Деректер қорына кіріспе Ақпараттық жүйелер



жүктеу 0.81 Mb.
бет1/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4   5
Деректер қорына кіріспе


  1. Ақпараттық жүйелер

Ақпарат – адамдар арасында ауысша, жазбаша немесе басқа түрде таратылатын мағлұматтар. Компьютерлер ең басында есептердің шешімін сандық әдістермен табу үшін құрастырылған, бірақ қазыргы кезде компьютерлер құжаттағы ақпаратты өндейтін жүйелерді құруға қолданылады. Мұндай жүйелер ақпаратты деп аталады. Ақпаратты жүйелер ақпаратты жинақтауға және сақтауға, оны тиімді басқа мақсаттарда қолдануға керек. Мысалы ретінде жұмысшылардың айлығын есептеу, кітапханадағы кітаптарды есепке алу, т.б. келтіруге болады.

Айтылып кеткен жүйелердін келесі ерекшеліктері бар.


  • Жұмыс істегенде есептеулер көп қуат сұрамайды.

  • Құрамы күрделі мәліметтерді қарастырады.

  • Жүйенін әр қосылуынан кейінгі мәліметтердін өзгерістерін сақтайтын құралдар қажет.

Басқаша айтқанда, ақпаратты жүйе компьютер жадыда динамика түрінде жаңарып отыратын модельді құрастыруға сұрайды – мәліметтер қоры деп аталатын.

Қолдану аймағы бойынша ақпаратты жүйелер екі топқа бөлінеді: ақпаратты-іздестіру жүйелері және деректерді өндейтін жүйелер.



Ақпаратты-іздестіру жүйелері мағлұматтардың арасынан қойылған шартқа тиісті керекті мағлұматтар жиынтығын таңдау. Қолданушыға өндеудін нәтижесі емес ақпараттын өзі қызығушылық тудырады. Мысалы ретінде тұрғындардын мағлұматтары жиналған қаланын анықтама қызметін келтіруге болалы.

Деректерді өндеу жүйелері көбінесе ақпаратты жаңартуға қолданылады, ақпараттын шығарылуы болмауы мүмкін немесе мағлұматтардың өздері емес тек сақталған деректерді өндейтін программасының нәтижесі болып саналады. Мысалы ретінде қаланын жинақтау банкісінің ақпараттық жүйесі. Мұнда салымдар туралы мағлұматтар сақталады, көптеген банк ақпараты салымдардын сомасын өзгертуге, пайыздардың өсуін, т.б. жаңартуға мүмкіндік беру тиіс.

Пәндік аймақ – зерттеуге жататын нақты дүниенін бөлігі, басқаруды ұйымдастырып, сосын автоматтандыру. Пәндік аймақ үзінділердің жиынымен ұсынылған, мысалы, кәсіпорын – цехтермен, әкімшілікпен, бухгалтериямен, т.б. Пәндік аймақтын әр үзіндісі объектілер жиынымен сипатталады және объектілерді қолданатын процесстермен, және пәндік аймаққа әр көз қарастары бар қолданушы жиынтығы.

«Динамикалық түрде өзгеретін» сөйлемді былай түсінуге болады: пәндік аймақтын күйі және мәліметтер қоры арасындағы тиістілік мерзімділік түрде қамтамасыз етілмейді, тек нақты уақыт режимінде. Осы жағдайда бір мәлімет әр қолданушылар тобы өзінің қажеттілігіне тиісті әр түрлі ұсынуы мүмкін. Мәліметтер қорынын айырмашлығы: мәліметтер өзінің бейнелеуімен бірге сақталады.

Қолданушынын программасынан тәуелсіз мәліметтер метамәліметтер деп аталады. Қазырғы кездегі жүйелерде метамәліметтер қорынын сөздігінде сақталады.

Сонымен, мәліметтер қорын басқаратын жүйе – ақпараттық жүйенін маңызды компоненті. Ақпараттық құру және басқару үшін транслятор керек. МҚБЖ негізгі функциялары:



  • Сыртқы жададағы (дисктердегі) мәліметтерді басқару;

  • Оперативті жадыдағы мәліметтерді басқару;

  • өзгерістерді тіркеу және сбойдаң соң мәліметтер қорын бұрынғы қалпына келтіру.

  • Мәліметтер қорынын тілдерін қолдау.

Қазырғы МҚБЖ-лар келесі компонеттерден құрылған:

  • Ядро, сыртқы және оперативті жадыда мәліметтерді басқаруға және тіркеуге жауапты;

  • Мәліметтер қорынын тілінің процессоры, мәліметтерді өзгертетін және таңдайтын тиімді сұраныспен қамтама ететін және орындалатын ішкі кодты құру;

  • Орындалу уақытын қолдайтын жүйе, МҚБЖ мен бірге қолданушынын интерфейсін құрастыратын, мәліметтерді өндейтін программа;

  • Сервисті программалар, ақпаратты жүйеге қызмет көрсетуге қосымша мүмкіншіліктерді ұсынады.


Сурет 1. МҚБЖ-нің компоненттері

60 жылдары аса қымбат емес және сыртқы жадының өнімді құралдары пайда болған соң бірінші мәліметтер қорын және МҚБЖ құру мүмкіншілік тудырды. Оларға қатты дискілер (винчестерлер) жатады. 70 жылдары мәліметтер қорын құрайтын дәрістік сұрақтар теренінен құрастыра бапсталды. Нәтижесінде 80 жылдары ақпаратты жүйелерді жобалайтын және құрайтын инструменталды құралдар жарық көре бастады. Бірақ 90 жылдары ақпараттық технологяилардың дамуы деректерді өндеу және ұсыну кезеңіне жаңа талаптарды тудырды. Сонымен, деректер қоры теориясы толық емес деп есептеуге болады.

Ақпаратты жүйелерді жобалау теориясында пәндік аймақ үш түрде қарастыруға болады:


  • Пәндік аймақты табиғи түрде қарастыру.

  • Адам қабылдайтын түрде немесе деректер қорын жобалайтын түрде.

  • Символдар түрінде оны қалай сипаттауға болады.

Пәндік аймақты сипаттайтын деректер ұш кезеңді сұлба ретінде ұсынылады (ANSI/SPARC моделі):

Сыртқы ұсыну түрі (сыртқы сұлба) - қолданушы орындайтын нақты функциянын жағынан деректерге қойылған талаптар жиынтығы болып саналады.

Концептуалды сұлба қолданушының қоршаған ортадан алынған деректерге қойылған тлаптар жыинтығы.

Ішкі сұлба – деректер қорының өзі.

Ақпаратты жүйенің деректер қорын жобалау процесінің негізгі кезеңдері:



Концепткалды жобалау – деректерге қойылған талаптарды жинақтау, талдау және өзгерту. Осы кезде келесі шаралар жүргізіледі:

  1. пәндік аймақты зерттеу, оның ақпаратты құрылымымен танысу;

  2. ақпараттық объектілерді және олардың арасындағы байланыстарды, ақпараттық объектілерге қолданылатын амалдарды анықтау;

  3. барлық ұсыну түрлерге модель құрастыру.

Нәтижесінде «мағана-байланыс» моделі түрінде ұсынылған деректер қорының құрылымына сай концептуалды модель пайда болады.

Логикалық жобалау – деректер құрылымындағы деректерге қойылған талаптарды түрлендіру. Нәтижесінде деректер қорына бағытталған МҚБЖ пайда болады. Осы кезеңде әртүрлі МҚБЖ қолданылатын деректер қорының моделін құрастырады және моделдердің салыстырмалы талдауы жүргізіледі.

Физикалық жобалау – деректердің сақтау ерекшеліктері анықталады, қарастыру әдістері және т.б.

Әр кезеңдегі деректер ұсынылуы астындағы кестеде орналасқан:




Концептуалды кезең:

  • мағаналар;

  • атрибуттар;

  • байланыстар.

Талдаушының ұсыну түрі

Логикалық кезең:

  • жазбалар;

  • деректер элементтері;

  • жазбалар арасындағы байланыс.

Программалаушының ұсыну түрі

Физикалық кезең:

  • деректерді топтау;

  • индекстер;

  • қарастыру әдістері.

Администратордың ұсыну түрі

Көптеген жағдайларда тиімді ақпаратты жүйені құрастыру мүмкін емес. Ол келесімен түсіндірледі:



  1. деректерге қойылған талаптар терендетін талданылмайды;

  2. құрастыру процесінің ұзындығы;

  3. бірнеше құрастырушылардың жүйелеріндегі өзгерістерді қалыптастыру;

  4. жүйені құрастыруға жіберілген уақыттын тығыздығы және т.б.

Күрделі ақпаратты жүйелерді құрастыру кезінде бастапқы кезінде туатын қыйындықтарды тауып қарастыру (талаптарды талдау және жүйенін ерекшеліктерін жобалау). Бастапқы кезеңдегі қыйыншылықтарды жою үшін құрылымдық талдау қолданылады – зерттеу әдісі, жүйенін жалпы талдауынан басталады сосын әр қадамда керекті детальдарға бөлініп иерархиялық құрылымға көптеген кезеңдерге айналады. Әр кезеңде саны шектелген элементтер қарастырылады, әр қайсысы келесі кезеңдерде құрастыру детальдарына бөлінуі мүмкін. Осы кезде ақпаратты жазу кезінде жалпы жазу ережелері сақталу керек. Мұндай әдіс CASE (Computer Aided Software Engeneering – компьютер көмегімен программалық қаматаманы құрастыру) атына ие болды.

CASE – технологиянын негізгі қасиеттері:



  • «үстінен – астына қарай» құрылымды жобалаудын әдістемесін қолдану;

  • қолданбалы жүйенін құрастыруы анық анықталған кезеңдерден тұрады:





  • ақпаратты жүйелердің барлық кезеңдерін іске асыру, пәндік аймақтын сипаттауынан бастап дайын программалық өнімге дейін;

  • ақпаратты жүйені жобалау кезінде әр кезеңдегі ерешеліктерін сақтау;

  • бір уақытта бірнеше программалаушылар қатарынан жобамен жұмыс істеу;

  • жобалау және іске асыру кезіндегі түрлі, стандартты әрекеттерді автоматтандыру.

CASE-жүйелер келесі құрастыру кезеңдеріне сүйенеді:

Пәндік аймақтағы қолданушының қызметін модельдеу және талдау. Мұнда функционалды декомпозиция орындалады, функциялардың сатылары (иерархия) анықталады, деректер тасқының диаграммалары құрылады. Функциялар қолданылатын ақпаратты объектілерінің тізімі жобалаудың келесі кезеңіне жіберіледі.



Концептуалды модельдеу – алғашқы кезеңде алынған объектілер тізіміне негізделіп «мағана-байланыс» моделін құрастыру. Мұнда әр объектінің (атрибуттын) сипаттамасы толықтырылады, араларында байланыс құрастырылады.

Реляциялық моделдеу – реляциялық моделіне қойылған талаптарға сай «мағана-байланыс» моделіне түрлендіру (реляциялық модель тек қос байланыстарды қарастырады, байланыстардың атрибуттары болмау керек және n : m түрдегі байланыстарға сүйенбейді).

Деректер қорының сұлбаларының генерациясы. Бұл кезеңде SQL-операторлары арқылы деректер қорының сұлбасының құрылуы сипатталады (CREATE TABLE, CREATE INDEX,...).

Деректер тасқындарының және функциялар деңгейі арқылы программалық модульдердің генерациясы. Әр модулге автоматты түрде онда қолданылатын деректер фрагменттеріне сипаттау дайындалады (кестелер, атрибуттар, индекстер), сонымен қатар экрандық формалар мен есептер дайындалады.


2. Кестелердің байланысы

ДҚ-ын құру кезінде информацияны бірнеше кестелерге орналастырады. Бұл жағдайда кестелер информацияның семантикасымен байланысқан. Реляциялық ДҚБЖ-да кестелердің байланысын көрсету үшін байланыстырулар операциясын құрады.

Кестелерді байланыстыру нәтижесінде болатын ерекшелікті көрсетейік. Көпетеген ДҚБЖ-лар кестелерді байланыстыру кезінде орнатылған кестелерге сәйкес деректер қорына енетін тұтастық бақылауын автоматты түрде орындайды. Нәтижесінде ДҚ-да сақталған информациялардың ақиқаттығын жоғарлатады.

Сонымен қатар, кестелер арасында байланыс орнату деректерге қатынасуды жеңілдетеді. Іздеу, қарау, редакциялау, есептерді таңцау және дайындау сияқты операциялар кезінде кестелерді байланыстыру, байланысқан жазулардың ерікті өрісіне қатынасуға мүмкіндік береді. Бүл деректер кестелеріне айқын қатынасу санын және олардың әрқайсысындағы манипуляция санын азайтады.



Кестелердің байланысуының негізгі түрлері (бинарлық байланыстырдың үш түрі)

Кестелер арасында бинарлы (екі кесте арасында), тернарлы (үш кесте арасында) және жалпы жағдайда п- арлы байланыстар болуы мүмкін. Көп жағдайда болатын бинарлы байланыстарды қарастырайық.

Екі кестені байланыстыру кезінде негізгі және қосымша (бағыныңқы) кестені белгілейді.Кестелердің логикалық байланысуы байланыс кілтінің көмегімен шығарылады. Байланыс кілті, кестенің қарапайым кілтімен қатысуында берілген жағдайда байланыс өрістері (ПС-поля связи) деп аталатын бір немесе бірнеше өрістерден тұрады.

Байланысудың мақсаты- сәйкес өріс байланысының негізгі және қосымша кестелерге орнатылуында. Негізгі кестенің байланыс өрісі қарапайым және кілттік болуы мүмкін.Қосымша кестенің байланыс өрісі ретінде көп жағдайда келесі байланыстың негізгі төрт түрі орнатылуы мүмкін:

Бір- бір (1:1) яғни бірдің бірге қатынасы.

Бір- көп (1:М).

көп- бір (М:1).

Көп- көп (М:М)





Мысал. Жоғары оқу орнындағы оқу процесін көрсететін ақпаратық объектілердің жиынтығы берілген.

Студент (Нөмірі, Фамилиясы, Аты, Әкесінің есімі, жынысы, Туған күні, Тобы).

Сессия (Нөмірі, 1 баға, 2 баға, З баға, 4 баға, 5 баға, Нәтиже).

Стипендия (Нәтижесі, Пайызы).

Оқытушы (Оқытушының коды, Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты).

Бірдің бірге қатынасы (1:1) негізгі және қосымша кестелердегі барлық байланыс өрісі кілттік болғанда орнатылады.Екі кестедегі кілттік өрістердің мағынасы бірдей болмайды, бүл кестелердегі жазуларда сәйкестік пайда болады.Бүл байланыс әрбір уақыт аралығында А ақпаратық объектінің бір экземплярына В ақпаратық объектінің бір экземплярынан артық келмейді және де керісінше болуы мүмкін.

Сурет 2. 1:1 шын қатынасының графикалық бейнеленуі
1:1 байланысының мысалына Студент және Сесия деген ақпаратық объектілердің арасындағы байланысы жатады.

Студент → Сессия

Әрбір студентте сесияға қатынасты белгілі бір емтихандық бағалар жиыны болады.

Бірдің көпке қатынасы (1:М) байланысында А ақпаратық объектінің бір данасына В объектісінің 0,1 немесе одан көп даналар сәйкес келеді, бірақ та В объектісінің әрбір данасы А объектісінің 1-ден аспайтын данасымен байланысады.



Сурет 3. 1:М шын қатынасының графикалық бейнеленуі

1:М байланысына Стипендия және Сессия сияқты ақпаратық объектілердің арасындағы байланыс мысал болады.

Стипендия → Сессия

Көптеген студентер сесияның қорытындысы бойынша тағайындалған стипендияның көлемі көп рет қайталану мүмкін.



Көптің бірге (М:1) байланысы алдыңғы қарастырған бірдің көпке (1:М)

қатынасына ұқсас. Объектілер арасындағы қатынас типі сіздің көзқарасыңызға байланысты. Негізгі кестедегі бір немесе бірнеше жазуларға қосымша кестенің бір жазуы сәйкес қойылады.



Көптің көпке деген (М:М) байланысы әрбір уақыт аралығында А ақпаратық объектінің бір данасына В объектінің 0,1 немесе одан да көп даналарының сәйкес келуін және керісінше болуын білдіреді.



Сурет 4. М:М шын қатынасының графикалық бейнеленуі

Берілген қатынасқа Студент және Оқытушы сияқты ақпаратық объектілердің арасындағы байланыс мысал бола алады.

Студент → Оқытушы
Деректер қорының түрлері
2.1. Деректер қорының түрлері

ДК жадында деректер 0 және 1 жыинтықтары арқылы сақталады. Олар бит деп аталады. Биттер байттарға, сөздерге, т.б. жинақталады. Жедел жадының бір байт немесе сөз сығыздыратын кесіндісіне реттік нөмір (адрес) меншіктеледі. Кез келген деректер екі түрдін біреуіне жатады: негізгі (қарапайым), оның ұсыну түрі ДК құрылымымен анықталады, немесе күрделі, нақты қойылған есепке байланысты қолданушы өзі құрастырады.

Қарапайым түрдін деректері – символдар, сандар, т.б. элементтер. Қарапайым деректерден күрделі құрылымдар құрастырылады. Олардың кейбіреулері:


  • Тізбек (анықтау аймағы шектеулі функция) – бір типті элементтер жыинтығы. Тізбектін бір элементі индексі арқылы қарастырылады. Тізбек бір, екі және т.б. өлшемді бола алады. Бір өлшемді тізбекке сақина, стек, кезек және қосбағытты тізім жатады.

  • Жазба (декартті көбейту) - әр түрлі элементтердің жыинтығы. Қарапайым жағдайда жазбада саны тұрақты элементтер болады. Олар өрістер деп аталады. Құрылымы бір элементтер жыинтығы файл деп аталады. Сонымен қатар файл деп сыртқы жадыдағы деректер жыинтығы аталады. Файлдан жазбаларды қарастыру үшін әр жазбаға бірегей ат немесе нөмір беріледі, бөлек өрісте орналасатын және оның аты болып саналатын. Бұл ат кілт деп аталады.

Аталаған құрылымдар ДК жадында тұрақты көлем алады, сондықтан оларды статикалық құрылымдар деп аталады. Статикалық құрылымға жыин да жатады.

Динамикалық құрылымдардың ұзындығы түрақты емес. Оларға талдар, тізім, сілтеме жатады.

Көптеген күрделі деректер түрлерін жалпылауға болады. Жалпыланған құрылымдар деректер моделі деп аталады.

Кез келген деректер моделі үш компоненттен тұрады:



  1. деректер құрылымы – деректерді ұсынудағы колданушынын көз қарасын сипаттайды;

  2. деректер құрылымында қолданылатын рұқсат берілген амалдар жыины. Деректер моделінде кемінде деректерді анықтайтын тіл болуы тиіс, олардың сақтайтын құрылымды сақтайтын, және деректерді өзгертетін және іздестіретін тіл;

  3. бүтіндікті шектейтін – пәндік аймақтын деректерінін тиістілігін қарастыратын механизм.

Классикалық модельдерге келесі модельдер жатады:

  • иерархиялық,

  • тораптық,

  • реляциялық.

Иерархиялық деректер қорында мәліметтердің арасындағы байланысты реттелген графтың немесе ағаштың көмегімен суреттуге болады. Иерархиялық ДҚ-ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Иерархиялық модельдегі мәліметтер арасындағы байланыс ықшамды түрде суретте көрсетілген:

Кейбір программалау тілдерінде иерархиялық деректер қорының құрылымын суреттеу үшін байланыстың «ағаш» типі қолданылады. ДК жадына иерархиялық мәліметтерді сыйдыруды (орнатуды) физикалық ұйымдастыру үшін келесі әдістердің тобтары қолданылады:




Иерархиялық ұйымдастырылған мәліметтерге әрекеттерді қолданудың негізгі амалына мыналар жатады:

  • мәліметтер қорының көрсетілген нұсқасын іздеу;

  • берілген ағаштан басқасына өту;

  • берілген жазудан басқа ағаш ішіндегіге өту;

  • жаңа жазуды белгіленген позицияға қою;

  • ағымдағы жазуды өшіру және т.б.

Мәліметтердің иерархиялық моделі иерархиялық реттелген ақпаратпен жұмыс істеу кезінде ыңғайлы.

Иерархиялық модельдің құндылықтарына ДК жадын тиімді қолдану және мәліметтерге негізгі амалдарды қолданғанда уақыттың жақмы көрсеткіші жатады. Ал оның кемшілігіне қиын логикалық байланыстармен ақпаратты өндегенде оның қолайсыздығы және жай тұтынушы үшін оны түсінудің қиындығында.

Иерархиялық түр келесі терминдармен анықталады: элемент, агрегат, жазба (топ), топты қатынас, деректер қоры.

Атрибут (деректер элементі) – деректердің ең кіші бірлігі болып саналады. Деректер қорын сипаттағанда әр элементіне бірегей ат беріледі. Осы аты бойынша ол өнделеді. Кейде деректер элементін өріс деп атайды.

Жазба – атаулы атрибуттар жиынтығы. Деректер қорында тек жазбалар өзгереді, қосылады және жойылады. Жазбаның түрі атрибуттар құрамымен анықталады. Бір жазба – элементтерінің мәндері анық анықталған нақты жазба.

Топты қатынас – екі түрдегі жазбалардын арасындағы иерархиялық қатынас.

Әр ағаштың түпкі жазбасында бірегей мәнді кілт болуы тиіс. Түпкі емес жазбалардың кілттері тек бір топты қатынас шекарасында бірегей мәні болуы мүмкін.

Графика бейнесінде топты қатынастар бағытталған графтың доғалары, ал жазба түрлері – шыңдары ретінде суреттеледі (Бахман диаграммасы).

Тораптылық модель мәліметтердің элементтерінің арасындағы байланысты кезкелген граф ретінде бейнеленеді, сонымен қатар мәліметтердің иерархиялық моделін де біріктіреді.

Деректер қорының тораптылық сұлбасын бейнелеу үшін түрлердің «жазу» және «байланыс» атты екі тобы қолданылады. «Байланыс» екі жазу типі үшін анықталады: «атасы» және «ұрпағы».

Тораптылық деректер қоры жазулардың жиыны мен байланыстардың жиынынан тұрады. Байланыстарды орнату үшін аса бір шектеулер қойылмайды. Егер иерархиялық құрылымда «ұрпақ» жазудың тек қана бір «аталық» жазуы болса, онда тораптылық деректер қорында «ұрпақ» жазудың кезкелген «аталық» жазуы бола береді.

Тораптылық деректер қорының схемасы мысал ретінде үстіндегі сурет көрсетілген. Мұнда байланыстардың типтері жазулардың типтерін байланыстыратын сызықтарда жазбамен көрсетілген.

Тораптылық типтегі мәліметтерді орнату иерархиялық деректер қорындағы сияқты әдіспен ұйымдастырылады.

Тораптылық түріндегі деректер қорына мынадай амалдар орындалады:


  • деректер қорындағы жазуларды іздеу;

  • «атадан» бірінші «ұрпаққа» өту;

  • «ұрпақтан» «атаға» өту;

  • ағымдағы жазуды өшіру;

  • ағымдағы жазуды жаңарту;

  • жазуды байланысқа қосу;

  • жазуды байланыстан шығару;

  • байланыстарды өзгерту және т.б.

Тораптылық деректер қорының жетістігі көрсетілім бойынша жадыны қолдану. Иерархиялық модельмен салыстырғанда тораптылық модель кезкелеген байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Ал оның кемшілігі деректер қорының жүйесінің күрделілігінде және жай тұтынушы үшін түсінуге үлкен кедергі келтіруінде. Сонымен қатар, мұнда байланыстың бүтіндігін тексер бәсең, ал бұл жазулар арасындағы кезкелген байланысты орнатып қою мұмкін.

Реляциялық модель деректер қорында ақпаратты сақтау және өндеу стандарты болып табылады.

Реляциялық түсінігі (ағылш. Relation – қатынас) атақты американдық ғалым Э.Ф. Коддтың деректер қоры аймағындағы өндеулерімен байланысты.

Реляциялық деректер қоры – кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Деректер қорында жазба үшін кесте жолы түсініледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық не символдық.

Бұл модельдер деректер қорының қарапайымдылығымен, пайдаланушы үшін ыңғайлы кестелермен, қатынас алгебрасының формальды аппаратын реляциялық бөлінгіш деректерді өндеу үшін анықталады.

Реляциялық модель екі өлшемді кесте түріндегі деректер ұйымдастыруына негізделген. Кез келген реляциялық кесте келесі қасиеттерге ие болады:


  • кестенің әрбір элементі – деректер элементінің біреуі;

  • кестедегі барлық бағаналар түбірлес, яғни бағаналардағы барлық элементтер бірдей түр мен ұзындықты иемденеді;

  • әрбір бағана бірегей атаудан тұрады;

  • кестеде бірдей жолдар болмайды;

  • жолдар мен бағаналар реті еркін болуы мүмкін.

Бір мәнді, әрбір мағынасы сәйкес жазбаны анықтайтын өрісті қарапайым кілт (кілттік өріс) деп атайды. Егерде жазбалар бірнеше өрістің мағынасымен анықталатын болса, онда деректер қорының мұндай кестесі құрамалық кілттен тұрады. Мысалы,


Жеке ісінің №

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Туған күні

Тобы

16493

Садвокасов

Арман

Болатұлы

01.01.76

111

16494

Серіков

Даулет

Ерсаинұлы

20.01.75

112

16495

Жакупова

Светлана

Жұзжанқызы

14.04.76

111

Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кесте кілтінің құрамына (кілттердің сәйкес келуі мүмкін) енгізу қажет, қарсы жағдайда сыртқы кілт деп аталатын бірінші кестенің құрылымына екінші кестенің кілтін енгізу керек.



Декартті көбейту: Берілген шектеулі жиындардың декартті көбейтіндісі деп көбейтінді аталады, мұнда

Мысалы, екі жиындар A(a1,a2,a3) және B(b1,b2) берілсін, олардың декартті көбейтіндісі келесі түрде болады С=A*B (a1*b1, a2*b1, a3*b1, a1*b2, a2*b2, a3*b2).



Қатынас: жиындарда анықталған R қатынасы, декартті көбейтіндінін қосалқы жиыны деп аталады. Мұнда: жиындары қатынастын домендері, декартті көбейтіндінін элементтері кортеждер деп аталады, n саны қатынастын дәрежесін анықтайды, ал кортеждер саны қатынастын қуаты деа аталады.

Мысалы, алғашқы мысалдағы С жиынында қатынастарды келесі түрде анықтауға болады R1(a1*b1, a3*b2) или R2 (a1*b1, a2*b1, a1*b2).



relation

Сурет 5. Реляциялық қатынастын негізгі компоненттері

Қатынастар

Төмендегі келтірілген сипаттамадан тұратын екі өлшемді кесте қатынас деп аталады. Біріншіден, мұндағы кестенің әрбір жолы кейбір мәндерді немесе оның бөлігін суреттейтін деректерден тұрады. Екіншіден, кестенің әрбір бағанасы берілген мәннің бір атрибутын көсетеді. Қатынастың сипаттамасы:



  • жолдар мәндер туралы деректерден тұрады;

  • бағаналар мәндердін атрибуты туралы деректерден тұрады;

  • кестенің ұйяшықтарында бір ғана мағына бар;

  • бір бағанадағы барлық жазбалар сол бір түрден тұрады;

  • әрбір бағана бірегей атауға ие;

  • бағаналардың тәртіппен орналасуы аса қажет емес;

  • екі ұқсас жолдың болуы мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет