Бұрын «Алашорданың» құрамында болған және ұлтшыл контреволюциялық ұйымға кiрген, сонымен қатар олармен байланысы бар ұлтшылдардың үстiнен қозғалған №2370 – iстің «Тарихи анықтамасы» бойынша

Loading...


жүктеу 0.76 Mb.
бет4/4
Дата22.01.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4

«Бiз, ұйым мүшелерi, байлардың жер аударылуына және олардың мал – мүлкiнiң тәркiленуiне қарсы шара қолданып, оларға алдын – ала ескертiп отырдық, сөйтiп науқанның жүргiзiлуiне бөгет жасадық. Соның iшiнде, менiң өзiм бiреулер арқылы Тұрысбековтерге, Тәңiрбергеновтерге және Есенқұлға және басқаларға, сонымен қатар Лепсi уезiндегi өзiм шыққан «найман» руының байларына хабар бердiм. (Тынышбаевтiң жауабынан, № 2370 – iс, 1., 125 – парақ және Х. Досмұхамедовтiң жауабынан, 207 – парақ)».

Мемлекеттiк жазалау құрылымының барлық күшiн сарқа жұмылдырып, бес жыл бойы жанталастырғандағы айыптау қорытындысының ұсқыны осындай. ‡кiмет басында кiлең жартылай сауатты адамдар отырғандықтанда, ең болмаса, қисытырып, баптардың басын иiп, жалған да болсын «дұрыстап» айып таға алатындай тергеушiлердiң табылмауы заңды да. «Қайран Ресей! Адамды бақытты қылу қолыңнан келмегенi айып емес, тым құрыса дұрыстап өлтiрудi де үйiренбедң – ау!» деген сөз осындайдан барып шықса керек, Мемлекет те, сот та жазалау саясатының басты құралы ретiнде орыстың балтасын пайдаланды. Ал, шовинистер мен отарлаушының, оның iшiнде можантопай мұжық пен «елiрме сiңбелердiң», сауатсыз да сарымес жендеттiң қолындағы балта – iндеттен де қауiптi. Егерде сол «балта» мұқым мемлекеттiң жазалау құралына айналса, онда сол мемлекеттiң даму жолы адамдардың бас сүйегiнен төселген баспалдақтардан тұрады деген сөз. Кеңес өкiметi дәл осы жолды таңдап алды. Мұндай дүлей күшке таза ақыл мен парсатты қарсы қойып күресу мүмкiн емес едi. Дар ағашына баспақтап бара жатқан адамның жанталасы мен жанжүйесiн түсiну қиын. Қанша батыр, ержүрек болса да төнiп келе жатқан ажалдан сескенбеуi, тiтiркенбеуi, түршiкпеуi мүмкiн емес. Дегенменде, «Алаш iсiндегi» қайраткерлердiң екi –үш елеусiз айыпкерлерден басқасы ешкiмдi сатпаған. Тек әр түрлi айла – амал қолданған. Мысалы, Мұхтар Әуезов түгiн сыртына салып:

«Бiздiң аймақтың барлық қоғамдық шаруашылық қалпын капиталшылдың жолынан социализм жолына аударып, бұрып салу үшiн ол шаралардың қажет екенiн есептемедiм. Жекелеп айтқанда байлар мен ру басыларын конфискелеудiң қажеттiлiгiн iштей қабылдамадым, үкiметтiң колхоз, совхоз құрылысының тұсында iстеген берiк ұлы шараларына да басында сенiмсiздiкпен қарап, қарсы болдым», - деп «кiнәсiн» мойынына алды.

Кемтар мен кеще, аяр мен ақымақ, мешеу мен мещан, қызғаншақ пен қорқақ, сараң мен сауатсыз кекшiл келедi. Кеңес өкiметiнiң үкiмет мүшелерiнiң бәрiнiң бойында осындай кiнәраттар мен кiлтипандар бар болатын. Тiптi бүкiл мемлекеттiк құрылымның өзi сол кек пен кекшiлдiкке құрылып, өздерiнiң қастаншықпағыр пиғылын бүркемелеу үшiн «езiлген таптың күресi» деген сылтауды ойлап тапты. Әуелi өмiрге кеткен есесi мен өкпесiн Ресейден қайырып, ендi төрткүл дүниенiң астан –кестеңiн шығарды. Аш адамның ашкөздiгiнен обыр ештеңе жоқ. Билiк пен байлық қолына көшкен кезде олар ұлттың игiлiгiн бiр – бiрiнен қызғанып, өзара қырықпышақ болып, бiрiн –бiрi арандатты. «Алаш iсi» де сондай «қанды науқанның» қарсаңындағы соңғы дайындық болатын. Ал, олардың ең осал – жалған идеология едi. Өздерiн де, өзгелердi де сол жасанды даурықпаға сендiрiп бақты. Сондай сәтте «алашорданың екi көсемiнiң өзiнiң ұлтшыл – буржуазияшыл көзқарасынан бас тартып, өткендегi қателiктерiн кеңес өкiметi мен еңбекшiлерiнiң алдында ашық мойындауы» оларға таптырмайтын саяси – идеологиялық құрал едi. Соны желеу ете отырып тобырдың санасын тұмандандырды, екiншiден, тұлғаларды үнемi үреймен өмiр сүруге мәжбүр еттi. Мұны қазақтың ардагер азаматтары Мұхамеджан Тынышбаев пен Халел Досмұхамедов те жақсы түсiндi. Тән жазасы мен жан жазасынан құтылу үшiн олар өзiнiң «айыптарын» сырт қарағанда мойындағандай көрiнiп, әр жауабының астарына Сервантестiң қаламына лайық уытты кекесiндi сiңiрiп отырды. Қарапайым адамның өзi күле қарап, бердi. Можантопай тергеушiлердiң ой – өрiсiнiң тарлығы мен таяздығы сондай, оған тiптi назар да аударған жоқ. Шындығын айтсақ, мұның оларға қажетi де шамалытын. қалайда қаралауға iлiк тапса, көңiлi тыныш табатын. Әйтпесе, Мұхтардың адресi арқылы Әлихан Бөкейхановқа жолдаған Әлiмхан Ермековтiң хатын Әуезовке телiмес едi. «Астыртын контрреволюциялық ұйымның қастандық әрекеттерiн» әшкерелеу үшiн Голощекиннiң «кiшi октябрь» науқанында кеткен асыра сiлтеулердiң барлығын «астыртын ұйымның мүшелерiне» айып етiп тақты. Соның бiрi – коллективтендiру, яғни қазақша айтқанда, «қосшы одағын» құру науқаны. Мұның көшпелi қазақ ұлты үшiн зауалмен аяқталатынын экономика мен қазақтың өмiр сүру тәсiлiнен хабары бар зерде иесiнiң бәрi де түсiндi. Бiрақ оған назар салмады. Қайта, «астыртын ұйымның» қастандық әрекетiне жатқызды.

«4. Шаруашылықтарды коллективтендiру

науқанындағы бұрмалаушылық әрекеттер

Сондай –ақ, астыртын ұйымның мүшелерiнiң жат пиғылдары шаруашылықтарды коллективтендiру науқаны тұсындағы бұрмалаушылықтарынан, оны болдырмауға тырысып баққан әрекеттерiнен байқалды. Коллективтендiрудiң жүзеге аспай қоймайтынына, бұл шараларға тұрғындардың ерекше белсендiлiк танытып отырғанына көздерi жеткен соң, олар жарым – жартылай рулық негiзде құрылған колхоздарды ұйымдастыруға күш салды.

Айыпкер Тынышбаевтiң көрсетуi:

«Бiз, ұйым мүшелерi – мен, Ермеков және Досмұхамедов үшеумiз колхоз құрлысы туралы өзара пiкiр алыстық, бiрақта колхоздарды ұйымдастыру науқанына тосқауыл қоя алмайтын болғандықтанда, қазақ ауылдарындағы колхоздарды шағындап қана рулық жүйемен құру керек деген тұжырымға келдiк. Мұның басты себебi: қазақ қоғамындағы рулық құрылым әлi де күштi сақталып қалған, сондықтанда бар мүлiктi жеке меншiк иелерiнiң қолында сақтай отырып, шағын – шағын жарым – жартылай ортақтастырылған шаруашылқтарды ұйымдастыру қазақ үшiн қолайлы деп есептедiк. Бұл бiздiң ұйымның мүшелерiнiң ортақ пiкiрi едi және арамызда ешқандай көзқарас алшақтығы болған жоқ, оның үстiне бiз бұл туралы Бөкейхановтың және басқалардың дәл осындай пiкiрде екендiгiн бiлетiнбiз. Бiз: кедейлердiң басы бiрiкпейдi, олар өзiне рулас байлардың ықпалынан шыққысы келмейдi, өйткенi рулық туысқандық сезiмi қазақ арасында әлi де күштi – деп есептедiк. Бiз бұл жөнiнде партияда жоқ көптеген қызметкерлермен, коммунистермен әңгiмелестiк, олардың да дәл солай жүргiзсе көптеген қиындықтарды жеңуге болатынына сендiк. Сөйтiп, бiз бұл әрекеттерiмiз арқылы кедейлердiң бiрiгуiне (таптық) бөгет жасап, рулық құрылымды сақтап қалуға тырыстық.

Бұл идеямызды iске асыру үшiн бiздiң көзқарасымызды қолдайтын Бұралқиев, Күдерин сияқты тағы да басқаларды пайдаландық, сондай – ақ бiзден ақыл сұрап келген қазақтардың барлығында да дәл осындай колхоз құрыңдар деп кеңес бердiк, бұл идеяны сол колхоз құрлысын ұйымдастырып және басқарып жүрген қазақ қызметкерлерiнiң бәрiнiң миына сiңiруге тырыстық.

1928 жылы Iле өзенiнiң орғы бетiнде зерттеу – барлау (темiр жол салу үшiн – Т. Ж.) жұмыстарын жүргiзген кезiмде қазақтардың бәрiне өз қарасымды түсiндiрiп бердiм және колхоздарды мен айтқандай үлгiмен құруға шақырдым». (№ 2370 – iс, 1 т., 141 – парақ. Тынышбаевтiң 1930 ж. IХ. 6 – күнгi жауабынан).»

Бiр адамның кекесiн араластырып жазып берген осы жауабы арқылы 73 адамға үкiм шығарды. Әрине, 10 томнан асатын тергеу iсiнде Тынышбаевтiң көрсетуiнен әлдеқайда «кең қамтылған» куәлiктер бар. Тергеушiлердiң оны қайта - қайта алдыға тарта беруiне қарағанда «Алаш» партиясының көсемдерiнiң бiрi, «Алашорда» үкiметiнiң мүшесi, уақытша үкiметтiң Жетiсу өлкесiндегi комиссары, Қоқан Автономиялы республикасының прьемер–министрi Мұхамеджан Тынышбаевты қалайда жазаға тартудың амалын қарастырса керек. Бұдан кейiнгi айыптаулар «ет дайындауға жасалған қастандықтар», «бандалық қарақшылықтар» деп аталады. Ал нағыз «бандалық, қарақшылық» қылмысты кеңес өкiметiнiң өзi жасап жатқан едi. Жер мен тәркiлеу, колхоздастыру саясатының кесiрiнен 2 миллионға жуық қазақ аштан қырылды. Қазақ жерiнiң құты – Сарыарқа қаңырап бос қалды. Елдi «естен тандырған» ессiз өкiметтiң есiн ақсүйек ашаршылық та жидырмады. Керекеу, Қызылжар, Омбы қалаларының су айлақтары мен вокзалдарында мал етi иiстенiп, айдалаға апарылып өртелiп жатты. Қазақ ұлтының аштан қырылып қалғанын бiле тұра Сталин мен Молотов Қужақты қуырдақтай қуырып, «бер, бердiң» астына алды. Бiр республиканың басына қаралы күн туғанда да оның тағдырына пысқырып қарамады. «Сенiп тапсырылған өлкенi» зауалға ұшыратып баясы шыққан Шаяға – Голощекин мен Исаевқа: КСРО Халық БКП(б) Орталық Комитетiнiң бас хатшысы И. Сталин 1932 жылы 8 қараша күнi:

«ХКК мен ОК – тiң (Халық комиссарлары кеңесi мен Орталық Комитеттiң – Т. Ж.) ескертуiне қарамастан республикадағы астық даярлау қарқыны төмендеп барады. Белгiленген жоспардың орындалмауының себебiн астықтың түсiмiнiң төмендiгiмен түсiндiрген сылтауды Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi назарына да iлмейдi, өйткенi бұл көрсеткiш қасақана төмендетiлген және мемлекеттi алдау ниетiнен туған. Сiздердiң артта қалған аудан хатшылары мен атқару комитеттерiнiң төрағаларының атын атап қана өтiп, ал артта қалуды жоюдың шараларын көрсеткен мәлiметтердi Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесiне хабарламай, сырғақтай берулерiңiздi Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi партиялық басшылыққа лайықсыз қылық деп бағалайды.

Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi сiздерге мынаны ескертедi:

Егерде қысқа мерзiм iшiнде республикадағы астық тапсыру iсiне нақты өзгерiстер енгiзу мәселесi ұйымдастырылмаса, онда бiз солтүстiк кавказдағы тәрiздi жазалау шараларын қолдануға мәжбүр боламыз. Қолданылған жазалау шаралары туралы сiздiң толық түсiнiктерiңiз болуы үшiн БК(б) П Орталық Комитетiнiң нұсқауы бойынша қабылданған Солтүстiк Кавказ өлкелiк комитетiнiң қаулысын жолдап отырмыз. Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi бұл қаулыны сiздердiң жеделхаттарыңызда аттары аталып көрсетiлген артта қалған аудандардың хатшылары мен таныстыру мiндетiн сiздерге жүктейдi. Егерде олар астық дайындаудың көлемiн өсiруге жедел шара қолданбайтын болса және одан әрi осылай жалғаса беретiн болса, Орталық Комитет пен Халық Комиссарлары Кеңесi қараша айының бiрiншi жартысында оларды партия қатарынан шығару туралы мәселе қоюға мәжбүр болады», - деген үрейлi жедел хат жолдады.

Шындығына көшсек, бұл кезде Голощекин мен Исаевтың бұл жеделхатқа жауап беретiндей мұршалары да жоқ болатын. Егiннiң орынына адамның сүйегiн егiп, «тәнтiбайбеттенiп» отыр едi. Елiре – елiре сөйлеп, ауызы ақкөбiктенген Голощекин мен оған көпшiктi қоя -қоя қоялары шыққан Исаев пен Құрамысовттың, Құлымбетов пен Ерназаровтың, Қабылов пен Тоғжановтың, Беккердiң, тағы да басқа идеологтаардың жақтары қарысты. Елдi де, өздерiн де «есеңгiреттi». Шегiнетiн жерлерi де жоқ болатын. Сасқанынан сүйек пен тұяқ, жылқының жал - құйрығын, сиырдың мүйiзiн жинау туралы жарлық шығарды. Ал бұл кезде адамның сүйегi болмаса қазақ даласында малдың сүйегi де, оны жинайтын адам ма қалмап едi.

1931 –1932 жылы ашаршылық кезiнде 1921 – 1922 жылғы аштықтан аман қалған 4 миллион 120 мың қазақтың 2 миллион 200 мыңы яғни, жалпы ұлттың 49 процентi «кiшi октябрь» мен «естен тандыру» саясатының құрбандығына шалынды. Құрамысов пен Беккер: «Халықаралық пролетариаттың мүддесi үшiн... бүкiл қазақ халқын құрбан етуге даярмын!» - деген «армандарына» жеттi. Ал ұлтының осынша қорлық өлiмге душар болғанына күйiнген «бестiң тобы» - Ғ. Мүсiрепов, М. Дәулетәалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев, М. Ғатауллин 1932 жылдың шiлде айында Сталин мен Молотовқа наразылық хатын жолдады. 1937 жылы Қарқаралы округiнiң басшыларын жаппай атуға бұйырған кезде Мансұр Ғатауллин өзiнiң соңғы сөзiнде айып орындығында отырған әрiптестерiн қолымен нұсқап:

« – Мыналар халық жауы емес. Жау – менмiн. Сондықтан менiң өзiмдi ғана соттаңдар. Тек, менi ғана. Бiрақ мен де халық жауы емеспiн, керiсiнше, халықтың жауының жауымын. Ал мен 1932 жылы, Кент қаласына iссапармен келген кезден бастап халық жауы болдым... Көлiктен сыртқа шықсам, айналамда адам да мал да жоқ, тек қана ұзын созылған мал қорасы тұр. Есiктi ашып қалып едiм, өлi адамның денелерi көрiндi. Соншама үлкен қораның iшi лық толған адамның мәйiтi. Кейбiреулерiнiң көзi ашық, кiрпiктерi әрең қимылдайды, бiрақ кiрпiк қаққанша жантәсiлiм беретiнi сөзсiз. Сыртқа атып шықтым. Дааладан айқай–шу шықты. Есiнен адасқан әйелдер қолдарындағы пышақтарын жалаңдатып менiң жүргiзушiме тап бердi, ойлары оны сойып жемек. Мен аспанға оқ атып едiм, олар жан – жаққа қаша жөнелдi. Жан – жағыма қарасам, анадай жерде үлкен қазан – ошақ тұр екен, астында от жанып жатыр. Әлде не бұрқ - сарқ қайнаған сумен бiрге қазанның бетiне бiрде баланың аяғы, бiрде қолы, бiрде өкшесi бүлiк – бүлiк етiп шығып жатыр... Мiне, мен тура сол күннен бастап халық жауы болдым», - дептi. (В. Михаилов, «Ұлы жұрттың шежiресi».).

Мұндай ерлiк «ақ жүректер» мен Қуажақтың қуыршақтарының қолынан қайдан келсiн. Халықтан кешiрiм сұрап, иман iздеудiң орынына, сондай бетбақтықпен ұлтының бес азаматын «бестiң тобы», «халықтың жауы» деп жариялады. Сонда бұлардың қызғыштай қорғап жүрген халқы - қай халық? Олар халықтың бағын емес, өздерiнiң астындағы тағын қорғап жүрген баққұмар сiмпiстер едi. Өзегi үзiлген халық мұны көрiп – бiлмей отырғандай – ақ, асқан аярлықпен өздерiнiң күнәсiн «ұлтшыл–бурзуазияшыл контрреволюционерлерге», «Алаштың» ардагерлерiне жапты. Бес жыл бойы дәлелденбеген «қылмыстарын» ұрып–соғудың нәтижесiнде мойындаттырып, ұялмастан: «қылмыстарын мойынына алды! Аттық! Астық! Жер аудардыө! Кеңес өкiметiнiң саясатына қарсы шығып, елдi ашаршылыққа ұшыратқан солар! Ендi көздерiң ашылатын болды!» - деп өздерi қырып салған халықтан сүйiншi сұрады!

Шiркiн – ай, данышпан Абай – ай:

Жамантайдың баласы Көжек деген;

Екi үйдiң арасына безектеген.

Досын келiп досына жамандайды,

Шiркiнде ес болсайшы сезед деген! -

сөзiң соларға қарата айтқаныңды әлгi мәңгүрттер түсiнбей – ақ кеттi – ау!

Сталин мен Молотовтан жаңағыдай нұсқау алған соң тағы да жанталаса жанықты. Ашаршылықтың зардабын саяси сахнадан ысырылуға тақап қалған қужақ көсемiне жапты да, мүләйiмсiп – мәймөңкелеп шыға келдi. Республика үшiн, оның iшiнде жеке адамдарға және белгiлi бiр мәселелердi шешуде кәдiмгiдей ынта – пейiл көрсеткен шығар. Бiрақ мұқым ұлттың мүддесi мен халық қамы үшiн қабырғасы қайысты деуге, оларды биiк лауазымға жеткенi үшiн мемлекет қайраткерi болды деп даралауға еш себеп жоқ. Мемлекеттiк машинаның конструкторы не құрастырушысы емес, соның жай ғана елеусiз бөлшегi едi олар. Қажет кезiнде құрал – жабдық ретiнде пайдаланды, мiндетiн өтеген соң лақтырып тастады. Олардың мансап жолында – тағдырдың тәлкегiне ұшыраған жазықсыз жандардың көз жасы мен қасiрет уайымы, аштан қырылғандардың қураған сүйегi, атылып – асылған, қудаланған ұлт қайраткерлерiнiң өзектi арманы мен өкiнiшi өксiп жатты. Мансұр Ғатауллиннiң:

«Мен халықтың жауының жауымын!» - дегендегi емеуiрiн танытқан пенделерi солар едi.

Алаштың азаматтары елi мен жерiнiң мүддесi үшiн түрмеге түсiп, азап тартып, қалайда халқына төнiп келе жатқан апаттан құтқару үшiн жанталасып жатқанда олар: «Жасасындатып!» (М. Әуезов) жатты. Бұл ұлтты, ұлттық тұлғаны жаныштау майданының басы ғана болатын. Ол майданда олардың өздерi де тағдырдың диiрменiне түсiп, «ұлы құрбандыққа» шалынды. Сол үшiн бұларды аяудың да, қорғаудың да қажетi жоқ. Себебi, ұлты үшiн басын өлiмге тiккен Әлиханнан, Ахметтен, Мiржақыптан, Мұхамеджаннан, Халел Досмұхамедовтен, Халел Ғаббасовтан, Телжаннан, Мағжаннан, Жүсiпбектен, Жаhаншадан, лауазымы мен жасы өздерiмен қатарлас Смағұлдан, Әлiмханнан, Елдестен, Ыдырыстан, Даниалдан, Кәрiмнен, Жалаудан, Сұлтанбектен, Тұрардан, Мансұрдан, Ғабиттен ешқандай артып тұрған қасиетi мен қадiрi жоқ едi. Қарғауға болмайтыны – олар өз заманының жалдамалы құлы болды. Саясатқа азаматтық көзқарасын қорғау үшiн араласқан жоқ, тек қана керек кезiнде ұрымтал тұстан табылып, жазалау машинасының дөңгелегiне iлiнiп кеткен қатардағы пенделер ғана. Биiк ақыл – парасат, үлкен мiнез, iрi қимылдың адамдары емес, жай ғана реттеушiлер болатын. Тек, басты назарда ұстайтын мәселе – олардың iс – әрекетiн ашық та батыл талдап, тарихи сабақ ретiнде ұрпақтың назарына ұсыну парыз.



Тарих өткелi - қатерлi өткел. Ал ұлттың басын қатерге тiгiп, қайта-қайта тағдырдың талқысынан өткiзуге ешкiмнiң де қақысы жоқ. Қазақ ұлты өзiнiң қадым заманнан бергi тарихы арқылы тәуелсiз ұлт ретiнде өмiр сүруге толық қабiлеттi ел екендiгiн дәлелдедi. Өзегiн өртеген рухани басыбайлылыққа да басын имедi. Отарлаушы патшалық және коммунистiк жаhангерлер ұлттың жүрек отын өшiруге өршелене тырысса да, рухани бостандығын сақтап қалды.

«Коммунистiк колонизаторларды» өшiктiрген де, үрейлендiрген де ұлттық тұлғалардың рухани тәуелсiздiгi болатын. Ұлтты мәңгүрт күйге жеткiзу үшiн сол халықтың ең қасиеттi қазынасы – рухани мұрасын аяр идеологияның арандатушы күшi арқылы жойып жiберуге барынша құлшынып – ақ бақты. Алаш қайраткерлерiне тағылған ең басты айыптың бiрi де осы ұлттың рухани тәуелсiздiгi жолындағы көзқарас күресi едi. Ол қандай бағытта талқыға түстi? Ендi соны талқылауға көшемiз.
: repository -> history -> 24%20том.%20Алаш%20туралы%20мақалалар -> Алаш%20туралы
Алаш%20туралы -> „Ұраным алаш!
Алаш%20туралы -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
Алаш%20туралы -> Александрович Фадеев, Алексей Александрович Сурков және Константин Михпйлович Симонов жолдастарға – СССР жазушылар одағы басқармасының мүшесі, жазушы М.Әуезовтен Өтініш
Алаш%20туралы -> П қалды. Пролетариат жазушылары қауымдастығының көсем
Алаш%20туралы -> «Кеңес өкіметінің қуат-күшінің артуы өліп бара жатқан таптардың ең соңғы қарсылығын тудырады»
Алаш%20туралы -> «Ақ жол» газетінде
Алаш%20туралы -> Бірінші тарау: «татулықты сүйгіш, сезгіш жүректі »
Алаш%20туралы -> ТӨртінші тарау: «жетілмеген елдің баласы »


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...