Демократиялық жалпұлттық күштер коалициясының мүшелері Ұлт Жоспары –«100 нақты қадамды» талқылайды 2015 жылдың 18 маусымында «Қазақстан-2050»

Loading...


Дата08.09.2017
өлшемі27.75 Kb.


16 маусым 2015 жыл Астана қ-сы.



Демократиялық жалпұлттық күштер коалициясының мүшелері Ұлт Жоспары –«100 нақты қадамды» талқылайды
2015 жылдың 18 маусымында «Қазақстан-2050» Демократиялық жалпұлттық күштер коалициясының отырысы өтеді. Жетекші саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері азаматтық қоғамның Ұлт жоспарын іске асыруына қатысуы мәселесін талқылайды.

Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы партияның ХVІ Сьезінде Бес институтционалдық реформаны жария етті.

Еліміздің алдына – «Баршаға арналған бүгінгі мемлекет», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Тұрақты экономика», «Біртұтас болашақ ұлт», «Транспаренттік және есепті мемлекет» сияқты Бес институтционалдық реформаларды жүргізу бойынша ауқымды міндеттер қойылды. 2015 жылғы 20 мамырда «Мемлекеттік құрылыстың алдағы 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспары ұсынылды.

Бұл құжат халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алды, олар Қазақстанның әлемдегі ең беделді бағдарламаларының бірінен бастау алғанын атап көрсетті.

«Нұр Отан» партиясының Бес институтционалдық реформалары шеңберінде Бес реформаның әрқайсысын қамтитын Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша ұсыныстардың ауқымды пакеті дайындалды. Бұл ұсыныстар өткен аптада «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институтымен әріптестік кезінде Медиалық технологиялар орталығы құрған «Sarap Time» Сараптама клубы алаңында талқыланған болатын.

Азаматтық қоғам мен мемлекеттің күш-қуатын шоғырландыру, сондай-ақ Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша «Қазақстан – 2050» Демократиялық жалпұлттық күштер коалициясының отырысы болады.



Коалицияның мақсаты – Президенттің Қазақстан халқына жолдауында және қоғам алдында тұрған маңызды проблемаларды шешу бойынша еліміздің басқа да бағдарламалық құжаттарында айтылған міндеттерді тиімді түрде іске асыру мақсатында уәкілетті органдар үшін бірлескен ұсынымдар әзірлеу. Мысал үшін, ДКЖК алаңында бұрын жергілікті өзін-өзі басқаруды және әкімдердің сайлануын дамыту, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық стратегияны қабылдау, кәсіподақтар туралы және басқа заңдардың жобасын әзірлеу.

Әрбір отырыстың қорытындылары бойынша ДКЖК мүшелері еліміздің азаматтарына Үндеу қабылдайды.

Анықтама үшін:

«Қазақстан – 2050» Демократиялық жалпұлттық күштер коалициясы – 6,5 миллионнан астам Қазақстан азаматтарын қамтитын еліміздің диалог жүргізетін ең ірі алаңы. Коалиция құрамына 6 жетекші саяси партиялар, аса ірі 18 қоғамдық бірлестіктер, 500-ден астам аймақтық үкіметтік емес ұйымдар кіреді.

«Sarap Time» сараптама клубы – саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тақырыптар бойынша, сондай-ақ кәсіби шешімдер мен ұсынымдар әзірлеу бойынша да сын-тегеуріндер сараптамалық талдау үшін тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы. Клуб қазақстандық қоғамның барлық өкілдері арасында салиқалы диалог жүргізу үшін қызмет атқарады. Жобаның басшысы – медиалық технологиялар орталығының директоры Артур Нығметов.

d:\нур отан\шапка3.jpg
Каталог: sites -> default -> files -> press files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау
press files -> Баспасөз баяны астанада «Қазақстан 2050» Демократиялық күштердің жалпұлттық коалициясының отырысы өтіп жатыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы қажетті


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...