өз атымнан шын жүректен құттықтауым мен шынайы лебізімді жолдағым келеді.

Осы орайда, екі ел арасындағы түрлі саладағы әріптестікті қамтамасыз етуге және екі ел экономикалары байланысын тереңдетуге бағытталған ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалаймыз.

Жоғары Мәртебелі, өзіңізге зор денсаулық және бақыт, Достас Пәкістан халқына гүлдену тілегім келеді.


Жоғары Мәртебелі _________________________________ мырзаға

Пәкістан Ислам Республикасының Президенті

Исламабад


Интернет көздерінен келесі сұрақтарға кеңейтілген жауап жазыңыз:

1. Сенім грамотасы қай кезде және кім береді?

2. Сенім грамотасын кімдерге береді?

3. Сенім грамтотасын не үшін береді?

4. Сенім грамотасы қай кезде күшін жояды? Және ол кезде қандай ресми дипломатиялық құжат қолданылады?

5. Сенім грамотасы тапсырылған адамға қандай құқықтар беріледі, ал қандай құқықтар берілмейді?

6. Дипломатиялық нота дегеніміз не және ол қандай мақсаттарда жазылады?

7. Дипломатиялық нота қай жақта жазылады?

8. Жоғарыдағы құттықтау нотасы қандай мақсатта жазылған?

9. Құттықтау нотасына қандай тілдік белгілер тән?


ЕСКЕРІҢІЗ!

Сенім грамоталары – тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат, тағайындалған елдің мемлекет басшысына тапсырылады. Елшілерге, уәкілдерге және арнаулы (төтенше) делегация басшыларына беріледі. Сенім грамоталары дипломатиялық өкілді аккредитациялауды жүзеге асыратын құжат.

Дипломатиялық нота – халықаралық құқықтағы дипломатиялық хат алмасу құжатының түрі. Дипломатиялық нота – бір мемлекеттің үкіметі атынан екінші елдің үкіметіне дипломатиялық ресми жолдауы. Ол вербалды және жеке болып бөлінеді. Вербалды нота үшінші жақта жазылады. Жеке нота әдетте маңызды қағидатты мәні бар мәселелерге қатысты немесе болып жатқан елдегі дипломатиялық протоколдың бекітілген талаптарына сәйкес белгілі бір оқиға туралы ресми ақпарат немесе жеке нотаға жауап ретінде жазылады. Әдетте жеке және вербалды ноталарда жазылатын мәселелер нақты реттелмейді.




4-тапсырма. Дипломатиялық нотаның келесі үлгісін оқыңыз. Ерекше берілген сөздердің аудармасын жазыңыз. Қажет болса, редакциялаңыз.
(Жапон тарапының нотасы)

Жоғары мәртебелі, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза!
«Республика Сарайына дыбыстық құрал-жабдықтар жеткізу» жобасына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапон Үкіметі өкілдері арасында жүргізілген жуырдағы келіссөздерге назар аударуға және Жапон Үкіметінің атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етіңіз:

1.Қазақстан Республикасындағы мәдени қызметтің дамуына ықпал ету мақсатында Жапон Үкіметі Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қырық тоғыз миллион сегіз жүз мың жапон йені мөршерінде грант бөледі.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе оның уәкілетті органымен анықталған Жапон банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына тек қана Грантты іске асыру мақсатында пайдаланатын банктік шот ашады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналар бойынша шаралар қабылдайды:

(а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған Құрал-жабдықтарды уақытылы кедендік рәсімдеуді, ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;

(б) жапон ғалымдарын Грант шеңберіндегі тауарлар мен қызметтерді жеткізуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын кеден бажының төлемдерінен, елдің ішкі салықтарынан және өзге де қаржылық алымдарынан босату;

(в) құрал-жабдықтарды тиесілі және тиімді пайдалану;

(г) грант есебінен сатып алынған құрал-жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары кері экспортқа шығарылмайды.

6. Екі Үкімет жоғарыда аталған уағдаластықтардан туындайтын немесе оларға байланысты кез келген мәселені қарау кезінде бір-бірінен консультация алады.

Міне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты жоғарыда баяндалғандарды растайтын осы нота мен Жоғары мәртебеңіздің нота жауабы Жапония Үкіметі Қазақстан тарабы осы Келісім күшіне енуі қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетін екі Үкіметтің арасындағы Келісім болып саналуын ұсыну құрметіне ие болып отырмын.

Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіремін.
Йорико Кавагути

Жапония Сыртқы істер министрі
Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз.


  1. Келесі тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Уағдаластықтарды ұсыну, қолданыстағы заңдар, назар аудару, уәкілетті орган, ішкі тасымалдау, банктік шот ашу, кедендік рәсімдеу, шаралар қабылдау, уақытылы қамтамасыз ету, тиесілі және тиімді пайдалану, қаржылық алымдардан босату, күшіне ену, мемлекетішілік рәсімдер, құрметіне ие болу, ықыласын білдіру.




  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.




  1. Үкіметінің / Жапон / ұсынуға / мынадай / атынан / рұқсат / уағдаластықтарды / етіңіз.

  2. Қазақстан / актілеріне / шараларды / сәйкес / асыруды / Қазақстанның / заңдары / қолданыстағы / нормативтік / мен / келесі / іске / Үкіметі / етеді / қамтамасыз.

  3. Қазақстан / Үкіметінің / атына / Республикасы / қана / жобаны / тек / асыру / мақсатында / банктік / пайдаланатын / шот / іске / ашады.

  4. Қазақстан / тауарларды / аумағында / бойынша / жоба / ішкі / сатып / алынған / тасымалдауды / ету / уақытылы / кедендік / Республикасының / рәсімдеуді, / қамтамасыз.

  5. Қазақстан / алынатын / кеден / және / Республикасында / бажының, / төлемдерінен / ішкі / қаржылық / салықтарынан / өзге де / елдің / алымдарынан / босату;

  6. Жоба / сатып / алынған / есебінен / Қазақстан / құрал-жабдықтар / Республикасынан / кері / экспортқа / тысқары / шығарылмайды.




  1. Осы үлгіге сүйене отырып, келесі жағдаяттардың біріне дипломатиялық нота үлгісін жазыңыз.

1. Аралды зеррттеуге байланысты Қазақстан-Германия екіжақты келіссөздері.

2. Қазақстанда «Хонда» автокөлігін құрастыратын зауыт ашу туралы Жапон-Қазақстан арасындағы келіссөздер.

3. Қымызды ұлттық брендке айналдыру туралы Қазақстан-Франция келіссөздері.



5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, келіссөздер жүргізудегі этномәдени ерекшеліктерге назар аударыңыз.
Батыс еуропалық әлеуметтанушылар Германияның, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, Испанияның бизнесмендерінің арасында сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға бұл елдерден 8000 бизнесмен қатыстырылған. Ол үшін бизнесмендерге ұсынылған 10 қасиет-сапаны (құзыреттілік, тиімділік, қалжыңды түсіну, сенімділік, жұмыстағы табандылық, кәсіпқойлық, білімділік, адамгершілік, ұжымда жұмыс істеу қабілеті, мұқияттылық) қай елдің өкілінің бойынан таба аласың деген сұрақ қойылған. Сауалнама нәтижесі ең жоғары балл +90, ал ең аз балл -40 баллмен есептелген. Нәтижесінде Германияның кәсіпкерлері ең жоғары балл алған: +80 – құзыреттілігі мен мұқияттылығы үшін, +90 – тиімді жұмысы үшін, +75 – сенімділігі үшін; +60 – білімі үшін, +70 – жұмысқа деген табандылығы үшін, +45 – кәсіпкерлігі үшін. Ал итальяндық бизнесмендер әзілкештігі үшін ең жоғары балл (+40) алған, сондай-ақ адамгершіліктері үшін де ең жоғары (+25) балл алған. Қазақстандық бизнесмендерге қандай балл берер едіңіз? Оларды сипаттаңыз.
6-тапсырма. Келіссөздер жүргізудегі әр халықтың өзіндік мәдениеті туралы кезекпен оқып, сипаттауларды халықтармен жұптастырыңыз.

Ағылшын бизнесмендері, мысырлық бизнесмендер, неміс бизнесмендері, француздық бизнесмендер, жапон бизнесмендері, итальяндық бизнесмендер, араб бизнесмендері, испандық бизнесмендер, қытай бизнесмендері, американдықтар.



І.

Бұлар кімдер?

1) ___________________________. Олар жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді. Шешім қабылдауда дербестікке ие. Келісімді шешудің ортақ жолдарын, тіпті жүзеге асыру барысын бірге отырып тәптіштеп талқылауға қарсы емес. Сол себепті келіссөзде оларға айқын әрі нақты ұсыныстар айту керек. Формалдылыққа бармай, бірден іске, басты тақырыпқа көшеді. Адамдардың жайдары ашық мінезін, адалдықты ұнатады. Коммерциялық келіссөздерде көбіне табандылық танытып, тіпті күш көрсетуге де бар. Сонымен қатар, серіктес өзі сияқты ережелерге бағынуы тиіс деген өзімшілдігі де бар. Олар өте жақсы саудаласады және саудаласқанды жаны сүйеді.

 2) __________________________. Олар серіктестерінің аяқ астынан өз позицияларын өзгерткенін ұнатпайды, сол себепті алдын ала бәрін тәптіштеп шешіп алады. Мәселені әр қырынан зерттейде, олармен келіссөздер сол себепті де баяу жүреді. Іскерлік кездесуде «ресми тілде» французша тілдескен жөн, бірақ олар шетелдіктердің французшаға шорқақтығына сынмен қарайды. Өздерінің позицияларын өте шебер мойындатады дегенмен, саудаласуға аса құлықты емес. Қарсылығын ашық білдіреді. Десек те, өзінің ұлтына тән сыпайылық, ілтипаттылық, әдептілік, қалжыңдап сөйлеу, еркін сөйлесу қасиеттерін де қатар ұстауға тырысады.

3) ___________________________. Олар келіссөзді тек серіктеспен қандай да бір келісімге келе алатындықтарына көздері жеткенде ғана бастайды. Мұқияттылықты аса бағалайды, мұқиятты серіктестерімен келіссөздері ерекше жемісті, тез жүреді. Өте кірпияз, олармен келіссөздерде халықаралық протоколдан алшақ кетпеген дұрыс. Өзінің позициясын сүзгіден әбден өткізеді, мәселелерді жүйелі, бірізді қарастырады. Бір мәселені бітірместен, екіншісін қолға алмайды. Серіктестің бойындағы адамдықты, турашылдықты жақсы көреді. Мысалмен, дәйекпен сөйлегенді, тыңдағанды ұнатады. Санға, кестелер мен диаграммаларға бей-жай қарай алмайды. Олармен сөйлескенде сөзіңіз қисынды әрі нақты болсын.

4) ____________________________. Олар келіссөзге немістер сияқты дайындалмайды, прагматикалық ұстанымдарды басшылыққа алады. Тиімді келісімді келіссөз барысында серіктестің позициясына қарай табуға болады деп ойлайды. Қарсы жақтың ұсынысына құрметпен қарайды. Олар әділеттілікті аса жоғары бағалайды, сондықтан олар ойынды адал ойнайды. Қалыптасқан мінездеріне сай олар ойға ұстамды және бірбеткей пайымдаулардан аулақ. Сонысымен-ақ олар серіктесіне ерекше құрмет көрсетеді. Әңгімеде жеке өмірге қатысты мәселелерді айтудан қашқақтайды. Үндемеу келіскенмен бірдей деген сөз оларға қатысты емес. Олар үндемей қалғанға сөзіме сендірдім деу үлкен қате. Себебі олар серіктестерін үлкен шыдамдылықпен, сөз таластырмай тыңдайды, ұстамдылықты адамның ең басты қасиеті деп біледі. Олармен келіссөз барысында үзілістер жиі болады, бірақ үнсіз қалудан қорықпау керек. Керісінше көп сөзбен, керексіз сөзбен іске зияныңызды тигізуіңіз мүмкін.

5)____________________________. Олар табиғатынан өте ашық, көпшіл. Әдетте қарым-қартынас орнатуда ерекше жігерлі, белсенді. Ұйымдастырушылық мәселелерді ұзаққа созбайды, альтернативті шешімдерге барудан бас тартпайды. Олар іскерлер әлемінде өзіне тең келетін адамдармен қатынас орнатуды қалайды. Сол себепті адамдармен бейресми жағдайда, жұмыстан тыс жерде кездесуге кет әрі емес. Бейресми жағдай қайшылықтарды жоюға, серіктестің ұсынысы туралы сыни ойларын ренжітпей ашық айтуға мүмкіндік береді деп ойлайды.

6) ___________________________. Олармен келіссөздер баяу жүреді. Әңгімелескенді ерекше ұнатады, сол себепті келіссөз уақыты көп жағдайда сақтала бермейді. Олар тәуелсіз, намысшыл. Адамның сырт келбетіне ерекше мән береді.

7) __________________________. Олар келіссөзде екі нәрсеге ерекше мән береді – келешек келіссөз туралы ақпаратқа, қарсыластың әлсіз, күшті жақтарына, екіншісі – «достастық жағдайын» жасауға. Оларға бастапқыда серіктестің келбетін, өзін-өзі ұстауын, өзгелермен ұстауын бақылау маңызды. Сөйтіп олар бірден серіктестердің әрқайсысының абырой-мәртебесін анықтап алады да, әрі қарай сол адаммен санасады. Келіссөзде олар өз ойларын бірден ашық айтпайды. Өз көзқарасын білдіреді, ұсынысын енгізеді, тек соңында ғана қандай да бір жеңілдіктер жасауы мүмкін. Ол келіссөздер тығырыққа тірелген кезде ғана айтылғанмен, жалғасына айналады. Серіктеспен соңғы келісімді келісім үстелінде емес, өз үйінде бекітеді. Алайда соңғы сәтте де олар өзіне пайдалы өзгерістерді енгізуге тырысып қалатынын есіңізден шығармаңыз.

8) ____________________________. «Ұжымдық ауызбіршілік» рухында тәрбиеленетін олар өздерінің тұлғалық ерекше қасиеттерін жасыруға, амбицияларын көрсетпеуге, күшті қасиеттерін жарияламауға тырысады. Өздеріне жүктелген міндеттерге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Келіссөздерді баяу жүргізу стиліне қарап таң қалуға болады. Талқылау келіссөзге қатысы жоқ мәселеден басталады да, содан кейін негізгі мәселеге көшеді. Серіктесіне ашық қарсы шықпайды. «Жоқ» деудің орнына «бұл өте қиын» деуі мүмкін. Тәуекелді ұнатпайды, жеңісті емес, жеңілмеуді ойлайды. Олардың шешім қабылдау, оны орындау жүйесі де ерекше: талқылауға фирма бастығынан бастап қатардағы қызметкерге дейін бәрі қатысады. Қарсы жақ жеңілдікке барса, олар да солай жауап береді.

9) ___________________________. Олар үшін келіссөзде өзара сенімге ие болу маңызды. Еуропалықтар оқиғаның дамуын ертеңге қарап болжаса, олар өзінің салт-дәстүрі арқылы өткен өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді.

10) __________________________. Олар ұлттық тәуелсіздікке қатысты мәселеге ерекше қарайды, сол себепті олардың елдің ішкі тіршілігіне қатысы бар мәселелерге бірден тойтарыс беріп отырады. Келіссөзде саудаласуға құмар. Бірінші кездесуде кеңпейілділік танытып, сыпайылық білдіреді. Бұл жасандылық емес, дәстүр жолы. Келесі кездесу мұндай жайбарақат жағдайда өтпеуі мүмкін.

ІІ. Төмендегі суреттерден қай халықтың өкілдері екенін тауып, жұптастырыңыз.



http://vlast.biz/biz/2010/02/images/top10_germany_10.jpg

ІІІ. Суреттегі кейіпкерлер туралы не айта аласыз? Берілген адам есімдерін суреттермен сәйкестендіріп,интернет көздері арқылы кеңейтілген ақпарат беріңіз.


а) Бернард Арно

ә) Джеральд Кавендиш Гросвенор



б) Амансио Ортега

в) Квоктар отбасы

г) Соичиро Хонда

ғ) Принц Альвалид бен Талаль

д) Нассеф Савирис

е) Уоррен Баффет

ж) Людвиг Браун

з) Мишель Ферреро



ІҮ. Қазақстандық бизнесмендер несімен ерекшелене алады? Сипаттап, жазыңыз.

Жағдаяттық тапсырма!

Сізге шетелден делегация келді. Оларға қазақтың қонақжайлығын танытып, көшпенділер мәдениетін бейнелейтін қандай да бір сый жасауыңыз керексіз. Төмендегі сыйлардың қайсысын ұсынар едіңіз? Немесе өзіңіздің ұсынысыңыз бар ма? Қандай тілекпен бересіз? Сөзіңізді жазыңыз.










________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Глоссарий
Елші – сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлеріне берілетін жоғары дипломатиялық дәрежесі.

Төтенше елшілік – мемлекеттің тәуелсіздігін, ұлттық мерекені, мемлекет басшысы өз қызметіне кірісуін (коронациялар) жариялау салдарына қатысты салтанаттарға және мейрамдарға қатысу үшін, мемлекет басшысы және басқа ресми тұлғаларды жерлеуге қатысу үшін өзге мемлекетке бағытталатын мемлекеттің делегациясы.

Елшілік – бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі. Елшілікті төтенше және толық құқықты елші басқарады.

Толеранттылық – жеке адамдардың, топтардың арасындағы нәсілдік және басқа да айырмашылықтардың заңдылығын мойындау, басқалар бойындағы ұқсассыздықтарға төзіммен қарау.

Сенім грамотасы – тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат, тағайындалған елдің мемлекет басшысына тапсырылады. Елшілер мен уәкілдерге берілетін сенім грамотасы бір мемлекет басшысынан екінші мемлекет басшысына арналып жазылып, мөрімен және қолымен куәландырылады.

Эгалитаризм – тең басқаруға, материалдық игіліктерге тең иелік етуге негізделіп, қоғамның барлық мүшелеріне тең мүмкіншілік беруді ұстанатын қоғамдық-саяси теория. Мүмкіншіліктермен қатар нәтиженің де теңдігін уағыздайтын қағидасы бар. Бұл жағдайда кірісті, қажеттіліктер мен қабілеттерді, үлесті және сыйды тең бөлу мәселелері ерекше маңызға ие болады.
Элитаризм – қоғамды ақсүйектерге (элита) және тобырға (масса) бөлу қажеттілігін ұстанатын тұжырым. Бұл тұжырым бойынша қоғамда мұндай жіктелістің болмауы, оның дамымағандығының белгісі. Элитаризм ақсүйектерге арналған, ерекше консервативті көзқарас.
Тест сұрақтары

1. Синоним сөздерді табыңыз:

А. Шарт, декларация, демаркация

В. Келісімшарт, конвенция, пакт

С. Келісім, делимитация, коалиция

Д. Оптация, лицензия, нотификация

Е. Конвенция, декларация, устав

2. «Уағдаластықтан» сөзі қай септікте тұр?

А. Барыс

В. Жатыс


С. Шығыс

Д. Көмектес

Е. Табыс

3. «Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сиюнь сенім грамотасын табыс етті» сөйлемі қай шақта тұр?

А. Осы шақ

В. Өткен шақ

С. Нақ осы шақ

Д. Келер шақ

Е. Бұрынғы өткен шақ

4. «Төтенше» сөзінің аудармасы:

А. Уполономоченный

В. Компетентный

С. Черезвыйчайный

Д. Чрезвыйчайный

Е. Правительственный

5. Бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі:

А. Елші

В. Елшілік



С. Өкілдік

Д. Ведомство

Е. Өкіл

6. Сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлеріне берілетін жоғары дипломатиялық дәрежесі:



А. Елші

В. Өкіл


С. Министр

Д. Уәкіл


Е. Кеңесші

7. Жеке адамдардың, топтардың арасындағы нәсілдік және басқа да айырмашылықтардың заңдылығын мойындау, басқалар бойындағы ұқсассыздықтарға төзіммен қарау:

А. Толеранттылық

В. Көпкіндіктілік

С. Көпвекторлық

Д. Консенсус

Е. Эгитарлық

8. Тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат:

А. Дипломатиялық нота

В. Дипломатиялық хат

С. Сенім грамотасы

Д. Кері шақыру грамотасы

Е. Дипломатиялық бұйрық

9. Эгалитаризмге қарама-қарсы:

А. Эгоизм

В. Эвальвация

С. Эмиссия

Д. Элитаризм

Е. Импрессионизм

10. Халықаралық құқықтағы дипломатиялық хат алмасу құжатының түрі.

А. Дипломатиялық нота

В. Дипломатиялық хат

С. Сенім грамотасы

Д. Кері шақыру грамотасы

Е. Шағым хат

11. «Жаһандық» сөзімен тіркеспейтін сөз:

А. Тетік

В. Түйін

С. Кесел

Д. Кесім

Е. Шешім

12. «Халықаралық» сөзімен тікеспейтін сөз:

А. Арена

В. Сахна

С. Сана

Д. Сапа

Е. Деңгей

13. «Многополярность» сөзінің аудармасы:

А. Көпкіндіктілік

В. Көпвекторлық

С. Көптілділік

Д. Көпұлттылық

Е. Көпбелдеулік

14. «Жоғары мәртебелі» сөзі қай стильде қолданылады?

А. Заң тілінде

В. Құжат тілінде

С. Дипломатиялық стильде

Д. Ресми стильде

Е. Публицистикалық стильде

15. «Қалтқысыз» сену сөзінің мағынасы:

А. Толық сенбеу

В. Толық сену

С. Сену

Д. Күмәндану

Е. Шүбәлану

14. «Бір жерге жиналды, мәжіліс құрып, кеңесті» мағынасындағы фразеологизм:

А. Бас салды

В. Бас тартты

С. Бас қосты

Д. Бас қатырды

Е. Басын айналдырды

15. «Қарқынын басты, алған бетінен тайдырды; жолына тосқауыл болды; жігерін құм қылды; қолын қақты, меселін қайтарды» мағынасындағы фразеологизм:

А. Бетіне басты

В. Бетінен алды

С. Бет алды

Д. Бетін қайтарды

Е. Бетімен кетті

16. «Көптің енші-үлесіне айналдырды» мағынасындағы фразеологизм:

А. Ортаға салды

В. Ортада қалды

С. Ортадан қосылды

Д. Ортаға қосты

Е. Ортаға тартты

17. «Ап-айқын, даусыз, ешкімнің таласы жоқ» мағынасындағы фразеологизм:

А. Басы жабық

В. Басы артық

С. Басы ашық

Д. Басы бос

Е. Басы анық

18. «Сан жолдың түйіскен, көп жолдың ұласып, тоғысқан жері» мағынасындағы фразеологизм:

А. Тоғыз жолдың торабы

В. Тоқсан жолдың торабы

С. Сан алуан жол

Д. Тоғыз қабат жер

Е. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

19. Белгілі бір мүдделерді қорғауға бағышталған, ел басқарудағы ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың әрекеті, ұстаған бағыты

А. Қатынас

В. Байланыс

С. Саясат

Д. Экономика

Е. Ықпалдастық

20. «Жоғары Мәртебелі, оны ізгі ниетпен қабылдауыңызды, бұл кісінің менің атымнан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Сізге баяндағандарының бәріне қалтқысыз сенуіңізді өтінемін» - қандай құжаттан алынған?

А. Құттықтау нотасы

В. Сенім грамотасы

С. Сенім хат

Д. Дипломатиялық протокол

Е. Шақыру хаты

Бақылау сұрақтары
1. Дипломатиялық стиль қандай ортада және қандай мақсатта қолданылады?

2. Дипломатиялық протокол дегеніміз не?

3. Дипломатиялық нота дегеніміз не?

4. Сенім грамотасы қандай жағдайда кіммен беріледі?

5. Дипломатиялық стильде қандай тілдік құралдар жиі қолданылады?

6. Дипломатиялық стильде белсенді қолданылатын 10 сөз айтыңыз.



СОӨЖ тапсырмасы
Мәтінді түсініп оқыңыз, дипломатиялық қарым-қатынаста қолданылатын сөздер мен құжат тілінде қолданылатын сөздерді екі айырып жазыңыз. Сөздікті пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз.

Үлгі:

Дипломатиялық стиль

Құжат тілі









Мемлекетаралық келісім

Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы



КЕЛІСІМ

Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі, бұдан былай Екі жақ деп аталады,

өзара сыйластық негізіндегі достық қатынастарды дамытуға ұмтылушылықты ескере келіп,

теңдік пен өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуды көздей отырып, төмендегілерге келісті:



1-бап

Екі жақ елдің әрқайсысында қолданылып жүрген заңдар мен ережелердің шеңберінде екі ел арасындағы ұзақ мерзімді және тұрақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы мақсатпен тиісті қолайлы жағдайлар жасайды.



2-бап

Екі жақ екі елдің тиісті органдары тауарларды сырттан әкелуге және сыртқа шығаруға лицензиялар берілуін және кедендік баж салығы үшін елдегі тауарлар үшін белгіленгендегіденжоғары болмауын қамтамасыз етуге келісті.



3-бап

Екі жақ сауда және экономиканың түрлі саласындағы ынтымақтастығы үшін өздерінің кәсіпорындарын, фирмалары мен ұйымдарын ынталандырып отыруға келісті.



4-бап

Осы Келісімнің шеңберінде өзара тауар жеткізу мен қызмет көрсету әрбір елдің қалыптасқан заңдары мен ережелеріне сай екі елдің жеке адамдары мен құқықты жақтардың арасында жасасқан шарттардың негізінде жүзеге асырылатын болады.



5-бап

Екі жақ өзара тауар жеткізу және қызмет көрсету дүниежүзілік баға мен халықаралық сапа стандартына сәйкес жүзеге асырылатындығына келісті.





Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Келісім не туралы?

2. Мемлекетаралық келісімнің әдеттегі келісімнен айырмашылығы неде?

3. Келісімнің мақсаты не?

4. Екі жақ қандай келісімдерге келді?
СӨЖ тапсырмасы

1.http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals сайтынан «Дипломатия жаршысы» журналынан дипломатиялық мәтін үзіндісін орысшадан қазақшаға аударып, жазылуын, мазмұнын талдаңыз.

2. «Халықаралық ұйымдар және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбында баспасөз материалдарымен жұмыс істеңіз. Онда қандай халықаралық мәселелер көтерілгенін, өту барысын зерттеп, келесі сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз.
1. Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Кеңесінің ресми құрылған кезі қай кез? А. 1977

В. 1975.

С.1973

Д. 1974


2. ЕҚЫҰ қандай бағытта жұмыс атқармайды?

А. Қауіпсіздік

В. Ынтымақтастық

С. Адам құқығы

Д. Еңбек бөлінісі

3. Еуропада болуы мүмкін дағдарыстың, жанжалдардың алдын алу, болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтары, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялық процестерді дамыту ЕҚЫҰ-ның –

А.Мақсаты.

В. Қызметі

С.Жетістігі

Д.Жұмыс нәтижесі

4. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қашан мүше болды?

А.1993


В.1994

С.1992


Д. 1996

5. ЕҚЫҰ-ның ҮІІ Саммиті қашан қай жерде өтті?

А.2010, 1-2 желтоқсан. Астанада.

В. 2010, 1-2 желтоқсан. Алматыда.

С. 2011, 1-2 желтоқсан. Румынияда.

Д. 2009, 1-2 желтоқсан, Венада

6.Келесі сөздердің толық атауы мен қызметін жазыңыз.

БҰҰ, ИКҰ, ЕК, ЕО, ТМД, ЕуразЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ.


Қолданылған әдебиеттер
1. С.Бөрібаева. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу. Оқу құралы. А: «Қазақ университеті», 2011. 321б.

2. Л.Дүйсембекова. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы. А: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС, 2011. -400б.

3. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. А: Мұраттас, 2005.-795б.

4. Фразеологиялық сөздік. А: Арыс, 2007. 800б.

5. http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals.

Ф.ғ.к. доцент Г. С. Шөмшекова



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет