Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/20
Дата22.05.2020
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ
ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ
ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ
Д.Б. Тойматаев
ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ
ДƏРІСТЕР КУРСЫ
Қостанай, 2016

2
ƏОЖ 001 (075.8)
КБЖ 72я73
Т 50
Басуға ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының Ғылыми кеңесінде ұсынылды
Пікір берушілер:
С.А. Қолдыбаев – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті философия кафедрасының меңгерушісі,
философия ғылымдарының докторы, профессор;
Е.А. Əбіл - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми
жұмыс жəне халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры,
тарих ғылымдарының докторы, профессор;
Г.Т. Құлжанова - ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай
академиясының күндізгі оқыту факультетінің бастығы,
философия ғылымдарының кандидаты, доцент
Тойматаев Д.Б.
Т 50 Ғылым  тарихы мен  философиясы: магистранттарға арналған  оқу  құралы
/ Д.Б. Тойматаев. - Қостанай: ҚР ІІМ  Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай
академиясы, 2016. – 209 б.
ISBN 978-601-7551-48-3
Ұсынылып  отырған  оқу  кұралы  жоғары  кəсіпкерлік  білім  беру  аясында
мемлекеттік  білім  стандарттарына  сəйкес, магистранттарға  арналған. Бұл  оқу
құралымда ғылымның философиялық, методологиялық жəне тарихи мəселелері
бойынша өзекті сұрақтары қамтылған.
Оқытушыларға, магистранттарға 
жəне 
ғылым 
саласындағы
зерттеушілерге арналған. Сонымен бірге, философиялық категорияларды тиімді
пайдалану, құқықты  аналитикалық, арнайы  құқықтық  жəне  заңнамалық
зерттеуді тереңдете түседі.
Ғылым  тарихы  мен  философиясын  өзекті  тақырыптар  негізінде  оқу
құқықтың  қоғам  өміріндегі  мəнін  жəне  маңызын  түсінуге  негіз  бола  алады.
Ұсынылып  отырған  оқу  құралы  Ібжарова  Ш.А., Зəурбекова  Л.Р. «Ғылым
тарихы  мен  философиясы. Дəрістер  курсы» атты  кітабына  негізделіп
құрастырылған. Əзірленген  оқу  құралы  бағдарламаға  сəйкес. Оқу  құралы  ҚР
ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы магистранттары мен
қызығып оқушыларға көмекші бола алады деген үлкен үміт бар.
ƏОЖ 001 (075.8)
КБЖ 72я73
ISBN 978-601-7551-48-3
© Тойматаев Д. Б., 2016

3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .................................................................................................................... 4
1 тақырып. ФИЛОСОФИЯ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ -
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ САЛАСЫ ......................................................... 5
2 тақырып. МƏДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТТЕГІ ҒЫЛЫМ .............................. 28
3 тақырып. ҒЫЛЫМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ҒЫЛЫМНЫҢ ТАРИХИ
ДИНАМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ ................................................... 33
4 тақырып. ҒЫЛЫМИ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ............................................. 54
5 тақырып. ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯЛАР. ҒЫЛЫМИ РАЦИОНАЛДЫҚ .... 65
6 тақырып. ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ БАРЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ............................................................................................... 93
7 тақырып. ҒЫЛЫМ - ƏЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ ....................................... 107
8 тақырып. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҒЫЛЫМИ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ............................................................ 121
9 тақырып. ҚОҒАМ, МƏДЕНИЕТ, ТАРИХ, АДАМ ТУРАЛЫ
ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ............................................................... 134
10 тақырып. НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ ................................................................ 152
ГЛОССАРИЙ ....................................................................................................... 177
РЕФЕРАТ, БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ ...................................... 204
ƏДЕБИЕТ (НЕГІЗГІ ЖƏНЕ ҚОСЫМША) ........................................................ 208

4
КІРІСПЕ
Магистратура  жоғары  білім  беру  жүйесінде  бакалавриат  пен
докторантураның 
ортасында 
болашақ 
мамандардың, ғалымдар 
мен
оқытушылардың  ғылыми  жəне  ғылыми-педагогикалық  іс-əрекетіне  жеткізетін
тереңдетілген  ғылыми, философиялық-методологиялық, дүниеге  көзқарастық
жəне  пəндік  теоретикалық  негізін  талап  етеді. Жалпы  магистранттарды
дайындау  жүйесінде  ғылым  тарихы  мен  философиясы  курсы  дүниеге
көзқарастық  жəне  ғылыми-методологиялық  тұрғысында  ең  маңызды  орын
алады. Ғылым  тарихы, философиясы  жəне  методологиясы  оның  негізгі
ұйытқысы болып саналады.
Ғылым тарихы магистрлердің магистрлік диссертациясын дайындау жəне
ғылыми-жұмысының  жоғары  деңгейіне  жеткізетін  білімнің  маңызды
компоненті  болып  саналады. Ғылым  жəне  нақты  ғылымдардың  тарихы
ғылымның  даму  динамикасын, оның  қоғамның  дамуына  əсерін  ұғыну  үшін
мүмкіндік береді. Тарихи білім болашақ мамандарға ғылымның толық бейнесін
қалыптастырады, ғылымның  зерттеу  контекстіне  жəне  əр  түрлі  бағыттарына
өткірлі сезіммен қарауға мүмкіндік береді.
Ғылым  философиясы  ғылым  араларындағы  байланыс  пен  философия
білімінің  əртүрлі  бөлімдерінің  дамуының  қажетті  негізі  болып  есептелінеді,
нақты  арнаулы  ғылыми  пəндердің  философиялық  мəселелерін  кеңейтеді  жəне
тереңдетеді. Философия  білімі  тек  ғылымның  дамуының  себепшісі  емес,
сонымен бірге ғылыми білімнің ажырағысыз бөлігі, яғни ғылымның бір мүшесі
болып  кіреді. Ғылым  философиясы  шеңберінде  ғылымның  өзіндік  санасының
əлеуметтік-мəдени  тұрғысындағы  көрінісі  анықталады, ғылым  қоғамның
рухани  дамуының  контекстінде  ұғынылады, ғылыми  білім  дамуының
құндылық  мақсаттары  мен  ғылыми-зерттеу  кəсіптік  тəжірибесі  қалыптасады.
Ғылым  философиясы  ғылымды  əлеуметтік  институт  ретінде, яғни  мықты
өндірістік  күш, ғылыми  білімнің  жүйесі  жəне  қоғамдық  сананы
қалыптастырушы  ретінде  негізін  ашуға  мүмкіндік  береді. Осы  білімдер
болашақ 
маманның 
ғылыми, педагогикалық 
іс-əрекетінің 
кеңістігін
қалыптастырады.
Ғылым  методологиясы  магистрантқа  қазіргі  ғылым  мəселелері  мен
методологиялық  негіздерін  түсінуге  мүмкіндік  береді, əдіс  теориясымен, яғни
қағидаларымен, жолдарымен, тəсілдермен, ғылыми  іс-əрекетін  əдістерімен
қаруландырады. Ол  ғылым  методологиясы  мен  логикасын  ұғынуға, ғылыми-
зерттеу жұмыстың методологиялық мəдениетін көтеруге мүмкіндік жасайды.

5
1 ТАҚЫРЫП.
ФИЛОСОФИЯ  ЖƏНЕ  ҒЫЛЫМ  МЕТОДОЛОГИЯСЫ
- ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ САЛАСЫ
Дəріс  мақсаты:  Ғылымның  анықтамасын  жəне  ғылымның  əлеуметтік-
мəдени құбылыс ретінде əр түрлі анықтамаларын беру. Ғылымның пəнін жəне
нақты  ғылымдардың  пəндерін  көрсету. Ғылымның  қызметтері: мəдени-
көзқарастық, əлеуметтік, өндіріс күш ретінде көрсету. Ғылымды зерделеуде əр
жақтың  эволюциясына  шолу. Ғылымның  қазіргі  тұжырымдамаларының
жіктелуі: неопозитивизм, ғылыми 
зерттеудің 
логикасы, ғылымның
онтологиясы, ғылымның  постпозитивистік  бейнесін  ашу. Ғылым  тарихы  мен
философиясы пəнінің мəртебесі мен мəселелерін қарастыру. Ғылым тарихы мен
философиясының  пəн  ретінде  дамуының  бағасын  беру. Ғылым  философиясы,
ғылым  тарихының  жəне  ғылым  методологиясы  байланысының  өзгешелігін
көрсету. Ғылым  методологиясын  ғылыми  пəн  ретінде  көрсету. Методология
əдіс туралы ілім ретінде қазіргі кезде қандай мəселелерді көтеретінін анықтау.
Ғылыми  əдістер  типологиясын  ашу. Эмпириялық  жəне  теориялық  танымның
əдістерін көрсету.
Ғылым философиясының пəні мен негізгі мəселелері
Адамзат  қоғамының  қалыптасуы, одан  əрі  өсіп-өркендеуінде, тарихи
сатылармен  ілгерілеуінде  ғылымның  атқаратын  рөлі  ерекше  екені  белгілі.
Екінші жағынан, ғылым - қоғамның  өзін дүниеге  келтірген, оның  өркендеуіне
жағдай  туғызған  құбылыс. Біз  ғылымның  дүниесін  танып, игерудің,
данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз.
Ғылым дегеніміз не? Ғылым мен білім деген түсініктерін синоним ретінде
қарастыруға болады ма?
Адамның  айналасындағы  дүниені  танып-білуі  күрделі  қайшылыққа,
ұзаққа  созылатыны  жəне  де  оның  адамның  жаңа  əрі  тың  білімді  игерумен
байланысты екені алғашқыдан мəлім.
Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы
əрі  нақты  мəліметтер  жиынтығы, олардың  адам  санасында  дұрыс, объективті
бейнелеуі.
Жалпы  білім  қорын  ғылымға  дейінгі, яғни  күнделікті  өмірде  туындаған
қарапайым  білім  жəне  ғылыми  білім  деп  екіге  ажыратуға  болады. Ғылымға
дейінгі  қарапайым  білім  тіршілік  барысында, іс-əрекет  үстінде, тəжірибе
ауқымында  жинақталады. Ол  бар  болған  құбылысты  сипаттайды, оқиғаның
қалай өтіп жатқанын пайымдайды.
Ал  ғылыми  білім  терең  де  мазмұнды. Ол  құбылысты, оқиғаны  жай
сипаттаумен  ғана  шектелмейді. Құбылысты  неге  мұндай, оқиға  неліктен
басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген
сұрақтарға  дəйекті  жауап  қайтарады. Басқаша  айтқанда, ғылыми  білім
оқиғаларды, құбылыстар  мен  фактілерді  бейнелеп, сырттай  сипаттап  қана

6
қоймайды  сонымен  қатар  оларды  түсіндіреді, ішкі  табиғаттың, мəнді  жақтары
мен  маңызды  байланыстарын  ашып  көрсетеді, яғни  даму  заңдылықтарын
айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың
бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды.
Ғылыми  білім  рухани  дүниенің  құрамдас  бөлігі  есебінде  қашанда
жүйелілігімен, логикалық  тұрғыдан  ұйымдасқандығымен  жəне  теориялық
сипатымен  ерекшеленеді. Ғылыми  білім  ғылыми  қиындықтар  мен
қайшылықтары  мол  ізденістің, шығармашылық  іс-əрекеттің  барысында
туындап, жинақталып  жүйеленеді. Ол  таным  процесінің  əрі  күрделі  нəтижесі
болып табылады.
Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі
болмысын, табиғатын  ашып  көрсететін, олардың  даму  заңдылықтарын,
байланыстарын  ашып, даралап  тұжырымдайтын  шынайы  ақиқат, жүйеленген,
қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық.
Тарихи  тұрғыдан  ғылым  адамзат  қоғамы  дамуының  белгілі  бір
сатысында, өзі  туғызатын  қажеттіліктерге  байланысты, ой  еңбегі  мен  дене
еңбегі  бөлініп, қауымдық  қоғам  ыдырап, таптық  қоғам  қалыптаса  бастаған
кезеңде  пайда  болған. Алғашқы  ғылым  жүйелі  ой  пікірлер  мен  түжырымдар
ертедегі  Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда  т.б. қарапайым  білім
негізінде  дүниеге  келген. Тарихи  ең  алғашқы  ғылыми  жүйе - философия.
Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дəуірімен жəне Жаңа заман
кезеңімен  байланысты. Капиталистік  өндіріс  тəсілінің  орнығуы, өндіргіш
күштердің  күрт  дамуы, техника  саласындағы  табыстар. Орасан  зор
географиялық  ашылымдар  жаңа  дəуір  ғылымының  өркендеуіне  негізгі  себеп
болып табылды.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік жəне əлеуметтік,
логикалық  факторлар  əсер  етті. Практикалық  қызмет, қоғамдық  қатынастар,
қоғамдық  еңбек  бөлінісінің  өндірістік, техникалық  талаптар - əлеуметтік
ғылымдардың  өмірге  келуіне  түрткі  болған  факторларға, ал  ғылыми  таным
дамуының  ішкі  логикасының  қажеттері - логикалық  ғылымдарды талап ететін
факторларға  жатады. Сондай-ақ  əрбір  ғылымның  дамуының  ішкі  логикалық
заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің
туындауы. Ғылымның  əлеуметтік  мəні, негізгі  ерекшеліктері  мен
заңдылықтарын ашуда əлеуметтік жəне логикалық факторлардың бірлігі қажет.
Осы  тұрғыдан  алғанда  ғылым  дегеніміз  қоғамдық-тарихи  практика
дамуының  белгілі  бір  сатысында  пайда  болатын  айырықша  əлеуметтік
институт, адамның  танымдық  қызметінің  ерекше  формасы, адамзат
мəдениетінің жоғарғы саласы.
Ғылымның  негізгі  ерекшеліктеріне  тоқталсақ: табиғат  пен  қоғамның
объективі, адам санасынан тəуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты.
Ғылым - тарихи- заттық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу жəне
қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп,
жаңа 
бағыттармен 
бағдарларын 
болжай 
білу 
құралы. Ғылымды
математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен
информатиканы  кеңінен  қолдану, адам  қызметінің  көптеген  саласына

7
компьютерлік  техниканың  еркін  енуі  қазіргі  ғылым  ерекшеліктерінің  бірі.
Ғылымға  енетін  қағидалар  дəлелденген  жəне  негізделген  болуы  керек. Күмəн
туғызатындар  ғылым  аясынан  шығарылып  тасталды. Сондықтан  ғылым
теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми даму барысында үнемі
жаңа теориялар еніп отырады.
Қазіргі дəуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер
кезеңі. Ғылымды - қоғамдық  өндіріс  қажеттеріне, ал  өндіріс  ғылымға  қарай
батыл  жүру  қажет. Ендеше, ғылым  мен  өндірістің  бір-бірімен  қабысуы  мен
бірігуі, ғылымның  тікелей  өндіргіш  күшіне  айналуы - қазіргі  ғылымның
ерекшелігінің бірі.
Ғылымның техникамен жəне өндіріспен байланыстыратын қажетті буын -
қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым
ашқан  жаңа  заңдар  мен  идеяларды  қоғамдық  өндірісте  қолданудың  ең  қысқа
жəне ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі жəне
қолданбалы  зерттеулер  арасындағы  байланысты  анықтау  ғылыми  жұмысты
тиімді  жоспарлау  мен  ұйымдастырудың  қажетті  шарты  болып  отыр. Ғылыми
жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар
өндірісте қолданылды.
Ғылыми білімнің өзгешелігі:
1) мұрат тұтуы;
2) ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі;
3) жүйелілігі;
4) нақтылығы;
5) жаңашылдығы;
6) тəжірибеге негізделуі.
Болашақта  білімнің  əр  түрлі  салалары  бір-біріне  тең  жəне  еркін
шығармашылық мақсатпен дамиды деген көзқарас үстемді болады.
Ғылыми  білімнің  құрылысы  ғылымның  жіктелуіне  байланысты.
Классификацияның қажетті өлшемдері:
1) жіктеу нəтижесінде ғылыми білімнің еш түрі бөлінбей қалмау керек;
2) олар бір-бірін жоққа шығару қажет;
3) бөлу негізі бəріне ортақ болу керек.
Философия тарихында танымалы ғылымның жіктелуі:
1. Г.В.Ф. Гегель еңбектерінің (1770-1831), негізінде  абсолюттік идеяның
дамуы  жатыр; логика, табиғат, рух; үш  класс  пайда  болады: а) логикалық
ғылымдар; b) табиғат  туралы  ғылымдар (механика, физика, химия, биология);
c) адам  туралы, қоғам  жəне  мəдениет  туралы  ғылымдар (антропология,
жантану, тарих, философияға өзгеше рөл жүктейді «ғылымның ғылымы»).
2. Ф. Энгельс еңбектерінің (1824-1895), негізінде материяның дамуы мен
түрлері жатыр; а) тірісіз материя туралы ғылымдар (механика, физика, химия);
b) тірі  материяның  түрлері  туралы  ғылымдар (биология); c) материяның
əлеуметтік  түрлері  туралы  ғылымдар (əлеуметтік  жəне  гуманитарлық
ғылымдар); «шекаралы» ғылымдар (физикалық  химия, биохимия); кешендік
(логика, философия).

8
3. В.И. Вернадский (1846-1945) объект  масштабының  мөлшерін
қолданды; оның классификациясында екі үлкен ғылыми топтар пайда болды: 1.
бүкіл  нақты  дүниені, ғарыш  кеңістігін  зерттейтін (физика, химия, математика,
астрономия); 2. жер  нақтылығын (биологиялық, геологиялық, географиялық,
əлеуметтік-гуманитарлық) ғылымдар зерттейді. Мысалы, осы ғылыми білімнің
классификациясы  бойынша  биология  ғылымы: - зерттеу  бағыты  бойынша
(микробиология, ботаника, зоологияға) бөлінеді; - қасиеттеріне  қарай
(морфология, молекулярлық  биология, экология, генетика) пайда  болады; -
құрылысты ұйымдастыру (анатомия, гистология, цитология т. б.) - сонда, бəрін
жатықтық, яғни ғылымдарды бір сызық, реттілік бойынша құрастырды.
4. Огюст  Конттың  классификациясы  да  танымалы  болған. Бұл
классификация  қарапайым  қозғалыстарды  зерттейтін  ғылымдардан  басталып -
механика  мен  физикадан, қозғалыстың  жоғары  түрлерін  зерттейтін
əлеуметтанумен  бекітіледі. Сөйтіп, келесі  ғылымдар  əуелгі  ғылымдардың
заңдары  мен  қағидаларын  қолданып, өздерінің  ережелерін  енгізген. ХІХ  ғ.
позитивизімге  қарсы  келесі  классификацияларын  ұсынғандар  Вильгельм
Дильтей (герменевтика) мен  Вильгельм  Виндельбанд  жəне  Генрих  Риккерт
(неокантианшылдық  мектеп). Герменевтика: Дройзен, Дильтей, Зиммель  жəне
Макс  Вебер. Дройзен  пікірінше: түсіндіру  мен  түсінудің  дихотомиясы  мəлім.
Табиғаттану  ғылымдардың  мақсаты - түсіндіру  болса, тарихтың -түсіну
(пайымдау). Осы  ойлар  Дильтеймен  жүйелі  түрге  келтірілді. Түсіну  туралы
ғылымдарды  қолданатын  рух  туралы  ғылымдар  деп  саналады. Дильтейдің
пікірінше: «Табиғатты біз түсіндіреміз, ал рухани өмірді түсінеміз».
5. В. Виндельбанд  пен  Г. Риккертің  классификациясы: табиғат  туралы
ғылымдарға қатысты натуралистік дүниеге көзқарас пен методологиясы туралы
тезиске  қарсы  шығады. Табиғаттану  мен  тарихи  ғылымдар  əр  қашанда  өз
арасында  қағидалы  қайшылықта  болу  қажет. Оның  себебі, олардың  ұғым
қалыптастыру  айырмашылығында  жатыр. Тарих  өзінің  мəліметтерін  жалпы
ұғымдық 
деңгейге 
келтірмейді. Номотетикалық - идеографиялық,
генерализациялау – индивидуалдандыру классификациясы.
Екі мағынадағы сциентизм:
- білімді тек ғылым нақты түрде береді;
- барлық  ғылымдардан «үстемді  ғылым» - физиканың  əдісіне  сүйену
қажет.
Əрине, бұл  классификацияны  біз «жұмысшы» түрінде  қабылдаймыз,
сонымен  бірге, ол  ғылымның  негізгі  типтік  айырмашылықтарына  сілтеу
жасайды, сөйтіп, эмпириялық  пен  теориялық  əдістерде  қолданылатын  пəндік
айырмашылықтар мен нақты заңдылықтарына да назар аударады.
ХІХ ғ. үшін ғылымдардың нақты жəне  толық жіктелуін жасау  талпыныс
үстемді болған. «Үлкен ғылым» ХХ ғ. пайда болды; ол бірнеше мың пəндермен
субпəндерді қамтиды; олар арасында əр түрлі өзгеріске икемделген қатынастар
да айқын. Сонымен қатар, көп техникалық, қолданбалы ғылымдар туылды.
Ғылым  философиясының  өкілдерінің  назарына  көбінесе  екі  шекті
ғылымдар түскен - физика мен тарих - бұл тарихи қалыптасқан жағдай.
Бірақта, əлеуметтік  ғылымдар  да  қызықтырады, мысалы, экономика -

9
методологиялық  тұрғыдан  ең  дамыған  ғылым. Лингвистика - гуманитарлық
ғылымдардың «кішкентай ханшайымы» деп аталады.
Жаңалық  ашу  контексті - дəлелдеу  контексті: ғылым  философиясы
ғалымдармен  жаңа  заң  мен  теорияларды  ашу  процестерді  зерттемейді, бұл
«таным психологиясының» шеңбері. Оның мақсаты - білімді дəлелдеу үрдісі.
Тікшіл  классификациясы, қазіргі  ғылымның  ұйымдастыру  түрлері
бойынша келесі 4 бөлімнен тұрады:
1. Академиялық  ғылымдар  ғылым  академиясы  орта  болған  соң;
фундаменталды  табиғи  ғылымдар (физика, химия, биология) жəне
гуманитарлық (тарих, тіл білімі, əдебиет);
2. Жоғарғы  оқу  орындарындағы  ғылымдар  орталық  жоғарғы  оқу  орын
болған  соң, ғылымдар  фундаменталды  жəне  қолданбалыға  бөлінеді; ғылыми
зерттеу институттары, ғылыми лабораториялар.
3. Қоғамдық ғылымдар, өздері қалыптасқан; ғылыми студенттік қоғамдар,
семинарлар, рационализаторлар қоғамы;
4. Соңғы кезде ғылымдардың бірігуі, интеграциясы, əмбебап ғылымдарды
қалыптастырды (мысалы, кибернетика - бағдарламаларды  өңдеу  жəне  игеру
туралы  ғылым; қалаушысы  Норберт  Винер (1894-1964) американдық  ғалым,
математик; синергетика - əлем  өзіндік  құрылысқа  дайын  жүйе; дүниенің
бейнесі  кездейсоқтық  себептермен  негізделеді; флуктуация - ауытқу, толқу;
бифуркация - екіге бөліну, осылардан  жүйенің  сапалық өзгерістері басталады;
синергетиканың  бастаушысы, физика  мен  химия  салаларында  əйгілі, атақты
ғалым, Нобель премиясының лауреаты Илья Романович Пригожин (1917-2003);
осы  ғылымдармен  тығыз  дамитын  жүйе  туралы  жалпы  теория; бастаушы
Аристотель; Платонның  жүйелерінде  айқын; қалаушысы  Людвиг  фон
Берталанфи (1901-1972); əлем жүйелі жиынтықтардан тұрады, өзі жүйе; негізгі
қасиеттері: біртұтас; құрылымдық, дискретті, бөлінеді; қоршаған  ортамен
байланысты; иерархиялық тəртіпке бағынады, субординация; өзгеше қиын, көп
жақты. Ашық жүйенің мысалы - ғылым.
Түбінде  ғылым  ортақ  жəне  біртұтас  жүйе. Ғылым  білім  жүйесі; өзгеше
қызмет; əлеуметтік  институт; өндіргіш  күш; қоғамдық  сананың  түрі. Ғылым
қызметтері: мəдени-көзқарастық; өндіргіш күш; қоғамдық күш.

10
Ғылым философиясының методологиялық негіздері
Ғылым  тарихы  мен  философиясы  ғылыми  білімнің  тарихи  дамуы,
құрылым  мен  өзгешелігі, ғылыми  танымның  жалпы  заңдылыгы  мен  ғылыми
білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейді.
Имре  Лакатос  айтқандай: «Ғылым  тарихы  ғылым  философиясынсыз
«соқыр», ал  ғылым  философиясы  ғылым  тарихынсыз «бос»»; Томас  Кунның
пікірінше, ғылым  философиясын  ғылымға  жақындату  үшін  оның  тарихына
назар аудару қажет. Осы мəселені ол үш бағыттың аясында қарастырған:
1) тарих методологиялық жалпылау мəлімет береді;
2) тарих методологияны ғылымға жақындатуға ықпал етеді;
3) тарих  методологтардың  құрылыстарына  коррекция  жасап  оларды
түзетеді.
Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болған соң
оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1) алғашқы қоғамның ғылымы;
2) антика ғылымы;
3) орта ғасыр ғылымы;
4) жаңа заман ғылымы (классикалық);
5) қазіргі ғылым (постклассикалық).
АҢЫЗ, МИФ
  –  (грек.)  -  əлемнің,  құдайлардың,  батырлардың
пайда  болуы  жайлы  ежелгі  халықтардың  ертегілері.  Мифология  –
аңыздар жинағы.
ФИЛОСОФИЯ
– (грек.) - əлемге жəне əлемдегі адамның орнына
деген көзқарастардың жалпылама жүйесін қалыптастырады.
ДІН
–  (лат.)  –  табиғилықтан  жоғары  тұрған  күштерге  –  құдайларға,
рухтарға, періштелерге жəне т.б. сену.
КӨЗҚАРАСТАР ТҮРЛЕРІ
ҒЫЛЫМИ  КӨЗҚАРАС
 – ғылымға  негізделген  қоршаған
ортаға қатысты теориялық көзқарастар.

11
Ғылымның  тарихы  мен  философиясы  тығыз  байланысты. Ғылым
философиясының  тарихын  өзгертетін  əлеуметтік-мəдени  астарын  да
қарастырады  жəне  олардың  тарихи  дамуында  алынған  ғылыми  білімдерді,
өндіргіш  қызмет  ретінде  заңдылықтарды  жəне  ғылыми  танымның
тенденцияларын таныстырады.
Екі  мықты  ағым - ғылым  тарихы  мен  философиясы - біртұтас  жəне
бөлінбес. Олар дамудың ұзақ əрі күрделі жолынан өтті.
Ғылымның дамуы туралы негізгі концепциялар екі бағытқа əкелді:
Экстернализм - бұл  тарихи-ғылыми  ағым  бойынша  ғылымның  дамуына
сыртқы 
əлеуметтік-экономикалық 
факторлармен 
жəне 
əскери 
істің
қажеттіліктері себеп болды. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби,
Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни,
ғылымға əсер ететін - қоғамның сұранысы.
Интернализм - бұл  тарихи-ғылыми  ағым  бойынша  ғылымның  дамуы
ғылыми  идеялардың  өзіндік  заңдылығымен  негізделген  тарих. Өкілдері:
А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер  т.б. Өзінің
нəтижелеріне  қарамай, интерналистер ғылымның  нəтижелері  нақты  ғалымның
іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады.
Ғылым  тарихының  қазіргі  кезеңінде  бұл  ағымдардың  мағыналық
қайшылығы актуалды емес.
Ғылым  философиясын  философияның  бағыты  жəне  философияның  пəні
ретінде түсіну қажет.
Философиялық ғылымның өзара əрекеті, ғылымтану жəне ғылыми өлшем
(наукометрия) салаларымен салыстыра түсінеміз.
Батыс  өркениетінде  ХVІІ  ғ. бастап  ғылым үстемді  ролді  атқара  бастады.
Басқа  əлемдер  үшін  қазіргі  ғылым  əлі  де  кеш  пайда  болған  феномен. Қазіргі
ғылым христиандықтан бастап бəрін «жоққа» шығара бастады. Сөйтіп, Еуропа
өркениетінің болашағын өзгертті.
Ғылым  философиясы - ғылыми-танымдық  қызметінің  қасиеттерін
зерттейтін  философиялық  пəн; сонымен  катар, ғылым  феноменіне  қатысты
философиялық ілімдердің жартысын қамтиды.
Пəні: ғылым  философиясы  келесі  сұрақтарға  жауап  беруге  бағытталған:
ғылыми білім дегеніміз не? Оның ұйымдастыру мен қызмет атқару принциптері
қандай? Ғылым қандай əдістерді қолданады? Білім қалай дамиды? Ғылым мен
ғылым  еместің  айырмашылығы  неде? Философия, діндік  сана, жалпы
əлеуметтік-мəдени  тұрғыда  ғылыммен  қандай  өзара  байланыс  түрлері
қалыптасады?
Өзгеше  философиялық  пəн  ретінде  ғылым  философиясы  ХІХ  ғ. бастап
қалыптасты, философияның  қосымша  ілімі  ретінде  одан  əрі  дамыған. Ғылым
философиясының қалыптасу себептері:
1. Институционалдық  революция - профессияландыру (қызметтендіру).
Франциядағы  политехникалық  мектептердің  пайда  болуы. Германиядағы
университет реформалары. Билік табиғаттану ғылымдарында болған соң.
2. Əлеуметтік  жəне  гуманитарлық  ғылымдар  ғылыми  пəндер  түрінде
қалыптасты: саяси  экономика, əлеуметтану, тарих, жантану. Əдістердің

12
өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.
3. Қоғам өмірінде ғылымның маңыздылығы үстемді болды.
Ғылым  философиясы  ХІХ  ғ. – ХХ  ғ. Бірінші  позитивизм: Огюст  Конт,
Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер.
Огюст  Конт (1798-1857 жж.) өзінің «Жағымды  философия  курсы» атты
шығармасында қазіргі ғылым философиясының қалыптасуына ықпал ететін аса
күрделі  идеяларды  ұсынған. Мысалы, үш  кезең  туралы  заң. Оны  Конт  келесі
түрде анықтайды: «Біздің əр идеямыз, білімнің əр салдары бірізгілікті үш түрлі
теориялық  кезеңнен  өтеді: теологиялық  немесе  фиктивті (жалған),
метафизикалық немесе абстракциялық, ғылыми немесе жағымды». Осы заңмен
негізделіп  Конт  келесі  тұжырымды  жариялайды: спекулятивті  метафизикалық
философияның  уақыты  өтті, енді  жағымды  философия  ғылыми  философияга
айналуы  қажет, яғни  ғылым  философиясына. Оның  рөлі  екі  мақсатқа
жинақталады: біріншісі - нақты  ғылымдардың  күрделі нəтижелерін синтездеу;
екіншісі - ғылыми танымның əдістерін дамыту.
Позитивизм  сонша  кең  танылды, оның  негізінде  ғылым  философиясы
өзгеше  философиялық  пəн  ретінде  дамиды. Осыған  үлес  қосқан  ағылшын
философы-позитивист, «Логика  жүйесі» атты  əдіс  мəселесіне  арналған
шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль :
- табиғаттанудағы индуктивті əдістер;
- əлеуметтік (моральдық) ғылымдардағы (əсіресе  саяси  экономия)
гипотетикалық-дедуктивтік əдістер;
- позитивизмнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған;
- методологиялық  монизм, немесе  ғылыми  зерттеу  аймақтарының
айырмашылығына қарамай ғылыми əдістердің ортақтығы туралы идея;
- нақты  табиғаттану  ғылымдары, əсіресе  физика, методологиялық
стандарттың үлгісі (сциентизм);
- метафизика - ескірген ойлау типі болған соң, одан «жағымды ғылымды»
тазарту қажет;
- ғылыми  түсініктемелер - ол  нақты  дара  фактілерді  жалпы  заңдарға
келтіру.
ХІХ  ғ. аяғында  позитивизмнің  екінші  түрі  пайда  болды, оны  махизм
немесе  эмпириокритицизм  деп  атайды (Эрнст  Мах, Рихард  Авенариус, Пьер
Дюгем, Анри  Пуанкаре) конвенциализмнің  қалаушысы. Оның  негізгі  себебі -
физикадағы  метологиялық  дағдарыс. Дағдарысқа  əкелген  оқиғаларды  келесі
жаналықтар  құрайды: электронның  ашылуы, радиактивтік  құбылыстардың
ашылуы  т.б., түбінде  олар  материя  құрылысы  туралы  ескі  көзқарасты  бұзды,
кейбір ғалымдар материализімнен бет бұрды.
«Екінші  позитивизм» махизм  мен  эмпириокритицизмді  біріктіреді.
Махизмнің  салушысы  австриялық  физик, философ  Эрнст  Мах, ал
эмпириокритицизмді  салған - швейцарлық  философ  Рихард  Авенариус.
Атаулары  ұқсас  болғандықтан  оларды  махизм  немесе  эмпириокритицизм  деп
атайды. Махизм  нақты  түрде  материализм  көзқарасын  жоққа  шығарып,
Берклидің субъективтік идеализмін жақтайды.
Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип - «ойлау экономиясы» деп

13
аталады. Осындай қағиданы Авенариус «үнемді күш жұмсау» деп ұсынған. Осы
екі  қағидалардың  мағынасы - «экономды», «үнемдеп  күш  жұмсау» ойлау
дегеніміз, құбылысты түсіндіру емес, жəй сипаттау.
Сөйтіп, махизм  үшін  субъективтік  идеализм  лайық. В.И. Ленин
«Материализм жəне эмпириокритицизм» атты шығармасында осыларды сынға
келтірді.
Неопозитивизм - ол  позитивизмнің  қазіргі  түрі  болып  табылады.
Еуропада ХХ ғ. 20-шы ж. қалыптасты.
Неопозитивизмде  позитивизмнің  алғашқы  принциптерін  қолдайды
(философияны  терістеу). Неопозитивизм  өзінің  дамуында  бірнеше  кезеңнен
өтті. Логикалық позитивизм - оның тарихи алғашқы түрі (басқа түрлері осының
модификациясы). Логикалық  позитивизмнің  негіздері  екі  танымал  философ,
логиктардың  шығармаларында  қалыптасқан: ағылшын  философ, математик,
логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг  Витгеншейннің
«Логикалық-философиялық трактаты» (1921 ж.).
Неопозитивизмнің 
келесі 
кезеңі 
логиктерден, математиктерден,
əлеуметтанушылардан  тұратын  Вена  ұжымының (1923 ж.) қызметімен
байланысты. Оның  меңгерушісі  Мориц  Шлик (австриялық  философ, физик),
өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі (Н. Тарский,
К. Айдукевич).
Философияның пəні болуына тек қана тіл мүмкін, себебі, ғылыми тіл - ол
білімді жеткізу түрі, тəсілі.
Логикалық  позитивизмнің  өзгешелігі  оның  қазіргі  формалды  логиканы
əдіс ретінде ұсынуы. «Логика философияның мəні» деп Рассел жазған. Карнап
«Философия - ол логика» дейді. Адамдармен  айтылатын  пікірлерді логикалық
позитивистер екі бір-бірін терістейтін түрге бөледі: 1. мағыналы пікірлер, яғни,
логикалық  жетілген  тілмен  көрсетіледі; 2. мағынасыз  пікірлер, яғни, логика
заңдарын  бұзған. Дəстүрлі  түрде  метафизикалық, философиялық  пікірлерді
логикалық  позитивистер  мағынасыз  түрге  жатқызады. Мағыналы  пікірлерді
олар  екі  түрге  бөледі: 1. аналитикалық, тавтологиялық, яғни, бағдарлама
жарияламайды (логика  мен  математиканың  пікірлері); 2. синтетикалық,
тəжірибе ғылымдардың нəтижесін қамтиды.
Осы  пікірлердің  ақиқат  деңгейі  екі  тəсіл  арқылы  шешілуі  мүмкін: 1.
фактілерге  бет  бұрмай, тілдік  түрін  логикалық  талдау (анализ) арқылы; 2.
тікелей əлде айналмалы түрде сезім тəжірибемен салыстыра отырып.
Верификация  процедурасы  арқылы  тек  синтетикалық  пікірлердің
ақиқатқа  лайықтығы  шешілуі  қажет. Пікірдің  верификациясы (оның  шындық,
ақиқат  екендігін  тексеру) дегеніміз, ол  бақылаудың  нəтижесінде  пайда  болған
пікірлерді (хаттамалық ұсыныстарды) сараптап, соңғы пікірді шығару.
Сөйтіп, тəжірибе  ғылымдардың  мағыналы  ережелерін  синтетикалық
пікірлер  класына  айналдыру  үшін  екі  рұқсат  еңгізу  қажет: 1. білімнің  негізгі
деңгейі  бар - көптүрлі  хаттамалық  сөйлемдер; 2. ғылыми  анықтамалар
арасындағы қатынас формалды-логикалық түрмен шектеледі.
Неопозитивистермен  бүкіл  ғылыми  ережелерді  синтетикалық  пікірлер
класына айналдыру жолы - түбінде О. Конттың заңының анықтамасы болады -

14
«елесті  бақылауға  бағындыру» заңы. Бірақ, Конт  осы  формуланы  əлі  дұрыс
анықтай  алмаған  соң, неопозитивстер  келесі  пікірді  ұсынды, дүние  туралы
жағымды  білім - пікір  арқылы  жарияланған, мағынасы  хаттамалық  бақылауға
сай білім.
Неопозитивистердің  айтуынша, философия - ол: 1. нақты  теория; 2.
қызмет түрі. ХХ ғ. 40-шы ж. неопозитивизм талдау философиясы деп аталады.
Осы  философияның  пəні - мағыналарын  анықтауға  арналған  нақты
ғылымдардың  ережелерін  талдау  қызметі. Философтың  мақсаты - нақты
логикалық  техника  арқылы  нақты  ғылымдардың  ережелерінен  сезім
ұсыныстармен салыстырылатын сөйлемдерге көшу.
Позитивті  философиясының  əдісі - формалды  логика. Логикалық
позитивизімнің  пікірінше  білім  мен  таным  аспектілерін  біріктірудің  ғылыми
маңыздылығы жоқ жағдай. Таным процесті тек психологияда қарастыру қажет,
ал  позитивті  философия  нақты  ғылымдардың анықтамалары  мен  сөйлемдерін,
таным  нəтижелерін  талдайды. Бірақ, содан  кейін, неопозитивистер  ғылыми
білімнің  басқа  моделін  ұсынады: 1. ғылыми  тұжырымдар  түбінде  болжаулар
болған  соң, оларды  ұсыну - психологиялық  үрдіс; 2. теория  тандау, қабылдау
процесі тек фактілермен салыстыра жүргізілетін логикалық жол.
Редукционистік  модельдің  орынына  неопозитивистер  гипотетико-
дедуктивтік  модельді  ұсынған  болады. Ол  постпозитистермен  өздерінің
ғылыми  таным  тұжырымдамасында  қолданылған. 50-60-шы  жж. философ-
аналитиктің  мақсатын  ғылымға  логикалық  талдау  беру  емес, табиғи  нақты
сөйлеу  тілді  талдау  деп  түсінген. Басқаша  бұл  ағым  қарапайым  тіл
философиясы  деп  аталған, себебі, оның  талдау  пəні  қазіргі  күнделікті  тіл
болады.
Логикалық  позитивизм  ғылым  философиясы  деп  аталады, философияда
сциентизм жолын қалыптастырады.
Ал, лингвистикалық  позитивистер  ғылыми  білімнің үстемділігіне  қарсы,
дүниеге  қатысты «табиғи» қарым-қатынасты  ұстанады, ол  қарапайым  тілде
көрсетілген деп, философияда антисциентизм жолын ұстанады.
Неопозитивизм  өкілдері  қазіргі  формалды  логиканы, семиотиканы,
ғылым логикасын мен ғылым философиясын дамытуға үлес қосты.
Қорыта  айтқанда, ғылым  философиясының  бейнесін  құра  отырып, не
туралы  сөз  болып  жатқанын  анықтау  керек; оны  батыста  жеке  философия
бағытының  пəні  ретінде, логика  мен  методология, мəдениет  саласындагы
тұрмыстың ойлау əрекеті ретінде қалыптасқан ғылым деп санайды. Бұл жас пəн
ХХ ғ. екінші жартысында пайда болган. Оның пəні - ғылыми танымның ерекше
əрекетінің 
заңдылықтары. Ғалымдардың 
айтуынша: аналитикалық
эпистемология ғылым философиясы болып табылады.
Ричард  Рорти «Мен  ойлаймын, аналитикалық  философия  атымен
байланысты небір əлеуметтік жəне стилистік белгілер бар. Пəн ретінде, ғылым
философиясы көптеген философиялық дүниетанымға, тұжырымдамаларға жəне
теорияларға  ықпал  етті. Оның  негізгі  мақсаты - интегративті  талдау  мен
синтетикалық келістерде кең спектрлі жаңа философия ғылымына жақындату».
Мысалы  конвенциялар (ортақ  келісім) шектелмейтін  элемент  ретінде, Анри

15
Пуанкаренің қолжазбасында конвенциализмнің бастауы деп саналады.
Ғылым  философиясы  тарихи  əлеуметтік-мəдени  мəртебеге  ие  болып,
шындық  пен  əлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдарды  зерттеуіне  бейімделген.
Ғылым  философиясы «алгоритм  ашылуын» іздестірген, ғылыми  білімнің
динамикасының  дамуын  қарастырады. Ғылым  философиясына  жақын
ғылымтану  жəне  ғылыми  өлшем  аумағымен  тығыз  байланысты, ғылыми
зерттеулерге ықпал етті.
Ғылым 
мен 
ақпараттың 
массивтерінің 
динамикалық 
зерттеу
статистикасының аймағы «ғылыми өлшем» деп аталады.
Карл Поппер бойынша, философиялық білімнің орталық мəселесі теория
мен  сенімдік  негіздерін  бағалау; ғылыми  білімнің  мəселерінің  көбеюі, өсуі
деген.
Ғылым философиясының барлық проблемасын үш түрге бөлуге болады:
1) философиядан ғылымға өтетін философиялық ғылымның өзгешелігі;
2) ғылымның ішкі орбитасында пайда болатын мəселелер;
3) философиялық  ғылымдардың  өзара  əрекетінің  нəтижесінде  пайда
болатын  мəселелер: ол  Галилей-Ньютонның  ХІХ-ХХ  ғғ. зерттеулері  бола
алады.
Ғылым философиясының табиғатының типология:
1) онтологиялық (А. Уайтхед) - талдау мен ғылыми білімдерді жалпылауы
дүниенің  жалпы  ғылыми  бейнесі  мен  универсумның  тұтас  бейнесін  шығару
үшін  ықпал  етеді; методологиялық (К. Поппер) - ғылыми  зерттеулердің  көп
түрлі  процедураларын  қарастыру: дəлел, идеалдандыру, фальсификация,
білімнің мазмұндық негіздерін талдау;
2) неокантшылдық ғылым философиясы (тарихи тұрғыда);
3) неореализмнің ғылым философиясы;
4) сциентистік  ғылым  философиясының  нұсқауы - ХХ  ғ. мəдениетінде
ғылымның  статусын  өзгеше  анықтайды; ғылым  мен  метафизиканың
демаркациясын  өткізу; сапалы  тұрғыдан  əр  түрлі  теориялық  құрылыстарды
ортақ эмпириялық негізге келтіру;
5) антисциентистік  бағыт, ғылымды  оған  сай  емес  ұстанымдар  мен
мəліметтерден тазарту (К. Хюбнер, Т. Роззак, П. Фейерабенд аттарымен тығыз
байланысты); олардың пікірінше ғылыми жəне ғылыми емес білімдер тең, басқа
қоғамдық сананы баспау керек, жаттық ойлау мен догматиканың мəліметі;
6) кейбір  зерттеушілер  ғылым  философиясын  ғылым  əдістері  мен  оның
нəтижелерімен  енгізіледі  деп (Р. Карнап, М. Бунге); оны  табиғаттану  мен
гуманитарлық  білімдер  аралығында  жатыр  дейді (Ф. Франк); ғылыми білімнің
методологиялық талдауын оның мақсаты деп санайды (И. Лакатос); философия
ғылыми 
идеологиялық 
спекуляцияға 
беріліп 
зиян 
əкеледі 
деген
(П. Фейерабенд);
7) Дж. Лоузи  ғылым  философиясының  типологиясын  былай  жеткізген:
ғылым  философиясы  ғылымға  сүйенетін, негізделетін  дүниетаным  болып
табылады; ол  ғылыми  ойлау  мен  əрекетпен  тығыз  байланысты, түсінік
экспликациясы  жəне  ғылым  теориясын  болжау; ғылым  философиясы -
əдіснамалық  ғылым. Осы  типология  қатысты, ғылым  философиясын  əр  түрлі

16
ғылымның даму модельдерін зерттеу жəне салыстыру аймағы деп түсіну.
Егер  ғылым  философиясы  мəселелерін  бөлшектеген  болсақ, оның  ХХ  ғ.
бірінші жартысында қамтылған мəселелері:
1) əлемнің тұтас ғылыми бейнесін құрау;
2) детерминизм мен себептердің зерттеулердің өзара əрекеті;
3) динамикалық жəне статистикалық заңдылықты зерттеу.
ХХ  ғ. екінші  жартысында  ғылымның  эмпирикалық  мəселесімен
зерделеген.
ХХ  ғ. аяғы, ғылыми  рационалдылық  түсінігі  кеңейеді. «Дəстүрлі  ғылым
философиясының өлімі» өмірдің өлшемдерінде көрінеді. Яғни, əрбір ғылымның
өлімі  бар. Ф. Бэконмен  тараған  эмпиризм, Р. Декартпен  тараған  рационализм
тұжырымдамалары  ХХ  жүзжылдықта  ғылым  философиясының «өліміне»
əкеліп  тіреді. Осында  сұрақ  туындайды: келешекте  əрі  кеткен  ғылым
философиясының орнына не келеді?
Жаңа  ғылым  философиясы  гуманитарлық  білім, өркениет, этикалық
қатынас, саясат  түрінде  сипатталады. Ғылымға  деген  қызығушылықтың  өзі,
ғылым мен білімнің өсуіне итермелейді.
Қорыта  келгенде, ғылым  тарихы  тек  философиялық  тұжырымдарға
эмприкалық  негіз  болып  қана  қоймайды  сонымен  қатар, өзінің  ары  қарай
дамуына  анағұрлым  тиімді  жолды  таңдап  алады. Ғылым  философиясы
эвристикалық  мүмкіншілігін  білім  дамуындағы  белгілі  бір  гипотезалар  мен
жобаларды  жасауға, бастауға, ғылым  дамуының  жаңа  бағыттарын  алдын  ала
айтуға, оның нəтижелерін интерпретациялауға тиіс.
Ал, ғылым тарихының рөлі мен маңызына келер болсақ, келесі мəселерді
бөліп  қарастыруға  болады. Біріншіден, əр  түрлі  табиғи  салалармен  əлеуметтік
əлемдегі  ізденулерді  ынталандырады; екіншіден, білім  дамуының  кең  көлемді
ауқымына  ие; үшіншіден, білімге  қол  жеткізу  жолдары, əр  түрлі  объектілерді
игеру  формалары  мен  тəсілдері  туралы  ақпаратты  шоғырландырады;
төртіншіден, зерттеушілердің  назарын  болашағы  жоқ, тығырыққа  тірелер
жағдайларға  аудара  отырып, ғылым  адасулар  мен  қателіктерге  алып  келетін
ойлар мен гипотезалардың пайда болу мүмкіндігінен сақтандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
ауданы кіміні
конкурс туралы
Мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
мелетке толма
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...