«blackberry» бағдарламалық Қамтамасыздандыруды қолданылуына лицензиондық келісім



жүктеу 1.64 Mb.
бет2/2
Дата15.01.2017
өлшемі1.64 Mb.
1   2
БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМ-ШАРТТАРДА ЖАНАМА НЕМЕСЕ ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС ШЫҒЫНДАРДЫ ШЕКТЕУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР НЕ АЛЫНЫП ТАСТАУЛАР СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

(d) «RIM»-нің жиынтық жауапкершілігі Сіздің «RIM» Өнімі үшін және/немесе талап етуге негіз болған Бағдарламалық Қамтамасыз етудің (жағдайға байланысты) осындай бөлігі үшін төлеген сомаңыздың 1.25 мәртесінен аспайды және «RIM» «BlackBerry» Шешімінің орындалмау немесе кешігу кезеңі ішінде келтірілген шығын үшін ғана жауап береді.

(e) Осы Баптың ешбір ережесі «RIM»-нің Сіздің алдыңыздағы жауапкершілігіңізді мынадай жағдайларда шектемейді: (i) «RIM»-нің немқұрайлылығы немесе оның қызметкерлерінің не агенттерінің немқұрайлылығы нәтижесінде тікелей туындаған өлім немесе жарақат алу; немесе (іі) «RIM»-нің алаяқтық актісі немесе әрекетсіздігі не оның қызметкерлері мен агенттерінің алаяқтығы немесе әрекетсіздігі.

(f) ӘРБІР ТАРАП БАСҚА ТАРАП АЛДЫНДА ОСЫ КЕЛІСІМДЕ ТІКЕЛЕЙ КӨЗДЕЛГЕН ШЕКТЕ ЖАУАП БЕРЕДІ, БІРАҚ ТАРАПТАРДҒА КЕЛІСІМ-ШАРТ БОЙЫНША, ДЕЛИКТ НӘТИЖЕСІНДЕ НЕМЕСЕ ӨЗГЕЛЕЙ СЕБЕПТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАНДЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН ҚАНДАЙ ДА БІР БАСҚА МІНДЕТТЕМЕЛЕР, МІНДЕТТЕР НЕМЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕР ЖҮКТЕЛМЕЙДІ. ОСЫ КЕЛІСІМДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР НЕМЕСЕ АЛЫНЫП ТАСТАУЛАР МЕН БАС ТАРТУЛАР: (і) ТАЛАП НЕГІЗІНІҢ СИПАТЫНА, ҚҰҚЫҒЫН БЕРУГЕ НЕМЕСЕ СІЗДІҢ ТАРАПЫҢЫЗДАН БОЛҒАН ӘРЕКЕТТЕРГЕ, ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕНДЕРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ КЕЛІСІМ-ШАРТТЫ БҰЗУ, НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ, ДЕЛИКТІ, ОБЪЕКТИВТІ ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕОРИЯНЫ ҚОСА АЛҒАНДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ; (іі) ОСЫ КЕЛІСІМДЕ КӨРСЕТІЛГЕН КЕЗ-КЕЛГЕН ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛЫНЫҢ НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ МАҚСАТТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖОҒАЛҒАННАН КЕЙІН НЕМЕСЕ АЙТАРДЫҚТАЙ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫН БҰЗҒАННАН КЕЙІН ДЕ ҚОЛДАНЫСТА БОЛАДЫ; (ііі) ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ КЕПІЛДІГІНЕ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ТАРАПТЫҢ БАСҚА ТАРАПТЫҢ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУІНЕ НЕМЕСЕ БҰЗУЫНА НЕМЕСЕ "ҮСТЕЛУСТІ Жүйеге арналған Криптографиялық қолдау", "Сіздің «Blackberry» Шешіміңізді Қолдану", "Қамтамасыздандыру Бағдарламасына және Құжаттамаға Лицензияә, "Интеллектуалды жеке-меншік", "Экспорттық Шектеулер", "Құпиялық", "Технологияны ашудан бас тарту" БАПТАРЫН БҰЗУЫНА ҚАТЫСТЫ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ КӨРСЕТІЛГЕН МІНДЕТТЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ.

(g) «RIM»-НІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАСЫ, ДИРЕКТОРЫ, ҚЫЗМЕТКЕРІ, АГЕНТІ, ДИСТРИБЬЮТЕРІ, ЖЕТКІЗУШІСІ, ТӘУЕЛСІЗ МЕРДІГЕРІ, МҰРАГЕРІ НЕМЕСЕ ЦЕССИОНАРИЙІ НЕМЕСЕ «RIM»-НІҢ КЕЗ КЕЛГЕН АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАСЫ ОСЫ КЕЛІСІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАЙТЫН ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӨТЕРМЕЙДІ.



(h) БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕН ӨЗГЕШЕ «BLACKBERRY» ШЕШІМІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ҮШІН «RIM» ЖАЗБАША ТҮРДЕ ҰСЫНҒАН КЕЛІСІМДЕР МЕН КЕПІЛДІКТЕРДІ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ҚАНДАЙ-ДА БОЛСЫН ЕРЕЖЕСІМЕН АУЫСТЫРУҒА АРНАЛМАҒАН.

Ақпаратты жинауға келісім беру. Сіз «BlackBerry» Шешімін (және оның кез-келген элементтерін) және/немесе Қызыметті немесе байланысты Эфирлік Қызыметті пайдалану процесінде «RIM»-ге, Сіздің Эфир Қызметін Жеткізушіңізге және/немесе аффилиирленген тұлғаларға өзіңіз жайлы жеке ақпаратты және/немесе Сіздің Уәкілетті Тұтынушыларыңыз жайлы ақпаратты (қолданбалы заңнамаға байланысты, шектеусіз, келесі ақпараттардан турады: аты-жөн, электронды почта адресі, телефон номері, портативті өнім жайлы ақпарат, Қызмет Жеткізуші және Сіздің «BlackBerry» Шешімінің функционалдық мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпарат) бере отырып Сіз мұндай ақпаратты «RIM»-ге және/немесе оның аффилиирленген компанияларына жинауға, пайдалануға, өңдеуге, беруге және/немесе ашуға келісесіз. Қолданбалы заңнамаға сәйкес Сіз озіңіздің Уәкілетті Тұтынушыларыңыздан олар жайлы жеке ақпаратты «RIM»-ге және/немесе оның аффилиирленген компанияларына беруге барлық қажетті келісімдерді алғаныңызды кепілдейсіз. Мұндай жеке ақпаратты «RIM»-ге беру және сонымен қатар Сіздің Эфир Қызметін Жеткізушіңізге және Сіздің Уәкілетті Тұтынушыларыңыздың Эфир Қызметін Жеткізушісіне және/немесе немесе Еуропалық экономикалық аймақтың ішінде немесе одан тысқары жерлерде орналасқан «RIM» группа компанияларына жеке ақпаратты жинауға, пайдалануға, өңдеуге, беруге және/немесе ашудға мүмкіншілік беруді қоса қамтуы мүмкін, қоса алғанда, бірақ шектеусіз: (а) «RIM» және «RIM» группа компанияларының ішкі пайдалану мақсатына, сонымен қатар шектеусіз: (i) Сіздің қажеттеріңізбен қалауларыңызды түсіну және қанағаттандыру; (ii) қолданыстағы бар қызымет түрлерін жақсарту немесе олардың жаңа түрін жасап шығару; (iii) «RIM» -нің коммерциялық қызыметін басқару және дамыту; (b) Сіздің «BlackBerry» Шешімін және/немесе оған қатысы бар өнімді және/немесе қызметті (Қызметті қоса алғанда) есепке алуға, активизациялауға, іске қосуға, қолдауға, деактивизациялауға және/немесе кез келген өзге мақсатында; (с) Сізге және/немесе Сіздің Уәкілетті Тұтынушыларыңызға Бағдарламалық Қамтамасыз етудің және/немесе оған қатысы бар өнімнің және/немесе қызметтің (Қызметті қоса алғанда) апгрейдтерін немесе жаңартулар, Бөгде Бағдарламалық қамтамасыз ету, Бөгде Акпараттық Толтырғыш немесе Бөгде Қызыметтер және/немесе оларға қатысы бар өнімді және/немесе қызмет (Қызметті қоса алғанда) жайлы хабар беру мақсатында; d) қолданыстағы кез келген заңнамаға сәйкес рұқсат етілген немесе қажетті кез келген қызмет және/немесе; (е) сол мезгілде күшінде болып табылатын және http://www.blackberry.com/uk/legal/index.shtml Интернет бетінде танысуға болатын жеке өмірге қол сұқпауға қатысты «RIM»-нің саясатында көрсетілген кез келген мақсатта сәйкес. Сіздің жеке ақпаратыңызды және/немесе Сіздің Уәкілетті Тұтынушыларыңыздың жеке ақпаратын жоғарыда көрсетілген мақсаттарда жинау, пайдалану, өңдеу, беру және/немесе ашу жеке өмірге қол сұқпауға қатысты «RIM»-нің саясатына, деректерді қорғау саласында қолданылатын заңнамаға және «RIM»-нің тіркеу файлдары туралы хабарламасына, «Деректерді қорғау туралы» 1998 жылғы Заңына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. «RIM» жеке өзінің қарауы бойынша жеке өмірге қол сұқпауға қатысты өзінің саясатын оқта-текте түрлендіру құқығын өзінде қалдырады, ал Сіз жеке өмірге қол сұқпауға қатысты «RIM» саясатындағы кез келген жаңартылған ақпараттармен тұрақты түрде танысып отыруға келісесіз. Егер Сіздің жеке ақпаратыңыз Сіздің Эфир Қызметін Жеткізушіңізге ашылатын болса, онда жеке ақпаратқа қатысы бар бөлігінде Сіздің және Сіздің Уәкілетті Тұтынушыларыңыздың Эфир Қызметін Жеткізушісінің жеке өмірге қол сұқпауға қатысты саясаты қолданылады, немесе, жеке өмірге қол сұқпау және жеке ақпаратты жинауға, пайдалануға, өңдеуге, беруге және/немесе ашуға қатысты «RIM» компаниясымен және Сіздің және/немесе Сіздің Уәкілетті Тұтынушыларыңыздың Эфир Қызметін Жеткізушісімен келісілген шарттары пайдаланылады, егер ондайлар болған жағдайда. Сіз, қолданбалы заңнамаға және нормативті актілерге сәйкес, «RIM»-ге берілген жеке ақпарат иелеріне - барлық жеке тұлғаларға орардың жеке ақпаратты алуға, түзетүге құқығы бар болу мүмкіндігі жайында хабарлауға келісесіз
Басқаға беру және табыстау. «RIM» компаниясы осы Келісімді басқаға беруге құқылы, ондайда мұндай басқаға беру осы Келісімде көрсетілген шарттардай Сіз үшін де жағымды болған жағдайда жүзеге асырылады. Сіз осы Келісімді тұтастай немесе ішінара «RIM» компаниямының алдын ала жазбаша келісімінсіз басқаға бере алмайсыз ал «RIM» компаниясының алдын ала берген жазбаша келісімінсіз басқаға берудің күші жоқ немесе ол жарамсыз болады. «RIM» осы Келісімге сәйкес тікелей орындалуы тиіс барлық міндеттемелерді орындауға құқылы немесе бұл міндеттемелерді оның мердігерлері және/немесе қосалқы мердігерлері және/немесе Эфирлік Қызметтер жағдайында Эфирлік Қызметтер Жабдықтаушысы немесе оның еншілес компаниялары не аффилиирленген тұлғалары толықтай немесе ішінара орындауына құқылы.

Хабарламалар. Осы Келісімде өзгелей көзделмеген болса, осы келісімге сәйкес барлық хабарламалар немесе басқа да хат-хабарлар, егер олар жазбаша түрде жасалып, қолма-қол, курьер арқылы немесе төленген алыммен почта арқылы, тапсырыс-хатпен немесе алынғандығы туралы түбіртекпен бірге оның баламасымен жіберілген, Сіз «RIM» компаниясына берген шоттарды жіберуге арналған мекен-жай бойынша Сізге жолданған және осыған ұқсас мекен-жай бойынша «RIM» компаниясының Өнім жөніндегі Менеджері үшін көшірмесімен бірге (хабарлама болып табылмайтын) 36 Station Road, Egham, Surrey, UK, TW20 9LF мекен-жайы бойынша «Research In Motion UK Limited» мекен жайға жолданған болса, тиісті түрде тапсырылған болып саналады. Жоғарыда аталғанға қосымша ретінде «RIM» компаниясы өз таңдауы бойынша осы Келісімге сай кез келген хабарламаны Сізге электрондық түрде жіберуге құқылы. Электрондық түрдегі хабарлама, егер ол сіз «RIM» компаниясына берген электрондық почта адресіне электрондық почта арқылы берілген болса ол тиісті түрде жөнелтілген деп саналады.

Форс-Мажор. Осы Келісімнің қандай да бір ережесіне қарамастан Тараптардың ешқайсысы өз міндеттемелерін орындау қабілетсіздігіне байланысты, оларды орындау мерзімі басталған кезде, оның негізделген бақылауынан тыс себептер бойынша осы Келісімді бұзған болып саналмайды. Бұл ереже осы Келісімге сәйкес басқа Тарапқа төлем жасауға қатысты кез келген Тараптың кез келген міндеттемені орындаудан босататын ереже ретінде түсіндірілмейді.
Жалпы ережелер.

  1. Бөгде Бенефициарлар. «RIM» компаниясының бенефициары (төменде көрсетілгендей) осы Келісімнің (g) тармақшасы "Жауапкершілікті шектеу" Бабына сәйкес ойланған бөгде бенефициарлары болып табылады. Осы тармақшаны «RIM» Компаниялар Тобының кез келген мүшесі және сәйкес директорлары, лауазымды тұлғалары немесе мамандары («RIM» компаниясының Бенефициарлары») мәжбүрлеп жүзеге асыра алады, егер олар осы Бапқа сәйкес және 1999 жылғы Контракттар туралы Заңға сәйкес (үшінші тараптар құқықтары) бұл Келісім бойынша Келісім Тарабы болса. Егер осы Келісімде өзгеше көрсетілмесе, осы Келісімнің Тарабы болып табылмайтын кез келген тұлға жоғарыда көрсетілген Заңға сай құқықтарға ие болмайды.




  1. Міндеттемелерді Орындамаудан бас тартулар. Кез-келген тараптың қандай да бір құқықтан бас тартуына немесе орындамауына, мерзімідреді жіберуіне байланысты немесе кез-келген әділет теориясы негізінде құқықтан айыруға тыйым салынады. Егер де құқықтан бас тарту жазбаша жасалып, мәжбүрлі бас тарту жүргізілетін Тараптың уәкілді тұлғасымен қол қойылса, онда ол осы Келісім бойынша оны мұндай құқықтан айырылады. Кез келген Тараптың басқа Тараптың міндеттемелерін орындамаудан бас тартуы міндеттемені мұндай орындамаудан ұзақ уақыт бойы бас тарту немесе басқа кез келген міндеттемелерді орындамаудан бас тарту болып саналмайды.

(iii) Жарамдылықты сақтау. Осы Келісім орындалғаннан кейін жарамдылығына арналған өзінің мәні мен мазмұны бойынша осы Келісімнің мерзімі, шарттары және кепілдіктері осы Келісімнің қолданылуы аяқталғаннан, күші жойылғаннан немесе қолданылуы тоқтағаннан кейін жарамды болады.


(iv) Қолданбалы Заңнама және Дауды шешу. Коллизиялық құқықты реттейтін құқтық нормалардың кез келген жиынтығын қоспағанда осы Келісім Англия мен Уэльстің заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Тараптар БҰҰ-ның тауарлардың халықаралық сауда-саттығы келісімдері туралы Конвенцияны қолдану осы арқылы осы Келісімге қатысты толық алып тасталатындығымен келіседі.

(v) Төрелік. Осы Келісімге немесе Тараптар келіссөздерден кейін шеше алмайтын бұзуларға байланысты туындайтын кез келген келіспеушіліктер немесе даулар алдымен Тараптардың жоғарғы басшылығына жіберіледі. Тараптар өздерінің жоғарғы басшылығының өкілдері деңгейінде оларға туындаған дауды ұсынғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде кездеседі және егер Тараптар мұндай келіспеушілікті немесе дауды кездесуден кейін 30 (отыз) күн ішінде шеше алмайтын болса, мұндай келіспеушілікті немесе дауды төрелік сот шешеді, оның шешімі түпкілікті және міндетті орындалуы тиіс және ол Халықаралық сауда палатасының төрелік талқылау регламентіне («Регламент») сәйкес Англияда Лондон қаласында өткізіледі және аралық сот тағайындалғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде жоғарыда аталған Регламентке сәйкес тағайындаған және Тараптар өзара келіскен бір төреші қарайды, олай болмаған жағдайда төрелік сотты кез келген Тараптың өтініші бойынша Британ компьютерлік қоғамының Президенті (немесе Президенттің атынан әркет жасауға құқылы тиісті түрде Президент тағайындаған тұлға) тағайындайды. Егер жоғарыда аталған ережелер Сіздің юрисдикцияңыздың заңнамасымен тыйым салынған болса, төрелік талқылау: (і) Қазақстанның Алматы қаласында өткізіледі; (іі) Халықаралық аралық төрелік соттың төрелік талқылау Регламентіне («ХАС» Регламенті) сәйкес аралық сотпен реттеледі; және (ііі) ХАС Регламентіне сәйкес тағайындалған және Тараптар өзара келіскен бір төреші тағайындалғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде қарайды; олай болмаған жағдайда төрешіні бейтарап үшінші тарап тағайындайды. Тараптардың әрқайсысы арбитраждық талқылаумен байланысты шығыстардың жартысын төлейді. Тараптардың арасындағы немесе Сізден басқа кез келген тұлғаның қатысуымен болған бірде-бір дау «RIM» компаниясының алдын ала жазбаша келісімінсіз біріктірілуі немесе топтастырылуы мүмкін емес. Төрелік сот шығарған арбитраждық шешімнің негізіндегі соттың шешімі тиісті юрисдикцияның кез келген Сотында шығарылуы мүмкін. Жоғарыда аталғанға қарамастан «RIM» талаптар мен дауларға қатысты жалпы юрисдикция сотындағы сот арқылы тыйым салу мақсатында процессуалдық әрекеттерді қоса алғанда мыналарға қатысты процессуалдық әрекеттерді немесе әділдік құқығы бойынша әрекеттерді тағайындау құқығына ие: (1) Сіздің «BlackBerry» Шешімін немесе оның кез келген элементтерін сатып алуыңызға байланысты «RIM» компаниясына қарыз болған сомалар, егер қолданбалы болса; және (2) осы «Келісімнің Үстелүсті Жүйеге арналған Криптографиялық Демеу«,«Сіздің «BlackBerry» Шешімінізді пайдалану», «Бағдарламалық Қаматмасыздандыруға және Құжаттамаға Лицензия», «Зияткерлік меншік», «Экспорттық шектеулер», «Қауіпсіздік», «Құпиялық», «Технологияны Ашудан Бас Тарту» бұзылу қаупі немесе оларды Сіздің бұзуыңыз. Сіз істі қараудың қолайсыз аумағы мен орналасқан жері негізінде кез келген қарсылыққа немесе осыған ұқсас кез келген негіздемелерден шақырусыз тәртіппен бас тартасыз және шақырусыз тәртіппен процессуалдық хабарламалардың почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген кез келген басқа тәсілмен жөнелтуге келісесіз, сондай-ақ Сіз шақырусыз тәртіппен осы Келісімге байланысты туындайтын кез келген мұндай талаптарға қатысты, жағдайларға байланысты Англияда орналасқан соттардың юрисдикциясымен келісесіз әрі оларды мойындайсыз. Тараптар осы Келісім шеңберінде даулар туындаған жағдайда, олар жалпы юрисдикциялы сотта қаралады және мұндай дауларды алқабилер соты шешпейді. Осымен Тараптар осы Келісіммен байланысты немес одан туындайтын кез-келген дауларды алқабилер сотымен қарастырылуына қатысты барлық құқықтардан бас тартады.


    1. Ережелердің бөлінуі. Егер осы Келісімнің ережесі жарамсыз болатын немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайтын болса, онда мұндай жарамсыздық немесе мәжбүрлі түрде кез-келген юрисдикцияның компетентті органымен жүзеге асыру мүмкінсіздігі Келісімді толықтай жарамсыз немесе мәжбүрлі жүзеге асырылмайтын ете алмайды, және мұндай жарамасыздық және мәжбүрлі түрде жүзеге асыру мүмкінсіздігі келесіге әсер етепейді: (а) осы Кеілсімнің басқа ережелерінің заңдығы, жармадығы және басқа юрисдикцияда мәжбүрлі жүзеге асыруға; немесе (b) осындай ереженің (немесе оның бір бөлігінің) заңсыздығы, жарамдығы және басқа юрисдикцияда мәжбүрлі жүзеге асырылуы мүмкіндігінше шектеледі, егер керек болса оның жармдығы керек шектерде ғана және Келісімді мәжбүрлі түрде жүзеге асыруға қажет шегінде ғана келешекте жарамасыз болып табылады.

(vii) Тіл. Егер осы Келісім ағылшын тілінен басқа тілге аударылатын болса, ағылшын тіліндегі және басқа кез келген тілдегі аудармасындағы нұсқалары арасында кез келген қайшылық немесе сәйкессіздік туындаған жағдайда Келісімнің ағылшын тіліндегі нұсқасына басымдық беріледі. Сіздің юрисдикциясыңыздың заңнамасы тыйым салса, осы Келісімге қатысты кез келген хат-хабарларды, ұсынымдарды, жазбаларды, өтініштерді, ауызша өтініштерді, тараптардың түсініктемелерін, тараптардың ауызша түсініктемелерін, анықтамаларды немесе келіссөздерді қосқанда, бірақ шектемей барлық келіспеушіліктер, даулар, реттеулер, төрелік талқылаулар немесе соттық даулар ағылшын тілінде жүргізіледі.


(viii) Сәйкессіздік. Осы Келісім мен кез келген бағдарламалық қамтамасыздандыруға лицензия немесе «BlackBerry» Шешімнің кез келген элементін жинақтау кезінде көзделген ақырғы пайдаланушымен жасалатын келісім (осы Келісімнен басқа) арасында қандай да бір сәйкессіздік болса, кез келген сәйкессіздікке қатысты осы Келісімнің ережелері қолданылады. Егер осы Келісім мен кез келген бағдарламалық қамтамасыздандыруға лицензия немесе Бағдарламалық Қамтамасыздандырудың кез келген жаңартулармен немесе толықтырулармен байланысты ұсынылған ақырғы пайдаланушымен келісім арасында кез келген сәйкессіздік болса, кез келген сәйкессіздікке қатысты осындай басқа лицензияның немесе ақырғы пайдаланушымен жасалған келісімдердің ережелері қолданылады. «BlackBerry» Шешімінің кез келген элементін жинақтау кезінде, және «RIM» компаниясының өніміне немесе Бағдарламалық Қамтамасыздандыруға қатысты құжаттама мен қолданбалы «RIM» Өніміне қатысты құжаттама арасында сәйкессіздік болған жағдайда кез келген сәйкессіздікке қатысты немесе Бағдарламалық Қаматмасыздандырудың типіне немесе элемент версиясына қатысты Құжаттама ережелері қолданылады.
(iх) Келісімнің толық Сипаты. Осы Келісім осы Келісімнің тараптары арасында осы Келісімнің мәніне қатысты толық келісім болып табылады және осы Келісімде аталғандардан басқа, Тараптар арасында басқа ережелер, мәлімдемелер, кепілдер немесе Тараптардың арасында жасалған қосымша жоқ. . Жоғарыда көрсетілгендерге қарамастан Тараптар арасындағы басқа келісімдерді «BlackBerry» Шешімінің басқа элементтерін пайдалану арқылы реттеуге болады. Осы Келісім Тараптар арасындағы ауызша немесе жазбаша Келісім мәніне қатысты жасалған кез-келген алдын-ала жасалған және бар келіссөздерді, хат жазысуларды, мәләмдемелерді, кепілдерді, қабылданған мңндеттемелерді, қосымша келісімдерді орналастырады. Сіз осы Келісімді жасасу алдында жоғарыда айтылғанға негізделмегеніңізге келісесіз. Қолданыстағы заңнамамен тура тыйым салынған жағдайлардан басқа «RIM» компаниясы осы Келісімге өзгертулер енгізуге немесе осындай өзгертулерді бизнес жүргізу тәжрибиесінде көрсету құқысын қалдырады, егер осындай өзгертулер Сіздің құқытарыңызбен мен міндеттемелеріңізге немесе заңнамада көрсетуге немесе заңнамамен қажет етелетін елеулі түрде әсер етпесе ғана, «RIM» компаниясы Сізге осындай өзгеру туралы электрондық түрде дәйекті хабарлама (жоғарыда Хабарламаларда көрсетілгендей) жібереді немесе хабарламаны http://www.blackberry.com./legal/index.shtml веб-сайтында орналасытрады. Егер Сіз Бағдарламалық Қаматмасыздандыруды және/немесе Қызметтерді пайдалануды хабарламаны алғаннан кейін 60 (алпыс) күннен астам мерзімде жалғыстырсаңыз, және legalinfo@rim.com электрондық адресіне хабарламаны алғаннан кейін 60 (алпыс) күн ішінде жолықпасаңыз, онда Сіз өзгертулерді қабылдаған деп есептелесіз.

(х) Заңнама талаптарын орындау. Осы Келісімді немесе онымен байланысты кез-келген лицензиондық келісімдерді пайдалану және атқару үшін Сіз өз шығындырыңызға Сіздің юрисдикцияңыздың заңнамасымен және мемлекеттік органдарымен қажет етілетін барлық лицензияларды, тіркеулерді, мақұлдауларды аласыз, және олардың жарамдылығын қаматамасыз етесіз. Әсіресе күмәндік болмау үшін Сіз коммерциялық шифрлеуге және заңмен талап етілетін басқа да қорғану құралдарына ие Бағдарламалық Қаматмасызданыдруды импорттауға және пайдалануға қажетті барлық лицензияларды, тіркеулерді, мақұлдауларды құзіретті мемелкеттік органдардан аласыз. Сіз кез-келген қолданыстағы заңнама мен нормативті-заңды актілердің талаптарын сақтауға міндеттісіз. Сіз «RIM» компаниясына онымен осы міндеттемені орындайтынына кезеңдік бақылаулар жүргізуге рұқсат беретін кепілдіктер мен ресми құжаттарды беруге міндеттенесіз.


Келісімдерді біріктіру. Êåëåñ³í³ қаматамасыздандыру мақсатында: (а) Бағдарламалық Қаматмасыздандыру, Серверлік Бағдарламалық Қаматмасыздандыру және Портативтік Құрылғыларға арналған «BlackBerry» Бағдарламалық Қаматмасыздандырудың әр қайсысын Сіздің «Blackberry» Шешіміңіздің бөліктерінің ішінде біреуін пайдаланатындай әр қайсыға қатысты біркелкі терминдер қолданылуын; және (b) Портативтік Құрылғыларға арналған «BlackBerry» Бағдарламалық Қаматмасыздандыруды қалай активтендіргеңізге қатыссыз «Blackberry» Шешімнің бөлігі ретінде Портативтік Құрылғыларға арналған «BlackBerry» Бағдарламалық Қаматмасыздандыруға қолданылатын лицензия ережелерінің анықтығын. СІЗДІҢ ОСЫ КЕЛІСІМ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН ЖОЛМЕН КЕЛЕСЕТІНДІГІҢІЗДІ АТАП, СІЗ СОНЫМЕН БІРГЕ ОСЫ КЕЛІСІМ СОҢҒЫ ТҰТЫНУШЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТЕРДІҢ СЕРВЕРЛЕРІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН «BLACKBERRY» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМАТМАСЫЗДЫНДЫРУҒА БЕРІЛГЕН БҰРЫНҒЫ «BLACKBERRY» ЛИЦЕНЗИАЛАРДЫҢ КҮШІН ЖОЙЫЛАТЫНДЫҒЫНА ЖӘНЕ АУЫСТЫРЫЛАТЫНДЫҒЫНА КЕЛІСЕСІЗ, ЕГЕР ОСЫНДАЙ КЕЛІСІМДЕР БАСҚА ЖОЛМЕН СІЗДІҢ «BLACKBERRY» ШЕШІМІҢІЗІДІҢ БӨЛІГІН ҚҰРАЙТЫН КЕЗ-КЕЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМАТМАСЫЗДЫНДЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ОСЫ КЕЛІСІМДІ ҚАБЫЛДАУ КҮНІНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ БОЛСА ҒАНА. Сізге «RIM» компаниясымен Сіздің «Blackberry» Шешіміңізге арнап берілген Соңғы Тұтынушуға, «Blackberry» Бағдарламалық Қаматмасыздындыруды пайдалануға берілген Лицензияға немесе Өнеркәсіптердің Серверлерінде Пайдалануына арналған «Blackberry» Бағдарламалық Қаматмасыздындыруға берілген Лицензиондық Келісімдерге немесе құжаттамаларға сілтемелер осы «Blackberry» Бағдарламалық Қаматмасыздындыруды пайдалануға арналған Келісімге сілтемені білдіреді (егер бұл контекст бойынша түсініксіз болса, мысалы, осы ережеде айтылғандай, айырмашлықтар бұрынғы келісімдер мен «Blackberry» Бағдарламалық Қаматмасыздындыруды пайдалануға арналған Келісімдер арасында көзделген, бұрынғы келісімдерге сілтемелер «Blackberry» Бағдарламалық Қаматмасыздындыруды пайдалануға арналған Келісімдерге сілтеме болып табылмайды). Бұрынғы Соңғы Тұтынушуға, «Blackberry» Бағдарламалық Қаматмасыздындыруды пайдалануға берілген Лицензияға немесе Өнеркәсіптерге арналған «Blackberry» Лицензиондық Келісімдерге енгізілген кез-келген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Сізге «RIM» компаниясы Бағдарламалық Қаматмасыздындыруды жеткізген. Осындай өзгертулер мен толықтырулар осы «Blackberry» Бағдарламалық Қаматмасыздындыруды пайдалануға арналған Лицензиондық Келісімге енгізілген толықтырулар мен өзгертулер болып табылады. ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ДА БІР СҰРАҚТАРЫҢЫЗ БОЛСА, LEGALINFO@RIM.COM ЭЛЕКТРОНДЫҚ АДРЕС БОЙЫНША «RIM» КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

BBSLA (Kazakhstan) 081007 (Kazakh) (UK Version 081007)


AY 21319.2 05897 00762


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет