Болашақ МҰҒалімдердің КӘсіби даярлығында әлеуметтік-педагогикалық технологияларды пайдалану ш. Д. Имангалиева, Р



жүктеу 100.21 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі100.21 Kb.
13.14. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ Ш.Д. Имангалиева, Р. Бекмурзаева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қ, Қазақстан)

Қоғамдағы әлеуметтік-мәдени жағдай әр педагогтың қазіргі таңдағы қоғамның сұранысына және өзінің қажеттілігіне, қызығушылығына, мүмкіншілігіне сәйкес білім мен тәрбие алуын қажет етеді.Болашақ мұғалімдерді әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлауға, жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, демократиялық және жаңа әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүрудің жаңа ережелерін үйренуге, ұлттық сана-сезімді дамытуға үйрету қажет. Мұғалім балаларға қоғамдық тарихи тәжірибенің таңдаулысын меңгертуге, білім ғана емес, ғылыми дүниетаным, ұлттық мұрат, азаматтық позицияны қалыптастырып, рухани-адамгершілік тәрбиесін беруі және шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызып, қиын жағдаяттардан шығу іскерлігін қалыптастыруы қажет. Қазіргі таңдағы педагогика ғылымында болашақ мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық дайындығы мәселесін А. Абдуллина, В.Ц. Абрамян, Е.П. Белозерцев, В.К. Боярчук, Н.Н. Демьяненко, Н.А.Кузьмина, К.К. Құнантаева, В.Я. Ляудис, В.Н. Никитина, А.И.Пискунов, В.А. Сластенин, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель және т.б. ғалымдар зерттеген. Білім берудегі дағдарыс білім берудің нәтижелілігінің жеткіліксіздігінен, жас ұрпақтың интеллектуалдық, тұлғалық, руханиадамгершілік дамуындағы кемшіліктерінен, білім беру жүйесінің тұлға менталитетін қалыптастыруға толық дәрежеде мән берілмеуінен туындап отыр.Білім беру тұлға қалыптасуымен тікелей байланысты болғандықтан, кемелденген тұлғаның дамуындағы негативті үрдістерді жеңуге ықпалының мол екендігін айта кетуіміз қажет. Білім беру саласындағы басты тұлға әлеуметтік кемелденген, кәсіби өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, инновациялық технологияларды пайдалануды меңгерген, құзырлы маман болып табылады. Мұғалім білім берудің өзіндік құндылығын түсінуі, "мәдениеттегі адам" болуы, өз пәнін, педагогика мен психологияны жақсы білуі, тұлғалық-бағдарлық әдістерді, инновациялық әдістерді, әлеуметтік-педагогиалық технологияларды қолдануы, өз тұлғасын дамытуы қажет.Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі, сонымен қатар педагогикалық үдерістегі әр мүшесін сезе білуі, оқушылар әрекетін ұйымдастыру іскерлігінің болуы, нәтижесін көре білуі, мүмкін ауытқуларды түзету қасиетінің болуы қажет. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті нақты пәндік саламен байланысты,



ал кәсіби іс-әрекетінің нысанасы біртұтас педагогикалық үдеріс, сондықтан жаңа тұрпатты мұғалім "адам-адам" ("педагог - оқушы") жүйесінде әрекет ете білуі және педагогикалық үдерістегі ізгілікті қатынастың ролін түсінуі керек. Жоғары білім берудің проблемаларын талдау негізінде болашақ мұғалімдердің технологиялық және тұлғаның жаңа технологияларды пайдалануға деген тұлғалық дайындығы мәселелерінің жеткілікті түрде қарастырылмағандығын айқындадық. Кәсіби тәрбие беруде Т.И. Власовтың тәрбиенің руханибағдарланған парадигмасына сүйене аламыз, өйткені студенттік кезеңде экзистенциалдық үдерістердің дамуы басымдау болып табылады.Дәстүрлі түрде кәсіби құзырлылық маман біліктілігін сипаттайтын тұлғаның бүтіндей құрылымындағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігі ретінде қарастырылады.Кәсіби құзырлылықтың мазмұны кәсіби біліктілік сипаттамасымен айқындалады және құзырлылықтың нормативтік нобайын нақтылап, кәсіби білім, іскерлік дағдылардың ғылыми негізделген құралын бейнелейді.ЖОО-ның маңызды міндеттерінің бірі – студенттерге белгілі бір кәсіби іс-әрекетке қажетті білімді игерту.ЖОО-ның түлегі игеретін шешуші құзырлылықтарды айқындау көкейтесті болып табылады.Бұл құзырлылықтар интеллектуалдық дамуды (абстрактылы ойлау, өзіндік рефлексия, өзінің позициясын айқындау, өзіндік бағалау, сыни ойлауды) талап етеді. Болашақ мұғалімнің практикалық әрекеті проблеманы шешу үшін әдістерді қолдану мен таңдау болып табылады. Әдістеме мен технология арасындағы ерекшелік неден көрінеді. Отандық және шетелдік практикада «технология» термині инженерлік-техникалық сферада қолданылады, қазіргі кезге дейін екі позицияда қарастырылады, олар: өндіріс үдерісін жүзеге асыруға қажетті әдістер жиынтығы, белгілі бір өндірістің тәсілін ғылыми сипаттау. Барлық берілген анықтамалардан біз “технология”- techne- өнер, шеберлік және Losoс- ғылым, заң бір сөзбен айтқанда технология дегеніміз- шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін көреміз. Қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарға әлеуметтік көмек және қолдау көрсетуге бағытталған адамдардың өмірлік әрекеті мен әлеуметтік қатынасын реттеу, түрлендірудің оңтайлы тәсілі туралы білімдер жүйесі әлеуметтік жұмыс технологиясы (технология, гректің techne – іскерлік, шеберлік + logos - ілім) деп аталады.Ресейде «әлеуметтік технология» ұғымы 70-80 жылдары әлеуметтік мәселені шешу қажеттілігіне сай туындады.Әр түрлі бағыттарды екі негізге сәйкестендіруге болады, біріншіден, әлеуметтік мәселені шешу әрекетінің белгілі бағдарламасы, екіншіден, әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған белгілі, арнайы әзірленген, біртіндеп жүзеге асатын әрекет. Ол әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешуге көмектесетін бағдарламаны жасап, баланың жас және жеке ерекшелігіне сәйкес туындаған қиын мәселелерді шешуге тікелей ат салысады. Ол өзі таңдаған технологиясына сәйкес әдістерді (сендіру, жаттығу) және ұйымдастыру формаларын, (топтық, жеке) құралдарын қолдана алады.Әлеуметтік педагогтың өз әрекетіне технологияны ендіруі әлеуметтік-педагогикалықіс-әрекетті ғылыми негізде жүргізуіне, алдағы міндеттерді шеше білуіне көмектеседі.Әлеуметтік-педагогикалық технология негізінде әлеуметтік педагогиканың міндеттерін (диагностикалау, әлеуметтік алдын-алу іс-шарасы, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік қалпына келтіру) жүзеге асыруға болады.Әлеуметтік педагог жұмысының мазмұны біліктілік сипаттамасына сәйкес педагогикалық бағыттылығымен де айқындалады.Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметі білімалушылардың тұрғылықты жері және мекемелерді әлеуметтік қорғау, тәрбие, білім беру, дамыту ісшараларының кешенінен тұрады.Осы іс-шараларды таңдау, талдау мен әлеуметтік-педагогикалық интерпретацияны қажет ететін алдынала жинақталған нәтижелерге сәйкес жүргізіледі.Әлеуметтік педагог жұмысының алғашқы кезеңінде оқушы тұлғасының психологиялықмедициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және әлеуметтік микроортаны, өмірлік жағдайларын зерттеу маңызды.Зерттеу барысында мінез-құлықтағы ауытқулар, дағдарыстық жағдайлар, қиындықтар, мәселелер, қызығушылықтар, қажеттіліктер, отбасы типологиясы, оның әлеуметтік мәдени және педагогикалық портреті айқындалады.ХХ ғасырдың 90 жылдары педагогикалық технология мәселесі бойынша басылымдар саны көбейе түсті, олардың негізгі бағыттары мынадай: а) педагогикалық мақсатқа жетуге бағытталған негізгі әдістер жиынтығы (әдістемеден ешбір айырмашылығы жоқ); б) практикада біртіндеп жүзеге асырылатын белгілі педагогикалық әрекеттің бағдарламасы.Оқыту мен тәрбиенің бірлігінің психологиялық негізі - оқу ісәрекетінің өзге іс-әрекеттермен байланысы, әсіресе кәсіби іс-әрекет барысында студенттің адамгершілік қасиеттері қалыптасады.Жоғарыда айқындалған мәселелерді шешу үшін болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиеттерін дамыту мен кәсіби іс-әрекетке дайындау, инновациялық технологияларды, әлеуметтік-педагогиалық технологияларды пайдалану мәселесін бірлікте шешуіміз қажет деп есептейміз. Студент тұлғасының өзіндік жетілуі және дамуындағы позитивті өзгерістері мен ауытқушылықтар төмендегі 2-суретте берілген. Осы суретке сүйене отырып, болашақ маманның тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселесін және педагогикалық үдерісті ұйымдастыру міндеттерін нақтылауға болады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығында инновациялық технологияларды пайдалану және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз қажет. І топ – оқыту үдерісіндегі міндеттер. Оқуға деген тұрақты мотивацияны қалыптастыру.Жалпы білім стандартына сәйкес оқу пәндерін игеруді қамтамасыз ету.Жалпы оқу іскерлігін, дағдысын қалыптастыру.Тұлғаның шығармашылық ойлауын дамыту, студент шығармашылығына қолдау көрсету.ІІ топ – тәрбие үдерісіндегі міндеттер.Оқу-тәрбие үдерісінде жекелік қатынасты жүзеге асыру.Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, өзін-өзі жетілдіруіне қолдау көрсету.Тұлғаның адамгершілік, ерік-күш, эстетикалық сферасын дамыту.Өзіне деген сенімділік, өзін сыйлауын арттыру.Тұлғаның өзін жетілдіруіне қажет тәрбиелік-білім берушілік ортаны қалыптастыру.ІІІ топ – психологиялық даму саласындағы міндеттер.Тұлғаның жағымды «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру.Тұлғаның өзін-өзі басқару, өзін-өзі реттеу іскерлігін қалыптастыру. ІV топ - әлеуметтік даму саласындағы міндеттер. Тұлғаның өзіне (адекватты өзін-өзі бағалауы, өзін сыйлауы, арұжданы, иманы) және әлемге (гуманистік, демократиялық, диалектикалық, экологиялық ойлауын) адамгершілік қатынасын қалыптастыру.Тұлғаның әлеуметтік белсенділігін дамыту.Тұлғаның әлеуметтік автономдығын дамыту.Ұжымда өзіндік айқындау, өзіндік жүзеге асыру іскерліктеріне үйрету.Кәсіби және өмірлік өзіндік айқындауды дамыту. Өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын жасау және жүзеге асыру Осы жоғарыда айқындалған міндеттерді шешу үшін болашақ мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын қарастырамыз. М.Ж. Жадрина құзырет ұғымын мақсатқа жету үшін өмірлік тәжірибеге игерілген білім, іскерлік және дағдыларды жинақтау қабілетін, дайындығын сипаттайтын тұлға қасиеттері деп айқындайды [1, 25].Көптеген авторлар «Кәсіби құзыреттілік» ұғымын «кәсіби ісәрекетке дайындық» (В.А. Сластенин, Н.Н. Лобанова, А.И. Панарин т.б.)[2, 36] және «педагогикалық біліктілік» ұғымдарымен байланыста айқындауда.Біліктілік жүйесіндегі құзыреттіліктің орны мамандықты игерудің жоғары деңгейін бейнелейтін орындаушылық пен жетілудің арасында, белгілі іс-әрекетке деген тұлғалық «ішкі бағдары» мен шеберлігі арасында ерекшелеуге болады.

Ксения Александровна Абульханова-Славская өз еңбегінде «Оқыту үдерісіндегі тұлға белсенділігін зерттеулеріне сүйеніп, мұғалім санасы құрылымында оқушы тұлғасы туралы түсініктің болмауы оқушы белсенділігін шектейді және нәтижесінде екі жақты психологиялық кедергі қалыптасады, бұл қиындық оқушыны демонстративті немесе қорғану мінез-құлқына итермелейді», - деп жазады [3, 56]. К.А. Абульханова-Славская мұғалім санасының 3 құрамдас бөлігінің ішінде өзіне қатынас, өзгеге қатынас, ал үшіншісі өзгелердің өзіне қатынасын күтуі жеткіліксіз болып табылады деп есептейді, сол себепті мұғалімдердің көпшілігінің сана құрылымында үшінші компоненттің жеткіліксіздігі (өзгелердің өзіне қатынасын күтуі) тұлғааралық шиеленістің туындауына алып келетіндігін баса айтады. Л.М. Митина мұғалім оқушының өзіне деген қатынасын қабылдай алмаса, онда ол оқушыны білім беру үдерісінің субъектісі ретінде

"іштей қабылдамайтынын және тек өз мақсатына ғана бағдар алатынын білдіреді. Мұғалімнің өзгенің қатынасын ұғынуы үшін тұлғалық қасиеттері қалыптасқан және әлеуметтік-педагогикалық технологияларды пайдалана білуі қажет, осы ерекшеліктерді қалыптастырудың эксперименттік нәтижесіне талдау жасаймыз.ЖООдағы көкейтестілігін жоймайтын негізгі мәселе түлектің кәсіби ісәрекеттің субъектісі ретінде қалыптасуымен және заманауи тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерін қалыптастыру үдерісі арасындағы оңтайлы байланысты іздеу болып табылады.Қазіргі таңдағы ғылымда оқыту үдерісінде болашақ мұғалімді кәсіби дайындау мәселесіне арналған әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық зерттеулер көптеп саналады.Маман тұлғасын модельдеуге арналған көптеген зерттеулер оқу-кәсіби дайындықтың сапасын жетілдіруге арналады.ЖОО-ның педагогика және психология мамандығына түсу барысында жетекші мотивтердің бірі өзін-өзі тану, өзіндік даму, тұлғалық өсу мәселесі екендігін білеміз.Маман тұлғасын еңбек субъектісі ретінде қалыптастыру және кәсіби жарамдылық мәселесі міндеттерін шешу үшін тұлға ресурсын, қабілетін, белсенділігін іс-әрекет талаптарымен бірлікте, яғни оның мазмұнын, алғы шартын, құралының ерекшелігін ескеру қажет.Студенттің тұлғалық дамуы мен кәсіби қалыптасуының өзарабайланысы кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру үшін бір қасиеттердің маңыздылығына сәйкестігі ЖОО-дағы оқыту үдерісінде студент тұлғасын дамыту динамикасы арқылы айқындалады. Педагогика және психология мамандығында кәсіби даярлау кезеңінде өзіндік идентификацияға жету мәселесі орталық мәселе, өйткені Буякас Т.М. студенттердің өзіндік идентификация сезімінің қалыптасуындағы қиындық рефлексияның қалыптасуының жеткіліксіздігімен байланысты және ол өзіндік дамуды тежейтін «Мен» образының бұзылуына алып келеді деп қорытындылайды. Студенттердің кәсіби маңызды қасиеттерімен және оқыту үдерісінде өзгеріске ұшырайтын қасиеттердің сәйкессіздігін бейнелейтін нәтижелер көптеген жас адамдар мұғалім мамандығын таңдай отырып өзін-өзі тану әдістерін игеруге, өзін коррекциялауға тырысып, өзінің коммуникативтік құзыреттілігін, сенімділігін, өз нәтижелілігін арттыруға тырысады. «Кәсібилік» және «тұлғалық» әр түрлі қатынас болады және олар байланыссыз болғанымен қатар пайдаланылатын ұғымдар, сонымен қатар жартылай бір-бірін толықтыруы, тұлғалықтың кәсібилікке сіңіп, бірігіп кетуі немесе керісінше, сонымен қатар кәсіби құндылықтарды көпжақты тұлға кеңістігіне қосуы болып табылады. Көптеген ғалымдар «Кәсібилікті» тұлғалылықтың бір жағы деп есептейтін осы соңғы нұсқаны өте оңтайлы деп есептейді. Г.С.Абрамова осы үдерісті мамандық, кәсіптің пәнін адамның «Мен – тұжырымдамасын» қосу рефлексиямен және кәсіби шектеушілікке күйзелумен және кәсіби жетілуге негіз болады деп есептейді.

Студенттер болашақ кәсіби іс-әрекеттің әлеуетін құрайтын тұлғалық сапалардың белгілі бір жиынтығын игеруі қажет.Осы әлеуеттің міндетті құрамына кәсіби маңызды қасиеттермен бірге дамыған рефлексивті қабілеттер өзін жетілдіру мотивінің қалыптасуы, сонымен қатар кәсіби қалыптасу барысында тұлғалық өзіндік шектеуді жою болып табылады.Болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттер иерархиясы арасындағы және өзінің тұлғалық әлеуетін бағалау арасындағы сәйкессіздік тұлға дамуындағы педагогикалық, психологиялық білім берудің роліне өзгеше қарауды талап етеді.Болашақ кәсіби іс-әрекетке рефлексиялық қатынаста өзгерістерге бейімделу адамның өзіндіксанасы көмегімен жүзеге асатындығын айқындайды. Болашақ мұғалімдердің тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы мен әлеуметтік-педагогикалық технологияларды пайдалану мен педагогикалық алғы шарттардың жүзеге асырылуының арасында байланыс бары анықталды. Зерттеу мен алынған нәтижелер барысында болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-педагогикалық технологияларды пайдалануы мен тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру және әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға дайындық әлеуметтік-педагогикалық әдістемемен және педагогикалық алғышарттармен қамтамасыз етіледі. Зерттеулеріміздің қорытындысы бойынша мынадай маңызды сәттерге мән беруіміз қажет.Студенттің санасында оның кәсіби маман ретіндегі кәсіби маңызды қасиеттері иерархиясы мен өзінің тұлғалық әлеуетін бағалау арасындағы сәйкессіздік анықталды және тұлға дамуындағы педагогикалық-психологиялық роліне өзгеше сипатта қарауды талап етеді.Болашақ кәсіби іс-әрекетке рефлексивті қатынаста тұлғаның өзіндік санасының қалыптасуы, өзгенің қатынасын ұғынуы маңызды болып табылады.Біздің еліміздегі әлеуметтікпедагогикалық өзгерістер мектептегі жұмыстың мазмұны мен формасын өзгертіп, демократияландыру мен ізгілендіру мәселесі шешімін табуда.Осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін мұғалім шығармашыл болуы, мәселелерді өздігінен шеше білуі, оқушы даралығын ескере білуі қажет. Университет жағдайында мамандарды даярлаудың негізгі бағдарлары мынадай: Шығармашыл әлуеті мен аналитикалық ойлау типімен айқындалатын үйлесімді тұлғаны қалыптастыру. Іргелі кәсіби даярлығының болуы, жалпыадамзаттық құндылығының дамуы.Болашақ мұғалімдердің тұлғалық қасиетінің қалыптасуын модельдеу тұлғалық бағдарлық қатынасына сәйкес айқындалады.Әлеуметтік-педагогика, әлеуметтік психология пәндері бойынша оқытудың инновациялық технологиясын қолдану арқылы өзіне, өзгеге, әлемге жағымды қатынасты қалыптастыру мәселесі айқындалды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Жадрина М.Ж. Проблема научных основ структурирование содержания образования // Вестник высшей школы Казахстана. 1998. № 6, с. 75-77.



2. Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процесс профессиональной подготовки. - М.: Просвещение, 1976. — 160 с.

3. Абульханова-Славская К.А. Стратегия жизни, - М., 1991.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет