Демографиялық проблемалар мен оны реттеу мәселелері



жүктеу 119.35 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі119.35 Kb.
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ОНЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

доцент, п. ғ. к. Тлеубергенова Кенжекей Ахметвалиевна,

Жакипова Н., Рахимжанова Д.



Түйін сөздер: демографиялық даму, урбандалу, босқындар, ұлттар,ғаламдық демографиялық проблема,халық, «демографиялық жарылыс».

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар тәрізді сан-салалы мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың өзара күрделі байланыстары тұрғысынан талдап, қарастыру қажет. Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді[1].

Демография халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография –демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азялық елдер –Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады.Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады. 1 сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэфицентінің төмендеуі туу коэфицентінің төмендеуінен алда болады. Сол себепті халық саны артады. 2 сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді, сондықтан халық өсімі баяулайды. 3 сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэфиценті артады, туылымның төмендеуі баяулайды. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын. 4 сатысында өлім коэфиценті арта отырып, туу коэфицентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.

Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайға тек бай елдер ғана емес, кедей елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Ал кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы т.б. арқылы көрінеді. Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар. Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының тез санының өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті[2].

Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді. Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады. Әлемдегі жыл сайынғы халық санының өсуі: 1000 жыл бұрын-10/1 бөлігінің %. XX ғасыр басында-0,7 %. 1950 ж.-1 %. 60 ж. аяғында-2,1 %. 1970-1975 ж.-2,0 %. 1980-1985 ж.-1,7 %. Халық саның өсуі әртүрлі жерде әртүрлі өскен.

Соңғы 40-50 ж. ішінде халық санының төменделуі байқалды: Шығыс және Оңтүстік Европа, Австралия, Жаңа Зеландия, Япония. Халық санының төмендеуіне қарамастан, халық санының теңесуі дамушы елдер арқылы жүзеге асып отыр. Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізіледі. ҚР -ның демографиялық саясатты ұстай отырып, жоғары туылым мен халықтың өмір сүру ұзақтығына бағытталған. Ғаламдық мағынасы бар 2-феномен-адамдардың қартаюы, яғни халық құрылымындағы егде адамдардың санының өсуі. Бұл өлімнің азаюына байланысты. Халық көбеюі-ата-аналық ұрпақтың балалармен алмасуы. 3-феномен демографиядағы-балаға деген экономикалық қажеттілігінің жоғалуы, аз отбасы идеалы, ананың борышы 2-планға шығуы, біріншілік-ол әйелдердің қоғамға енуі, семьядан тыс өндіріс. 1979-1981 ж. ж. 40 жасқа дейінгі «орта» әйелдің бала саны 4,4 тен 2,2 дейін түсті. Ауылда 2,6 жоғары, ал қалада 1,8 төмен көрсеткіштерді береді. Адамдарда жас кезінен бастап, демографиялық мінез-құлық қалыптасады, ол өмірінің барысында ереже болып қалады.

Демографиялық жағдайларға келесідей факторлар кіреді: әлемде 3,3 млрд. адам күн сайын тоймайды және 5000 млн. ашығады. 1 млрд. астам- кедейшілік шегінде тұр. 0,5 млрд.-жартылай немесе толық жұмыссыз. 0,8 млрд. астам ересектер сауатсыз. 0,2 млрд.-бала мектепке бармайды.Тамақтану проблемасы халық санымен байланысты. 6,1 млрд. адам қалыпты тамақтану үшін мал өсіруді 4 есе, ал (өсімдік) астық өнімдеріні 3 есе өсіруі қажет. Демографиялық ахуалға қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен қатар ауыру деңгейі де әсер етеді. ВОЗ-денсаулық ұғымына мынандай анықтама берген- Денсаулық бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық[3].

Антропогендік факторлар бұрын болмаған жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға оған тән емес 4 млн.т. астам заттар шығарылған. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Табиғи орта физикалық-химиялық тұрғыдан таза болса да, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көруге болады.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. Ал химиялық заттардың ішінде адам денсаулығы үшін зиянды заттар органикалық және бейорганикалық қосылыстар. Оның ішінде әсіресе галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар қауіпті. Галогенді көмірсуларға бір немесе бірнеше көміртегі атомдары бар хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Әсіресе хлорлы көмірсулар қауіпті. Мысалы поливинилхлорид, полихлорды бифенилдер, дихлордифенилдихлорэтан, тетрахлорфенол және тетрахлорэтилен. Ол заттар бауырдың қатерлі ісігін тудырады. Диоксиндер қазіргі кезде белгілі күшті улы заттар Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Метанол мен метил спиртінің 30-100 мл мөлшері адам өліміне әкеледі. Формальдегид химия өндірісінің маңызды өнімдерінің бірі. Ол аллергиялық реакциялар тудырады. Ол пластиктің, ағашты-талшықтар, консерванттар, автокөліктердің газдары, темекі түтіні т.б.болады. Ауыр металдарда қауіптілігі жоғары, ол ақуыздармен жеңіл байланысып, майда еріп, жинақталады. Оған цинк, марганец, темір т.б. кіреді. Қорғасынмен улану сатуризм ауруын тудырады. Оның негізгі белгілері тез шаршау, көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, жүректің зақымдануы т.б. Кадмий ауыр металдардың ішіндегіең улы элемент. Оның белгілері бүйрекке жинақталып, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян. Сынап электротехникада, медицинада, химия өнеркәсібінде қолданылады. Металдық сынап ағзаға зиян емес, ал сынаптың металлоорганикалық қосылыстары ағза үшін өте улы[4].

Демографиялық жағдайға адамның қала экологиялық ортасында өмір сүруі де жатады. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальды орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жинақталады. Планетадағы халықтың жартысы қалада шоғырланған. Бірақ урбанизация процесі тек қана қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың ролінің артуынан. Қала халқының санының өсуімен қатар оның территориясының өсуі ұлғаймалы урбанизация деп аталады. Көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Үлкен қалалар –күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономика-географиялық, инженерлік құрылыс, сәулетфакторларының әсерінен қалыптасады. Қала адамның басты сапасы оның денсаулығына әсер етеді. Ол әсерлер эмоциогенді қысым, уақыттың жетіспеуі, ақпараттың көптігі, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау, электромагнитті өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы т.б. Сол себепті қала тұрғындары көбінесе рекреациялық ортада демалғанды қалайды.

Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм, терроризм, соғыс ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде. Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда[2].

Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп» Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен торроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе.

Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.

Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интелектуалдық және техникалық потенциал және үлкен табиғи ресурс шоғырланған . Соғыс және қарулы қақтығыстар кезінде қоршаған ортаны залалдауды болдырмаудың халықаралық күні Бұл атаулы күнді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы соғыстың экологиялық зардаптарына көңіл аудару және әскери мүдделеріне жету жолында экожүйелерді залалдаудан да, мәнсіз залал келтіруден де бас тарту мақсатында бекіткен .

Демографиялық ахуал адам генофондының әлсіреуіне де тікелей байланысты. Генофонд дегеніміз бір популяциға тән гендердің жиынтығы. Генофондтың өзгеруі ғаламдық-экологиялық мәселе. Оған әсер ететін факторлар принципиальды мәні жоқ кездейсоқ өліммен сипатталатын ортаның өзгеруі, нашақорлық, алкоголизм, темекі, сыра алкоголизмі, радиация т.б. Осы аталған фаторлар гендік кодқа әсер ете отырып, генетикалық әлсіреу тудырып ауру деңгейін ғана көтеріп қоймай, өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді.

Жаңа туған сәбилерде физиологиялық –психологиялық ауытқулар орын алады, сол себепті ақыл есі кем ұрпақтың дүниеге келуіне ықпал етеді. Ол демографиялық дағдарысқа әкеледі. Аталған факторлардың ішінде сыра алкоголизмінің әсері күшті. Себебі сыра құрамында токсикалық заттар бар, олардың ішінде эндокринді жүйеге әсер ететін ауыр металлдардың тұздары көп кездеседі. Ер адамдардың ағзаларында аталық жыныс гормондары тестостеронның жасалуы мен бөлінуін тежейтін заттар бөлінеді. Сыра дайындауда қолданылатын хмельдің құрамында эстрагондар болады, ол химиялық құрамы жағынан эстрагеол деп аталатын аналық жыныс гормондарына жақын. Сол себепті ер адамдардың ағзасында аналық жыныс гормондары жинақталады. Сыра көп ішетін ер адамдарда көкірек бездері өзгереді, жамбас сүйектері кеңейеді. Эстрагондар ер адамдарда басқа ер адамдарға деген жыныстық қызығушылық тудырады. Ал әйел адамдарда ісік аурулары көбейеді.

Қала экологиясы. Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей – ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес.

Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті .Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрине бүгінгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы.

Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда. Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды.

Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады.

Шығыс және Оңтүстік Азия елдері ұлдар мен қыздар санын теңестіру үшін күресіп келеді. Бұл елдердің кейбірінде 100 қызға шаққанда 130-140 ер бала туады. Бұл мәселе Оңтүстік Кавказ бен Балқан елдерінің де проблемасына айналып отыр. Құрсақтағы баланың жынысына қарап түсік жасатудың кесірінен ер балалар күрт көбейіп, бұл қылмыстың өршуі, жезөкшелік, ВИЧ індеті және әлеуметтік қақтығыстарға себеп болған. ​​ Дәстүр, дамушы елдердегі бала санының кемуі және технология әсер еткен бұл құбылыс әлем елдеріндегі демографиялық процестерге қалай ықпал етіп отыр. 1980 жылдары Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Тайвань сияқты елдерде, Шығыс Азияның біраз бөлігіндегі қалалық жерлерде ультрадыбыстық зерттеу құралдары пайда болды. Осыдан кейін баланы жынысына қарай таңдап туу басталды. Бұл «дәстүр» 2000 жылдардан бастап Грузия, Әзербайжан, Армения сияқты мемлекеттерде, Балқан елдерінде пайда болды[4].

Кейбір елдердегі статистикалық мәліметті алу қиын, бірақ Албанияда да баланы жынысына қарай таңдап туу жайттары тіркелген. Қазір жұрт тек УЗИ аппаратымен шектеліп отырған жоқ, технология дамып келеді. Осы күні жүктіліктің жетінші аптасынан бастап-ақ шарананың қан құрамын тексеруге болады. Анасының қанын зерттеу арқылы баланың жынысын ерте бастан анықтауға мүмкіндік бар. Сонымен бірге экстракорпоралдық ұрықтандыру кезінде генетикалық диагноз жасатып, баланың ұл не қыз болатынын таңдауға да болады.

Шарананың қан құрамын тексеру технологиясы әлі де бастапқы даму кезеңінде тұр. Бұл әдіс АҚШ және басқа бірнеше аймақта қолға алынды, бірақ технологияның ерекшелігі – ол күн өткен сайын қалың бұқараға кең тарап, біртіндіп арзандай береді. ЭКО әдісі әлі де қымбат. Баланың жынысын таңдауға заң бойынша тыйым салынған Шығыс Еуропа, Азия елдері, Австралия тұрғындары Калифорниядағы емханаларға келіп, қомақты қаржы төлеп, таңдауына қарай ұл не қыз туады. Алдағы жылдары бұл технология да арзандайды.



Қарқынды дамып жатқан елдердің проблемасы. Баланы жынысына қарай таңдап туу бай адамдардың арасында ғана тараған ба? – Гендерлік теңсіздік артта қалған елдердегі құбылыс ретінде айтылып келді. Алайда демографиялық мәліметтерге қарасақ, мұның жаңсақ пікір екеніне көз жеткіземіз. Баланы жынысына қарай таңдап туу алдымен қалалық жерлерде, тез дамып келе жатқан мемлекеттерде көп байқалады. Сондықтан бұл құбылыс Қытайда, Үндістанда және Шығыс Еуропаның біраз аймақтарында көбейіп отыр. Бұл әдісті алдымен елдің элитасы пайдаланады.

Қытай мен Үндістанда біраз уақыттан бері қалыптасқан үрдіс – бай еркектер кедей қыздарды ақшаға сатып алады. Олар Оңтүстік-шығыс Азияға арнайы танысу сапарларына барып, таңдаған қыздарын айттырып алып келеді. Ерлер көп болған жерлерде әйелдерді жезөкшелікке жегу де көбейеді. Ал стратегиялық тұрғыдан алып қарағанда, бұл – мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіретін жайт.

Шығыс Азияның кей елдері еркектердің әйелдерден көп болуы тұрақсыздыққа итермелейтін фактор деп мойындап, шұғыл әрекеттерге көшті. Әйелдермен салыстырғанда ерлер арасында қылмыс көп тіркеледі. Сондықтан жастардың арасында ерлердің көп болуы қылмыс пен зорлық-зомбылықты өршітіп жіберуі мүмкін. Көбінесе санақ нәтижелері шығып, екі жыныс арасындағы тепе-теңдік бұзылғаны айқындалған кезде тым кеш болады. Баланы таңдап туу үрдісі біраз уақыт бұрын басталып кеткен болып шығады.

Нәрестенің жынысына қарай түсік жасату Түркияда көбейген, Македонияға да демографтар жіті назар аударып отыр. Арнайы барып, фактілерді тексермейінше, бұл мәселе бірнеше жыл бойы жабулы күйінде қала беруі мүмкін. Еуропа Кеңесінің бұл мәселеге назар аударуы қуантады. Сонымен қатар, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қоры белсендірек болса деген ұсыныс бар. Бұл жекелеген мемлекеттер өз бетімен шеше алатын мәселе емес.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Земля и человечество.Глобаль.проблемы.Серия «Страны и народы».М.1995-300с..

2.Китанович Б. Планета и цивилизация в опасности. М.: Мысль, 1991-220с.

3.Цивилизациялар әріптестігі негізіндегі жаһандық тұрақты даму стратегиясының негіздері. / проф.Ю.В.Яковец редакциясымен. –М.:МИСК, 2011-200б.

4.2003 жылғы Әлемдік даму туралы баяндама. Өзгеретін әлемдегі тұрақты даму. Институттардың қайта құрылуы, өмірдің өсуі және сапасы. / ағылшын тілінен аударылған. – М: «Весь мир» баспасы, 2003.



Резюме

В статье рассматривается демографические проблемы и пути его регулирования

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет