Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері



жүктеу 3.06 Mb.
бет14/16
Дата15.01.2017
өлшемі3.06 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Алматыда барынша дарынды, шығармашыл жандар тұрады, солардың арқасында әсем қаламыз жыл сайын көркейіп, құлашын кеңге жайып, гүлдене түсуде. Мен сіздердің барлықтарыңызға табыс, ұшқыр ой мен шабыт тілеймін. Өзіміз де, қаламыз дами беретін боламыз. Отандық тауарлар озық болатын күн алыс емес, - деп қорытындылады өз сөзін қала әкімі.

Тілші: – Әңгімеңізге рақмет.


Алматы қаласының әкімі «Үздік Қазақстандық тауар» атты өңірлік конкурстың жеңімпаздарын арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

17-тапсырма. Көр түбіріне қосымшалар жалғау арқылы сөз жасаңыз.


сін

іс

гіш

е

ер

мен

ген

ін

ме

у

се

көр



Глоссарий
Тұсаукесер – қазақи салт-дәстүрдің бірі, қазір бұл мағына кеңейтіліп, әр түрлі ұйым, бірлестік, кәсіпорын, өндіріс т.б. алғашқы ашылу салтанатын да осылай атайды.

Тауар – ірі көлемде сатылатын ауыл шаруашылық тауарлары, металдар мен шикізат .

Отандық тауарларжергілікті, өз республикамызда шығарылатын тауар түрлері.

Лизинг – орта және ұзақ мерзімді жалдау (көбіне машина, құрал-жабдықтарды) ,бұл кезде мерзім аяғына қарай жалгер мүлікті қайтып береді не меншігіне алады: екі жағдайда да алдын ала келісілген шарт бойынша жүргізіледі.

Қор – а) қандай да бір мақсатқа арналған ақша сомасы; ә) әлеуметтік немесе қайырымдылық мақсаттарға өсиеттелген қаражаттарды басқаратын мекеме.

Сауда биржасы – нарықтың ұйымдасқан түрі. Ол тауар айырбастау, тауар ақша әдіс-тәсілдерін реттеп отырады.

Декларация – төлеуді нақты бір күнге белгілеген компания директорлары кеңесінің актысы.

Капитал – табыстың жер және жалдамалы еңбек сияқты басқа екі көзімен тұрақты табыс әкелетін меншік актив.

Келісімшарт – бір жақтың екінші жақ үшін қандай да бір шарт бойынша бірдеңе істеуге міндеттеме алатын ауызша немесе жазбаша келісімі.

Экспортқа өнім шығару –шетелдік клиенттерге тауарлармен (өнімдермен) қызмет көрсету.

Тест сұрақтары

1. Тұсаукесер қандай мағына береді?

А) Қазақи салт-дәстүрдің бірі, қазір бұл мағына кеңейтіліп, әр түрлі ұйым, бірлестік, кәсіпорын, өндіріс т.б. алғашқы ашылу салтанатын да осылай атайды.

В) Аттың тұсауын шешу.

С) Тұсауды кесіп алу.

Д) Әннің аты.

Е) Би билеу.

2. Сәбидің тұсау кесу рәсімінде пайдаланылатын тұсау неден жасалады?

А) шөп, жіп, ішек

В) ағаш


С) темір

Д) қайыс


С) алтын

3.«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына неше стратегиялық бағыт қойып отыр?

А) 5;

В) 4;


С) 3;

Д) 9,


Е) 2.

4. Көрме сөзінің аудармасын табыңыз.

А) арена

В) выставка

С) ринг

Д) площадь



Е) торговля

5. Отандық тауар сөзінің аудармасын табыңыз.

А) импортный товар

В) простой товар

С) дешевый товар

Д) отечественный товар

Е) дорогой товар

6. ... озық болатын күн алыс емес.

А) Отандық тауарлар

В) Жай тауарлар

С) Күрделі тауарлар

Д) Қажетсіз тауарлар

Е) Арзан тауарлар

7. Әсем қаламыз жыл сайын көркейіп, құлашын кеңге жайып, ... түсуде.

А) гүлдене

В) азая


С) биіктей

Д) тоғая


Е) молая

8. Елімізде отандық тауарлар ... сатылады.

А) үйде

В) орманда

С) ұшақта

Д) теңізде

Е) биржада

9. Отандық тауарлар деп қандай тауарларды айтады?

А) шетелге шығатын тауар

В) сатылмайтын тауар

С) айырбастауға болатын тауар

Д) жергілікті, өз республикамызда шығарылатын тауар

Е) басқа жақтан келетін тауар

10. Тұсаукесер сөзінің аудармасы қалай аталады?

А) акция

В) презентация

С) биржа

Д) валюта

Е) менеджмент

11. Барлық дамыған елдерде тауар ... сатылады.

А) аукционда

В) базарда

С) дүкенде

Д) жәрмеңкеде

Е) биржада

12. 2010 жылы бюджет қаржысы ... теңгені құрады.

А) 100 млрд

В) 90 млрд

С) 102 млрд

Д) 75 млрд

Е) 81 млрд.

13. Алматы - еңбекқор, донор қала, ол республика бюджеті кірісінің ... % -ын береді.

А) 27

В) 15


С) 30

Д) 41


Е) 31

14. Биржадағы сауда ... түрінде болуы керек.

А) қолма-қол

В) жарнама

С) аукцион

Д) үстеме бағада

Е) бөлшек сауда

15. Қазақстанның Тәуелсіздігін паш ететін ... тауарлар.

А) сапалы

В) қымбат

С) тәуелсіз

Д) отандық

Е) бағалы

16. Қазақстан экономикасын дамытушы негізгі жер асты пайдалы қазбасы қалай аталады?

А) көмір

В) темір


С) мыс

Д) мұнай


Е) мырыш

17. Жарнама сөзі қандай мамандыққа байланысты айтылады ?

А) бухгалтер

В) инженер

С) эколог

Д) қаржыгер

С) әлеуметтік жұмыс

18. Ақпараттық жүйе қай мамандыққа байланысты айтылады?

А) бухгалтер

В) инженерлік экономика

С) эколог

Д) қаржыгер

С) әлеуметтік жұмыс

19. Аудит сөзі қай мамандыққа байланысты айтылады?

А) бухгалтер

В) инженерлік экономика

С) эколог

Д) қаржыгер

С) әлеуметтік жұмыс

20.Банк сөзі қай мамандыққа байланысты айтылады?

А) бухгалтер

В) инженерлік экономика

С) эколог

Д) қаржыгер

С) жергілікті басқару
СОӨЖ тапсырмасы
1. «Қазіргі Қазақстандағы отандық тауарлардың дамуы» тақырыбында шағын шығарма жазыңыздар.

2.Тақырып бойынша жаңа сөздерді пайдаланыңыздар.

3. Отандық тауарлардың құндылықтары мен түрлі проблемаларын шешу жолдарын ұсыныңыздар.
СӨЖ тапсырмасы
1. 11-тапсырмада берілген қала әкімі мен тілші арасындағы сұхбатты әңгімеге айналдырыңыздар.

2. Отандық тауардың түрлерін жазыңыздар.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ тілі. Оқу құралы.ІІ бөлім.А, «Экономика» 2010, 173б.

2. Қ.Бектаев Үлкен қазақша-орысша сөздік. Алтын қазына. 2001.

3. Н.Қ.Мамыров. М.А.Оспанов. Е.Қ.Құдайбергенов. Ж.Ш.Әбішев. І.М.Төленов. Орысша-қазақша қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі. «Экономика» 1999.

4.Қ.Ж.Әбдірахманова. Қазақ тілі. Оқулық. «Жазушы» 2000 ж.

5. Интернет ............

Жекеева К.О.

13-сабақ. Банкте. Стилистикалық тіл нормаларының өзіндік ерекшеліктері
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: банк, дағдарыс, төлемақы, несие, кепіл, қаржы, капитал, акционер, коммерция, валюта, төлем құралы, бәсекелес, банкир, алтын қор құралы, несие жүйесi, валюта резервi, материалдық құндылық, экономикалық тұрақтылық, ақша саясаты, бағалы қағаздар,заңды тұлға.
Стильдің - стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.

Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлар мен байланысты болып келеді.



Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзегеасады.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:

1.    ауызекі сөйлеу стилі

2.    көркем-әдебиет стилі

3.    публицистикалық стиль

4.    ресми іс қағаздар стилі

5.    ғылыми стиль

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б. Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.



Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

-    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

-    тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

-    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

-    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

-    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

-    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Тілдің негізгі қызметі қандай?

  2. Тіл стильдерін атаңыз.

  3. Ресми құжат стильдеріне тән белгілерді атаңыз.


3. Кестені есіңізде сақтап, екінші кестені өзіңіз толтырыңыз:

  1. Стиль түрлері туралы 1-кестені оқып шығыңыз. Стильдердің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.

  2. Стиль түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз 2-кестені толтырыңыз.

1-кесте

Стиль түрлері мен ерекшеліктері

Стиль түрлері

Қолданылу аясы

Стильдік ерекшеліктері

Ауызша түрі

Жазбаша түрі

Ауызекі сөйлеу стилі

Тұрмыста, отбасында, достық қарым-қатынаста

Еркіндік, эмоциялық, экспрессивтік-бағалаушылық

Диалог, әңгімелесу

Пьеса, хат, көркем шығармадағы төл сөз, кино сценарийі және т.б.

Ғылыми стиль

Ғылым мен техникада, оқу процесінде

Нақтылық, дәлдік, логикалық жүйелілік

Лекция, баяндама, диалог және т.б.

Оқулық, ғылыми кітаптар, диссертация, ғылыми мақалалар, реферат, конспект, курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.

Ресми іс қағаздар стилі

Басқару, әкімшілік, құқықтық салада

Ресмилік, нақтылық, дәлдік.

Ресми қарым-қатынастың ауызша түрінде, келіссөздер жүргізгенде, сот процесінде, жиналыстарда, түрлі кеңестер мен отырыстарда және т.б.

Заң, жарлық, қаулы, бұйрық және т.б. ресми іс қағаздары.

Публицистикалық стиль

Бұқаралық ақпарат құралдарында

Сендіру, бағалау.

Теле-радио бағдарламаларында,жиналыстарда сөйленетін сөздер.

Баспасөз беттеріндегі материалдар(мақала, репортаж және т.б.)

Көркем әдебиет стилі

Әдебиет пен өнер саласында

Образдылық, еркіндік, бағалағыштық, эмоционалдық-экспрессивтік.

Өлең оқу, цитаталар келтіру, әзіл-қалжың айту және т.б.

Көркем шығармалар

2-кесте

Стиль түрлері мен ерекшеліктері

Стиль түрлері

Қолданылу аясы

Стильдік ерекшеліктері

Ауызша түрі

Жазбаша түрі













































































Мәтінді оқып шығып, мазмнын айтып беріңіз.
Алғашқы банктер қашан пайда болды?
Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716—1720 жылы Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты пайда табуды көздеген банк өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірісшілерге борышқорлық міндеттемелер арқылы несие беруге және клиентінің ағымдағы есеп-шотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорны ретінде өріс алды. 20-ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы Банктердің рөлін едәуір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде несие беруге көше бастады. Олар, көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 — 10 жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп, көлік, сауда және басқа да акционерлік қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар) рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды. Осының нәтижесінде 20-ғасырдың алғашқы ширегінде Ұлыбритания мен Германияда ірі-ірі банктер екшеліп шықты. Банк жұмысы барған сайын өркендеп, енді олар жәй делдалдық рөлінен асып, барлық ірі саудагерлер мен ұсақ қожайындардың бүкіл ақша капиталын жинап, белгілі бір елдегі өндіріс құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратын монополиялық құрылымға айналды. Мысалы, 1979 жылы Жапониядағы 13 “қалалық банк” (Мицубиси бэнк, Сумитомо бэнк, т.б.) бүкіл несие жүйесіндегі активтердің 46%-ын өз қолында ұстады. Ал Ұлыбританияның несиелік жүйесін 4 банк монополиясы: Нэшнл Вестминстер бэнк, Барклейз бэнк, Мидлэнд бэнк және Ллоидз бэнк билейді. Нью-Йорктегі аса ірі банктер — Чейз Манхеттен бэнк пен Кемикл бэнк қаржылық-монополистік Рокфеллер тобы арқылы жұмыс істеді. Ол ірі өнеркәсіп салаларын (“Боинг”, “Геркулес”, “Монсанто” компанияларды, т.б.) өз уысында ұстап отыр.
Оқып шығыңыз. Жазылу мәнерін есте сақтаңыз.

4. Банкте

Салымшы: – Сәлеметсіз бе?

Банк қызметкері :– Сәлеметсіз бе! Біздің банкке қош келдіңіз!

Салымшы: – Мен «Кең дала» Акционерлік қоғамынан келіп тұрмын. Өзімнің қаражатымды депозиттік салымға салсам деп едім. Сіздің банктеріңіз маған көмектесе ала ма?

Банк қызметкері – Әрине, көмектесеміз. Сіз салымыңызды қандай валютамен салуды ұйғардыңыз?

Салымшы: – Теңгемен салсам деп едім.

Банк қызметкері – Қандай көлемде салым жасамақсыз? Бізде ең төменгі салым шамасы – жүз мың теңге.

Салымшы:– Иә, мен бес жүз мың теңге әкелдім.

Банк қызметкері – Біз сізге қызмет етуге дайынбыз.

Салымшы:– Рахмет!

Банкте

Несиегер: Сәлеметсіз бе?

Несие алушы: Қайырлы күн, мен сізден 1,5 млн. теңге несие алып, өзіме автокөлік алғым келеді. Шарттарыңызды білейін деп едім.

Несиегер: Біріншіден, сіздің құжаттарыңыз керек, олар:

  • жеке куәлік;

  • салық тіркеу нөмірі;

  • жалақыңыз туралы анықтама;

  • турақты мекен-жайыңыз туралы анықтама;

  • зейнеткерлік қордан анықтама;

Екіншіден, сіз автокөліктің құнының 50 % төлейсіз, қалған ақшаны 3 жылға ұзартуға болады. Бір жылда 30 % төлеу керек.

Үшіншіден, сіз автокөлік алатын фирмадан кепілдік қағазын алуыңыз керек, содан кейін сақтандыру қорына тіркеуіңіз керек. Осы құжаттар дайын болған соң, біз сізге 3 күннің ішінде несие береміз.



Несие алушы: Егер мен несиені уақытынан бұрын төлесем, сіздер маған қандай жеңілдіктер ұсынасыздар?

Несиегер: Ондай жағдайда, келесі алатын несиенің пайызын төменірек береміз.

Несие алушы: Сонда пайызы қаншаға төмендейді?

Несиегер: Ол сіздің алатын ақшаңызға байланысты. Егер сіз бізден 2 миллион теңгеден жоғары несие алсаңыз, жылдық пайызыңыз 10 % төмендейді.

Несие алушы: Берген кеңесіңізге рахмет. Ұсыныстарыңыз жайлы ойланып көремін.

Несиегер: Сау болыңыз. Біз сізді күтеміз.
Жағдаяттық тапсырма

Қазіргі кезде елімізде қаржы дағдарысы болып жатыр. Елімізді бұл қиындықтан алып шығуда Ұлттық банктің рөлі зор екені белгілі. Егер сіз осы банктің төрағасы немесе қызметкері болсаңыз, дағдарыстан елімізді қалай алып шығуға болады деп ойлайсыз? Сіздің пікіріңіз.




  1. Орыс тіліне аударыңыз.

Банк, несие, кепіл, қаржы, капитал, акционер, коммерция,валюта, төлем құралы, бәсекелес, банкир, алтын қор құралы, несие жүйесi, валюта резервi, материалдық құндылық, экономикалық тұрақтылық, ақша саясаты, бағалы қағаздар ,заңды тұлға, жеке мүлiк.




  1. Қазақ тіліне аударыңыз.

Прошу включить в план информационных изданий. Прошу Вас предоставить мне внеочередной отпуск. Прошу вас предоставить мне оплачиваемый отпуск для сдачи экзаменационный сессии. Прошу оформить договор приватизации. Прошу обеспечить фирменной спецодеждой и обувью. Прошу предоставить бесплатное место в дошкольном образовательном учреждении.


  1. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.

Оның апасы «Халық банкінде» ... . «Халық банкі» қызметкерлерге жалақыны жоғары деңгейде ... . ... – «Каспий банкте» салымшысы. Қазкоммерцбанктің бөлімдері шет мемлекеттерде де ... . Қазақстан банктері халыққа мінсіз ... . Мен өзімнің ақшамды Нұр банкте ... .Біздің елімізде банк жұмысы дұрыс жолға ... . Банктер біздің ақшаларымызды ... . «АТФбанк», «Альфа банк», «Қазкоммерцбанк» – екінші деңгейлі банктер қатарына ... . Банктер ... қабылдайды, ... береді. Қазір кез келген уақытта өзіңіздің ақшаңызды ... ала аласыз. ... – ең бай кәсіпорындар тобына жатады. Шаруашылығыңызды дамытқыңыз келсе, банктен ... алыңыз.

Керекті тілдік бірліктер: жұмыс істейді, қызмет көрсетеді,бар,сақтаймын, қойылған, несие, ақша, жатады, банк, банктен, сақтайды, қаржы.


  1. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.

орталық банк – банк центральный

ақша шығаратын банк – банк эмиссионный

ұлтаралық банк – банк транснациональный

нақты несие банкісі – банк реального кредита

ұзақ мерзімді жұмсалым банкісі – банк долгосрочных вложений

іскерлік банк – банк деловой

деректер жинақтамасы – банк данных

жөнелтуші банк – банк отправитель

банкінің есеп мөлшерлемесі – банковская учетная ставка

банк желісі – банковская линия


  1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз

  1. өтініп сұраймын / болғандықтан/ өте қажет. 2. шешілуіне /дұрыс/ықпал етсеңіз/осы/ мәселенің. 3. берілді/ толық/сұрақтарға/ жауап. 4. жасады/ ісі/ хабарлама/ қысқы/ С.Қарымсақов/ туралы / жөніндегі/ сессияға/ орынбасары/ оқу/ дайындық/ деканның. 5. емтихан/ тестке/ маңызды/ көрсетілді/ мәселелер/ қатысты/ мен/ ауызша/ атап. 6. пәндер/ тест/ емтихан/ өз/ бермей/ нәтижесін/ алу/ арөылы/ бойынша/ кейбір/ отыр.7. тыңдалды/ факультет/ С.Алдамжаровтың/ баяндамасы/ деканы.




  1. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.

1. сообщение - мүмкіндік

2. заключение - хабарлама

3. жұмыс орны - место печати

4. мөр орны - место работы

5. мекенжай - начальник отдела

6. бөлім бастығы - адрес

7. жеке куәлік - дневное отделение

8. күндізгі бөлім - удостоверение личности

9.возможность - табыс

10. успех - шешім




  1. Төмендегі мәліметтерді толықтыра отырып, бір ресми құжатты жазыңыз

1. Аты-жөніңіз ... . Жасыңыз 35-те. Жезқазған қаласында дүниеге келдіңіз. 2. І.Жансүгіров атындағы орта мектепте оқыдыңыз. 3. Әскери борышыңызды атқардыңыз. 4. Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірдіңіз. 5. Жолдасыңыз 30 жаста, аты-жөні... , дәрігер, 5 және 3 жаста екі балаңыз бар. 6. Қазіргі қызметіңіз «Интер-Инвест» Ашық акционерлік қоғамының бас менеджері. 7. Мекен-жайыңыз ... .


  1. Құжат мәтінінде қолданылған стандарт тілдік бірліктерді жаттап алып, оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз.


Стандарт тілдік бірліктер: өтінемін, сұраймын, ауысу, рұқсат ету, қабылдау, қабылдауыңызды, пайдалану, босату, тіркеу, тіркелген, өтінішті қанағаттандыру, демалыс сұрау, жұмыстан босату, кезектен тыс демалыс беру, басқа жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын, жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын, рұқсат етуңізді сұраймын, материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын, жатақханажан орын беруіңізді сұраймын, үй-жайым болмағандықтан, жалақыны көтеру.


  1. Сөздікті жаттап алыңыз.

мекеме – учреждение

ұсыныс – предложение

несие – кредит

құқық – право

әмбебап – универсал

талап – претензия, требование

мамандандырылған – специализированный

шарт – договор

ұйымдар – организации

айналыс– оборот

бағалы қағаздар– ценные бумаги

ұлттық– национальный

аймақ– регион, область
14. Фразеологизмдерді қатыстыра отырып сөйлем құрыңыз. Орыс тіліндегі мағыналас фразеологизмдерді атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет