«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізудің

Loading...


Дата10.09.2017
өлшемі19.43 Kb.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық

педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізудің

(әрі қарай – Педагогикалық олимпиада)

Ережесі
Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің дарынды балалармен педагогикалық білім берудің барлық деңгейінде (ЖОО-на дейінгі, ЖОО-ның және ЖОО-нан кейінгі) жұмыс жасауға дайындықтың бір түрі болып табылады.

Педагогикалық олимпиаданың негізгі шарты педагогикалық шығармашылық нәтижелерімен, жобалармен, педагогикалық идеялармен бөлісу болып табылады.

Педагогикалық олимпиада педагогтың жеке шығармашылығының кеңістігін шоғырландыруға, шығармашылық ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік береді.

Осы Ереже ҚР «Білім туралы» заңына, 2010 жылға дейінгі ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, ҚР жаңа формациялы педагогтың үздіксіз педагогикалық білім берудің Тұжырымдамасына сәйкес жасалған.


1. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық олимпиада бағыттары:

жоғары сынып оқушылары мен студенттердің педагогикалық қызметте өзін-өзі анықтау бағдары;

педагогтер мен студенттердің білім беру мекемелерінің болашақтағы дамуына бағдары;

білім беру мекемелерінде жаңаша өзгерістер кезінде педагогикалық қызметтің дамыту процесіне мұғалімдер мен студенттерді енгізу;

шынайы білім беру процесінде жас педагогтардың педагогикалық бастамаларын жинақтау және тарату;

педагогика саласындағы шығармашыл жастарды қолдау.


Педагогикалық олимпиаданың негізгі міндеттері:

  1. талантты, педагогикалық – бардарланған шығармашыл жастарды анықтау;

  2. жоғары сынып оқушылары мен студенттерінің өзіндік ойын білдіре алуына, олардың жеке және педагогикалық мәдениетіне, педагогикалық тәжірибесінің артуына жағдай жасау;

  3. студенттер мен жоғары сынып оқушыларының шығармашылық потенциалының мүмкіндіктерін жүзеге асыру және кәсіби-педагогикалық ой-өрісін дамыту;

  4. жеке-кәсіби міндеттерін шешу үшін студенттердің ақпараттық-білім беру кеңістігін жетілдіру;

  5. педагогиканың мәртебесін, педагогикалық мамандық пен кәсіби педагогикалық білім берудің маңызын арттыру;

  6. білім беру саласында педагогтер позициясы мен мақсатын келісу, қазақстандық педагогикалық ғылыми мектептің үздік дәстүрлерін дамыту және сақтау;

  7. педагогикалық кадрларды дайындау сапасын жақсарту мақсатында жас педагогтердің педагогикалық бастамаларын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің шынайы білім беру процессінде жинақтап, тарату



2. Педагогикалық олимпиаданың құрылымы мен қатысушылары
Педагогикалық олимпиаданың сатыланған құрылымы бар:

I саты – педагогикалық жоғары оқу орнындарында оқуын жалғастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.

Конкурс тапсырмаларын орындау барысында оқушылар: педагогикалық мамандықты таңдауға дайындықтарын, тұлғаның педагогикалық бағытын, педагогикалық эрудициясын, жалпы мәдениеттік және интеллектуалдық даму деңгейлерін көрсете алады.



II сатыпедагогикалық университет, институт студенттері (II – IV курс), педагогикалық коллеждің жоғары курс студенттері.

Олимпиада мазмұны тұлғаның өзін-өзі анықтауда кәсіби деңгейін, оларды кәсіби-педагогикалық жағдаяттар мен міндеттерді шешу барысында педагогикалық білім деңгейлерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қамтиды



III саты – магистранттар.

Олимпиада мазмұны магистранттарға кәсіби педагогикалық қызметінің деңгейін, сонымен қатар педагогикалық зерттеу қызметтің шеберлігін; кәсіби педагогикалық білім беруді, педагогтың жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырады.


IV сатыжас педагогтер, психологтар мен тәлімгерлер.

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады..


Педагогикалық олимпиаданың әрбір сатысы белгіленген тәсілдерге негізделеді, сондықтан конкурстың Педагогикалық тапсырмаларын іріктеу барысында олардың жалпы кәсіби біліктіліктің төрт деңгейлік жүйесіне сәйкес күрделенуін қарастырады:
1 деңгей – педагогикалық тапсырмаларды аудитория жағдайында оқу материалдарымен, жаттығулармен, мәтіндік тапсырмалармен (жоғары сынып оқушылары) т.б. жұмыс барысында шеше білу;

2 деңгей – педагогикалық тапсырмаларды педагогикалық қызмет үзінділерін рөлдік ойындар элементтерін пайдалану арқылы т.б. модельдеу барысында аудитория жағдайында және педагогикалық практика барысында (студенттер) шеше білу;

3 деңгей – педагогикалық тапсырмаларды мектеп практикумдарын, педагогикалық практикалар (студенттер, магистранттар) өткізу процессінде шеше білу және жоспарлау;

4 деңгей – білім беру үрдісінде педагогикалық тапсырмаларды шешу және жоспарлау (жас педагогтер, психологтар, тәлімгерлер).


3. Олимпиада кезеңдері
Педагогикалық олимпиада бірнеше кезеңдерден тұрады:
I кезең – аймақтық

II кезең – іріктеу, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді

III кезең – қорытынды, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді

4. Педагогикалық олимпиаданың ұйымдастырылуы
Педагогикалық олимпиаданы ұйымдастырып, өткізу үшін педагог-ғалымдар, ЖОО мен колледждердің оқытушылары, облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының қызметкерлері, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының мамандары тартылады.

Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыру жұмыстарына жоғары оқу орындарының түрлі қызметтері тартылады: ғылыми-зерттеу, маркетинг бөлімі, мұражайлар, өзінің базасында педагогика және психология кафедралары бар факультеттер.

Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бірлескен педагогикалық жобалар, оларды іске асыру бойынша бірлескен шешімдер қабылданып, республикамыздың педагогикалық қоғамдастығымен байланысты кеңейту.
5. Олимпиада басшылығы
Педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу мен дайындығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрымен бекітілген ұйымдастыру комитеті іске асырады.

6. Педагогикалық олимпиаданың қорытындылау
Конкурстық байқаудың нәтижесінде Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасы олимпиаданың әр сатысына жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы салтанатты түрде өтеді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік сыйлықтармен марапатталады. Салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының басшылары, БАҚ өкілдері қатыса алады.




7. Қаржыландыру
Олимпиаданы қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүргізіледі.

Смета, демеушілер мен құрылтайшы-ұйымдардың ерікті жарнасынан құрылады.



Қатысушылардың іссапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді.


Каталог: files -> blogs
blogs -> Әдістемелік кеңес Тақырыбы «Өз білімін жетілдіру – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың бір формасы» Мақсаты
blogs -> Оқу жылына арналған облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей- интернатының педагогикалық ұжымының жұмыс жоспары
blogs -> Мақсаты: Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің
blogs -> Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың арасында Тұңғыш президент күніне арналған
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Оқулық § 1 Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары Дене құрылымының
blogs -> Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, сабақта алған білімдерін бекіту
blogs -> Семинар-практикум Қарастырылатын сұрақтар: Тәрбие жұмысының жүргізілу барысын тексеру,бақылау нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...