Дәріс сабақтарының конспектісі 1-ші тарау. Оператор мен есептеу жүйесінің арасындағы қарым қатынас инерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы



жүктеу 0.66 Mb.
бет1/3
Дата11.03.2017
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3
Дәріс сабақтарының конспектісі
1-ші тарау. Оператор мен есептеу жүйесінің арасындағы қарым қатынас инерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы.

1-ші дәріс. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық, программалы-аппараттық интерфейстерді жобалау мен таңдау сұрақтары.
Компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстары. Интерфейстердің анықтамасы. Интерфейстер өзектілігі.

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады.

Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.

Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс.

Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:

- пайдаланушының клиенттік программамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

- клиенттік машинамен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен;

- - сервердің шеттік программамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface) пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады (1-сурет).

Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамассыз ететін, аппаратты-программалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.

Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы локальді қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамассыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс проблемасының маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді.

Осы ұйымдардың немесе жұмыс тобының көбісімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру принциптері бар.




Әдебиет: 1 нег. [20-26], 2 нег.[17-41], 3 нег. [10-29], 7 қос.[67-112].

Бақылау сұрақтары:

  1. Аталмыш курста қандай интерфейстер қарастырылады?

  2. Әртүрлі деңгейлердегі интерфейстер қалай ерекшелінеді?

  3. Компьютерлік жүйелердің интерфейстерінің анықтамалары қандай?

  4. Пайдаланушы интерфейстер мәселелерімен қандай ұйымдар айналысады?


2-ші дәріс. Адам мен есептеуіш орта арасындағы қарым-қатынас интерфейсін инженерлік-психологиялық жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
Адам-оператордың компьютерлік жүйелердегі орны.

Есептеу техникасын басқару жүйелерінде, ұйымдастыру, басқару мен конструктрлық қызметте, оқу процестерінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, компьютермен жұмыс істеуге адамзат қызметінің әртүрлі салаларындағы мамандарды іске тартады. Пайдаланушылардың дайындығы мен квалификациясы әр түрлі болуы, ЭЕМ-нің дәрежесін арттыруды, олармен жұмыс істеуді жеңілдетуді және ЭЕМ-сын интеллектуализациялауды талап етеді. Интеллектуализациялауда адам мен есептеу жүйесі (ЕЖ) арасында интерфейсті жасау ерекше орын алады. Ол өз кезегінде дайындығы жоқ пайдаланушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.

“Адам-компьютер” интерфейсін ұйымдастыру кезінде негізгі 2 есепті қарастыру қажет:


  • ақпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу-шығаруды ұйымдастыру;

- сұхбаттың мәндік мазмұнын арттыратын және ресми емес қатынас процедураларын қолдайтын бағдарламалық қамтаманы құру.

ЭЕМ-да шығарылатын кең ауқымды есептер, интерфейсті құру проблемасы компьютерлік жүйенің қай облыста қолданылуына байланысты болады. Ұшқыш пен борттық ЭЕМ арасындағы қатынас, оқушы мен оқыту жүйесі арасындағы қатынастан өзгеше ұйымдастырылуы қажет екендігі түсінікті.

Соның салдарынан, адам-машина жүйесінің есептерін құру мен ондағы қатынасты ұйымдастыру түрлі дәрежедегі пайдаланушыларды тану болып табылады. Осы есептің шешуі - пайдаланушы-оператордың қызметін құрылымдауға және кез-келген адаммашиналық жүйені жобалау кезінде міндетті түрде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық сипаттамаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат компьютерлік жүйелерді құру кезіндегі пәндік облысты жобалау алдындағы сараптауға негізделген. Бұл сараптаудың мақсаты адам мен ЭЕМ арасында қызметтерді бөлу және аппараттық пен программалық қамтама талаптарын біркелкі ету.

Осы күнде адам мен компьютерлік жүйе қатынасын ұйымдастыруда кең ауқымды програмалық және аппараттық құрылымдар бар. Қарым қатынастың салттық түрінен басқа тілдік сұхбат пен қарапайым тілдегі сұхбаттар жүйесі құрастырылуда. Осыны ескере отырып, басқа да негізгі мәселелердің бірі - қолданбалы программаларда адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жобалау процесстерін ұйымдастыру болып табылады. Қолданбалы интерфейсті құру сұрақтарында инженерлік психология негізгі орын алады.

Инженерлік психология – адам мен техника арасындағы ақпараттық өзара қатынас процесстерінің объективті заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Оларды “адам-машина” жүйесін (АМЖ) жобалауда, құруда және іске асыруда пайдаланылады.

Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:



  • АМЖ-де адамның қызметін және орнын сараптау;

  • Оператордың қызмет құрылымын және классификациясын зерттеу;

- Басқарушы әсерлерді іске асыруда және шешімдер қабылдау кезінде ақпаратты өңдеу процесстерін зерттеу;

  • Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру принциптерін құру;

  • АМЖ тиімділігіне психологиялық факторлардың әсерін зерттеу;

  • Адамның техникалық жүйелермен ақпараттық өзара қатынасын оптимизациялау;

  • Операторларды кәсіби дайындаудың әдістері мен принциптерін құру;

- Инженерлік-психологиялық жобалау теориясын құру және оны АМЖ құру барысында пайдалану.

Адам-оператордың ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы ролі мен орнын қарастырайық .(2-сурет). Оператордың ролі әр түрлі көздерден түскен ақпаратты қабылдап және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және іске асыру болып табылады. Оператордың жұмысына бақыланатын процесстің жағдайы туралы ақпараттан басқа, жоғарғы деңгейдегі ішкіжүйе жетекшілері мен операторларын нұсқаулары әсер етеді. Жоғарғы деңгейдегі операторлар автоматты басқару жүйелерімен бірге, басқару әсерлерін іске асыру кезінде басқару процесіне араласа алады. Операторлар айтылған функциялардан басқа басқару жүйесінің жағдайын да басқара алады. Адамның техникалық құрылғылармен өзара қатынасы кезінде, оператор қабылданып және сарапталған ақпараттың негізінде басқару бойынша қажетті шешім қабылдайды. Шешім қабылдау процедурасы ақпаратты қабылдау мен өңдеудің барлық деңгейлерінде орталық болып табылады. Шешім қабылданғаннан кейін адам-оператордан басқарушы әсер келіп түседі, өз кезегінде ол түрлендіру жолдарымен басқару жүйесіне келіп түседі. Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сұлбасы 2-суретте көрсетілген.




Әдебиет: 1нег. [20-26], 2 нег.[17-41], 3 нег. [10-29], 1 қос.[5-6].

Бақылау сұрақтары:

  1. “Адам-оператор” интерфейсін ұйымдастыру барысында қандай негізгі сұрақтар қарастырылады?

  2. Инженерлік психология нені зерттейді?

  3. “Адам-оператор” интерфейсін ұйымдастыру барысында инженерлік психология қандай негізгі сұрақтарды шешеді?

  4. “Адам-оператордың” ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы рөлі мен орны қандай?

  5. Ақпаратты басқару мен өңдеудің жалпы сұлбасына түсініктеме беріңіз.


3-ші дәріс. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары.
Интерфейстің келісімділігі. “Кері байланыс” принципі. Интерфейс қарапайымдылығы. Интерфейстің қасиеті. Интерфейсті құру ережелері.

Сапалы интерфейсті құру “пайдаланушы мүддесі бәрінен де артық” принципін және соған сәйкес бүкіл программалық өнімді құру әдістемесін іске асыруды қарастырады. Ағылшын тілді әдебиетте мұндай қарастыруды суреттеу үшін User-centered Design(UCD) – “жасалған зат пайдаланушыға арналған” термині қолданылады. Бәрінен басқа, бұл технология, интерфейсті ертерек жобалап, программалық өнімді құру кезінде ары қарай дамытуға негізделген.

Пайдаланушы интерфейсінің «жақсы» құрамы мынада – пайдаланушы программалық қамтаманы басқарып отырғанын байқайды, ал керісінше емес.

Интерфейс қарапайымдылығы.

Қарапайым интерфейс бұл – пайдаланушының үйреншікті шешу әдістерін өзгертпейтін интерфейс. Дербес жағдайда қосымша берген жауаптар мен хабарламалар қосымша түсініктемелерді қажет етпеуі тиіс. Аталмыш пәндік облыста қолданылатын белгілеулер мен терминдер жүйесін сақтап қалу орынды болады. Пайдаланушыға таныс суреттер мен түсініктерді қолдану тапсырмаларды орындалу барысында интуитивті түсінікті интерфейсті қамтамассыз етеді.


Интерфейстің келісімділігі.


Келісімділік интерфейсі пайдаланушыларға білімдерін жаңа есептерге көшіруге және жаңа аспектілерді үйренуге мүмкіндік береді. Келісімділік интерфейстің барлық аспектілеріне маңызды. Оның ішінде команда аттары, ақпаратты визуалды түрде көрсету және интерактивті элементтердің тәртібі де бар. Жасалынып отырған программалық қамтамада келісімділік қасиетін іске асыру үшін оның әртүрлі аспектілерін ескеру қажет.

Қосымшаның шеңберіндегі келісімділік.

Бір команда бір қызметті қай жерде кездескеніне қарамастан бірдей орындауы керек. Мысалы, егер бір сұхбат терезесінде “Көшіру” командасы сәйкес қызметті дереу орындауды білдірсе, онда басқа терезеде пайдаланушыдан көшіретін ақпараттың орны туралы қосымша көрсетуді талап етпеуі тиіс.



Жұмыс ортасы шеңберіндегі келісімділік.

Операциялық жүйемен (мысалы, OC Windows) берілген интерфейспен келісімділікті қолдай отырып, сіздің қосымшаңыз пайдаланушының басқада қосымшалармен жұмыс істегенде алған білімі мен дағдыларына сүйене алады.



Интерфейстің жақындылығы («кешірім» принципі).

Әдетте пайдаланушылар жаңа программалық қамтамамен жұмысты көптеген қателер жіберу арқылы түсінеді. Жұмыстың әр сатысында программа пайдаланушыға қай қимыл жүйеге зиян келтіретінін айтып отырса жақсы болар еді, немесе қатені түзету мүмкіндігі болса тіпті жақсы. Жақсы ойластырылған интерфейс дегеннің өзінде пайдаланушылар қате жіберулері мүмкін. Бұл қателердің “физикалық” (дұрыс емес команда немесе мәліметтерді кездейсоқ таңдау) және “логикалық” түрлері (команда немесе мәліметтерді таңдау туралы дұрыс емес шешім қабылдау) болады. Тиімді интерфейс қатемен аяқталатын оқиғаны болдырмауы қажет. Ол сонымен қатар пайдаланушының мүмкін қателеріне икемделуі және қателерді жою процесін жеңілдетуі қажет

Кері байланыс” принципі

Пайдаланушының кері байланыстық қатынасының мағынасы - пайдаланушы әрбір қадамы туралы визуалды, кейде дыбыстық расталуы қажет, яғни программалық қамтамаға берілген команда қабылданғаны расталуы керек. Сонымен қатар орындалған қадам табиғатын ескеруі қажет. Кері байланыс пайдаланушы мен жүйенің соңғы өзара әрекеттесуі кезінде және уақтылы орындалғанда ғана тиімді болып саналады. Компьютер түскен есепті орындап жатқанда, пайдаланушыға орындалу процесінің жағдайын, керек жағдайда процесті тоқтатуға мүмкіндік беру пайдалы.



Интерфейстің қарапайымдылығы.

Интерфейс қарапайым болуы қажет. Қолдану және үйренуге қолайлы, жеңіл болуы көзделеді. Берілген қосымшаның функционалды мүмкіндіктеріне қатынасуға мүмкіндік берілуі керек. Кең функционалды мүмкіндікке рұқсат алу мен жұмыс істеуді қарапайымдандыру бір-біріне қарама-қарсы. Осы мақсаттарды орындау үшін тиімді интерфейсті жасау қажет. Қарапайымдылықты сақтаудың бір түрі – пайдаланушыға келесі қадамды орындауы үшін минималды мәлімет беру. Жекелей айтқанда, көпсөзді командалық атаулар мен хабарламаларды айналып өту. Ойланылмаған немесе шектен тыс сөздер пайдаланушының керекті мәліметті алу мүмкіндігін қиындатады. Қарапайым, бірақ тиімді интерфейсті құрудың басқа бір жолы – элементтерді мағыналы мәні және логикалық өзара байланысымен экранда орналастыру. Бұл пайдаланушының жұмыс істеу барысында ассоциативті ойлануына мүмкіндік береді. Тізбектелген ашылу (сұхбаттық терезе, меню және т.б) арқылы пайдаланушыға көмектесуге болады. Тізбектелген ашылу ақпараттың келесі қадамды орындауы үшін керекті ғана бөлігін әр мезетте экранда көрсетеді. Пайдаланушыға арналған ақпараттың көлемі азайған сайын, өңделетін ақпарат көлемі де азаяды. Осындай ұйымдастырудың мысалы ретінде иерархиялық менюді атауға болады. Оның әр деңгейі пайдаланушымен таңдалған жоғары деңгейдегі бір бөлігіне сай.



Интерфейстің иілгіштігі

Интерфейстің иілгіштігі – бұл пайдаланушының дайындық деңгейі мен өнімділік еңбегін ескеру қасиеті. Иілгіштік қасиет – енгізілген мәліметтердің немесе сұхбаттың құрылымын өзгертуді болжайды. Иілгіш интерфейс тұжырымдамасы қазіргі кездегі адам мен компьютер арасындағы негізгі зерттеу аумағы болып саналады. Негізгі мәселе - сұхбатты өзгертуді ұйымдастыруда емес, ал оған өзгерту енгізуде қандай белгілерді қолдануында. Бейімделудің үш түрі белгілі: нақты, толық және косметикалық.

Нақты бейімделу кезінде пайдаланушы сұхбаттық қолдау деңгейін таңдайды. Мұндай бейімделудің қарапайым нүсқасы екі деңгей ережесін қолдануға негізделген. Оған сәйкес жүйе сұхбаттың екі түрін қамтамассыз етеді:


  • толығымен, егжей-тегжейлі (бастауыш пайдаланушылар үшін);

  • қысқаша (дайындалған пайдаланушылар үшін);

Екі деңгей ережесі N-деңгейлі сұхбат ережесіне дейін ұлғаюы мүмкін.

Бірақ оның бірнеше кемшілігі бар:



  • дағдының біртіндеп жиналатыны туралы факт ескерілмейді;

  • пайдаланушы жүйенің бір бөлігін жақсы біліп, бір бөлігін білмеуі мүмкін;

  • пайдаланушы өзінің дайындық деңгейін өзі айқындауы, баға берудің объективтілігін төмендетеді.

Толық бейімделу кезінде сұхбаттық жүйе пайдаланушының моделін соңғы оқыту барысында болған өзгертулер нәтижесіне байланысты құрастырады. Өз кезегінде пайдаланушының сипаттамасын анықтау мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Оны шешу үшін сипаттама үшін нені пайдалану керектігін анықтау керек: пайдаланушының жауап беруге кеткен уақыты, оның қанша рет көмекке жүгінгенін немесе қате сипаты және сұралған көмек түрі.

Косметикалық бейімделу пайдаланушының жүрісін ескермей сұхбаттың иілгіштігін қамтамассыз етуі, бірақ сұхбаттың нақты стилін таңдамауы керек.

Мұндай бейімделуге келесі әдістерді қолдану арқылы жетуге болады:


  • алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану;

  • қысқартуларды қолдану;

  • жауаптарды озық енгізу;

  • көпдеңгейлік көмек;

  • көптілділік.

Алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану. Оның мәні – пайдаланушы өзгертпегенше жүйе қандай да бір параметрдің бастапқы мәнін қолданады. Бұл жағдайда жүйе бейімделуінің екі аспектісі орындалады:

біріншіден бастаушы пайдаланушы жүйенің үндеместік түрде көптеген параметрлерін қолдануға мүмкіндігі бар. Екіншіден жүйе көп қолданылатын немесе соңғы берілген мәндерді есте сақтай алады.

Бастаушы пайдаланушылар жеңілдігі үшін үндеместік түрде қолданылатын мәндер экранға жүйенің сәйкесінше сұрағымен экранға шығарылуы мүмкін. Мысалы: “құжатты тіркеу күні?[ағымдағы]”. Үндеместік түрде мән қабылдаудың ең тараған түрі – нөлдік енгізу, яғни жүйе сұрағына жауап ретінде “Енгізу” батырмасын басу. Егер командалық тіл қолданылса, онда пайдаланушы үндеместік түрде қолданылатын параметрді өткізіп жібереді.



Қысқартуды қолдану команданың толық атының орнына оның кез-келген мүмкін қысқартуларын, белгіленуін қарастырады. Жауаптарды озық енгізу идеясының негізі, пайдаланушы сұхбаттың кезекті жүрісінде бір ғана жауап емес, тізбектелген жауапты енгізуге мүмкіндігі бар.

Көпдеңгейлі көмек әдіс идеясында экранға басында бастапқы деңгей туралы ақпарат шығады, сонан соң пайдаланушы кілттік сөздің көмегімен төмен деңгейге өту арқылы алынған ақпаратты нақтылай алады. Осындай приципте гипертекстік жүйеге оқытатын қазіргі Help-жүйелердің көбі жұмыс істейді.

Көптілділік интерфейстің мағынасы мынада, пайдаланушы қолданып отырған құрылғыларына байланысты емес, ал пайдаланушы берген және алған ақпараттар оның ана тілінің нормаларына сәйкес болуы қажет. Көптілділікті жүзеге асырудың мүмкін жолы – пайдаланушының қозғалысына жүйенің құралдар реакциясын құру (сұраныс-ақпараттар, көмек-ақпараттар, қателер туралы ақпарат). Ол программалау тілінің (құралдық құрылғылар) синтаксисінен жеке құрылады.

Интерфейстің эстетикалық тартымдылығы, визуалды компоненттерді жобалау программалық интерфейсті өңдеудің ең маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Пайдаланатын объектілерді мүлтіксіз визуалды түрде көрсету, әртүрлі объектілердің өзара қатынасы мен жүрісі туралы өте маңызды қосымша ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді. Әрбір экранға шыққан визуалды элементке пайдаланушы көңіл бөлуі қажет. Экранда берілген ақпаратты пайдаланушы түсініп қана қоймай, сонымен қатар оның маңызды аспектілеріне көңіл бөлетіндей графикалық ортаны қалыптастыру қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, тиімді пайдаланушы интерфейсін құруға мүмкіндік беретін төмендегідей негізгі ережелерді қалыптастыруға болады:



  • пайдаланушы интерфейсін жобалауды, қосымшаны құруда жеке кезең ретінде қарастыруға болады. Оның орындалуы мүмкін болғанша ерте басталғаны жөн;

  • интерфейсті іске асыратын аппаратты-программалық құрылғылардың мүмкіндіктерін және ерекшеліктерін ескеру қажет;

  • құрастырылып отырған қосымша кіретін пәндік облыстың ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеру қажет;

  • интерфейсті құрастыру процессі итерациялық түрде болуы қажет. Оның негізгі элементі болып алынған нәтиженің мүмкін пайдаланушымен келісуі болып табылады;

  • интерфейсті іске асыру әдістері мен құрылғылары, оның пайдаланушының қажеттілігі мен сипаттамаларына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.


Әдебиет:1нег. [11-59],2 нег.[17-41], 3 нег. [3-33], 4 нег. [166-189], 7 қос.[67-113].

Бақылау сұрақтары:

  1. Пайдаланушының ”жақсы” интерфейсінің қасиеттері қандай?

  2. Пайдаланушы интерфейсін жобалаудағы нақтыланған, толық және косметикалық бейімделулерге түсініктеме беріңіз.

  3. Пайдаланушы интерфейстердегі үндемеу принципі қалай қолданылады?

  4. Пайдаланушы интерфейстердегі эстетикалық тартымдылық қалай іске асырылады?


Тарау 2. Адам оператордың сипаттамалары.

4-ші, 5-ші дәріс. Операторлардың психофизиологиялық сипаттамалары.
Сұхбатты жүргізудің қарқыны. Жүйенің жауап беру уақыты. Түсті қабылдау сипаттамалары. Кеңістіктік сипаттамалары.

Оператордың психофизиологиялық сипаттамалары компьютермен байланысқанда өзекті мәселе болып табылады. Біріншіден бұл:



  • ақпартты қабылдауға және өңдеуге мүмкіншілігі;

  • сенсорлық және қысқауақтылы жады көлемі;

  • өте маңызды ақпаратқа көңілді шоғырлауға дағдылану;

  • ұзақуақтылы жадыдан ақпаратты шығара білу;

  • моторлы ептілік пен реакция;

  • реакция уақыты;

  • түстік гамма қабылдау қабілеттілігі және т.б.

Жоғарыда атап өтілген пайдаланушының сипаттамалары интерактивті қосымша жасауда ескерілуі қажет. Ол экрандағы ақпараттың визуалды атрибуттарының ойланылған таңдау көмегімен пайдаланушының программалық қосымшамен ыңғайлы қарқында жұмыс істеуді қамтамасыз етуі керек.
Сұхбатты жүргізу қарқыны

Сұхбатты жүргізудің қарқыны шешілетін есептің ерекшелігіне және компьютердің аппараттық және бағдарламалық құрылғыларының сипаттамасына байланысты. Сұхбатты жүргізу қарқынының адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестік талаптары, осы сипаттамалардың мәндеріне тек “жоғарыдан” ғана емес, сонымен қатар “төменненде” шектеулер қояды. Осы мазмұндауды түсіндірейік.

Жүйенің жауап беру уақыты оқиға және жүйенің оған реакциясының аралығы ретінде қарастырады. Интерфейстің осы сипаттамасы пайдаланушының есептің келесі қадамына өтуінің бөгелісін анықтайды. 60-жылдары ең алғашқы интерактивті жүйелер пайда болғанда сұхбатты жүргізу қарқынын есепке алу сезілді. Жүйенің баяу жауап беруі пайдаланушының психологиялық қажеттілігіне сәйкес келмейді, ол қызметтің тиімділігін төмендетеді. Өте тез жауап қайыру жүйе туралы жағымсыз ойға әкелуі мүмкін. Жауап беру уақытына қойылатын талап пайдаланушы жүйе жұмысынан нені күтетіні және жүйемен қатынастың есепті орындалуына қалай әсер ететіне байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, егер жауап беру уақыты күткеннен аз болса, онда менюден операцияларды таңдау дәлдігі жүйенің жауап беру уақыты өскен сайын өседі. Жүйенің тез жауап беруі пайдаланушыны асықтырады да, ол өзінен әлдеқайда епті әріптесінен қалмауға тырысады. Жауап беру уақыты пайдаланушының табиғи жұмыс істеу ритміне сәйкес болуы қажет. Жай сөйлесу кезінде адам жауапты 2-секундтай күтеді, компьютермен жұмыс істегенде де сол сияқты. Күту уақыты оның жағдайы мен мүддесіне байланысты. Пайдаланушыға оның алдыңғы жүйемен жұмыс істеу тәжірбиесі де әсер етеді.

Әдетте адам бір мезетте бес-тоғыз зат туралы мәліметтерді есте сақтай алады. Сонымен қатар қысқамезетті есте сақтау қабілеті уақытпен шектелген: 2-сек ауызша ақпарат және 30 секунд сенсорлық үшін. Сондықтан адамдар бірмезгілде ақпараттың өлшеміне қарай есте сақтай алғандықтан, өз қызметін кезеңдерге бөлуге ыңғайланады. Кезекті кезеңнің аяқталуын кідіру деп атаймыз. Кідіру болуға кедергі келтіретін тоқтамдар өте зиянды және жағымсыз, өйткені қысқамерзімді жады құрамы үнемі жаңаруды талап етеді және ол сыртқы факторлардың әсерінен тез жойылады. Кідірістен кейін мұндай кідірістер өте қажет және қолайлы. Есептің аяқталуы, демалу,жабылу деп аталады. Сол мезетте ақпаратты әрі қарай сақтаудың керегі болмай, адам нақты психологиялық жеңілдейді. Пайдаланушылар өз жұмыстарын тезірек жабуға тырысқандықтан, пайдаланушы аралық ақпаратты уақтылы жойып отыруы үшін ,сұхбатты фрагменттерге бөлуі қажет. Пайдаланушылар, көбіне бастаушылар үлкен операцияның көп кіші операцияларын таңдайды. Өйткені олар алдынғы қадам жұмысының деталдарынан көңілін аулап қана қоймай, жақсы басқару мүмкіндігіне ие болады. Зерттеулер нәтижесінде интерактивті жүйе жауабы үшін келесі ұсыныстарды ұсынады:

0,1.....0,2 сек – физикалық жүрісті растау үшін (батырманы басу, тышқанмен жұмыс).

0,5.....1,0 сек – қарапайым командаға жауап беруі үшін (мысалы, команда беру кезеңінен, экранға жаңа бейне шыққанға дейін менюден қажетті жауапты таңдау).

1...2 сек – байланыс сұхбатын жүргізгенде (пайдаланушы өзара байланысты сұрақтарды ақпараттың бір бөлігі деп қарастырып, оған жауап қайтаруды қалыптастырады; бірінен кейін бірі тізбектелген сұрақтар арасындағы кідіріс көрсетілген ұзақтықтан аспауы қажет).

2...4 сек – күрделі сұраныс үшін. Кейде 10 сек дейін созылуы мүмкін.

10 секундтан жоғары – мультиесепті режимде жұмыс істеу. Пайдаланушы есепті фондық процесс ретінде қабылдаса.

Егер пайдаланушы 20 сек көп жауап алмаса, онда бұл интерактивті жүйе емес. Бұл жағдайда пайдаланушы есепті “ұмытып”, басқа есепке көшіп, оған ыңғайлы болған кезде оралуы мүмкін. Бұл жағдайда жүйе пайдаланушыға жауаптың кідіруі жүйенің жұмыстан шыққаны емес екені туралы мәлімет беруі қажет.

Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттары


Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттарына жататындар:

  • кескінделген объектінің өзара орналасуы және көлемі;

  • түстік палитра;

  • пайдаланушы назарын аударатын құрал;

Экранда объектілердің ыңғайлы орналасуы, адам миының оң және сол жақтарының ассимметриясын есепке алуға байланысты. Себебі оң және сол жақ жарты шарлар ақпаратты қабылдауда және өңдеуде әр түрлі қатысады. Жек жағдайда, сөздерді еске сақтауда сол жақ жарты шар маңызды роль атқарады, ал образдарды сақтауда оң жағы белсенді. Экранның оң бөлігіндегі ақпарат сол жақ жарты шарға түседі, керісінше сол бөліктен - оң жаққа түседі. Кей адамдарда жарты шарларды бөлу функциясы қарама-қарсы, әйелдерде ассимметрия еркектерге қарағанда осалырақ дамыған. Бұл жағдай ақпаратты көрсету сипатын жекелендіру керектігін тағы да дәлелдейді. Хабарламалардың келіп түсу аралығы 10-сек аспаса, жады ассимметриясын ескеру маңызды роль атқарады. Сондықтанда осы ұсыныстарды нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін программа интерфейсін құруда ескеру қажет.

Тағы бір маңызды мәселе – ол оператордың бір мезетте бес-тоғыздан көп емес объектілердің қысқамерзімді жадыда сақтаудың шектілігі.

Визуалды элементтерді қабылдау қарапайым процестерден тұрады: іздеу, анықтау, тану және декодтау. Осы процестерді орындау үшін пайдаланушының көру қабілетінің сипаттамасының маңызы зор:


  • түстік қабылдау;

  • жазықтылық;

  • ашықтылық;

  • уақыттылық.

Мұның бәрі экрандағы объект өлшемі мен оның сәулелену қасиетіне байланысты.
Түсті қабылдау сипаттамасы

Түстер реңі, жарықтылығы және қанықтылығына қарай ажыратылады. Жарықтылығы 10 кд/м2 болғандағы түстің спектр бойынша көлеңкелер саны, максималды қанықтылық жағдайында 150-ге тең. Қанықтылық деңгейін анықтау 4-тен (сары түс үшін) 25-ке (қызыл түс) дейін. Жекеленген жағдайда адам 10-12 түс реңін анықтай алады, ал басқа түстермен аралас 8-ден көп емес болады. Объектінің жарықтылығы осы түсті қабылдауға әсер етеді. Жарықтылық азайған сайын сары және көк түстердің біртіндеп түссізденуі болады, ал спектр үш түсті болады: қызыл-жасыл-күлгін. Түсті қабылдай сонымен қатар объектінің бұрыштық өлшеміне де байланысты: өлшемнің кішіреюіне байланысты көрінетін жарықтылық өзгереді және түсі бұрмаланады. Сары және көк түстер ең көп өзгеріске ұшырайды.

Көп жағдайларда түс гаммаларын таңдауда көру арқылы қабылдау сипаттамаларын, яғни ажырату ұшқырлығын ескерген дұрыс.

Фон түсі мен символ түсінің келесідей мүмкін комбинациялары қабылданған (нақты қабылдауының кему ретімен):

Көк – ақ түсте;

Қара түс сары түсте;

Жасыл – ақ түсте;

Қара – ақ түсте;

Ақ – көк түсте;

Жасыл – қызыл түсте;

Қызыл – сары түсте;

Қызыл – ақ түсте;

Қызыл-сары – қара түсте;

Қара – қара-қошқыл түс;

Қызыл-сары – ақ түсте;

Қызыл – жасыл түсте;

Жарықтық сипаттамалары.

Олар жарық шығаратын объектінің көру аумағының өлшемін, сонымен қатар жылдамдық пен жарықталатын ақпаратты өңдеудің қатесіздігін анықтайды. Жарық шығаратын объектіні көздің қабылдауы 106...105 кандел/м2 жарықтық аралығында болуы мүмкін. Жарық шығаратын объекттің жарықтығын табу формуласы келесідей:

В=К - 0,25ln(а) + 0,79;

мұнда, К – шағылысу дәрежесі (егер К = 1.. .2 , оператор ыңғайсыз жағдайда болады; ал К = 3... 8 – ауыртпалық жағдайда болады); а – жарық шығаратын объектінің бұрыштық өлшемі (градуспен өлшенеді). 15*106-нен жоғары болатын жарық көруді шағылыстырады.

Пайдаланушының ұзақ уақыт көру жұмысын қамтамасыз ету үшін экрандағы объекттердің жарығы 64 кд/м2 аспау керек; мұнда жарықтықтардың ауысуы пайдаланушының көру аумағында 1:100-ден аспау қажет. Күрделі объекттерді тез ажырату 3*103 кд/м2 жарығы кезінде болады.

Сонымен қатар қара түстілерге қарағанда ашық түсті объектілерді қабылдау 3-4 есе төмен екенін ескеру керек; ашық түсті объектілер қарта түсті фонда тез анықталады.


Кеңістіктік сипаттамалар

Бұл сипаттамалар тобы объектілерді анықтау, ажыратуына әсер етеді. Тәжірибелік есептерді шығарған кезде келесі ережелерді ескеру керек:

  1. Объект туралы негізгі ақпаратты оның контурында; күрделілігі жоғарылаған сайын контурды анықтау және ажырату уақыты да жоғарылайды.

  2. Қарапайым контурларды ажыратуға қарағанда күрделі контурларды ажыратқанда қателіксіз жоғары болады.

  3. Объектілердің пішінін қабылдауда фигура/фон қатынасы маңызды рөл атқарады.

  4. Объектінің ең кіші өлшемі берілген контраст пен жарықтық деңгейлеріне таңдалуы қажет. Бұл параметрлердің мәндерінің азаюы объекттің бұрыштық өлшемдерінің көбеюін қажет етеді.

  5. 1,5-1,98 аралығындағы ажырату ықтималдығының артуы үшін жай фигуралар үшін 20-25 %, ал әріп пен сан типті белгілер үшін екі есе бұрыштық өлшемдері артуы қажет.

  6. Фигураның вертикальді және горизонтальді өстерге қатысты орналасуын ажырату үшін айқындау шамасы 3 есе артуы қажет (қара объекттің жарық фонда айқындалуы 1 бұрыштық секундқа тең).

Егер экранда қозғалыстағы объектілер болса, онда бірнеше қосымша факторларды ескеру қажет. Мысалы, нүктелік объект 0,25 градус/с жылдамдығымен қозғалатын болса, оның үздіксіз қозғалысы дискретті деп қабылданады, 0,25...4 градус/с жылдамдығымен – үздіксіз, ал 4 градус/с жылдамдығынан артық болса, көрініс тұтас сызыққа біріктіріледі. Сонымен қатар жалған қозғалыстың үш түрі бар екенін ұмытпау қажет:

    • әр түрлі объектілерден екі бірдей сигналдың кезекпен шығарылуы кезінде сигналдың бір жағдайынан екіншіге орын ауыстыруын қабылдау;

    • контурлары бірдей екі объект кезекпен келгенде объектінің өлшемдері өзгеретін сияқтанады;

    • фон түсі немесе объектінің жарығы өзгергенде объект өлшемдері өзгеретін сияқтанады.



Әдебиет: 4нег.[25-46], 7қос.[81-98].

Бақылау сұрақтары:

  1. Оператордың негізгі психофизиологиялық сипаттамаларын атаңыз?

  2. Жүйенің жауап беру (үндесу) уақыты дегеніміз не?

  3. Адамның түсті ақпаратты қабылдау ерекшеліктері қандай?

  4. Адамның ақпараттың жарық сипаттамаларын қабылдауы қандай?

  5. Ақпараттың кеңістіктік сипаттамаларын адам-операторымен қалай ескеріледі?


6-ші дәріс. Операторлар қызметінің уақыттық сипаттамалары.

Көздің ақпаратты қабылдауы. Пайдаланушының жалпылама сенсомоторлы сипаттамалары.

Жарқыраған объектіні көздің қабылдауы адам-операторында көздің бастапқы тітіркенуі мен оның үзілуіне қатысты біраз іркіледі, бұл көз талдағышының қызметін бірнеше ерекшеліктерін шарттандырады. Бұл ерекшеліктер бірлік жарық сигналдары қабылдауда, олардың кезектелуі кезінде де көрініс табады. Көздің уақыттық сипаттамаларын білу сигналдардың экспозиция уақытын айқын таңдауға мүмкіндік береді. Ол сигналдарды ең кіші ажырату және сигналдарды кезекпен келуінің уақыттық аралықтарын қамтамасыз етеді. Көз қабылдауының негізгі уақыттық сипаттамалары 1-ші кестеде келтірілген.

Жоғарыда қарастырылған сипаттамалармен қатар пайдаланушының тиімді жұмысында экранда бейнеленетін ақпараттың мағыналық мазмұнын беру әдісі маңызды рөл атқарады.


Көздің уақыттық сипаттамалары



Сипаттама

Сандық мәні

Бақылау шарттары

Жылтыңдаудағы субъективті қабылданатын жарық

200


100

50


Жылтыңдау жиілігі (Гц)

8..10


16..20

24..28


Жылтыңдауды бөлек қабылдаудың шекті жиілігі, Гц

15

25



50

Объектінің жарықтылығы

0,1


1

100


Анықтау жылдамдығы

<3
<30
<7
<60

Қарапайым конфигурациялы объектілер үшін

Сол, бірақ нашар бақылау шарттарында

Адамға таныс бейнелер (әріп, сан) үшін

Сол, бірақ кедергі шарттарында


Бұл әдіс таңбалы жүйелердің төрт түрінің ішінен біреуін қодануға негізделеді:



    • әріпті;

    • пиктографиялық;

    • сандық;

    • геометриялық.

Таңбалы жүйені таңдағанда ескеру керек:

    • белгілердің оңай анықталуы мен декодталуы;

    • пайдаланушының қатесіз жұмыстың қажетті ұзақтығы, соның ішінде депрессия жағдайында да;

    • жүйенің кедергіге төзімділігінің деңгейі;

    • пайдаланушының оперативті және ұзақ уақытты жадысында әліпби-таңбалы жүйенің есте сақталу ұзақтығы.

Таңбалы жүйенің интегралды сипаттамасы ретінде кодтың жеделділік коэффициентін Кжед қолдануға болады. Ол символды (белгіні) анықтау уақытының оны декодтау уақытына қатынасын көрсетеді. Жоғарыда аталған таңбалы жүйелер үшін бұл көрсеткіштің мәндері 1-ші кестеде келтірілген.
1-ші кесте. Кодтың жеделділік коэффициентінің мәндері

Таңбалы жүйе

Кжед мәні

Әріптік (бір сөз үшін)

0,9

Пиктографиялық (пиктограмма үшін)


0,8


Сандық (төрт разраядтан жоғары емес, бір сан үшін)


0,6

Геометриялық (бір фигура үшін)

0,6


Жоғарыда келтірілген деректерден қорытынды жасауға болады: шекті жағдайларда үшразрядқа дейінгі сандарды экранда мәтіндік түрде (яғни сөздермен) беру орынды. Сонымен қатар объектінің негізгі қасиеттерін немесе қажетті іс-әрекеттерді баяндау пиктограмма түрінде көрсету тиімді. Мысалы, “хабарды адресатқа жіберу” сөз тіркесін сәйкес пиктограммамен ауыстырған ыңғайлы. Тәжірибе жүзінде дәлелденген, объектінің ең маңызды сипаттамалары оның контурымен кодталуы (айқындалуы) қажет, ал ішкі детальдарымен – қосымша, жанама. Мұнда объектінің кейбір сипаттамалары үшін таңдалған, белгі пішіні айқындалған көрсеткіштері бар жүйе, таңбалы жүйенің барлық әліпбиіне қолданылуы тиіс.

Пиктограмманың геометриялық контурының, тану тиімділігіне әсерінің сандық бағалануы 2-ші кестеде келтірілген.

Таңбалы жүйені құру кезінде, симметриялы символдарды адам оңай қабылдайтынын және қысқа және ұзақ уақытты жадыда, есте сақталатынын ескеру қажет.

Белгілердің ажырату көрсеткіштері ретінде бір алфавит шеңберінде келесілерді қолдану дұрыс болмауы мүмкін:



    • - белгідегі элементтер саны;

    • - белгінің геометриялық өлшемдері (ең кемінде екі нұсқадан аса);

    • белгілердің “позитив – негатив” және “тура – айна кескіні” принципі бойынша ажыратылуы.

2-ші кесте. Белгінің геометриялық күрделілігінің оны декодтауға әсері



Көрсеткіш

Көрсеткіштің мәні




Қарапайым белгілер

Орташа күрделілікті белгілер

Күрделі белгілер

Ең кіші экспозиция уақыты, с

0,03

0,03

0,05

Экспозиция кезінде декодтаудың орташа уақыты 0,03 с

3,06

2,55

2,76

Дұрыс декодтау ықтималдығы

0,80

0,97

0,98

Жоғарыда аталған тағы бір фактор – экранда бірдей кескінделетін интерактивті элементтердің саны. Әрине, олармен тиімді жұмыс істеуге пайдаланушының көру сипаттамалары мен қолданылатын таңбалы жүйе сапасы әсер етеді. Соған қарамастан керекті элементті таңдауда пайдаланушының тағы бір сипаттамасы әсер етеді – ол сенсомоторлы сипаттама. Мысал ретінде 3-ші кестеде, экранда көрсетілген сандарға байланысты қажетті элементтің қатесіздік РВ пен таңдау уақытының ТВ орташаланған мәндері келтірілген.


3-ші кесте. Пайдаланушының сенсомоторлы сипаттамасының жалпыланған көрсеткіштері

Экрандағы интерактивті элементтердің саны (белсенді терезеде)

РВ

ТВ, с

3

0,999

1,5

7

0,997

3,0

10

0,995

4,0

15

0,97

5,0

20

0,94

7,0

60

0,92

10,0

Жоғарыда келтірілген сандық көрсеткіштер орташаланған болып табылады. Шынайы өмірде оларға бірде бір адам сәйкес келе алмайды. Бұған қарамастан олар кейбір пайдаланушы топтары (санаттар) үшін ақиқат болып табылады. Әрбір осындай топ адамдары басқа топтан кейбір факторлар арқылы ерекшеленуі мүмкін: физиологиялық параметрлер бойынша, компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша, нақты қосымшалармен жұмыс істей тәжірбиесімен және т.б. Осыған орай интерактивті қосымшаны құру барысында, ең бірінші, ол арналған мүмкін пайдаланушылардың санатын анықтау (ең болмағанда жуықтап) қажет.


Әдебиет: 8нег.[25-37], 4нег.[32-36], 7қос.[88-100].

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам-операторының көруінің уақыттық сипаттамалары қандай?

  2. Таңбалы жүйенің кодтың жеделділік коэффициенті дегеніміз не?

  3. Белгінің геометриялық күрделілігі оның декодталуына қалай әсер етеді?

  4. Пайдаланушының сенсомоторлы сипаттамасының жалпылама көрсеткіштері қандай?


7-ші дәріс. Адам талдағыштарының негізгі сипаттамалары.
Талдағыштардың әсер қабылдау шектері. Талдағыштардың уақыттық сипаттамалары. Оператордың психофизиологиялық сипаттамасын сандық бағалау әдістері.

Оператор қызметі үшін ең маңызды – көз талдағышы болып табылады, одан кейін есту және тактилді (сезіну) талдағыштары болады. Басқа талдағыштардың оператор қызметіне аса маңызды әсер етпейді.

Кез келген талдағыштың негізгі сипаттамалары шектер болы табылады – абсолютті (жоғарғы және төменгі), дифференциалды және жеделділік. Әрбір шектің мағынасы сигналдың энергетикалық (интенсивті), кеңістіктік (өлшем) және уақыттық (әсер ету ұзақтығы) сипаттамаларына қатысты енгізілуі мүмкін.

Әрең сезілетін әсер тигізетін, тітіркендіргіштің минималды шамасы төменгі абсолютті сезіну табалдырығы, ал максималды мүмкін шамасы жоғарғы абсолютті сезіну табалдырығы деп аталады (бұл ұғым тек энергетикалық сипаттамалар үшін қолданылады). Шамалары төменгі табалдырықтан аз сигналдар адамдармен қабылданбайды. Ал сигналдардың интенсивтілігінің жоғарғы табалдырықтан артуы адамдарға кері әсер етеді (дыбыстардың қатты естілуі, өте жарық болып кетуі). Жоғарғы және төменгі табалдырықтардың арасындағы аралық - талдағыштың сезімталдық диапозоны деп аталады.

Талдағыштың көмегімен адамдар сигналдарды тек сезіп қана қоймай, оларды ажырата да алады. Ажырату сипаттамасы үшін дифференциалдық деңгей (латынның differentia-ажырату) деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғым екі тітіркендіргіштің арасындағы немесе тек бір тітіркендіргіштің екі жағдайының арасындағы минималды өзгеруін білдіреді. Тәжірибе жүзінде табалдырықтың дифференциалдық шамасы, тітіркендіргіштің бастапқы шамасына пропорционал болатындығы дәлелденген:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет