Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері



жүктеу 3.06 Mb.
бет7/16
Дата15.01.2017
өлшемі3.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

5-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орнын өзгерткенде қандай ерекшелік байқалатынын түсіндіріңіз.

І.

А) - Шұбар, сіз осы сөзді осындай ширығып ашулана айттыңыз. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?! (М.Әуезов).



  • Сіз осы сөзді, Шұбар, осындай ширығып ашулана айттыңыз. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?!

  • Сіз осы сөзді осындай ширығып ашулана айттыңыз, Шұбар. Тегі жаныңызға қатты батады-ау осы, сірә?!

Ә) - Құнанбаев, не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады? (М.Әуезов).

  • Не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады, Құнанбаев?

  • Не себепті сіздің жаңағы маған айтқан сөздеріңізде жамандаған адамдарыңыздың барлығы, Құнанбаев, біздің сайлап қойған судьялар, волостной управительдер және әр түрлі беделді, инабатты адамдар болып шығады?


ІІ. Берілген сөйлемдердегі қаратпа сөздердің орнын ауыстырып, кем дегенде үш нұсқада қайта жазыңыз. Қандай өзгеріс болғанын түсіндіріңіз.
1. – Ибрагим Кунанбаевич, сіз алғаш келген кезде бұл қалаға ауру жаңа ғана араласқан-ды (М.Әуезов).

2. – Неткен адам едің, Айбол, - деген ол маған, өзіңді өзің отқа саласың, қайдағы жоқ нәрселерді ойлап қиналасың! (І.Есенберлин).

3. – Ақылбек Ахметжанович, - дедім мен тағы да, - Мен ғой кейбір жағдайларда өзімді өзім сіздің тарихыңыздың зерттеушісі санаймын (І.Есенберлин).

Мәтінмен жұмыс!

6-тапсырма. Мәтінді рөлге бөлініп, мәнеріне келтіре оқыңыз.
Келіссөзде
А: -Кешіріңіз, кездесуіміз сәл кеш басталып жатыр. Оның өзінің себептері бар. Кешірім сұраймыз.

В: -Оқасы жоқ! Серіктес болу оңай емес!

А: -Дұрыс айттыңыз! Сіздің компаниямен серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе.

В: -Бірден іске көшейік. Сіздердің талаптарыңызбен таныстық, көп ойландық... Бірақ тауардың көтерме бағасы бізге тиімді емес.

А: -Біздің бағамыз қаладағы ең төмен баға.

В: -Солай екені рас. Бірақ біз тапсырысымызды келісілген көлемнен үш есеге көбейткіміз келеді. Оның үстіне... біз сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырғымыз келеді. Сондай-ақ, біз сіздердің тасымалдау компанияларыңызбен де қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

А: -Біздің компанияға деген сенімдеріңіз үшін көп рахмет. Сенімдеріңізді ақтауға тырысамыз. Бірақ сізге ұсынған баға біздегі ең төменгі баға. Одан артық түсіру бізге қосымша шығындар әкеледі.

В: -Әлбетте. Бірақ біздің ұсынып отырған бағамыз сізге де, бізге де ұтымды деп ойлаймын. Қазақстандық нарықта сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. Бізбен серіктес болсаңыздар, тауарларыңызды сыртқы нарыққа шығаруға мол мүмкіндік ашылатынын ескерсеңіздер деймін. Оның үстіне біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имиджіңізді көтере түсетіні анық.

А: -Сіз өте жақсы ой айттыңыз. Біз сыртқы нарыққа шығуға талпынып жатырмыз. Тауар көлемін күн сайын өсіріп жатырмыз. Қазір сақтандыру компаниясымен тауарды сақтандыру тарифтері туралы келіссөздер жүргізудеміз.

В: -Тауар көлемін ұлғайту туралы шешімдеріңіз өте дұрыс шешім. Болашақта сіздің тауардың 40 пайызын тек біздің компания ғана сатып алып отыратын болады. Біздің болашаққа жоспарларымыз өте көп.

А: -Әрине, әрине. Еш күмәнім жоқ. Мен бұған қатысты шешімді қазір айта алмаймын. Ұсыныстарыңызды компания мәжілісінде көтеремін.

В: -Өте жақсы. Екі жаққа да ұтымды шешімге келетіндеріңізге сенемін.

А: -Мен сізге ешнәрсеге уәде бере алмаймын. Акционерлердің ортақ шешімін тосуға мәжбүрміз.

В: -Түсінікті. Алайда бізге жауаптарыңызды тез арада берсеңіздер екен. Тауардың алғашқы партиясын біз келесі айда алуымыз керек. Төлемақысын есеп-шоттарыңызға бірден аударамыз.

А: -Әлбетте. Жақын күндерде хабарласамыз.

ЕСКЕРІҢІЗ!



  1. Келіссөзде өтініш білдіруде «деймін», «дейміз», «екен» сөздері шартты райдың сыпайы түрінде, көпше тұлғада жиі қолданылады:

-ескерСЕңіздер деймін/дейміз;

- ескерСЕңіз деймін/дейміз;

-жауаптарыңызды тез арада берСЕңіздер екен;

  1. Келіссөзде қалау-тілекті білдіру үшін қалау рай тұлғасының сыпайы, көпше түрі белсенді түрде қолданылады:

-тапсырысты көбейтКІміз келеді;

-келісім-шртқа отырҒЫмыз келеді;

  1. келліссөзде «біз», «сіз», «сіздер» тұлғасында сөйлеген орынды.

-БІЗ тауарды шетелге шығарғалы жатырМЫЗ.



Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз.


  1. Қарамен берілген сөздердің аудармасын жазыңыз.




  1. Сөздердің антонимін (-) және синонимін (,) жазыңыз.



Отандық нарық –

Ең төмен баға –

Көтерме баға –

Сенім –

Қазақстандық нарық,

Өсіру –

Өсіру,

Сатып алу –

Ең дұрыс –

Ұзақ мерзімді келісім-шарт –

Қосымша шығын –

Жауап –



Уәде,





  1. Керекті тілдік бірліктерді қойып, оқыңыз.

1. Сіздердің талаптарыңыз... таныстық. 2) Сіздің компания... серіктес болу біз үшін үлкен мәртебе. 3) Сіздің компаниямен ұзақ мерзімді келісім-шарт.... отырғымыз келеді. 4) Тауарларыңызды сыртқы нарық..... шығаруға мол мүмкіндік бар. 5) Қазақстандық нарық... сіздің бәсекелестеріңіз аз емес екенін білеміз. 6) Біздің болашақ... жоспарларымыз өте көп. 7) Мен бұған қатысты шешім... қазір айта алмаймын. 8) Біздің компанияның атақ-беделі сіздің отандық нарықтағы имидж....... көтере түсетіні анық. 9) Екі жаққа да ұтымды шешім...... келетіндеріңізге сенемін. 10) Бізге жауаптарыңыз..... тез арада берсеңіздер екен.


  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.




  1. біз / серіктес / мәртебе / болу / Сіздің / үшін / үлкен /компаниямен.

  2. біз / тапсырысымызды / Бірақ / үш / есеге / келеді / көлемнен / көбейткіміз / келісілген.

  3. серіктес / Бізбен / болсаңыздар.

  4. шешімге / сенемін / келетіндеріңізге / ұтымды.

  5. Біздің / деген / рахмет / үшін / сенімдеріңіз / көп / компанияға.


5) Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.


  1. Қабылдау принимать

  2. Қарастыру рассматривать

  3. Ұсыну предлогать

  4. Жауабын беру дать ответ

  5. Бас тарту отказаться

  6. Келісімге келу прийти к соглашению

  7. Келіссөздер жүргізу вести переговоры

  8. Тырысу стараться

  9. Ескеру учитывать

  10. Хабарлау известить, сообщить




  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Келіссөзді жүргізуде екі тарап та дұрыс тактика ұстанды ма? Сөздерінде қателіктер болды ма? Сөздеріне қандай ерекшелік тән болды?

    2. Екі тараптың екеуі де сөз қисындылығы талаптарын орындай алды ма?

    3. Келіссөз жүргізудегі мақсат не? Келіссөзде қандай қателіктер жібермеу керек деп ойлайсыз?

    4. Қалай ойлайсыздар, кімнің сөзі орынды шықты? Екі тарап қандай келісімге келеді?


7) Сөйлем үлгілерін қандай мақсатта айтуға болатынын анықтаңыз.


Сөйлем үлгілері

Эмоциялық

реңк беру

Ашық қарым-қатынасқа ниет таныту

Әңгімені нақтылап, дамыту

Иә, иә...

Иә, тыңдап тұрмын.

Әрине!

Рас па?










Өз ойыңызды айтыңызшы;

Ол туралы не ойлайсыз?

Сонда ол не дегені?










Уақытыңызды жақсы өткіздіңіз бе?

Уайымдай бастаған сияқтысыз?











8) Сөздеріне қарап, келіссөзге қатысушы тыңдаушылардың қандай адамдар екенін анықтаңыз.


Тыңдаушылар:

Ықыласты

Жаны ашығыш

Талдағыш

Турашыл

Байыбына барғыш

-Бұл – дұрыс емес; бұл – өте дұрыс; Бірден іске көшейік!
















-Оның не үшін олай істегені маған енді түсінікті болды;

-Мені кінәлі сезіндіру үшін айтып тұрсыз ба?
















-Сіз өте дұрыс айтасыз;

-Қандай өкінішті!
















-Қашан?

-Нақты мысал келтіріңізші;
















-Әлбетте.

-Солай екені рас.

-Оқасы жоқ.

















9) Кейіпкерлердің келесі келіссөздерінің жалғасын жазыңыз.
Келіссөз жүргізу
Келіссөз жүргізу нақты бір нәтижеге жетуге бағытталып, мақсаты алдын-ала белгіленетін және диалог арқылы жүзегі асырылатын іскерлік қарым-қатынастың бір түрі.

Келіссөздер келесі жағдайларда жүргізіледі:



-нақты бір себептер бойынша (мысалы, отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсететеін Орталық құруға қатысты т.б.);

-нақты бір жағдайларға байланысты (мысалы, екі тараптың мүдделері үйлеспеген кезде);

-нақты бір мақсат бойынша (мысалы, келісім-шарт жасасу);

-нақты мәселелер бойынша (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселерге байланысты).

Келіссөздердің тақырыбы сан алуан болғанмен, барлығының құрылымы бір болып келеді:




1

Қарастырылатын мәселеге ену

КІРІСПЕ

2

  1. Келіссөздер барысында қарастырылатын мәселеге, ұсынысқа сипаттама беру

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Өз көзқарас, ұстанымын баяндау

Келіссөздің дамуы

  1. Диалогты жүргізу

Келіссөздің шарықтау шегі

  1. Мәселенің шешімі

Келіссөздің шешімі

3

Соңы

ҚОРЫТЫНДЫ

Келіссөздер қиын немесе жеңіл жүруі мүмкін. Серіктестер оңай немесе қиын тіл табысуы мүмкін, болмаса тіпті ортақ келісімге келе алмаулары мүмкін. Бұл ретте субъективтік факторларды да естен шығармау керек: серіктестердің қабілеті, білігі, келіссө жүргізу шеберлгігі. Келіссөз үстелінде іскерлік, кәсіби, коммуникативтік тәжірибесі әр түрлі адамдар жолығуы да мүмкін. Олардың темпераменті, қарым-қатынас жасау стилі, білімдері де әр түрлі болады.

Келіссөздерді жүргізуге алдын-ала үлкен дайындық керек. Келіссөздерді жүргізуде мынадай кемшіліктер жиі кездеседі:

-«Немқұрайдылық» («Холодный запуск»): келіссөздің мақсаты мен маңызын, қиыншылығы мен салдарын терең түсінбеу. Бұл жағдайда келсіссөзді қарсылас басқарып кетеді де, сіз тек мақұлдаушы не тыңдаушы тарап болып қаласыз.

-«Алдын-ала жоспардың, бағдарламаның болмауы» («Отсутствие программы») : Қойылуы мүмкін максималды, минималды талаптарға дайын болмау. Келіссөзде ойыңызды алдын-ала жүйелеп алған дұрыс, болмаса оны қағазға түсірген жөн.

-«Ең бастысы өз пайдам!» («Главное, чтобы меня устраивало!»): тараптардың бірінің өз мүддесін барлығынан жоғары қойып, басқа тараптар үшін келетін пайданың қызықсыз болып қалуы. Өзімшілдік салдарынан тараптардың мүдделерінің тоғыспауы серіктестің келісім жүргізуге деген ынтасын түсіреді.

-«Бәрін өз бетімен жіберу» (Пускать все на самотек): серіктестің өзіне не керек, неге керек, қандай талаптар керектігін және қарсы тараптан күтілетін нәтижені болжай алмауы. Мұндай жағдайда келіссөз жүргізу тиімді болмайды.

-«Тіл табыса алмау» («Коммуникативные заморыши»): тараптардың бірінің дөрекілік, әдепсіздік танытуынан келіссөздің өз мақсатына жетпеуі. Мысалы: серіктестің сөзін тыңдамау (немесе тыңдай алмау); диалогқа түспей, монолог сөзбен сөйлеу; -іскерлік ұстамдылық таныта алмай, сабырсыздыққа бой алдыру, сезімге берілу; өзінің сөзін дәлелдемей, тек көзқарасының дұрыстығын өзінше алға тарту; хабарының болмауы, яғни жаңа деректер мен ұсыныстар ұсынбай, тек мәселені шешуге кедергі кетіретін бұрыннан мәлім көзқарастан аса алмау; екі жаққа да ортақ мүддені, пайданы ескермеу;

Жағдаяттық тапсырма!


  1. Сіз келіссөздесіз. Серіктесіңіздің ойларымен келісетініңізді қалай білдірер едіңіз? Сөздердің қатарын толықтырыңыз.



Иә, әрине...

__________

__________

__________

__________

__________

__________

__________

__________





  1. Сіз келіссөздесіз. Серіктесіңіз сіздің айтқан ұсыныстарыңызға келіспей жатыр. Өзіңізге сендіру үшін сөзіңізді қалай бастайсыз? Сөздердің қатарын толықтырыңыз.


Жақсы, мәселеге басқа қырынан келейік...

_________________________________

_________________________________

_________________________________

_________________________________


  1. Келесі жағдайларда серіктеске қандай сөз айтар едіңіз?

Серіктес өзгелердің өзін маман ретінде бағалағанын қалайды –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңізді жақсы түсінгеніңізге көз жеткізгіңіз келді –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңіздің тәжірибесін бағалайтыныңызды білдіргіңіз келді –

_____________________________________________________________________________

Серіктесіңізге ойлануға уақыт бергіңіз келді –

_____________________________________________________________________________
7-тапсырма. Сіз келіссөздесіз. Тауарды жеткізу туралы келісім жасасып жатсыздар. Қарсы жаққа қандай сұрақ және қандай формада қояр едіңіз? Кем дегенде 3 сұрақты түрлендіріп қойыңыз.
8-тапсырма. Д.Карнеги іскерлік кездесуде ескеру керек 6 ережені ұсынады. Мәтінді оқып, қазақшаға аударыңыз. Пікір алысыңыз.
Правило первое: искренне интересуйтесь другими людьми.

Правило второе: улыбайтесь!

Правило третье: помните, что на любом языке имя человека – это самый сладостный и самый важный для него звук!

Правило четвертое: будьте хорошим слушателем. Поощряйте других говорить о себе.

Правило пятое: говорите о том, что интересует вашего собеседника.

Правило шестое: внушайте собеседнику сознание его значимости и делайте это искренне!

-Бұл ережелер бүгінгі таңда қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

-Тағы да қандай ереже ұсынар едіңіз? (2-3 ереже жазыңыз)
9-тапсырма. Өзіңізді іскер адамның орнына қойыңыз. Берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беріп, қаншалықты тіл табысқыш адам екеніңізді анықтаңыз.
1. Сіздің әдеттегідей іскерлік кездесуіңіз болады. Кездесу жайын уайымдар ма едіңіз?

2. Сіз дәрігерге көрінуге жағдайыңыз ауырламайынша бармайсыз ба?

3. Мәжілісте, жиында немесе басқа шараларда баяндама оқуға, ақпарат туралы мәлімдеуге шығу туралы нұсқау сізді тығырыққа тірер ме еді?

4. Сіз өзіңіз бұрын-соңды болмаған, көрмеген қалаға іс сапарға шығу керек. Бұл іссапардан бас тарту үшін бар күшіңізді салар ма едіңіз?

5. Өз ойларыңызбен біреумен бөліскенді жақсы көресіз бе?

6. Көшеде біреу сізден өтінсе (жол көрсету, айтып жіберу, сағатты сұрау т.б.), ашуланар ма едіңіз?

7. «Әкелер мен балалардың» арасында проблемалардың барына, әр жастағы ұрпақтың бірін-бірі түсінуі қиын екеніне сенесіз бе?

8. Танысыңыз сізден бірнеше ай бұрын сұрап алған 1000 теңгені қайтаруға ұмытып кеткенін есіне салуға қысылар ма едіңіз?

9. Мейрамханада немесе асханада сізге сапасы сенімсіз тағам әкеліп берді делік – сіз тәрелкені ашумен ысырып қана қойып, үндемес пе едіңіз?

10. Бейтаныс адаммен жалғыз қалсаңыз, ол бірінші бастамайынша сөйлеспейсіз. Ол бірінші бастап сізбен сөйлессе де сіз қысылып, ұяласыз. Бұл рас па?

11. Сіз ұзыннан ұзақ кезекте тұрғанды ұнатпайсыз (дүкенде, кітапханада, әуежайдың кассасында). Өз ойыңыздан бас тартпай, өз кезегіңізді шыдамдылықпен күтесіз бе?

12. Тартысты жағдайларға қатысты комиссияның жұмысына қатысудан қорқасыз ба?

13. Көркем шығарманы, өнерді, мәдениетті бағалауда өзіңіздің жеке пікіріңіз бар және басқалардың пікірі сіз үшін еш маңызды емес. Солай ма?

14. Сіз өте жақсы білетін мәселеге қатысты бөтен жерде жаңсақ көзқараспен айтылған сөзді естідіңіз. Сөз таластырмай, пікірталастан қалыс қаласыз ба?

15. Жұмысқа, сабаққа қатысты мәселеде көмек көрсету туралы біреулердің өтініші сізді ренжітеді ме?

16. Сіз өз пікіріңізді ауызшадан гөрі, жазбаша түрде жақсы жеткізесіз бе?


-сабақтың соңында берілген жауаптарды оқып, өзіңіздің қандай адамның типіне жататыныңызды анықтаңыз.

-тіл табысқыш қасиеттер әр түрлі тағы да қандай адамдар болады? Жауаптарды оқып, пікір алысыңыз:

-тіл табысқыш және көпшіл қасиеттің арасында айырмашылық бар ма?

-Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Айналаңызда тіл табысқыш қабілеті күшті адамдар көп пе? Олар қандай?

2. Айналаңызда көпшіл адамдар көп пе? Олар қандай?

3. Айналаңызда тіл табысқыш, бірақ ашуланшақ, шыдамсыз адамдар бар ма? Оны бұл мінезін қалай білдіңіз?

4. Сіз білетін тіл табысқыш адам қандай адам?

5. Адамның тіл табысқыш, көпшіл қасиеті іскерлік кездесулерде қаншалықты көмектеседі?

Ойын ойнайық!


  1. Бір адам теріс қарап тұрады, қалған адам орындарын ауыстырады. Бір адам дауысын өзгертіп түрлі эмоциялық реңкте бір сөз айтады. Теріс қарап тұрған адам кімнің даусы, қандай мағынада айтқанын табады.

  2. Бір адам теріс қарап тұрады, басқа адамдардың бірі түрлі адамдардың жүрісін салады. Теріс қарап тұрған адам оның жүріс дыбысына қарап, қандай адамды бейнеленіп тұрғанын табады (Мысалы, жеңілтек адамның жүрісі, сенімді, сенімсіз адамның жүрісі т.б.). Кино кейіпкерлерінің жүрісін салуға да болады.


Глоссарий
Сақтандыру компаниясы – сақтандырушы рөлін атқаратын, яғни сақтандыру жағдайы болғанда залалды өтеу міндетін мойнына алушы ұйым. Сақтандыру компанияларының негізгі нысандары – акционерлік, қарыз беру, Ллойд компаниялары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет