«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Loading...


Дата07.09.2017
өлшемі86.5 Kb.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «9» сәуірдегі № 187 бұйрығына № 4 қосымша
 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша теңгемен қаражат аудару.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.



7 . Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.



Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шығыстарды өтеуге өтініш;

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өз қаражаты есебінен жұмсалған шығыстар сомасын растайтын құжат.

Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшылығының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады.

Шағымда көрестілетін қызметті алушының тегі, аты-жөні, почталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.



Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
11. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және дәрежесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.



13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

__________________________________________

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері

__________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)

______________________________бағдарламасы

(бакалавриат/магистратура/аспирантура

/докторантура/тағылымдама)

елі, ЖОО _________________________________

Қазақстандағы почталық мекенжайы _________

__________________________________________

телефоны _________________________________

электрондық мекенжайы____________________

ЖСН ____________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі)


 

Шығыстарды өтеуге өтініш

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалған күннен бастап менің шығыстарымды _________________________________ банкінің (IBAN) № KZ ______ ______ ______ ______ карт-шотына аударуыңызды сұраймын.

 



Атауы

Төлем нысаны*

Сомасы

Валюта

1













2













3













4













5













Барлығы








Ескертпе: *төлем онлайн немесе қолма-қол есебінен

20__ жылғы «___» ________ № _____ Оқытуды ұйымдастыру туралы/ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру туралы шарт.

Қосымша (төлемді растайтын құжаттардың түпнұсқалары):

1) ________________________________________________________________________________________________________________________________

2) _________________________________________________________________________________________________________________________________

3) ________________________________________________________________________________________________________________________________

4) __________________________________________________________________________________________________________________________________

5) _________________________________________________________________________________________________________________________________
20____жыл «___»_______       ____________________________________

(стипендиаттың қолы)

 


«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


  

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының шығыстарын растайтын қажетті құжаттар тізбесі

 

р/с



Шығыс түрлері

Растайтын құжаттар

1

2

3

1

виза ресімдеу, ұзарту (консулдық алым)

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) виза көшірмесі, оқу елі виза жапсырмасын салмаған жағдайда, виза алғаны туралы электронды растама ұсыну қажет.

2

оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не үзіндінің әрбір бетінде банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) сауалнама нысандарының барлық түрлерін ресімдеуге және беруге төлемдерді растайтын оқу орнының электрондық растамасының қағазға басылған нұсқасы.

3

қабылдаушы елдердің уәкілетті органдары мен оқу орындарында тіркелу

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады);

2) тіркеу туралы сертификаттың көшірмесі не қабылдаушы елдердің уәкілетті органдарында және оқу орнында тіркелгені үшін төлем туралы электрондық растаманың қағазға басылған нұсқасы.

4

емтихандар

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін);

2) сертификаттың электрондық көшірмесі/төлем туралы электронды растаманың қағазға басылған нұсқасы.

5

оқу (оның ішінде оқуға арналған депозит), оқу орындарының талаптары бойынша міндетті қызметтер

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін), не оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы;

2) төлем ашық жазылған төлемді куәландыратын (инвойс) шот көшірмесі.

6

міндетті медициналық тексеру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін).

7

оқу орындарының үлгерім туралы ресми құжаттарын (транскрипт) ұсынуы

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін), не оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы;

2) транскрипт көшірмесі.

8

медициналық сақтандыру

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен/сақтандыру компаниясынан ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін)

2) сақтандыру полисінің түпнұсқасы/көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру (т/ж көлігі, автобус)

1) жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).

Қазақстан Республикасының ішінде әуе көлігімен ұшқан жағдайда, купе вагоны тарифінен аспайтын т/ж жол жүруінің құны өтеледі

1.1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанмен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер;

1.2) электронды билет;

1.3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.

1.4) билет сатып алған күнге купелі вагон құны туралы т/ж-дан анықтаманың түпнұсқасы (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ «Турист» және «Бизнес» класты жүрдек поезды қоспағанда).

1.1), 1.2) және 1.3) тармақшаларда жоғарыда көрсетілген құжаттар болмаған

жағдайда, авиаагенттіктен ТАӘ, құнын, класын, бағытын көрсете отырып, билетті сатып алу және пайдалану фактісін растайтын анықтаманы ұсынуға болады.

10

Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру

жол жүру құжатының түпнұсқасы (т/ж. билеті, автобус билеті).


10.1

т/ж көлігі, автобус ақысын өтеу


Жол жүру құжатының түпнұсқасы болмаған жағдайда, чекті, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен төлем фактісін растайтын ресми анықтама/хат ұсынуға болады) және электронды билеттің көшірмесін ұсынуға болады.

10.2

авиабилеттер ақысын өтеу

1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, банк мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінділер (шетелдік банктен ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін); 2) жол жүру құжатының түпнұсқасы, не электронды билет, 3) отырғызу талондарының түпнұсқалары.

Жоғарыда көрсетілген тармақшаларда құжаттар болмаған жағдайда авиаагенттіктен:

1) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құны мен нөмірін, билетті сатып алуды растайтын фактіні;

2) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет құнын, класын, бағытын, нөмірін;

3) тармақшада - тегін, атын, әкесінің атын, билет класын, бағытын, нөмірін және билеттің пайдаланылуын растайтын фактіні көрсете отырып, анықтама/хат түпнұсқасын ұсынуға болады.


*Қазақстан Республикасында тұратын жерінен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін академиялық оқуы немесе тілдік курстардан, тағылымдамадан өтуі басталған сәттен бастап академиялық оқу немесе тілдік курстардан, тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру және тілдік курстар, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталғаннан кейін қайту бойынша, академиялық оқу ұзақтығы 1 (бір) оқу жылынан асқан жағдайда - Қазақстан Республикасындағы тұратын жерінен оқуының әрбір оқу жылы басында оқу орнына дейін және оқуының әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін қайту жолы, сондай-ақ академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту орнынан және Қазақстан Республикасына визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда кейін қайту жолы бойынша шығыс нормалары.

Шығыстарды төлеу жүк тасымалы төлемісіз растау құжаттарының негізінде нақты шығыстар бойынша жүргізіледі:

а) Қазақстан Республикасы ішінде жол жүру бойынша - әуе және темір жол көлігін пайдаланғаны үшін - купе вагоны (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ «Турист» және «Бизнес» класты жүрдек поезды қоспағанда), тасжолы және қаражол бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін - осы жерлердегі жол жүру құны бойынша (таксиді қоспағанда);

б) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жол жүру бойынша - әуе көлігін пайдаланғаны үшін - экономикалық класс тарифы бойынша, темір жол көлігін пайдаланғаны үшін, тасжолы және қаражол бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін - осы жерлердегі жол жүру құны бойынша (таксиді қоспағанда).

 
Каталог: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау
storage -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...