Дәріс №1. География ғылымдарының жүйесі, оның тұтастығы. Сұрақтар



жүктеу 366.38 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі366.38 Kb.
Дәріс №1.

География ғылымдарының жүйесі, оның тұтастығы.

Сұрақтар: Экономикалық географияға анықтама. - Зерттеу нысанасы және тақырыбы.- Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның элементарлық зерттеу нысанасы және ішкі құрылымы.-Коммерциялық география.-Камералдық статистика.- Аймақтық парадигма. - Салалық парадигма. - Экономикалық , әлеуметтік және саяси географияның теориялық негізі.- Экономикалық-географиялық орын концепциясы.- Экономикалық аудандастыру теориясы.-Қоғамдық аумақтық ұйымдастыру теориясы және аймақтық даму.-Шаруашылықтың аумақтық құрылымы.- Экономикалық , әлеуметтік және саяси географияның ғылыми әдістемесі.- Географиялық зерттеулер әдісі.
Экономикалық географияға анықтама. Зерттеу нысанасы және тақырыбы.

Экономикалық, әлеуметтік және саяси география – геокеңістікте табиғат жағдайы мен ресурстары, халық және шаруашылықтың өзара байланыста орналасуы мен таралуын

( Жер шары бетінде және Дүние жүзі мұхиттары аквоториясында) шаруашылықтың табиғатқа әсері және табиғаттың қоғам өміріне әсерін зерттейтін ғылым.

Қолданбалылық тұрғыда қарағанда бұл ғылымға мынандай анықтама беруге болады : ЭӘ ж С география нақты географиялық кеңістікте экономикалық, әлеуметтік және саяси нысаналардың орналасуы мен аумақтық ұйымдастыру ерекшіліктерін зерттейтін ғылым.

Шаруашылықтың дамуы мен орналасуы геокеңістіктің барлық көлемінде таралмаған, сондықтан ЭӘ ж С географияның зерттеу нысанасы антропосфера (экосфера), яғни, шаруашылық дамыған және орналасқан геокеңістік болып есептеледі.

Антропосфераның көлемі Жер планетасы аумағының 20 км биіктікке дейін (510 млн. кв.км), Дүние жүзі мұхитының деңгейімен тереңдігі 11 км.- ге дейін тау биіктігімен алғанда 10,2 млрд. куб.км. болып есептеледі.

Кеңістік кезеңде Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский мынандай анықтама берді – « қоғамдық өндірістің орналасу заңдылықтары мен экономикалық аудандардың құрылуын зерттейтін ғылым». Ю.Г.Саушкин – « аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттейтін ғылым». Кәзіргі ғалымдардың анықтамасына жүгінсек А.Ю.Скопин – «антропосфераның трансормациялануын және ақпараттық пен жүйелік бағыттары негізінде геоэкономикалық проблемаларды шешу жолдарын іздеу арқылы қоғамды аумақтық ұйымдастыруды зерттейтін ғылым. Мұнда, геоэкономикалық проблеммалар деп табиғат пен қоғамның өзара байланысы әсерінен болатын жүйелі өзгерістер немесе негативтік әлеуметтік, саясаттық, экономикалық, экологиялық, технологиялық өзгерістерді айтамыз.




Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның элементарлық зерттеу нысанасы және ішкі құрылымы
Әр ғылымның элементарлық зерттеу нысанасы болады. Мысалы , физикада – суперструна, математикада – сан, ал

ЭӘ ж СГ- да – локалитет (ағылшынша Locaity – белгілі бір үлкенді – кішілі жергілікті жер), немесе «территория» (аумақ).

Мысалы, химиялық заттың молекуласы табиғат атомынан тұрса, географияда – жергілікті жер (аумақ) табиғаты , халық атомы –

елді-мекендер, шаруашылық атомы – кәсіпорын (фирма, компания).

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ішкі құрылымы 4 сипаттан тұрады: кеңістік, уақытшылық, материалдық, ұйымдастырушылық (5 сурет, Ю.Г.Скопин қараңыз).
Коммерциялық география.

Ұлы географиялық ашылулар (XV-XVI ғғ), одан кейін теңіз саудасы мен әлемдік рыноктың дамуы коммерциялық географияның дамуына әсер етті. (Италия және Голландия көпестері). Коммерциялық география сауданың дамуы үшін әртүрлі мағлұматтар мен мәліметтер жинаумен айналысты (маусымдық сұраныс және ұсыныс, сауда маршруттарының қауыпсіздігі, теңіз порттарының сипаттамасы, жаңа рынок орталықтары тұралы сипаттама, шикізат ресурстары т. б.)


Камералдық статистика.

Kamera – неміс сөзі, үй деген мағна береді. Яғни, камералдық статистика дегеніміз – сауда және географиялық экспедиция арқылы көптеген мәліметтер мен мағлұматтарды жинау, талдау мен сараптау және тұжырымдау арқылы үй (мемлекет) тұралы статистикалық мәліметтер жинау. Камералдық статистиканың негізін салған неміс географы Ахенваль (Н.Н. Баранскийдің айтуы бойынша), мынандай мәселелерге көңіл бөлуді ұсынады: 1) мемлекеттің аумағы, шегарасы, әкімшілік бөлінуі; 2) мемлекеттік құрылысы және мемлекет аппараты (басқару жүйесі); 3) қаржы және бюджет; 4) табиғат ресурстары, халқы, шаруашылық салалары; 5) әскери күші, флот; 6) басқа елдермен қарым-қатынасы.


Аймақтық парадигма.

XX ғасырдың басында эконом-географтар көптеген географиялық мәліметтер мен мағлұматтарды жинақтау және бір жүйеге келтіруге ұмтылды. Осының нәтижесінде экономикалық аудандардың құрылуын, дамуын зерттеу қалыптасты.

Экономикалық ауданды экономикалық- география ғылымының зерттеу нысанасы және тақырыбы деп есептеді.Экономикалық аудан деп жер бетінің бір бөлігінде географиялық нысаналардың (құбылыстардың) бір бірімен өзара байланысуы арқылы дамыған әлеуметтік-экономикалық кешен деп есептеледі.

Бұл бағытта американдық географ Р.Хартшорн, Н.Н.Баранский, И.Г.Александров, Н.Н.Колосовский және басқа еңбектерін қарауға болады (оқулықтар тізімін қараңыз)

Мысалы, Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский экономикалық аудандастыру теориясы негізін салды. Экономикалық аудандастырудың негізіне географиялық еңбек бөлінісі, яғни белгілі бір аумақтың арнайы өнім шығаруға мамандануы болады деп тұжырымдады. Энергиялық-өндірістік циклдың – дамуы арқылы (өндірістің технологиялық кезеңдері), экономикалық аудандардың салалық және аумақтық құрылымының дамуын негіздеді.

Қорытындай келе, Экономикалық аудан деп табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық жүйесі біртұтас, кешенді дамуы арқылы ұлттық экономикалық деңгейде белгілі бір өнім өндіруге маманданған мемлекеттің бір аумағын айтамыз.


Салалық парадигма

Салалық географияның негізгі бағыты қолданбалы ғылымдармен тығыз байланыса отырып нысаналарды зерттеуді тереңдету. Осыған байланысты Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияда дифференциация (бөлшектену) үрдісі жүріп жатыр. Гылым экономикалық, әлеуметтік, саяси география болып бөлінсе, әрі қарай халық географиясы, шаруашылық салалары географиясы (мысалы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік) , табиғат ресурсы және табиғат пайдалану географиясы және т.б. болып бөлінеді.


Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның

теориялық негізі

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның теориялық негізі: Теория, концепция және категориялардан тұрады.

Негізгі теориялар: өндіргіш күштерін орналастыру, аумақтық (географиялық) еңбек бөлінісі, аумақтық (географиялық) еңбек интеграциясы, экономикалық аудандастыру, дүние жүзі шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы, халықты орналастыру және қоныстану, геоурбанистика, қоғамды аумақтық ұйымдастыру. Негізгі концепциялар: экономикалық-географиялық орын, өндірісті орналастыру жіне аумақтық ұйымдастыру заңдылықтары. Негізгі категориялар: аумақ (территория), аумақтық ортақтық , табиги – ресурстық потенциал (ТРП), әлеуметтік-демографиялық потенциал (ЭДП), шаруашылық (әлеуметтік-экономикалық) потенциал.
Экономикалық-географиялық орын концепциясы.

1. Экономикалық-географиялық орын дегеніміз – белгілі бір экономикалық-географиялық нысананың (кәсіпорын, аудан, қала және т.б.). экономикалық маңызы бар сыртқы қоршаған көрсеткіштерге қатынасы.

2.Экономикалық-географиялық орын көрсеткіштерге байланысты: көліктік-географиялық, аграрлық-географиялық, өнеркәсіптік-географиялық, демографиялық-географиялық және т.б. болып бөлінеді, сонымен бірге теңізжағалаулық, орталық, перифериелік, көрщілік т.б. бөлінеді. Олар кеңістікте және уақытқа сай өзгеріп отырады. Ауқымы бойынша: макро-мезо-микро орын деп бөлінеді. ЭГО-ың үш атрибуты: 1) кеңістік қатынас; 2) оның потенциалдық мүмкіндігі; 3) қашықтық орны.


Экономикалық аудандастыру теориясы.

Экономикалық аудандастыру дегеніміз – белгілі бір елдің өзара қатынастығы маманданған тұтас шаруашылық бөлігінің кеңістік жүйесін анықтау арқылы, белгілі бір елдің өндіргіш кұштерінің аумақтық құрылымын бөліп шығару. (Саушкин Ю.Г.)

Аудандастыруға әсер ететін факторлар: аумақтық еңбек бөлінісі, техникалық база (өндіріс) , шаруашылықтың техникалық деңгейі, еңбек ресурстары, табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары (табиғи-ресурстық потенциал).

Экономикалық аудандастыру принципі: экономикалық, энергетикалық, ұлттық, кешендік даму, болашақтық, әкімшілік.
Қоғамдық аумақтық ұйымдастыру теориясы және

аймақтық даму.

Аумақ (территория) – белгілі бір табиғаттық және антропогендік құрылымдар мен қасиеттері бір бөлігі.

Аумақтық-географиялық орнымен, өзіне тән табиғи ресурстық, әлеумет- демографиялық және шаруашылық (әлеуметтік-экономикалық)потенциалдан тұрады, яғни геожүйенің үш компонентінен тұрады: табиғат-халық-шаруашылық.

Аумақты экономикалық-географиялық зерттеу – оның физико-географиялық ерекшіліктерін, экономикалық-географиялық ерекшіліктерін анықтау арқылы өндіргіш күштерінің белгілі бір салаларын орналастыруға керекті ресурстар базасын сараптап, сандық жіне сапалық баға беріледі.

Аумақтың басты қасиеттері:

а) географиялық орны;

б) көлемі;

в) табиғат жағдайы мен ресурстары, олардың табиғат

кешенін және өзара қатынасын құрау;

г) шаруашылық және оның дамуы, өзгеру динамикасы;

д) атқаратын функциялары.

Аумақтың ресурсы: отын-энергетикалық, минералдық-шикізат, биологиялық, агроклиматтық, су, топырақ, жер ресурстары, рекреациялық,өндірістік, инфрақұрылым.

Аумақтық ресурстардың элементтері:

а) аумақтың көлемі;

б) аумақтың байлығы;

в) ландшафтың тұрақтылығы.

Аумақтың көлемі, оның материалдық байлығымен қосып экономикалық сиымдылықты құрайды, ал тұрақтылығы экологиялық сиымдылықты құрайды.


Қоғамды аумақтық ұйымдастыру.

Аумақтық ұйымдастыру география ғылымы жүйесінде басты түсініктердің бірі болып есептеледі. Аумақтық ұйымдастыру дегеніміз жер бетіндегі материяның кеңістіктегі көрінісі, таралуы. Оны төрт бағытта:құрылым, функция, даму және басқару ретінде көруге болады.

Аумақтық ұйымдастырудың мынандай сипаттары бар:

1.Орналасу – нысананың жер бетіндегі шоғырлануы, локальдануы. Олардың түрлері: нүкте, желі, ареал.

2.Аумақтық айырмашылық – құрылымы, тығыздығы және т.б. сандық пен сапалық қасиеттері бойынша жер бетінде дифференциалануы (бір жерден екінші жердің айырмашылығы).

3.Кеңістік қатынас – нысаналардың өзара қарым-қатынасы және сол арқылы бір-біріне өзара әсері.

4.Кеңістік байланысы (горизонталдық) – адамдардың, заттардың , энергияның, ақпараттың, капиталдың ағымы арқылы кеңістікті игерілген қатынас.

5.Аумақтық жүйелеу - өндірістік байланыстар арқылы біріккен бір-біріне ұқсас және байланыстың интенсивтік пен әртүрлілігі арқылы ерекшеленетін нысаналар тобы.

6.Аумақтық кешендер – белгілі бір аумақта вертикалдық байланыс арқылы біріккен әртүрлі нысаналардың өзара қарым қатынасы.

7.Аумақтық құрылым - өндірістік кешендер мен жүйелердің бөлшектену түрлері және өзара қатынасы.

8.Кеңістегі үрдістер – жер бетінде горизонталдық даму сипаты бойынша тұрақты өзгерістер.

9.Кеңістік морфологиясы – жекелеген нысаналардың, жүйелердің және кешендердің сыртқы және ішкі конфигурациясы мен формалары.

10.Аумақтық басқару – аумақтық ұйымдастыруға әртүрлі аспектіде (бағытта) әрекет жасау арқылы жасалатын біртұтас шаралар.


Шаруашылықтың аумақтық құрылымы

ШАҚ-ы бір-бірімен ажырамайтын үш формадан тұрады:

1.Өндірістік – интегралдық – құрылым - әр елдің өзара байланыста және қатынаста болу арқылы қарым-қатынастағы бір бөлігін айтамыз (зона,аудан, аймақ).

2.Салалық-аумақтық құрылым – негізгі өнеркәсіп және ғылым потенциалы, экономиканың негізгі салаларының құралуы мен орналасуы.

3.Желілік, торлық-торабтық құрылым - өндірістік инфрақұрылым және олар халықтың орналасуымен байланысы.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның ғылыми әдістемесі

Экономикалық, әлеуметтік және саяси география өндірістің аумақтық ерекшелігін зерттейтін ғылым, яғни, оның орналасуы, элементтерінің өзара қатынасы мен байланысы және т.б. Сондықтан ең басты ғылыми әдісі – қартаға түсіру. «Қандайда бір географиялық зерттеу география картадан бастайды, картамен аяқтайды, яғни картамен келеді, картамен кетеді» (Баранский Н.Н.)



Географиялық зерттеулер әдісі.

Әдіс – блелгілі бір теориялық және әдістемелік нәтижелерге жету үшін қолданылатын: мәліметтер мен мағлұматтарды, ақпараттарды жинау, жүйелеу, талдау, сараптау, тұжырымдау.

Әдістердің басты мақсаты – шаруашылық пен халықтың аумақтық жүйелерінің дамуы, орналасуы мен аумақтық ұйымдастырылуы заңдары мен заңдылықтарын анықтауға бағышталған.

Әдістерді топтастыру:

1.Жалпы ғылымдық; 2.Жалпы географиялық; 3. Экономикалық; 4.Экономикалық-географиялық; 5.Әлеуметтік; 6.Ақпараттық.

Географиялық ақпаратты жинау және алғашқы талдау мынадан тұрады: бақылау, далалық зерттеулер жүргізу, қашықтық зерттеу әдістері, халықтан сұрақ жүргізу.

Географиялық ақпараттарды жүйелеу, талдау және тұжырымдау: сипаттау, тарихи, картографиялық, геоақпараттық, географиялық ақпараттарды жүйелеу әдісі ( топтау, таксономдау, типтеу, аудандастыру)

Сандық әдістер (дисперстік талдау, корреляциялық талдау, регрессивтік талдау, коварнациондық талдау, баланстық әдіс), математикалық моделдеу әдісі.



Дәріс №2.

Ғылымның дамуын тарихи әдіспен талдаудың

маңызы.
Сұрақтар: Тарихи әдебиеттердегі экономикалық және әлеуметтік географиялық ұғымдар, ұлы байқаулардан кейінгі сауда байланысының дамуы және сауда географиясының қалыптасуы.- Капиталистік өнеркәсіптің дамуы кезеңдегі экономикалық география.- Экономикалық географиясының идеясының Ресейдегі дамуы.-Кеңес Одағы тұсындағы экономикалық география.- Маркстік идея мен іс-қимылдардың экономикалық географиялық маңызы.-Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің жаңа экономикалық география қалыптастырудағы ролдері.
Географиялық түсініктер мен идеялардың тарихи даму (оның ішінде қоғамдық география) үш кезеңге бөлінеді:

І.Классикалық кезең. Ол мынандай этаптардан тұрады:

1.Антикалық география. Бұл этап көне грек географтарының еңбектеріне байланысты:

- Гомер (1280-1180 г.г. до н.э.) Эпическая поэма «Илиада».

- Гекатей Милетский (около 546-480 г.г. до н.э.) – «Землеописание».

- Герадот (480-479 г.г. до н.э.) – «отец истории», «Истории в 9-ти томах».

- Эратосфен (273-192 г.г. до н.э.) «отец географии», Географические записки.

- Страбон (64-20 г.г. до н.э.) – «История» в 43 книгах и «География» в 17 книгах.

- Клавдий Птолемей – «Великое математическое построение астрономии» в 13 книгах,

«Руководство по географии» в 8-ми книгах.

2.Орта ғасырдағы география біздің ғасырымыздағы (V-XV ғғ) Марко Поло, Араб географтары (Ибн Батута), Қытай географтары.

3.Ұлы географиялық ашылулар эпохасы және комерциялық географияның пайда болуы б.э. (14-16 ғғ) (см. П.Джейма, Дж. Мартин Всевозможные миры: История географических идей.- М.:

Прогресс, 1988, стр. 103-136.) Әрі қарай осы кітаптың беті көрсетілген.

4.Өнеркәсіптің алғашқы капиталистік даму кезеңі (17-18 ғғ) (137-170 б. қараңыз).

5.Географтар А.Гумбольт, К.Риттердің география ғылымына жасаған еңбектері (171-199 б. қараңыз)


II.Жаңа кезең.

а) Жер планетасы тұралы ақпараттар жинау.

б) Әлемнің жекелеген аймақтарын зерттеу және қолданбалылық мәселелерді шешу.

в) География ғылымының түсініктері, концепцияларының құрылуы.


III. Казіргі кезең (18 ғ. бастап)

а).Бұл кезеңмен танысу үшін: Еуропа және кәзіргі заман географтарының еңбектерімен танысу керек. Олардың тізімі:

Геттнер А. География, ее история, сущность и методы. (1927) – Л.-М., 1930.

Харвей Д. Научное объяснение в географии.- М.: Прогресс, 1974.

Хаггет П. География: синтез современных знаний (1975). - М.: Прогресс, 1979.,

Пространственный анализ в экономической географии. – М., Прогресс.

Бунге В. Теоретическая география. – М.: Прогресс, 1967.

Леш А. Географическое размещение хозяйства. – М.: Изд. Ин. Лит., 1959.

Американская география. – М.: Изд.ин.лит., 1957.

Ю.Г.Саушкин. Экономическая география: история, теория, методы, практика. – М.: Мысль, 1973.

Н.К.Мукитанов. От Страбона до наших дней.: Эволюция географических представлений и идей.- М.: Мысль, 1985, - 237 с.

б)Өнеркәсіптің капиталистік даму кезеңіндегі экономикалық география.

Росиядағы географиялық идеялардың дамуы. КСРО-да экономикалық географияның дамуы. Бұл этаппен танысу үшін мына әдебиеттермен танысу керек:

Экономическая и социальная география в СССР: История и современное развитие. – Москва: Просвещение, 1987, стр. 5 – 43, Б.Н.Семеевский. Введение в экономическую географию. - Л.: ЛГУ, 1972, глава IV, стр. 71 – 102, глава VI, стр. 157 – 196).



Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің экономикалық география ғылымының негізгі бағыттарын құрушылар.

Кеңестік экономикалық географияның негізін салған Н.Н.Баранский (1881-1963) және Н.Н.Колосовский (1891-1954).

Н.Н.Баранскийдің оқулығы «КСРО-ның экономикалық географиясы. Мемлекеттік жоспарлау комитетінің обылыстары бойынша шолу» 1926 жылы баспада шықты. Экономикалық географияның кітабы ГОЭЛРО жоспарының идеялары, концепциялары көрсетілген. Олар: экономикалық аудандастыру және аудандық энергиялық кешендер құру. Бұл кітапта Н.Н.Баранский Ресей мен КСРО-дағы қоғамдық аумақтық еңбек бөлінісінің тарихи дамуы, экономикалық аудан жүйелерінің қалыптасуы, көліктік байланыстар арқылы өзара байланысы заңдылықтарын ашты. Ол Деннің шаруашылықтың жекеленген салаларын сипаттаумен шектелуіне қарсы болды.

Н.Н.Баранский халық шаруашылығы салаларының орналасуын, аудандардың табиғат, еңбек ресурстары, материалдық-техникалық ресурстарымен және өзара байланыстары арқылы сараптауды ұсынды.

Н.Н.Баранскийдің аудандық бағыты географиялық тұрғыда аумақтық, тарихтық, кешендік принциптерге және ішкіаудан аралық пен халықаралық көліктік байланыстарға негізделеді.

Н.Н.Баранский экономикалық географияның, географиялық негізін сала отырып, оның тарихпен, экономикамен, техникамен және физикалық географиямен тығыз байланыста екенін дәлелдеді.

Ол «аумақтық (географиялық) қоғамдық еңбек бөлінісі» туралы терең зерттеулер жүргізіп «Географиялық еңбек бөлінісі- экономикалық географияның негізгі түсінігі» деп тұжырымдады.

Н.Н.Баранский АҚШ, КСРО-ның экономикалық аудандарын зерттеуге көп көңіл бөлді, салыстырмалық пен картографиялық әлістерді кең пайдаланды. Экономикалық аудандарды анықтағанда, «көлік жүйесі мен қала» ауданның іргесі, негізі болады деп есептеді.

Н.Н.Колосовский (1891-1954) Н.Н.Баранскийдің идеяларын әріқарай дамытты. Экономикалық аудандастырудың теориялық негізін жасады «Экономикалық аудандастыру - жалпы экономикалық-географиялық және көліктік жағдайы, табиғат пен энергетикалық және шикізаттық аумақтық ара қатынасы жағдайы,

елдің аумақтарына өндірістің таралуы (орналасуы) арқылы мамандаған бөліктердің пайда болуы» деп анықтама береді.

Н.Н.Колосовский аумақтық-өндірістік кешен теориясын негіздеп, өндіріс күштерін тиімді орналастыруын негізгі ретінде ұсынды. Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовский мектебі өндіріс күштерінің аумақтық жүйелерінің (мемлекет, экономикалық аудандар, өнеркәсіп аудандары, өнеркәсіп тораптары, ауыл шаруашылығы аудандары, халықтың орналасу жүйелері, қалалар, көлік тораптары мен жүйелері, қызмет ету салаларының (инфрақұрылым аумақтық жүйелері бойынша) құрылуын, дамуын, орналасуын, аумақтық ұйымдастырылуын, болашағын зерттейтін әдіснамалық негіздерін жасады. Аумақты, әлеуметтік, экономикалық жүйелерді зерттегенде, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарымен өзара байланыстырып қарады және оларды өндірістің табиғаттық базасы деп қарады.

Н.Н.Баранскийдің , Н.Н.Колосовскийдің еңбектері олардың оқушысы Ю.Г.Саушкиннің еңбектерінде берілген.

Сұрақтар:

1.Н.Н:Баранский және Н.Н.Колосовский экономикалық-географиялық мектебі немен сипатталады?

2.Н.Н.Баранскийдің география ғылымына жасаған еңбегі.

3.Н.Н.Колосовскийдің география ғылымына жасаған еңбегі.

4.Н.Н.Баранский және Н.Н.Колосовскийдің экономикалық география ғылымына жасаған еңбектерінің жалғасы қандай деңгейде?

Дәріс №3.

Елдер және елтану.

Сұрақтар:

Елдің қалыптасуы және трансформациялануы. – Елдерді топтау және жүйелеу. Салыстырмалы елтану. – Проблемалық және конструктивтік елтану.- Стратегиялық дамуды жобалау.- Әлемдегі макроаймақтар – елдердің тобы.


Елдердің қалыптасуы және трансформациялануы.

Эконом-географтар елдерді зерттегенде мынандай сұрақтарға жауап беруге ұмтылады: Ел дегеніміз не? Олар қайда және қалай орналасқан? Қашан пайда болды? Неге пайда болды? Қалай тіршілік жасап жатыр және қандай өзгеріске ұшырауы мүмкін?



Елдің пайда болуы – белгілі бір табиғи жағдайдың негізінде, халық және шаруашылықпен бірте-бірте толықтырылу арқылы көршілес елдерден табиғаттық, экономикалық, әлеуметтік ерекшілігімен сипатталатын, біркелкі кешенді вертикалдық және горизонталдық кеңістік құрылымының құрылуын айтамыз.

Мұның арқасында, кеңістіктік және уақытша шегарасы бар мемлекет қалыптасады. Қорыта келгенде, ел – белгілі бір табиғат кешені негізінде құрылған субконтиненталдық деңгейдегі әлеуметтік- шаруашылық кешенді айтамыз. Ол кеңістікте уақытша, ішкі және сыртқы байланыста мемлекет ретінде белгіленеді. Яғни, ел – мемлекеттің кеңістік формадағы өмір сүруі (тіршілік), ал мемлекет елдің құқықтық формадағы өмір сүруі.

Жоғарыдағы анықтамаларға жүгіне отырып, елтану деп -

кеңістікте, уқытта, ішкі және сыртқы байланыста мемлекеттік формасы арқылы белгілі елдерді: субконтинендалдық деңгейде табиғи-әлеуметтік-экономикалық кешен ретінде зерттейтін пәнді айтамыз
Елдерді топтау және жүйелеу.

Елдерді топтарға және класстарға:

1.аумақтың көлемі және халықтың саны бойынша топтауға

болады (үлкен, орта, кіші)

2.әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша

( жоғары деңгейде дамыған және дамып келе жатқан)

3.саяси құрылымы бойынша.

4.демографиялық үрдісі бойынша.

5.жан басына шаққандағы экономикалық пайда және т.б.

Елдерді топтаудың басты экономикалық-географиялық негізі – елдерді табиғи-әлеуметтік-экономикалық кешен ретінде зерттеу арқылы, барынша әртүрлі көрсеткіштерді қамтуды көздейді.




Әлемдегі кәзіргі елдерді топтау.

Дүние жүзі саяси картасында 230 мемлекет бар деп есептеледі. Кәзіргі елдерді топтау әртүрлі көзқараспен: аумақтың көлемі, халықтың саны, географиялық орынының ерекшілігі, қоғамдық құрылысының ерекшілігі, әлеуметтік-экономикалық деңгейі, тарихи – географиялық сипаты, физико-географиялық ұқсастығы және т.б. жүргізіледі.

Аумағының көлемі және халқының саны бойынша гигант – елдер: Қытай, Индия, АҚШ, Канада, Бразилия, Ресей. Бұл бағытта Қала-мемлекет ретінде: Андорра, Ватикан, Монако, Сингапур бөлуге болады. Бұл көрсеткіш бойынша көп мемлекеттер ортада тұр, мысалы, Ұлыбритания, Вьетнам, Италия, Франция, Жапония

Елдердің географиялық орны, оның сыртқы географиялық нысаналармен қатынасы және өзара қарым-қатынасы арқылы анықталады. Географиялық орны микро- мезо- макро орын болып бөлінеді.

Елдің микроорны – оны қоршаған локалдық төменгі рангтағы географиялық нысаналармен: таулар, өзендер, теңіздер анықталады. Мысалы: «анд» елдері, «нил бассейіні елдері».

Елдің мезо орны – оны қоршаған екінші рангтағы географиялық нысаналармен анықталады. Мысалы, құрлықтық, немесе теңіздік шегаралар. Мысалы: «жер орта теңіз» елдері, «Бенилюкс»

Елдердің макроорыны жоғарғы рангтағы географиялық нысаналармен, яғни, жердің ірі аймақтарына қатынасты орыны бойынша анықталады. Мысалы, материктер мен мухиттарға байланысты орны: Азия елдері, Африка елдері.

Елдердің тарихи-географиялық обылыстарға қатынасы бойынша «араб елдері», «Арабтық Шығыс» (Машрик) деп топтайды.

Физикалық-географиялық ерекшеліктеріне байланысты топтау жүргізіледі: мысалы, Оңтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Африка.

Елтану пәнінде елдерді топтау арқылы зерттеу мен оқып білуге ыңғайлы болады. Ол үшін, мына қағидаларды ескеру керек:

1.елдің географиялық орнының ерекшілігі;

2.халықтың тарихи дамуы және мәдениеті;

3.мемлекеттің табиғат жағдайларының аса ерекшілігі;

4.халықтың саны және аумақ көлемі;

5.экономикалық даму деңгейі;

6.тарихи-мәдениет ерекшілігі.

Дүние жүзі елдерінің географиясы пәнінде мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне көп назар аударылады.
Әлемдегі кәзіргі елдердің типтері.

Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша дүние жүзі мемлекеттері 2 топқа бөлінеді:



  1. Экономикалық дамыған елдер.

  2. Экономикалық дамып келе жатқан елдер.

Бұл елдерді әрі қарай топшаларға бөлуге болады:

  1. Экономикасы дамыған елдерге 60 тан астам мемлекетті

атайды. Оның ең басты экономикалық көрсеткіші – ішкі жалпы өнім (ІЖӨ).

ІЖӨ - дегеніміз әр елдің халқының бір жылдағы өндірген тауарлары мен жасаған қызметінің (услуги) біртұтас бағасы (доллармен есептегенде)

Экономикалық дамыған І топқа 7 ел («ұлкен жетілік»): АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада кіреді. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 20 дан 40 мың долларға жетеді. Бұлардың ішінде бірінші орынды АҚШ және Жапония алады. Бұл екеуінің үлесіне 20% өнеркәсіп өнімі тиеді. Егер АҚШ табиғи – ресурстық потенциалға бай болса, Жапония ғылым, техника мен технология потенциалына бай болып келеді.

Әр ел өзіне тән географиялық ерекшілігімен көрінеді. Біздің мақсатымыз – картографиялық, статистикалық, геоақпараттық және т.б. мәліметтерді жинау, сараптау, талдау, тұжырымдау арқылы дүние жүзінің жекелеген аймақтарына, елдеріне кешенді географиялық сипаттама беру.

Кешенді географиялық сипаттама - әдеби шығарма.

Дәріс №4.

Халық географиясы.
Сұрақтар:

Халықтың саны, жыныстық, жастық , этникалық және әлеуметтік құрылымы- халықтың көш-қоны және өмір сүру сапасы, халықтың кеңістік құрылымы(орналасуы мен қоныстануы) – урбанизация, субурбанизация, рурализация.


Халықтың саны, жыныстық, жастық, этникалық және

әлеуметтік құрылымы.

Экономикалық, әлеуметтік және саяси география үшін халықты зерттеудегі басты мақсат: халықтың орналасуы мен қоныстануы, көші-қоны заңдылықтары мен ерекшіліктері, яғни сыртқы қоршаған ортаның әсерінен туындалатын халықтың кеңістіктегі қозғалысын анықтайды, сараптайды,талдайды, тұжырымдайды, ғылыми шешімдер қабылдайды.

Жоғарыда айтылған сұрақтарды шешу үшін халықты әр қашанда өзгеріп отыратын жүйе ретінде қарап, оның әртүрлі салаларын, құрылымнан, жүйелерден тұратынын, сыртқы ортаның әсеріне тәуелді және керісінше сыртқы ортаға әсер ететінін ескеруіміз керек. Сондықтан, бұл мәселелерді шешу үшін, халықтың биологиялық, этникалық және әлеуметтік құрылымына сипаттама беру керек.

Биологиялық құрылымын «демографиялық пирамида» түрінде қарастыруға болады.



Демографиялық пирамида – белгілі бір елдің халқының санын, оның аумақ бойынша таралуын (халық санағы, басқада статистикалық есептеулер арқылы), жыныстық, жастық , құрылымын анықтауды көздейді

Этникалық құрылымға анықтау және баға беру үшін екі бағыт қарастырылады. Бірінші – этникалық біркелкілік экономиканың дамуына тиімді әсер етеді, себебі, қоғамдық келісім, мақсатқа жету әдістерін таңдау, ұжымдық келісімдер мен шешімдерді, әдістерді қабылдау жылдам қарқынмен жүргізіледі.

Әлеуметтік құрылым халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызы зор, яғни, жанұя, өндірістік ұжым, әртүрлі әлеуметтік топтар, халықтың ұдайы өсіп-өнүіне, өмір сүруге қажетті материалдық база жасауға, тұрмыстық қажетті мәселелерді шешу мен қорғауға күш салуға және қоғамдық құрылымның функциялық қызметін атқаруға әсер етеді.

Геодемографиялық үрдістерді кешенді зерттеу арқылы ЭӘжСГ халықтың кеңістегі қозғалысын, оның себептерін және болашағын болжау арқылы, қоғамда болып жатқан проблемаларды шешуге ат салысады. Мысалы: көші-қонға кешенді баға бергенде, оның басты себебі - өмір сүру сапасы екенін анықтауға болады.




Өмір сүру сапасы және көші қон.

Өмір сүру сапасы деп – халықтың тіршілігіне, сыртқы ортаға әсер ететін кешенді баға бере отырып, халықтың кеңістіктегі қозғалысын анықтауды айтамыз. Мысалы, халықтың көші-қон үрдісіндегі шешім қабылдау себептері.

Әр адамның бір жерден екінші жерге қоныс аударуын өмір сүру сапасымен түсіндіре отырып, оның алты параметірін атауға болады. Олар: халықтың әл-ауқаты, қауыпсіздік, еркіндік , өзінің мүмкіндігін (талабын) қолдану, денсаулық және өмір сүру ұзақтығы.



Халықтың кеңістік құрылымы (орналасу мен

қоныстану)

Орналасу деп – белгілі бір аумақтағы елді мекендердің өзара қарым-қатынасы мен байланысы, тығыздығы.

Халықтың орналасу формалары аумақтың табиғат ерекшеліктеріне, шаруашылықтың даму деңгейіне және елді-мекендердің түрлеріне байланысты. Олар:

-ауылдық елді мекендер – қоғамның аграрлық даму деңгейіне байланысты

-қала мен қалалық кенттер – қоғамның индустриалдық даму деңгейіне байланысты

-қала маңайы және урбандалдған кеңістік – қоғамның постиндустриалдық даму деңгейіне (офис және ақпарат) байланысты.

А.Ю Скопинаның кітабындағы 51 суретті қарасаңыз елді мекендер формасының әр түрін:дисперсиялық ареалдық ,дәліздік, ошақтық , топтық , желілік, шоғырлық , жоғары шоғырлық


Урбанизация, субурбанизация, рурализация

Қалада өмір сүру (урбанизация) қала маңайында өмір сүру (субурбанизация), ауылдық елді-мекендерде өмір сүру (рурализация). Қала салудың теоретигі Э. Ховардың «Три магнита» деген кітабында әр елді – мекен түрлерінің өмір сүруге тиімді және тиімсіз жақтарын білуге болады (53 сурет, Скопин А.Ю кітабін қараңыз).

Экономикалы, әлеуметтік және саяси географиясы қаланы өмір сүруді максималдық тұрғыда қаматамасыз ететін халықтың жоғарғы деңгейде шоғырланған, тығыздалған елді-мекен деп қарастырады (Ю.Г Скопин кітабын қараңыз) яғни, қаланың қалыптасуы мен дамуы деп -біріне –бірі қарсы екі мақсатты шешуге – тұрғындардың өмір сүруге қажетті жағдайын жоғарғы деңгейін шешу арқылы шектелген аумақта халықтың шоғырлануын айтамыз.

Қаланың орналасуын кеңістікте ұйымдастыруы мен бірге оның ішкі функционалдық құрылымы дамиды, яғни, маманданған ішкі қалалық аудандар мен зоналар құрылады.




Қаланың функционалдық құрылымы

Әрбір қаланың басқару және ақпараттық, саудалық, өнеркәсіптік, көліктік, тұрғын үй,(селитеба) рекреациялық және т.б зоналарға, аудандарға бөлінеді. Онда халықтың тұрмыстық қажеттелігі, өмір сүру сапасы және т.б. мәселелер шешіледі. Функционалдық қызметтері бойынша қалалық функционалдық қызметі бойынша әртүрлі модельдерді ұсынуға болады.(әкімшілік, өнеркәсіптік, қаржылық, мәдениеттік және т.б.)


Қаланың динамикасы (даму қарқыны)

Қаланың динамикасы екі үрдісті қарастырады. Бірінші –қаланың шекарасының өзгеруі және сыртқы ортамен өзара қатынасы мен байланысы. Екінші - қала ішіндегі өзгерістер: функционалдық құрылымы, халықтың қозғалысы, капитал, тауар, қызмет жасау, көлік, инфрақұрылым, институциалық өзгерістер және т.б.


Қаларды топтастыру

Қаланы топтастуры арқылы табиғат жағдайын, мәдениет менталитет, экономикалық пен техникалық даму деңгейі, комфорт, әлеуметтік пен этникалық құрылым, тұрмыстық қажеттілікті шешу және т.б. толып жатқан сипаттарды анықтауға болады.

Геоурбанистиканың классигі, француз ғалымы Жаклин Боже-Гарнье 6 қалалық топты, 14 қалалық топшаларды бөледі. Мысалы: бірінші топқа – Еуропа қалалары, оны 4 топшаға: 1) солтүстік қалалар, 2) Батыс Еуропаның Орталық бөліміндегі қалалар, 3) Жерорта теңізі қалалары, 4) Шығыс Еуропа қалалары деп бөледі.

Негізгі терминдер мен түсініктер: қала, қаланың кеңістік және функционалдық құрылымы, қаланың динамикасы, қаларды топтастыру.

Географиялық атаулар: Пекин, Чикаго, Москва, Париж, Роттердам, Волгаград, Стокгольм, Амстредам, Стамбул, Токио.

Сұрақтар:

1) Қала дегеніміз не? 2) өзіңіз тұрып жатқан қала қандай кеңістік құрылымы тобына жатады? 3) өзіңіз қаланың қандай функционалдық зонасында тұрасыз? 4) қала өзінің шекарасын қандай себептермен өзгертеді?. 5) Еуропа қалаларының топшаларын атаңыз? Қазақстан қалаларын қалай топтауға болады ?.



Дәріс № 5.

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану географиясы
Сұрақтар:

Негізгі түсініктер. – Табиғат жағдайы мен ресурстарының үйлесімді орналасуына баға беру.-Қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру. – Экологогеографиялық аудандастыру.- Аумақтың табиғи-ресурстық потенциалы (АТП)


Негізгі түсініктер

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану географиясының басты түсініктері: Табиғат қоры, Табиғат ресурстары. Табиғат жағдайы, Табиғат қорын зерттеу және баға беру, табиғатты пайдалану, табиғатты тұтыну, табиғатты қайта қалпына келтіру, табиғат жағдайы мен ресурстарының үйлесімді орналасуы, аумақтың табиғи – ресурстық потенциалы және баға беру, қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру, эколого-экономикалық аудандастыру. Табиғат қоры деп - белгілі бір кеңістіктегі (аумақтық) өлі және тірі табиғаттың заттары мен күштерінің біртұтас қосындысын айтамыз. Табиғат қоры , табиғат жағдайы және ресурстары болып бөлінеді.



Табиғат ресурстары - өндіріс күштерінің белгілі бір даму сатысында қоғамынң қажетін қанағаттандыру үшін материалдық өнімдерді өндіруге пайдаланатын табиғаттың денелері мен күштерін, нақты айтқанда, табиғат ресурстарының өндіріс құрал жабдықтары мен тұтынатын бұйымдарға айналуын айтамыз.

Табиғат жағдайы деп – белгілі бір кезендегі өндіргіш күштердің даму сатысында адамның өмір сүруі мен тіршілік етуіне қажетті табиғат элементтері мен күштерін айтамыз.

Табиғат ресурстарының қоры деп – экономикалық және әлеуметтік дамуға пайдалануға жарайтын сапалық және сандық түрде зерттеліп анықталған табиғат фондысының бір бөлігін айтамыз.

Табиғат қорын зерттеу және баға беру бірнеше кезеңннен тұрады. Бірінші кезең: табиғат қорын зерттеу, пайдалану, қайта қалпына келтіру. Екінші кезең: табиғат өнімдерін тұтыну, ол табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарын пайдалану мен онда өзгерістерге байланысты.Үшінші кезең: табиғатты қайта қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты.

ЭӘжСГ аумақтың табиғи – ресурстық потенциалының жеклеген түрлерін ғана емес ( мұнай, көмір, газ және т.б.) олардың аумақта, мемлекетте үйлесімді орналасу ерекшеліктеріне баға береді.

Табиғи – ресурстық потенциалы деп – белгілі бір аумақтық табиғат жағдайы мен ресурстар жиынтығын айтамыз. Ол баға бойынша есептеледі, яғни табиғи – ресурстық байлығының тұтас көлемі.

Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарының үйлесімді орналасуына баға беру үш бағытта: компоненттерді анықтау, біртұтас және қорытынды баға беруде көрсеткіштердің саны әртүрлі болуы мүмкін.

Біздің қазақ экономистерінің аныктамасына жүгінсек, "Табиғи ресурстарының территориялық үйлесуі дегеніміз — мемлекеттің, республиканың, облыстың белгілі бір бөлігінде табиғи ресурстарының өзара үйлесуі мен бір-бірімен жақын орналасуы және өндірістік күштерінің даму денгейіне байланысты өнеркәсіп аудандарының, тораптарының және басқа өндірістік топтардың материалдық (шикізат, отын, энергия, су, т.б,) базасына айналуын айтамыз".

Табиғат жағдайы мен ресурстарының белгілі бір кеністіктегі үйлесуін табиғи-ресурстық кешен деп те айтуға болады, Бұл ұғымның құрамына кез келген территорияның жер, су, орман, отын-энергетика, минералдық-шикізат, т.б. ресурстары, климат, рельеф, т.б. табиғат жағдайлары кіреді. Табиғи ресурстық кешеннің жоғарыда айтылған элементтері

бір болғанымен, олардың құрамы, көлемі, үйлесуі, сапасы, т.б. әр территорияда әр түрлі болады.

Территорияның табиғи-ресурстық потенциалын зерттеу және оларды экономикалық тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін салуда экономикалық география ғылымында табиғи-ресурстык циклдер деген концепция пайда болады. Бүл циклдар заттардың және энергияның әлемдік айналым жүйесіндегі табиғи-ресурстарының динамикасын және шаруашылыкта табиғи-ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді (өндіру, өңдеу, тұтыну, кайта калпына келтіру, т.б.). Қазіргі кезде негізгі алты табиғи ресурстық циклдерді атауға болады: Энергиялық ресурстар және энергия, рудалық ресурстар және металл, рудалық емес шикізаттар, орман ресурстары және ағаш материалдары, агроклиматтық ресурстар және ауыл шаруашылығының шикізаттары, фауна және флора ресурста-ры, су ресурстары.

Аумақтың табиғи-ресурстық потенциалына әлеуметтік-экономикалық географиялық баға беру — ғылымның басты максаттарының бірі болып есептеледі.

Табиғи-ресурстық потенциалдың жеке элементтеріне немесе оған тұтас сапалық және сандық баға беру әдістері әр түрлі және толығымен әлі де ғылыми негізделмеген. Казіргі кезде оған ба-ғалық, баллдык әдістер қолданылып жүр. Мысалы, алгашқы өнімдердің бір жыддағы көрсеткіштерін пайдалану (көмір өндіру, электр энергиясын шығару, т.б.). Бұл біріншіден, әр түрлі табиғи ресурстардың бағалық көрсеткішінің ара қатынасын біріктіріп көрсетуге мүмкіндік туғызады. Себебі, олар әр түрлі өлшемдермен өлшенеді (тонна, кВт, текше метр, т.б.). Екіншіден, әр түрлі мемлекеттін, ауданның, облыстың, территориялық-өндіріс кешенінің табиғи-ресурстық потенциалын салыстыруға жағдай жасайды (Мысалы, Карағанды мен Ақмола облыстарының табиғи-ресурстық потенциалын салыстыруға, кұрылымын, пайдалану денгейін, болашағын анықтауға мүмкіндік тудырады).

Табиғи-ресурстық потенциалға балл арқылы баға бергенде, оның шаруашылықка пайдалануға құндылығын, көлемі, шығымы, техникалық және еңбек шығыны, т.б. есепке алы-нады. Бұл әдіс белгілі бір территорияның табиғи-ресурстык потенциалы деңгейін анықтауға және салыстыруға болатынын көрсетеді.

Экономикалық баға берудін екі бағыты бар:



  • ресурстың абсолюттік құндылығын аныктау. Бұл әдіс
    табиғат байлығын зерттеу, ашу, игеру, табиғи ресур-
    сқа немесе шикізатка айналдыру, т.б. кететін белгілі
    бір шығын болып табылады;

  • салыстырмалы баға беру. Бұл әдіс табиғат-ресурстарын
    пайдаланғанда қосымша экономикалық тиімділіктің
    пайда болуына негізделген. Яғни, сапалы табиғи ре-
    сурспен, сапасыз табиғи ресурсты салыстыру аркылы
    пайда болатын экономикалық тиімділікті айтамыз.
    Баға берудің мұндай жолы ресурстардың табиғи
    касиеттеріне байланысты болып келеді (қоры, сапасы,
    географиялық орыны, т.б.). Сонымен бірге, адам еңбегі
    арқылы пайда болған қасиеттерін айтуға болады (то-
    пырақтың құнарлылығын арттыру, кен рудасын байы-
    ту арқылы сапасын жаксарту, т.б.)

Табиғат ресурстарымен табиғат жағдайына баға бергенде 14 факторды есепке алады. Олардың ішінде: жер, су, гидроэнергетика, отын, минералдық шикізат, рекреациялық орман, биологиялық, өсімдік пен жануарлар, топырақ ресурстары қамтылады.

Табиғат жағдайының 7 түрі: рельеф, инженерлік – геологиялық жағдайы, сейсмикалық, климат, агроклиматтық жағдайы, радиация, су басуы (тасқын).

Табиғат ресрутсарын 5 балдық бағамен есептейді: 1 балл -ресурс жоқ, 1 балл – жергілікті маңызы бар ресурс, 2 балл – аймақтық маңызы бар ресурс, 3 балл – ұлттық маңызы бар ресурс, 4 балл – дүние жүзілік маңызы бар ресурс.

Табиғат жағдайына баға беру: 0 балл – жоқ, 1 балл – ыңғайлы табиғат жағдайы, 2 балл - өте ыңғайлы (А.Ю. Скопин кітабында 45 – суретті қараңыз).


Қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру

Қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне баға беру 3 вариантта жүргізіледі.

Бірінші вариант – аймақтарда нолдік (төменгі) деңгейде игерілген кезеңде ( адамның және әлеуметтік, экономиклық, нысаналардың әсері жоқ кезде) жүргізіледі. Екінші вариант – аймақты локалдық және желілілік экономикалық игерілген деңгейде, эколого-экономикалық экпертиза жүргізу арқылы жүргізіледі. Үшінші вариант - аймақтардағы ареалдық - желілік және жаппай - тұтас игерілген деңгейде жүргізіледі. Мұндай аудандар дамыған халықтың орналасу жүйесімен көзге түседі.

Зерттеу әлеуметтік, эколого - экономикалық экспертиза жүргізу арқылы табиғатқа, экономикалық нысаналарға, халыққа табиғаттың әсерлерін анықтауға, болжауға бағытталады.


Эколого- географиялық аудандастыру

Эколого- географиялық аудандастырудың басты мақсаты табиғатты қалпына келтіру және табиғатты қорғау үшін белгілі бір аймақтық проблемалық мәселелері бар аумақтарды анықтау.

Проблемалық мәселелері бойынша: эколгиялық апат, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс алдында, экологиялық қолайсыз зона, бірден – бір, өте сирек экожүйесі бар аумақ және т.б.

Негізгі терминдер: Табиғат қоры (фондасы), табиғат ресурстары, табиғат жағдайы, табиғат ресурстары қоры, табиғат қорын зерттеу және баға беру, табиғат өнімдерін тұтыну, табиғатты пайдалану, табиғатты қалпына келтіру және қорғау. Табиғат жағдайы мен ресурстарының үйлесімді орналасуы және оған баға беру, қорашаған ортаның әсеріне (ықпал ету) баға беру, эколого-географиялық аудан.

Географиялық атаулар: Москва, Тюмень, Санкт-Петербург, Чернобыль, Арал.

Сұрақтар:

1.Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары айырмашылығы ?

2.Табиғатты пайдалану кезеңдерін атаңыз.

3.Өзіңіз тұрған қаладағы табиғат жағдайымен табиғат ресурстарының үйлесіміне баға беріп, Москва, Тюмень Санкт-Петербург қалаларымен салыстырыңыз.

4.Өзіңіз тұрған аймақта қоршаған ортаны қорғауға арналған ірі жобалар туралы не білесіз?

5.Өзіңіз тұрған аймақ қандай эколго-гоеграфиялық аудан тобына жатады.



Дәріс №6.

Шаруашылық географиясы
Сұрақтар:

Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы. – Ауыл шаруашлығы кәсіпорынның орналасу моделі. - Өнеркәсіп кәсіпорынының орналасу моделі. – Қызмет сферасы кәсіпорынның орналасу моделі.


Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы

Шаруашылық саласы деп – бір типтегі тауарлар өндіретін немесе қызмет жасайтын (киім, аяқ киім, жинақ және т.б.) кәсіпорындар тобын айтамыз. Функионалдық қасиеті (қызметі) бірыңғай салалар тобын - шаруашылық секторы деп айтамыз.

Шаруашылық секторы: алғашқы (бірінші) секторға (аң аулау, балық аулау, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі) бөлінеді. Бұл сектордың басты мақсаты табиғаттан өнім алу (мысалы, шикізат өндіру)



Екінші сектор (өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, энергетика), басты мақсаты бірінші сектор шығарған өнімдерді өңдеу.

Үшінші сектор (көлік байланысы, қаржы, басқару, халыққа әртүрлі қызмет ету (услуги), сауда). Басты мақсаты бірінші және екінші сектордың жұмысының жүруіне және тауар мен байланыс арқылы тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты атқарады.
Ауыл шаруашылығын кәсіпорындарының орналасу моделі

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының орналасу моделін алғашқы рет неміс географыИогон Фон Тюнен (1826ж) ұсынды. («Изолированное государство в его отношении к сельскому хозяйству и национальной экономии» кітабын қараңыз).

Тюнен ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі үш факторын қарастырады: 1) көліктік шығын; 2) өндірістік шығын; 3) табиғат жағдайы және табиғат ресурстары (топырақ құнарлығы, агроклиматтық ресурстар (жарық, жылу, ылғал) және т.б.).

Ауыл шаруашылығы өндірісін орналасу моделінде Тюнен мынандай қағиданы қарастырды: Нақты өнімді өткізетін рыногы бар белгілі бір аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, сыртқы әсерлерге тәуелді емес ауыл шаруашылығы аймағын айтады. Ауыл шаруашылығы өнімдері көлік-арба көлігімен тасымалданады және олар көлік пен өндірістік шығынды қосқанда бір-біріне тәуелді болады.


Өнеркәсіпті орналастыру моделі

Тюненнің моделінен 83 жыл өткеннен кейін неміс эконом-географы Альфред Вебер «Теория штандорта промышленнности – Берлин, 1909ж» деген кітап шығарды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасуына «өндірістік шығынды минимизациялау» принципін ұсынды.

Вебердің моделіндегі негізгі қағидалар: а) шаруашылық облысын бөлектеп қарау, б) шикізат өндіру, еңбек рыногы, өнеркәсіп өнімдерін тұтыну орталықтары нүктелерін алдын-ала қарастыру, в) кәсіпорынды орналастыруға шешім қабылданғанда: көлік шығынын, еңбек төлемін барынша азайту, агломерациялық тиімділікті барынша пайдалану арқылы шикізат пен дайын өнімдерді тасымалдауды, құрылысқа, энергетикаға, инфрақұрылымға, коммуналдық – тұрмыстық салаларға кететін шығындарды үнемдеу.

Өнеркәсіптің орналасу принциптері туралы Вебердің теориясын 1940 жылы Август Леш жалғастырды. Оның «Географическое размещение хозяйства» деген кітабындағы ұсынысы бойынша ең басты орналасу принціпі: бәсекелестік жағдайда барынша экономикалық пайда табу. Ол үшін мынандай факторлар: демпинг, салық жүйесі, мемлекеттік шегара, халықаралық сауда, техникалық прогресс, орталықтың аймақтармен байланысы, ж.т.б сияқты факторларды ескеру керек. Орналасу принциптері мен факторлары мемлекеттің экономикалық ландшафтысын құрайды, яғни «өндірістің орналасуы мен тауар тұтынуды ара –қатынасын тепе-теңдікте ұстайды».

Тұрмыстық қызмет жасау кәсіпорындарын орналастыру моделі неміс ғалымы Вальтер Кристаллерге байланысты. Оның «Центральное место южной Германии (1933) деген кітабында Оңтүстік Германияның елді-мекендерінің орналасуын сараптай отырып, олардың бір-бірімен бірдей қашықтықта орналасқанына назар аударады (теориториялық орын). Олардың иреархиялық (сатылық) деңгейі бойынша жеті деңгейде қарастырады (сурет 73, Скопин Ю.А.).

Кеңістікте қалыптасқан елді – мекендердің орналасу жүйесін сараптай отырып, Кристаллер белгілі-бір зонаға (аумаққа) қызмет етуші орталық орын (қала) барлық шығындарды (көліктік, тұтынудың саны мен сапасы және т.б) азайтуды мақсат етіп, неғұрлым қызмет ету жиі болған сайын, тұтынушлыра көліктік және басқа шығындарды төмендетуге (минимизациялауға) тырысады, яғни қызмет етеін кәсіпорындар жақын елді-мекендерге орналасу керек. Ал, егер қызмет ету сирек болған сайын, қызмет ететін кәсіпорындары бар елді – мекендер алыстай береді.



Негізгі терминдер мен түсініктер: салалық және секторлық шаруашылық бірінші, екінші және үшінші сектор, табиғатты пайдаланусекторлары, адам капитаны, технологиялық капитал, инфрақұрылым және басқару; Тюнен, Ветер, Лещ және Кристаллер торы.

Географиялық атаулар: Москва маңайы, Чероповец және Орал-Кузнецк металлургия комбинаты, Шверин, Мюнхен, Штургарт, Нюрнберг, Сібір, Кипр.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1.Шаруашылық салалары мен секторлық құрылымы арасындағы айырмашылық.

2.Тюменнің кеңістік құрылымы және оның жағдайы туралы моделі дегеніміз не?

3.Вебердің орналасу принципі және жағдайы туралы моделі не?

4.Кристаллердің орталық орын теориясы бойынша қызмет ету сферасы кәсіпорындарының орналасуы мен қаланың рангалық деңгейінде қандай байланыс бар?



Дәріс №7.

Инфрақұрылым географиясы.
Сұрақтар:

Анықтама және негізгі түсініктері. –Көлік және байланыстың салалық құрылымы. Көлік салаларының ара қатынасы. Пошта және электерлік байланыс.- Кеңістік құрылымы.


Анықтама жіне негізгі түсініктер.

«Инфрақұрылым деп – хабарларды беру және алмасуға арналған техникалық кешеннің элементтерінің қосындысын айтамыз»

Инфрақұрылымның салалары : а) көлік - өндірістің, тауардың, қызмет атқарудың бір жерден екінші жерге тасымал-дануы. б) байланыс – қатынас, хабар тарату, жариялау элементтерінен тұратын технокешен. в) сумен, энергиямен, жылумен, тазалаумен және т.б. қамтамасыз ету, соңғы кездерде, «әлеуметтік инфрақұрылым» деген түсінік пайда болды. Ғылым, денсаулық, білім беру, мәдениет, халыққа әртүрлі тұрмыстық қызмет атқару салаларын жатқызады.

Инфрақұрылымның басты мақсаты: кеңістікте толассыз тасымалдау, алмасу (шікізат, халық, ақпарат, техника, қаржы капиталы және т.б.) болғандықтан, технокешен элементтері желілік құрылымдары пайдаланады.

Оның басты мақсаты: тасымалдау үрдісінің толассыз жұмыс жасауы, көлемін, уақытын төмендету,(азайту), оның аумағын барынша тарылту, яғни, шығынды минималдық деңгейге жеткізу. Инфрақұрылымның экономикалық-географиялық ерекшілігі: желілік, толассыздық және үздіксіз жұмыс жасау.


Көлік және байланыстың салалық құрылымы.

Қөліктік инфрақұрылым екіге бөлінеді: бірінші топқа: елдер (халықаралық қатынас) мен қалалар арасындағы ( қалааралық қатынас), екінші топқа: ішкі қалалық қатынас және ауылды елді мекендер арасындағы қатынас, туризм және экскурсиялық қатынасы және т.б. (ішкі қалалық және қала маңы аралық қатынас)

Бірінші топ 7 негізгі саладан тұрады ішкі су (өзен), теңіз, темір жол, автомобиль, әуе, электрон және құбыр көліктері.

Екінші топ – метрополитен, трамвай мен троллейбус, автобус, такси, аспалы жолдар, ат-арба , велосипед және т.б.

Көліктің басты экономикалыө статистикалық көрсеткіші – жүк айналымы (тонна-километр), жолаушы айналымы (жолаушы-километр), көліктің материалдық – техникалық базасы (жолдардың ұзындығы, көліктің саны), көліктің тасымалдау экономикасы (тариф, шығын, пайда (кіріс). Сонымен бірге, экономикалық географияда жолдың 1000 км аумаққа шаққандағы тығыздығы есептеледі. Ол аймақтың көліктік игеру деңгейін көрсетеді. Көліктегі болатын әртүрлі авариялардың деңгейі де есептеледі, ол көлік инфрақұрылымының дамуы мен тасымалдауды ұйымдастырудың деңгейін көрсетеді.
Көлік салаларының ара қатынасы.

Көлік салаларының ара қатынасын кешенді тұрғыда баға беру үшын мына көрсеткіштер қолданылады :

1. Тасымалдау жолдарын құруға кеткен шығын; 2. Көлік құрал-жабдықтарына кеткен шығын; 3. Қосымша шаруашылық: жүкті тиеу және түсіру, жерді игеруге, қоймаға және т.б. кеткен шығын; 4. Еңбек ақы төлеу және отынға кеткен шығын; 5. Әр тонна жүкке, әр жолаушыға кеткен шығын; 6. Әр жолаушыны, әр жүкті тасымалдауға кеткен уақыт; 7. Көліктің әр түріне тиесілі жүктің көлемі (салмағы); 8. Жол апаттары; 9. Табиғат жағдайына тәуелділік; 10. Толассыз (үздіксіз) пайдалану; 11. Желілік;

12. Көліктің тасымалдау кезінде бүлінуі, шығыны деңгейі.

Жоғарыдағы он екі көрсеткіштер бойынша максималдық, минималдық және орташа баға беруге болады.

Негізінен көлік салалар ара қатынасын салыстырғанда біріншіден, оның капиталды пайдалану деңгейі, екіншіден, технологиялық даму деңгейі, үшіншіден, жылдамдығы, тасымалдау көлемі ескеріледі.

Дегенмен, әлемнің әр аймақтарының табиғат жағдайы, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуы, әр түрлі көлік жүйелерінің құрылуына әсер етеді. Мысалы, Қазақстанның көлік жүйесінің жұмысына көз салсақ (2006ж), еліміздің жүк аналымында (барлығы – 328,5 млрд т/км), темір жол үлесі –

57,4 %, құбыр – 27,0%, автомобиль – 15,6%, өзен – 0,03%. Жолаушы аналымында: автомобиль- 85,8%, оның ішінде автобус -58.7%, таксомотор -26,5%, қалалық электр қөлігі (тролейбус, трамвай) – 0,6%, әуе жолы – 2,8%. Басқа елдермен салыстырсақ, Жапония мен Ұлыбританияда теңіз жолына жүк айналымының 88,3% және 80,5% келеді, Германияда 48,5%, жүк айналымы автомобиль көлігі үлесінде, АҚШ-та жүк айналымының 31,6% темір жолы, 24,1% - автомобиль жолы, 18,7% - теңіз жолы, 15,3% - құбыр, 9,9% өзен үлесіне тиеді.


Пошта және электерлік байланыс.

Аумақтық көлік жүйесі коммуникациялық байланыс пен толықтырылады. Байланыс екі топқа: Пошталық байланыс және электерлік байланыс болып бөлінеді. Пошталық байланыс көлік пен байланыс арасында қосымша орын алады, және көлік жүйесін пайдаланады. Электерлік байланыс өзіне тән коммуникациялық құрал-жабдықтарды пайдаланады: телеграф, телефон, бейнетелефон, радиобайланыс, телевизия, факсималдық пен компьютерлік байланысы, ұялы телефон.

Байланыстың экономикалық статистикалық көрсеткіштері: хабарланулар саны, байланыс құрал жабдықтарының жан басына шаққандағы саны, уақыты, кіріс, тариф, қызметкерлер саны және т.б.

Көліктің және байланыстың кеңістік құрылымы.

Аумақтағы көліктік-коммуникациялық кешеннің басты даму факторларының бірі оның кеңістік құрылымы (инфрақұрылымдық элементтердің геокеңістікте өзара орналасу қарым қатынасы) болып табылады. Әр елде, әр аумақты барынша тиімді көлік жүйесінің конфигурациясын құру үшін әртүрлі критерияларды есептеуге тура келеді. Себебі, тасымалдауға кететін шығын көбеймесе, азайған жоқ. 85 сұретте (Скопин Ю.А) бес қала бойынша 3 вариант көлік жүйесін құру ұсынылған. Мұндағы басты мақсат: көліктерді құруға кететін шығынды, тасымылдауға кететін уақытты және басқа әртүрлі шығындарды азайту мақсат етіледі. Ол үшін екі топтағы моделдер ұсынылады. Бірінші, үлкен қала мен каланың маңайы жағдайын ескере, екіншісі, біркелкі орналасқан елді мекендер арасындағы жол қатынасын есептейді.

I топтағы моделдеуге – И.Кольдың, У.Айзардтің моделдерін қарастыруға болады (1850ж). Неміс географы И.Коль өзен жүйесін қарастыра отырып, оның өзен арнасы бойынша иерархиялық құрылысты (деңгейін) есепке алады ( су жинау көлемі, геометриялық формалары, ағыс жылдамдығы, тарамдылығы және т.б.).

ІІ топтағы моделдеуге біркелкі орналасқан елді-мекен (аулдық) қарастырылған. Басты мақсаты: тасымалдау, керекті жолдарды құруға кететін шығынды, тасымалдауға керекті уақытты азайту және барлық елді-мекендер арасында тұрақты көліктік байланысты орнату болып табылады.



Негізгі терминдер мен түсініктер: инфрақұрылым, көлік, байланыс, желілік, толассыздық және үздіксіз тасымалдау, ішкі су (өзен) теңіз, тамір жол, автомобиль, әуе, электрон, құбыр көліктері, метрополитен, трамвай, троллейбус, автобус, таксомотор көліктері, аспалы жолдар, ат-арба көлігі, жүк айналымы (т/километр), жолаушы айналымы (жолаушы/км), материалдық техникалық база, көлік тарифы, терминал тарифтары, жүк тиеу мен түсіру пункттары, транзиттік төлем, кеден салығы, кіріс (пайда), 1000 шақырымға шаққанда жолдардың тығыздығы, аймақтың көліктік игеру деңгейі, жол апаты (апатқа ұшыраған адам саны), пошталық байланыс, телеграф, телефон, бейнетелефон, ұялы телефон, радиобайланыс, көліктік – аумақтың коммуникациялық кешені және ұйымдастырылуы.

Географиялық атаулар: Шығыс Сібір, Батыс Сібір, Ресейдің Еуропалық бөлігі, Жапония, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Ямал-Батыс Еуропа, Туркменистан – Қытай – Жапония, Әзербайжан, Қазақстан.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Инфрақұрылым дегеніміз не? 2. Қазақстанның көлігі мен байланысының салалық құрылымы ерекшіліктері неде?



3. Қазақстанның Каспий аймағынан мұнайды тасымалдаудың варианттары және тиімділігі: Ресей мен Қара теңіз арқылы Еуропаға, Әзербайжан, Грузия және Турция арқылы Еуропаға, Орта Азия арқылы Персі шығанағына, Қазақстан арқылы Батыс Қытайға.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет