Дана Абай. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы



жүктеу 67.46 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі67.46 Kb.
Дана Абай.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы

« Қазақ » газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны »

атты мақаласында « Одан асқан бұрынғы – соңғы заманда

қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ » - деп

Абайды аса жоғары бағалаған екен. Міне осы ұлы тұлға

жайында әу бастан айтылып та жазылып та жұргені баршаға аян.

Мен осы бір ұлы тұлға жайында жазуды үлкен жауапкершілікпен және қазақ халқының осындай ұлдарының бар екенің мақтан тұтып қолыма қалам алдым. Жоғарыда айтылғандай бізден де бұрын Абай жайында көп жазылып оның данышпандық істерін ойларын халыққа таныстыру және болашақ ұрпақ жадында қалдыру мақсатымен ұлкен ағаларымыз талай еңбектеніп кітаптар кино филмдер жазылып түсіріліп жатқаны белгілі. Солардың ішінде айта кететіні Мұхтар Әуезовтың « Абай жолы » романын оқып Абай өмірі жайында толғанбаған қазақ кем де кем шығар. Міне осы ұлы Абай Құнанбаевқа биыл 170 жыл толды. Егемен мемлекетіміздің барлық аймақтарында мемлекеттік дәрежеде осы күнге орай түрлі іс шаралар ұйымдастырылып жатыр. Абайдың туып өске жерінде Семей өңірінде семинарлар мерекелік іс шаралар ұйымдастырлуда. Енді осы Абайдың өмір жолына қысқаша тоқталып өтелік.

Абайдың әкесі Құнанбайдың 4 әйелі болған екен. Оның бәйбішесі Күнкеден – Құдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туылған екен. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ болмаған. Абайдың "Атадан алтау, анадан төртеу" едім дейтіні осыдан айтылған екен. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған " кәрі әжесі" Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, әзіл – қалжыңға шебер, жөн – жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде білімін шыңдайды. Бұл медреседе араб, парсы' тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала Абай оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін бетінше жетілдіруге ұмтылады .

Араб парсы тілдерін меңгерген Абай шығыс ақындарының шығармаларымен ертегілерімен, дастан, қисаларымен танысады, шығыстың Низами, Науаи, Сәғди,' Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады.

Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы " Приходская школаға" да қосымша түсіп, орыс тілінде сауатын аша бастайды.

Дегенмен әкесі Құнанбай Абайдың зеректігін басқа балалардан алымдылығын аңғарып оны әрі қарай оқытпай қайтарып алып, өз жанына ертіп, ел ісіне араласуға баулиды. Осылай 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік – билік жұмыстарына араласады. Ол әкесінің жанында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан – жақты тани түседі. Абай ел арасындағы озбыр күштер мен оған иек артқан жуандардаң зорлық, пәлеқорлығын ғана емес, өз әкесі мен оның жақын достарын да сынайды. Осылай әкенің, би – болыстардың елді зар еңіреткен мінезі мен озбырлы істерінен жиіркенеді .Ұлы ақынды алысқа құлаш серметіп, тарихи қоғамдық ойларға жетелеген осындай елдегі жағдайлар екендігін Абай танушылар да анық айтқан болатын. Абайдың шығармашылығына үңілер болсақ бір жағынан шығыс клксиктерімен қоса орыстың А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков – Шедрин, Н.А.Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С.Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған. Батыс әдебиетінен Гете, Дж.Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсер еткен туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады.



Бір ғана М.Ю. Лермонтовтың 27 өлеңін аударды. Осылайшы ұлы ақын 35 жасында ақындыққа бір жолата бет бұрған болатын. Абайдың 200 – ге тарта мазмұны өте бай өлеңдері бар екен. Өткір әрі күрделі таптық талас – тартыс , шым – шытыр ру аралық алауыздықтар, сан қилы дала қақтығыстары, әрі құлай сүйген ғашықтардың трогедиялары мен өмірдің ыстық суықтары, барлығы Абай шығармаларының тақырыбы болды. Әйгілі жазушы, Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуші Мұхтар Әуезов бір сөзінде « Бұл ұлы романтик ақын, дәстүрлі өлеңнің тар аясын кеңейтіп, қазақ поэзиясына көптеген жаңа тақырыптар енгізді, қазақ реализімінің толық әрі көп қырлы бейнесін қалыптастырып, сол замандағы қазақ қоғамының түрлі тап өмірін көрсете білді» – деген екен.

Абайдаың жазған поэмалары айтар болсақ , олар үшеу екені белгілі «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

Соңғысы аяқталмай қалған.
Бұлардың бәрі де ақынның бұрынғы шығармаларындай қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған, Шығыс халықтарының аңыз, ертегілері сюжетінде дастан үлгісінде жазылған.

Уақиғалары шағын, көлемдері аз келеді. Аңыздарды ақын, көбінесе, өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой – мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі етуді ойлаған.

Еліміз егемендігімізді алғаннан кейін, тарихымызға тереңірек үңіліп,
тарихта өзіндік орны бар тұлғаларды дәріптеу мақсатында 1995 жылы жарық көрген «Абай» энциклопедиясында  ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген. Абай шығармаларының ғылыми толық жинағы басылып шықты. Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов, М.Мырзахметов, Ж.Ысмағұлов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ғ.Есім, Т.Қожакеев, Ғ.Мұқанов және басқа да ғалымдардың зерттеулері «Абайтану» ғылымына елеулі үлес болып қосылды. Қазіргі таңда осы «Абайтану» ғылымы жоғары оқу орындарында, мектептерде дамыту жолында көптеген жұмыстар атқарылуда.

«Абайтану» тарихы 1889 жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мәселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов,Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко, Әбіш Мұсылманқұлұлы Жиреншин  еңбектерінде көрініс тапқан.

Абайдың  көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге деген көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздерінде көрініс табады. Абайдың  қара сөздері (Ғақлия) – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын,  философиядағы  даналық дүние танымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығарма. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын  Абайдың  қара сөздері, тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты – жеті үлгісі қысқа болса, қайсы біреуі  мазмұны, тақырыбы жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді.  Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Абайдың соңғы туындылары қатарына осы «Қара сөздері» жатады. Себебі, 1900—1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған.

1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір – біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан  айырылады.

Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны, оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы  Мағауияда қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.



Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен  Шәкәрімге  деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.

Міне ұлы ақынның өмір жолы осылай өрбіген екен.Сөз соңында ұлы данышпанның мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Абай Құнанбаев.

Мұражай қорын сақтаушы: Касимов Б.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет