D-o-4 санаты үшін



жүктеу 62.75 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі62.75 Kb.
«Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы » ММ ішкі әкімшілік ету бөлімінің бас маманы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-O-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжіриебесі талап етілмейді.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

-

min

max

D-O-4


83 282

112 430


"Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы"мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 23 шағын аудан,№ 103ғимарат, 2-қабат, 21-24 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 64-51-11, тел/факс: 60-51-10, e-mail:V.ainagulova@mangystau.gov.kz

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Ішкі әкімшілік ету бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1-бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма басшысы – бас мемлекеттік инспектор, оның орынбасары – бас мемлекеттік инспектор, бөлім басшысы – мемлекеттік инспектордың жалпы басшылығымен өз міндеттерін және тапсырмаларын орындау; Кадр қызметі құжаттамаларын жүргізу және ресімдеу; Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін ұстануын қадағалау және қызметкерлер тәртіп бұзған жағдайда тәртіптік жазаға тарту жөніндегі шараларға қатысу; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өтуімен байланысты басқарманың арнайы шешімдерін әзірлеу, қызметшілердің жеке істерін жүргізу, қажетті жағдайда мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына тиісті өзгерістерді енгізу; жазбаша түрде мелекеттік қызметшілердің шектеулерді қабылдауы жөніндегі келісімдерге қол қоюын қамтамасыз ету және осы шектеулерді бұзған жағдайда туындайтын құқықтық жағдайлар туралы ескерту; мемлекеттік қызметте болуларына байланысты шектеулерді орындауларын, кірістер жөніндегі декларацияларды уақытында тапсыруларын қадағалау; Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің органдарына тапсыру үшін бос мемлекеттік лауазымдар тізімін, бос лауазымдарды толтыруға деген тапсырыстарды, өзге де қажетті ақпараттарды дайындау; мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру, т. б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес(экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика), құқық (құқықтану).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларарының  3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «www.еgov.kz» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «www.еgov.kz» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.


Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет