Д-3, д-о-3 санаттары үшін



жүктеу 179.96 Kb.
Дата31.01.2017
өлшемі179.96 Kb.
«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға облыс әкімі аппараты мен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Д-3, Д-О-3 санаттары үшін: Жоғары білім.  

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


Д-О-4 санаты үшін: Жоғары білім.  

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;*

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-3

123 257

166 564

D-О-3

109 932

148 242

D-О-4

83 282

112 431










Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 160023, Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, Астана даңғылы, ӘІО ғимараты «В» корпусы, 302 бөлме. Анықтама үшін сымтетік: 24-71-72, 24-71-74, эл. почта a.shoketaeva@ontustik.gov.kz
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Облыстың әлеуметтік саласын дамуының басымды мақсаттарына қол жеткізу барысына мониторинг жүргізу. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру және дамуына ықпал ету. Жетекшілік ететін салалар бойынша даму бағдарламаларының іске асырылуына жинақ, бақылау және талдау жүргізуді қамтамасыз ету, сонымен қатар бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды енгізеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан реформаларды жүзеге асыру бойынша негізгі шаралардың орындалуына талдауды жүзеге асырады, сонымен қатар осы салаларды оңтайландыру бойынша шараларды әзірлеп, олардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік органдардан статистикалық ақпараттарды алдырады және жинақтайды. Жетекшілік ететін салалардың жағдайы туралы аналитикалық ақпарат әзірлейді. Жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстарды (нұсқауларды) енгізеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді шешу немесе зерттеу комиссияларына және жұмысшы топтарға қатысады. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, атқарушы және аумақтық органдармен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара қарым-қатынас жасайды. Облыс әкімдігінің отырысына, облыс әкімінің мәжілістеріне, сонымен қатар аудан, қала әкімдерінің қатысуымен өтетін түрлі деңгейдегі мәжілістерге жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдарды дайындайды. Облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының, аппарат басшысының орынбасарларының тапсырмаларының және ақпараттық-анықтамалық материалдардың сапалы, мерзімінде орындалу нәтижелеріне жауапты болады. Бөлім басшысының тапсырмаларын және жүктелген міндеттерді, сонымен қатар, бөлімнің қызметіне жататын функционалдық міндеттерді атқарады. Басшылармен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина).
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Облыстың құрылыс, сәулет, қала құрылысы, энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларының дамуының басымды мақсаттарына қол жеткізу барысына мониторинг жүргізу. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру және дамуына ықпал ету. Жетекшілік ететін салалар бойынша даму бағдарламаларының іске асырылуына жинақ, бақылау және талдау жүргізуді қамтамасыз ету, сонымен қатар бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды енгізеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан реформаларды жүзеге асыру бойынша негізгі шаралардың орындалуына талдау жүзеге асырады, сонымен қатар осы салаларды оңтайландыру бойынша шараларды әзірлеп, олардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік органдардан статистикалық ақпараттарды алдырады және жинақтайды. Жетекшілік ететін салалардың жағдайы туралы аналитикалық ақпарат әзірлейді. Жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстарды (нұсқауларды) енгізеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша өзекті мәселелерді шешу немесе зерттеу комиссияларына және жұмысшы топтарға қатысады. Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, атқарушы және аумақтық органдармен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара қарым-қатынас жасайды. Облыс әкімдігінің отырысына, облыс әкімінің мәжілістеріне, сонымен қатар аудан, қала әкімдерінің қатысуымен өтетін түрлі деңгейдегі мәжілістерге жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдарды дайындайды. Облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының, аппарат басшысының орынбасарларының тапсырмаларының және ақпараттық-анықтамалық материалдардың сапалы, мерзімінде орындалу нәтижелеріне жауапты болады. Бөлім басшысының тапсырмаларын және жүктелген міндеттерді, сонымен қатар, бөлімнің қызметіне жататын функционалдық міндеттерді атқарады. Басшылармен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. Бөлімнің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды енгізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық ғылымдар және технологиялар.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты ақпараттық жүйелердің заңнамамен белгіленген талаптарды сақтауына жергілікті жерлерде мониторинг жасайды. Мониторинг нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсер ететін, мемлекеттік органдардың имиджіне нұқсан келтіретін кез келген жағдайды болдырмау мақсатында және ақпараттық технологиялар бойынша кемшіліктердің орын алуының алдын алу жөнінде немесе тиісті шаралар қабылдау жөнінде уәкілетті лауазымды тұлғаға ұсыныстар дайындайды. Атқарылған жұмыстардың барысында анықталған заңнамалық нормалардағы туындаған мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстардың әзірленуін жүзеге асырады. Бөлімнің жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар ендіреді. Өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді. Бөлімнің құзіретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық, экономика, техникалық ғылымдар және технологиялар, информатика, мемлекеттік және жергілікті басқару.
4. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету. Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған семинарлар, конференциялар, тұрғындармен кездесулер, сонымен қатар өзге де іс-шараларды өткізу және олар бойынша материалдар әзірлеу. Этносаралық қатынастар саласындағы ахуал, оған мониторинг жасау, талдау, қорытындылау және оны нығайту перспективалары туралы ақпарат жинақтау. Келесі этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіру және оларға әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету: өзбек этномәдени бірлестігі; грузин этномәдени бірлестігі; грек этномәдени бірлестігі; күрд этномәдени бірлестігі; кәріс этномәдени бірлестігі.Өз құзыреті шегінде келесі аудандық әкімдіктермен өзара әрекет етуді қамтамасыз ету: Мақтарал ауданы; Сарыағаш ауданы; Ордабасы ауданы; Төлеби ауданы;

Келесі облыстық ассамблея жанындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру: «Ел бірлігі» депутаттық топ; «Медиация» кабинетінің жұмысын үйлестіру, этносаралық қатынастар саласында келіспеушіліктер мен жанжалдарды реттеу, даулы жағдайға жол бермеу жөнінде нақты шараларды іске асыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдауды және оларды шешуге қатысуды қамтамасыз ету бойынша қарым-қатынас жасау. Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің аппаратына жоғары органдардан келіп түскен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету және олардың орындалуы туралы ақпарат әзірлеп ұсыну. Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің аппаратына жоғары органдардан «Құпия», «ҚБПҮ» грифімен келіп түскен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету және олардың орындалуы туралы ақпарат әзірлеп ұсыну. Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында облыстық басқармалармен өзара әрекет ету. Өз құзыреті шегінде этносаралық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін үйлестіру. Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары.

5. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты жалпы бөлімнің басшысы, Д-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және құжаттаманы жүргізу мәселелерінде алға қойылған міндеттердің орындалуына жауапты болады, құжаттарды дайындау мен оларға қол қоюдың, азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен өтініштерін қараудың белгіленген тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысын ұйымдастырады, оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, бөлімнің жұмыс жоспарын қарайды және бекітеді. Бөлім қызметкерлерін іріктеуді, орналастыруды және оқытуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, қала және аудан әкімдеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге дер кезінде жеткізілуіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Облыс әкімі аппаратының барлық құрылымдық бөлімшелерінде іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуына бақылау жасайды. Белгіленген мерзім ішінде облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтары жинағының, басқа да құжаттардың ресімделуін, есепке алынуын және қолданыстағы ережелерге сәйкес олардың мемлекеттік сақтауға тапсырылуын қамтамасыз етеді. Азаматтардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарау және шешу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Облыс әкімі аппараты басшылығына құжаттарды және келіп түскен құжаттардың, сондай-ақ басқа да құжаттардың орындалуын бақылауға алу жөніндегі жұмысты әрі қарай жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді. Облыс әкімі аппараты істерінің жиынтық номенклатурасын бекітуге ұсынады. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, кітапхана ісі.
6. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты жалпы бөлімнің бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімінің сақталуына бақылау жасау. Облыс әкімі, орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға алдын-ала жазылуын, қабылдауын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді /арнайы бекітілген кестеге сәйкес/. Облыс әкімі аппаратында, оның құрылымдық бөлімшелерінде, қала және аудан әкімдері аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жөніндегі жұмыстың уақытылы ұйымдастырылуына талдау жасайды. Белгіленген тәртіптің бұзылғандығы анықталған жағдайда кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау жөнінде жазбаша ұсыныстар енгізеді. Жоғары органдар үшін облыс әкімі аппаратындағы азаматтарды қабылдау жөніндегі жұмыс туралы ақпарат дайындайды. Бөлім қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, кітапхана ісі.

7. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты,1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қызметтік құжаттарды, жоғары тұратын ұйымдардың тапсырмалары мен өкімдерінің орындау (ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің Қаулылары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары, жергілікті атқарушы органдарының, облыс әкімдігінің шешімдері, денсаулық сақтау басқармасының хаттамалары мен алқа қаулылары). Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының облыс бойынша орындалуына мониторинг, талдау және болжау жүргізу. Бағдарлама бойынша берілетін есептерді дайындау. Облыста «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін іске асыру, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді бақылау. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №437 «Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» Қаулысының денсаулық сақтау саласы бойынша мониторинг, талдау және болжау жүргізу. «Даму» бағдарламасының денсаулық сақтау саласы бойынша мақсаты мен индикаторларына қол жеткізуді бақылау;

Денсаулық сақтау саласы бойынша ОҚО әкімдігі мен ҚР ДСӘДМ арасында және ОҚО денсаулық сақтау басқармасы мен басқармаға қарасты медициналық ұйымдары арасында меморандум түзілуіне қатысу, меморандумның негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді қадағалау. Облыстың медицина мамандарының қайта даярлауға, біліктілігін жоғарылатуға арналған оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, соның ішінде: медицина ұйымдарының оқыту бойынша қажеттілігіне талдау жүргізу, оқыту жоспарын дайындау және жоспарға сәйкес оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Ұйымдастырылған оқытудың сапасын тұрақты түрде қадағалау. Облыстың денсаулық сақтау жүйесі бойынша Республикалық және жергілікті баспасөз ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізуді мониторингілеу, қадағалау.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: медициналық білім.
8. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы әкімшілік-құқықтық және құжаттандыру жөніндегі жұмыс бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері. Басқармада кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Басқарманың кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету. Аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу. Мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік, құқықтану, мемлекеттік және жергіліктік басқару, экономика, саясаттану, менеджмент, орыс тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша.
9. Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы заң қызметі бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау. Құқықтық анализ және басқармада өңделетін құжаттардың жобаларын келісу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізу. Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарында және басқа да мекемелерде басқарманың құқықтық қатынастарын жүргізу. Басқарманың бұйрықтары және басқа да ұйымдастырушылық – басқарушылық құжаттарының құқықтық негізін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтану.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар – оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде өтеді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет