Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері



жүктеу 3.06 Mb.
бет5/16
Дата15.01.2017
өлшемі3.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

12-тапсырма. Сөйлеу әдептілігіне байланысты айтылған ойға назар аударыңыз, тәрбиелік мәнін талдаңыз.
Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз.

Тіл тигізіп сөз жүргізбеңіз.

Біреудің сөзін бөлмеңіз.

Біреу жаңылысса, сөкпей, жәймен түсіндіріңіз.

Қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз.

Ата-бабаңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз.

Ант ішіп сөйлеген, өтірікшінің әдеті.

Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпайыды.


13-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, ғалымның қандай күрделі мәселе көтеріп отырғанына назар аударыңыз.
Тіл тазалығы
Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.

Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан:

А) Ескірген сөздерге жоламаған.

Ә) Жаңадан шыққан сөздерден қашқан.

Б) Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан.

В) Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған.

Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа азуы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.

Ахмет Байтұрсынов.
Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыздар:


  1. Шеттілдік сөздерді орынсыз қолданудың сөз сапасына тигізер жағымсыз әсеріне мысал келтіріңіз.

  2. Сөз тазалығына нұқсан келтіретін дөрекі сөздер, жергілікті сөздер(диалектизмдер) тәрізді жағымсыз қолданыстарға мысал келтіріңіз.

  3. Қазіргі кезде ана тілімізді тазалығына нұқсан келтіретіндей қауіп бар ма?


14-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптерге көшіріп жазыңыз.

1. Қызмет бабында жеке кісімен конфиденциальді пікірлесу қажет болады. Бұл сізден .......... жоғары деңгейінен көрінуіңізді қажет етеді. Әрбір жағдайға қажетті тон, ............ тауып, ойыңызды ......... жеткізе білуіңіз керек. ( Керекті сөздер:мәдениеттіліктің, сауатты , сөздерді)

2. Әр маман өз ісінің үгітшісі, ......... болуы керек .Көпшілік алдында .......... сөйлей білгеніңіз, тілін білгеніңіз – білікті ......... ретінде бағаңызды көтереді. ( Керекті сөздер:маман, еркін.шешені.)

3.Тіл маманның бар ........, ісін жүзеге асыратын, ......... немесе жеткізетін құрал. ( Керекті сөздер: бейнелейтін, ойын)


c:\documents and settings\user\рабочий стол\іскерлік\image001.jpg

15-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Мейрамханадағы іскерлік кездесуге байланысты әріптесіңізбен сұхбат құрыңыз.

Біле жүріңіз....

  1. Іскерлік кездесуге мейрамханаға ешқашан аш келмеңіз. Дұрысы, алдын ала бір жерден тамақтанып алу керек. Сіз мейрамханаға тамақ ішу үшін емес, іскерлік байланыс орнатуға және қызмет бабындағы мәселелерді талқылауға бара жатырсыз.

  2. Дастарқан басында өзіңіздің диеталық талғамыңыз бен денсаулығыңыздың ақаулары туралы айтуға болмайды. Егер ұсынылған тағамды жегіңіз келмесе, аллергияңыздың бар екенін немесе асқазаныңызға жақпайтынын түсіндіріп жатпай-ақ, тағамды ысырып қоя салыңыз.

  3. Қол алысқанда іскерлік серіктесіңіздің қолын қатты қысуға болмайды, бірақ қол алысу жігерлі нығыз болуы тиіс. Қол алғанда қолды екіден артық сілкілемеу керек. Кездесушіге мұздай суық қолды ұсына салу да ағаттық. Егер күн суық болса, қолыңызға қолғап киіп жүріңіз.


16-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыз.

жауапкершілік – ответственность

дөрекілік – грубость

кепілақы – задаток

мөр, мөртабан – печать

сөз мәдениеті – культура речи


17-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. Көп нүктенің орнына керекті сөз және сөз тіркесін тауып қойыңыздар.

2-топ. Берілген мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің «Сөйлеу әдебі» тақырыбымен қандай байланысы бар? Өз түсініктеріңді ауызша баяндаңдар.

3-топ. Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып, бір қанатты сөзді тақырып етіп шағын шығарма жазыңдар.

1.Тіл – адам ойының ... 2. Аңдамай сөйлеген ... ... 3. Ойнап сөйлесең де, ... ... 4. Тисе терекке, тимесе ... 5. Айтылған сөз - ... оқпен тең. 6. Бал тамған тілден ... тамар. 7. Көп сөз - ... 8. Көп сөз – күміс, аз сөз ... 9. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... ... 10. Таза сөйлеу – биік ... 11. Көңілсіз ... – ойға олақ.



Керекті сөздер: 1.Құлақ. 2. Мылжың боласың. 3. Мәдениеттілік. 4. У. 5. Атылған. 6. Бос сөз. 7. Айнасы. 8. Ауырмай өледі. 9. Ойлап сөйле. 10. Алтын. 11. Бұтаққа.
18-тапсырма. Мағынасы берілген сұрақтарға сәйкес келетін тұрақты тіркесті табыңыз.
1. Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі тік сөйлейді. Әдеппен сөйлеуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай?

2. Сабақ сұрағанда кейбір балалар айтайын деген ойын толық айтып аяқтамай, аяғын қайтеді?

3. Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжаң балалар да болады. Оны қалай дейді?

4. Оқуға да, жұмысқа да пысық болмай, бос, болбыр болса, оны қалай дейді?

5. Жолдастарының да, басқаның да айтқан ақыл, кеңестерін мақұлдамай, өзінше жүретін болса, оны қалай дейді?

6. Ешкімді аямайтын, аяушылық дегенді білмейтін болса ше?

7. Еңбек етпей, ұрлық, бұзықтық жолымен мал тауып, күн көруді ойлайтын оңбағандарды қалай дейді?

К е р е к т і т ұ р а қ т ы т і р к е с т е р: шыбық тимес шыңқ етер,сөзінің аяғын жұтып қояды, оңай олжа табу, арам тамақ, сөзі түйеден түскендей, қоян жүрек, босбелбеу, адамға жаны ашымайды, ешкіммен санаспайды, бетімен кеткен. («Қызықты грамматика»кітабынан)
19-тапсырма. Тіл сөзімен жасалатын тұрақты тіркестердің баламасын табыңыз.


Тіл қысқа. Тілі мірдің оғындай.

Тілге жүйрік. Тіл мен жағына сүйенді. Тілдесе алмады.

Тілдің майын тамызады.

Тіліңді тарт.

Тілі ащы.

Тілі өтті.

Тілге (біреудің) ерді.


Біреудің ықпалында болды.

Сөйлеудің реті келмеді.

Ойындағысын жеткізіп айтып бере алмады. Мылжыңдап бос сөз айтты.

Көз тиді.

Сөзге шешен, өткір тілді, ділмар.

Сөзін тигізіп сөйлейді.

Шағып сөйлейтін адам.

Тыңдаушысын ұйыта сөйледі.




Бақылау сұрақтары
1.Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?

2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?

4.Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?

6. Сөз байлығы дегеніміз не? Тілдің лексикасын қандай сөздер байытады?

7. Тіл тазалығы дегеніміз не? Оның шарттары қандай?

8. Орфоэпиядеп нені айтамыз? Оның орфографиядан айырмашылығы неде?

9.Орфэпия нормасы деген не? Орфоэпия нормаларын білу қандай мәселелерді білумен тығыз байланысты? Мысал келтір.


Тест сұрақтары


  1. Әдеп деген не?

А) нормадан ауытқудың өлшемі

В) қарым-қатынастың құралы

С) сөйлеудегі мәдениет тірегі

Д) адамдардың өзара тілдесуі

Е) адамдардың өзара келісуі


  1. Қарым-қатынас деген сөз қандай ұғымды білдіреді?

А) екі адамның бетпе-бет тілдесуі

В) адамның өз ортасымен жанды байланысы

С) көпшіліктің ортақ пікірі

Д) халықтың дәстүрдің көрінісі

Е) көпшілікпен кездесу

3. Іскерлік қарым-қатынасқа тән белгіні көрсетіңіз.

А. Дос-жаранмен сыйластық

В. Отбасындағы қатынас

С. Қызмет бойынша қатынас

Д. Қоғамдық көліктегі сөйлесу

Е. Аудиториядағы сөйлесу

4. Бөлім бастығы сейсенбі... мәжіліс өткізеді.

А) –да

В) –де

С) –та

Д) –те


Е) - ке

5. Іскер адамдар ... ұтымды пайдалануға тырысады.

А) –уақытты

В) –мәселені

С) –еңбекті

Д) –ақшаны

Е) –айлықты

6. Сізбен кездесіп жоспардың кейбір мәселелерін анықта... деп едім.

А) –ейін

В) –айын

С) –йын

Д) –айық

Е) - аңыз

7. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз.

А. Көңіл аудару

В. Көңүл гүйү

С. Көлік

Д. Күйдіргі

Е. Көркем

8. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Өзін-өзі

В. Өзінше

С. Өйткені

Д. Құбұжұқ

Е. Қызғылт

9.Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Күлдүргі

В. Күлдіргі

С. Күлдүргү

Д. Күлдіргы

Е. Құлдырғы

10.Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз

А. Тияды

В. Тыяды


С. Тыйады

Д. Тыйяды

Е.Тийады

11. Іскерлік қарым-қатынастың сапасына оң әсер ететін факторды атаңдар.

А. Шешен сөйлей білу

В. Ресми сөйлесу әдебін білу

С. Дауыс ырғағын сақтап сөйлеу

Д. Асықпай сөйлеу

Е. Ойланып сөйлеу

12. Адам бойындағы қандай қасиет іскерлік қарым-қатынастың тиімділігін төмендетеді?

А. Ұялшақтық

В. Алғырлық

С. Шешендік

Д. Әріптестерін сынау

Е. Қарсы пікірге келу

13. Адамдармен қарым-қатынас орнатуға ...........................бар.

А) бейімділік

В) бейімі

С) бейім

Д) бейімді

Е) бейімсіз

14. Мақалдың түсірілген бөлігін орнына қойыңыз:Адам ....... көрікті.

А) ақылымен

В) шашымен

С) сөзімен

Д) әдебімен

Е) күлкісімен

15. Мәдениетті адам сөйлесу кезінде қандай ережелерді орындайды?

А) бұрылады, шыдамсызданады

В) сағатқа қарайды, асығады

С) дөрекі сөздерді қолданады

Д) өз ойын дұрыс грамматикалық нормада жеткізеді

Е) ұялы телефонға жауап береді

16. Орфографиялық нормаға сай сөз қайсы?

А) қыйын

В) тиым


С) сиық

Д) сыйлық

Е) жиын

17. Орофоэпиялық нормаға сай сөз қайсы?



А) өлең

В) құндұз

С) жұлдыз

Д) көпір


Е) лақ

18. Қарағым, айналайын, балақай деген сөздердің кімге айтылатынын көрсетіңдер.

А) үлкен кісілерге, апайларға

В) әжелер мен аталарға

С) кішкентай балаларға

Д) тек қана қыз балаларға

Е) тек қана ұл балаларға

19. Ресми ортада қолданылатын сөз орамдары:

А) ағай, апай, тәте, әжей.

В) ханым, мырза, бикеш.

С) қарындас, інім, қалқам.

Д) айналайын, шырағым

Е) балапаным, қарағым

20. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз:

А) өз сөзіңді мойындата білу.

В) тыңдаушының ойынан шығу.

С) тіл тазалығын сақтау.

Д) оқшау сөздерді қолданбау.

Е) оқшау сөздерді қолдану.
Глоссарий
Әдеп – адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында көрініс табуы.

Мінез-құлық – адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет.

Мәдениет – адамзаттың өндірістік, қоғамдық және ақыл-ой жетістігінің жиынтығы.

Іскерлік қатынас – адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында , мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынас түрі.

Серіктестік – екі немесе оданда көп адам бірлесіп айналысатын бизнес.

Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.

Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормаларының жиынтығы.
Бақылау сұрақтары
1. Әдеп, әдептілік ұғымдарын қалай түсінесің?

2. Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?

3. Іскерлік қарым-қатынас деген не?

4. Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

5. Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы қандай?
СОӨЖ тапсырмасы
1. «Іскерлік - бүгінгі заман адамына қажетті басты қасиет» атты пікірталас ұйымдастырыңыздар.

2. Іскерлік қарым-қатынас пен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айқындаңдар. Екеуін салыстыра отырып, оны кесте түрінде көрсетіңдер.

3. «Адам әдебімен көрікті» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

СӨЖ тапсырма
1. Мақалдарды жаттаңыз.

Тәкаппар адам ұшпаққа шықпас. (Ж.Баласағұн)

Тәкәппардың құты қашады. (А.Иүгінеки)

Көкірекшіл – тақсірет тартады. (М.Қашқари)

Менмендікті тәңір де сүймес. (Қорқыт)

Құрмет ақымақты тәкаппар етеді. (Ж.Баласағұн)

Әдепті келіп сұраған кісінің ісі алға озады. (С.Барайн)

Өтінішті білгеннің өрісі бар. (Б.Алақұс)

Сөз білгенге патша тағы тиеді,

Көп сөз басты жерге әкеліп иеді. (Ж.Баласағұн)

Әдептің басы - байқап сөйлеу. (А.Иүгінеки)
2. Мақал-мәтелдерді пайдаланып «Кішіпейілдің абыройы асады»

тақырыбына эссе жазыңыз.


Пайдаланған әдебиеттер


  1. Сәбден О. Бәсекелестік экономика Алматы 2007 ж.

  2. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі». Астана, «ТАНЫМ». 2003 ж.

  3. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. «Қазақ тілі». Алматы, «ЭКОНОМИКА». 2001 ж.

  4. Оразақынова Н., Әміреев Н. «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті». Алматы, «Мектеп». 2010 ж

Абдрахманова Қ.Ж., Дәркенбаева Г. Қ.


8-тақырып. Құжатты рәсімдеу. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу.

Жұмысқа қабылдау.
Тірек сөздер: құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу, бақылау, жүйелеу, орындау, мұрағат, мұрағатқа тапсыру, түпнұсқа, көшірме, көшірме нұсқа.
Құжаттарды рәсімдеу

Құжаттармен жұмыс істеуді үйрететін ғылым: іс қағаздарын дұрыс жасау, толтыру және рәсімдеу, сондай- ақ олардың қозғалысын, есепке алуды орындауды, сақтауды ұйымдастыруды бақылайтын ғылым. Қазір бір де бір мекеме, ұйым іс жүргізусіз жұмыс істемейді. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді және табысқа жету жолында тиімді құрал болып саналады. Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі - құжаттау болып саналады. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да , құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.). Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат - ресми (басқару) құжат деп аталады. Құжат - ақпараты бар материалық объект, оны құзырлы тұлға құрастырады және өкілетті орган бекітеді. Әрбір құжаттың құрамына бірқатар элементтер (реквизиттер) кіреді: мәтін, құжат түрінің атауы, авторы, адресаты, күні, қолы және т.б. Құжаттың негізгі реквизиті болып оның мәтіні саналады. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай жай және күрделі , шығарылымына қарай түпнұсқа және көшірме болып бөлінеді. Құжатты рәсімдеуді зерделеудің негізі - құжат, сондай-ақ олармен жұмыс істеу үдерісі болып саналады.

Рәсімделетін құжаттың негізгі бір түрі - Жарғы. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы.

Мемлекеттік стандартқа сай үлгіде жазылатын ресми құжаттың бірі - Жарғы. Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Жарғы мекеме, ұйым, кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында, жалпы мәжілісінде немесе Ғылыми Кеңесінде бекітіліп, қабылданады.

Жарғының деректемелері:

1.Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.

2.Мемлекеттік тіркеу белгісі.

3. Мәтіннің атауы.

4. Жарғының мәтіні.

5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

Жарғының негізгі деректемесі – мәтін, ол санымен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтінде келесі мәліметтер беріледі:

Жалпы ережелер



Қызметінің мақсаты мен мәні

Серіктестік қатысушыларының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі

Мүлкі, қорлары, табысы

Басқару және бақылау органдары

Жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер

Есепке алу және есеп беру

Дауларды шешу

Қызметін тоқтату

Жарғы мәліметтерін негізге ала отырып, құжат заңды түрде рәсімделеді.



2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Құжаттарды рәсімдеу дегеніміз не?

2. Құжаттарды рәсімдеу кешеніне нелер жатады?

3. Құжат реквизиттерін атаңыз.

4. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?

5. Жарғы дегеніміз не?

6. Жарғының деректемелерін ата.

3-тапсырма. Тапсырмаларды орындаңыз.

1. Құжаттарды рәсімдеудің кезеңдерін оқыңыз.

2. Құжаттарды рәсімдеудің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.


Мәселелерді шешу тәртібін анықтайтын нормативтік–әдістемелік құжаттардың заңдық базаларын зерттеу.



Құжаттарды рәсімдеу кезеңдері

Құжатты рәсімдеуге әзірлеуде мұның алдындағы құжаттарды, осыған ұқсас мәселелер бойынша құжаттар мен шешімдерді зерттеу болып табылады.



Бұл кезеңде нақтылы жағдаяттар бойынша деректер жиналады ( кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімдері, белгілі бір өнімді өндіретін кәсіпорындардың анықтамалары.).



4-тапсырма. Үлгі-сұхбатты оқыңыз. Өз фирмаңыздың құжаттарын рәсімдеуге байланысты сұхбат құрыңыз.

– Сәлеметсіз бе, кіруге бола ма?



  • Кіріңіз, отырыңыз.

  • Қандай шаруамен келдіңіз?

  • Біз «Дәулет Бекет» атты өзіміздің Жеке Шаруашылық Серіктестігін (ЖШС) құрмақ едік. Соның жеке Жарғысын рәсімдеуіміз керек. Біздің өтінішімізді орындауға көмектессеңіздер екен.

  • Сіздер өз шаруашылықтарыңыздың құжатын заңды түрде рәсімдеу үшін қандай талаптарды орындау керегін білесіздер ме? Құжатты рәсімдеу заңдылықтарымен таныс шығарсыздар?

  • Иә, Жарғының деректемелері бізге таныс. Сол талаптар негізінде жасалған Жарғы үлгісін ұсынып отырмыз. Олар:

1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.

2. Мемлекеттік тіркеу белгісі.

3. Мәтіннің атауы.

4. Жарғының мәтіні.

5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

– Онда Құжаттарыңызды кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында қарау үшін қабылдауымымызға болады.



  • Өтінішімізді қабыл алғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз.

  • Сіздерге де рақмет.

  • Сау болыңыздар!


5-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.
Құжат

Рәсімдеу


Іс жүргізу

Ресми құжат

Мұрағат

Көшірме


Түпнұсқа

Жарғы


Деректеме

Өтініш


Жалақы

Әлеуметтік кепілдік

Мүлік

Қор


6-тапсырма. Мәтінді орысшаға аударыңыз.
Жеті Жарғы

1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы Тәуке хан келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті қолбасшы, мәмілегер және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған.

Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би «Жеті жарғыны» қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты әдетғұрып ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі заңдар жиынтығы. Онда қазақ өмірінің бастыбасты мәселелері қамтылған. Олар:

1. Жер дауы.

2. Отбасындағы қарым–қатынасқа байланысты құқық ережелері.

3. Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.

4. Ел бірлігін сақтауға, Отанды қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға бағытайтын баптар.

5. Ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы жанжалдарды әділдікпен шешу туралы ережелер.

6. Құн дауы.

7. Құн мен жесір дауы.


7-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударыңыз.
Устав

Устав – это свод правил, с помощью которого регулируются отношения между организациями, учреждениями, предприятиями и физическими лицами, а также устанавливаются права, обязанности физических и юридических лиц.

Устав – это один из официальных документов, который пшетсяпо государственному стандарту. Любое предприятие выполнят свою работу согласно уставу. Устав принимается и утверждается на учредительном, общем собрании организации, учреждения, предприятия или же на Совете Ученых. Юридическое лицо подлежит государственной регистрации в органах Юстиции РК.


Есіңізде сақтаңыз!



Тәртіпсіз ел болмайды,

Тә ртіпке бағынған құл болмайды.

Б. Момышұлы.

Соломон

.



Тәртіп адам баласына ауа сияқты қажет. К.Е.Ворошилов.

Соломон

.



Халық заңды өзінің тірегі, өзін қорғайтын қабырға, дуал деп қарауға тиіс. Гераклит

Соломон

.



Елді заңсыздық жайласа, бас- басына би болар. Соломон

Соломон

.



Заңды сақтамайтын адамнан асқан зиянды хайуан жоқ.

Д. Сабонарал.

.



Біз отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң тәртіп болуын тілейміз. Тәртіп дегеніміз - нәтиже. Біз әрбір істен нәтиже шығару үшін күресіп жүрген адамдармыз. А.С.Макаренко.

.


8-тапсырма. Керекті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы ... келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті ... және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған.

Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би ... қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты ... ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі ... жиынтығы. Онда ... бастыбасты мәселелері қамтылған.

Керекті сөздер: қолбасшы, мәмілегер,Тәуке хан, «Жеті жарғыны», қазақ өмірінің, әдетғұрып, заңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет