Бизнес-жоспар «Семейқұс» акционерлік қоғамы



жүктеу 205.69 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі205.69 Kb.


Бизнес-жоспар

«Семейқұс» акционерлік қоғамы

Семей

Мазмұны:
1. Бизнес-жоспардың мақсаттары және бизнестің міндеттері.


2. Кәсіпорын және оның өнімдері.

2.1. Орналасқан орны мен басқару құрылымы, ұйымдық-құқықтық формасы.

2.2. Кәсіпорын өнімдері және технологиясы.
3. Инвестициялық жоспар.
4. Нарықты талдау.

4.1. Дайын өнімді өткізу нарығының жағдайы.

4.2. Шикізат нарығын талдау.
5. Өндіріс жоспары.
6. Өткізу және маркетинг стратегиясы.
7. Қаржылық жоспар.
8. Тәуекелдерді талдау және тиімділікті есептеу.
Қорытынды.

1. Бизнес-жоспардың мақсаттары және бизнестің міндеттері.


КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы нарықтық жағдайға көшті, сол себептен біз, яғни республикамыздың әрбір азаматы ғылым және білім беру саласында көптеген қиындықтарға тап болдық. Өйткені біздің мемлекетімізге нақты, жаңа заман талабына сай білім қажет болды және әлі де қажет.

Сондықтан нарық жағдайына өтуге байланысты кәсіпорын ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін, өндірісті басқару мен шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын енгізу, кәсіпкерлікті, бастаманы ынталандыру негізінде қызмет көрсету мен өнімнің бәсекелестік қабілетін, өндіріс тиімділігін арттыру керек.

Осы мақсатты орындау үшін шаруашылық субъектілерінің қызметін экономикалық талдауға маңызды орын бөлінеді. Білікті экономист, бухгалтер, қаржыгер, аудитор заманға сай экономикалық зерттеу әдістерін және кешенді, жүйелі экономикалық талдауды жетік білуі қажет, сонымен қатар шаруашылық қызметтің нәтижесін жан-жақты, уақытылы және нақты талдай алуы қерек.

Сондықтан бұл бизнес-жоспар танымал «Семейқұс» АҚ жайлы болмақ. Өйткені бұл кәсіпорын тек қала деңгейінде ғана танымал емес, қазіргі кезде бұл кәсіпорынның өнімдері мемлекетіміздің бірқатар қалаларында сұранысқа ие.

Бизнес-жоспарда кәсіпорынның 2004-2006 жылдың экономикалық мәліметтері мен еңбек жөніндегі статистикалық есепке және т.б. мәліметтерге негізделеді.
2. Кәсіпорын және оның өнімдері.
2.1. Орналасқан орны мен басқару құрылымы, ұйымдық-құқықтық формасы.
Қазақ КСР ауыл шаруашылық министрлігінің бұйрығы бойынша 1964 жылы «Семейқұс» фабрикасының құрылысы басталып, ол 1966 жылы аяқталады, 1967 жылы өзінің өндірістік жұмысын бастайды.

«Семейқұс» АҚ 1966 жылдан бастап өзінің қызметін атқарып келеді. Ол Семей қаласынан 3 шақырым жерде орналасқан, жалпы көлемі - 28,1 га құрайды, соның ішінде өнеркәсіптік ғимараттар - 68674,2 м орын алады.

«Семейқұс» АҚ «Семптица-Семейқұс» ААҚ жалғастырушысы болып саналады. Негізгі қызмет түрі - жұмыртқа, құс еті, балапан шығару және өткізу болып келеді.

«Семейқұс» - бұл акционерлік қоғам. Акционерлік қоғам - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілері және мемлекетпен шығарылған (эмиссияланған) бағалы қағаздардың барлық түрлерінің сатылатын және сатып алынатын қаржылық нарықтың бөлігі. Акционерлік қоғам өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өзіне тиеселі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.

Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қазіргі кезде мемлекетімізде тек АҚ – акционерлік қоғам және халықтық акционерлік қоғам болып бөлінеді.

«Семейқұс» кәсіпорыны акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлер- заңды тұлғалар. Жарғылық қорды қалыптастыру үшін «Семейқұс» АҚ жалпы құны 550000 теңге тұратын 2224 акция жасап шығарды, жарғылық қордың құны 44000 теңге болды.

2007 жылдың 1-қаңтарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, ұзақ мерізімге жалға берілген негізгі қорлары, ұзақ мерзімді инвестициялары, ұзақ мерізімді дебиторлық қарызы жоқ.

2007 жылдың 1-қаңтарына кәсіпорынның ағымдағы міндеттері бар, соның ішінде қысқа мерізімді несиесі 101653 теңге, кредиторлық қарызы 478621 теңге.

«Семейқұс» АҚ есепті кезеңі болып күнтізбелік жыл табылады. Оперативті ақпарат болып тұру үшін қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі ай сайын шығарылып тұрады. Есепті бағалаудағы өзгеріс нәтижесі есепті кезеңнің таза кірісі мен хиянын анықтауда қарастырылады.

Кіріс дайын өнімді өткізуден түскен түсімнің құны бойынша бағаланады. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен кіріс жиынтық кірісті құрайды.

Негізгі қорлардың есебі №6 СБУ сәйкес жүргізіледі. 2007 жылдың 1- қаңтарына негізгі қорлардың алғашқы құны 459366 мың теңге, ал жинақталған тозу 158377 мың теңге. Қалдық құн 300989 мың теңге.

Негізгі қорлардың объектілерін ағымдағы жөндеумен байланысты барлық шығындарды осы жөндеулер болған уақыттағы өндіріс шығындарына қосады.

«Семейқұс» АҚ-нда бухгалтерлік есеп журнал-ордерлік жүйе негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, синтетикалық пен аналитикалық регистрларды және жүргізуге қажетті есепті ақпараттарды жазуға автоматтандырылған және автоматтандырылмаған әдістер қолданылады. Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операциялардың іс жүзінде жүзеге асуын көрсететін алғашқы құжаттардың негізінде жүргізіледі. Алғашқы құжаттың электронды түрінің қағазда жазылған алғашқы құжаттың күшіндей күші бар.
2.2. Кәсіпорын өнімдері және технологиясы.

Бастапқы уақытта құс фабрикасы 100 мың алғашқы асырауға негізделген тауыққа арналған болатын. Кейіннен, өндіріс көлемін ұлғайтып және технологияны жетілдірген соң корпустар кезекпен клеткалы асырауға көшті. Бұл ең қарқынды құс өсіру әдісі болып табылады. Мұнда КБН, БКН, ККТ-2, КБН-4, КБУ және германдық «EVROVENT-S» типті қондырғылар пайдаланылады.

«Семейқұс» АҚ «Семптица-Семейқұс» ААҚ жалғастырушысы болып саналады. Негізгі қызмет түрі - жұмыртқа, құс еті, балапан шығару және өткізу болып келеді. Семей қаласында жұмыртқа өндіретін тек осы кәсіпорын.

1966 жылы құрама жем жасау үшін өнімділігі тәулігіне 80 тонна шығаратын жем цехы іске қосылды, ол бүкіл кәсіпорынды жеммен қамтамасыз етеді.

Баяғы заманнан бері жұмыртқаның адам имунитетін жоғарлату мен қалпына келтіруде тамырлар мен мүйізді препараттардың (дәрмектердің) алдында басым екені белгілі. Еш нәрсе жұмыртқа сияқты тез әсер етпейді.

Жұмыртқа - жақсы көру, мықты сүйек және жоғары өсу кепілі болып саналады. Мұнда А витамины өте көп және жұмыртқа – бұл косметикалық зат. Жұмыртқада 96% минералды заттар бар, әсіресе кальций және В, В1, В2, Д1 витаминдері бар.

І. Жұмыртқа:


  • супер (2 сары уызы бар);

  • ірі жұмыртқа (таңдаулы);

  • 1 категориялы;

  • 2 категориялы;

  • ұсақ жұмыртқа;

ІІ. Ет:

  • 2 категориялы;

  • сорпа жиынтығы;

  • көже жиынтығы;

  • суб өнімдер (жүрек, бауыр);

  • мойыны, қанаттары.

«Семейқұс» АҚ өнімі қалада өзінің сату нүктелерінде өткізіледі, сонымен қатар Алматы, Қарағанды, Астана, Өскемен, Шымкент, Павлодар, Теміртау, Екібастұз, Риддер, т.б. қалаларға өткізіледі.

Біздің облыста «Семейқұс» АҚ жұмыртқа өндіру бойынша екінші орын алады. Потенциалды бәсекелес болып Черемаш құс фабрикасы және Қызылжар құс фабрикасы (Павлодар облысы) табылады.

Өткізу бағасы нарықтың қажеттілігімен анықталады. Қажетті шаралар жергілікті ақпарат құралдарымен жүргізіледі (радио, теледидар, газет).

Қазіргі уақытта Семей қаласында шығарылатын өнімнің 40% ғана өткізіледі, ал қалғаны басқа қалаларға жөнелтіледі.


3. Инвестициялық жоспар.
«Семейқұс» АҚ-ң тартатын инвестициялары бірнеше салаға қолданылады:

  • біріншіден, итальяндық жаңа инкубаторларды сатып алу, жеткізу және іске қосу;

  • екіншіден, Канададан тауықтардың басқа түрлерін сатып алу, жеткізу. Бұл тауықтар қазірде кәсіпорында «қызмет ететіндерге қарағанда», еті дәмдірек және жұмыртқалары ірілеу.

  • үшіншіден, жаңа инкубаторларды орналастыратын жаңа корпус салу, тұрғызу.

Инвестициялар бағыттары және объектілері:




Инвестициялар бағыттары

Қаражаттар қайнар көздері

Инвестициялар сомасы, мың тг

жеке

қарыздық

1.Қондырғыларды (инкубаторларды) сатып алу, жеткізу және іске қосу

100,0

-

100,0

2. Канадалық тауықтарды сатып алу, жеткізу

50,0

50,0

100,0

3. Корпус салу, тұрғызу

-

10,0

10,0

Жалпы инвестициялар

150,0

60,0

210,0

4. Нарықты талдау.


4.1. Дайын өнімді өткізу нарығының жағдайы.
«Семейқұс» АҚ-ы ішкі нарықта, сонымен қатар сыртқы нарықта (экспорт) қызмет етеді.

Өткізу нарығы келесідей белгілері бойынша сегменттелген:



  • географиялық ареал: Алматы, Қарағанды, Астана, Өскемен, Шымкент, Павлодар, Теміртау, Екібастұз, Риддер, т.б. қалалар.

  • халықтың орташа табысы: бір айда әрбір жанұя орташа есеппен 1,5 кг (нарықтық бағасы 200тг болғанда) пайдаланады, жейді. Сонда ең төменгі жалақыны алатын адамның өзі осы мөлшерді ала алады. Бұл дегеніміз, кез келген Қазақстан Республикасының азаматы кұс етіне қолы, бастысы – ақшасы жетеді.

4.2. Шикізат нарығын талдау.


«Семейқұс» кәсіпорнының шикізат базасы болып келесілер табылады:
- шөптерді өсіруге арналған алаңдар

  • өз жайлауы

  • жемдерді өндіретін кәсіпорындар.

Келесідей элеваторлармен келісімдер бар: Семей, Жанғыз-төбе, Аягөз, Павлодар қалалары, және осылардан керекті жемдер көлемі сатып алынады.

Кәсіпорын шикізаттарды (жемдерді) бөлшек бағалармен сатып алады. Талдау жасау уақытында 1 кг жемнің бағасы 15 теңгені құрады.

Егер бұл көрсеткішті орташа жылдық жемді пайдалану көлемін есептесек (тауық саны 50000 бас, күніне әрқайсысы 200 гр пайдаланады), онда:

360х0,2х50000=3600000 кг/жыл

3600000х15тг=54000000 тг немесе 450000$.
5. Өндіріс жоспары.
Негізгі қорлардың құрылымын талдау.

Негізгі қорлардың түрлері

2004, мың теңге

%

2005, мың теңге

%

2006, мың теңге

%

Ғимараттар

122643

24,7

122643

24,6

116945

25

Құрал-жабдықтар, беріліс құралдары

354366

71,3

357612

71

318555

69

Транспорттық құралдар

17301

3,6

17301

3,4

17079

4

Басқалар

2204

0,4

4217

1

6786

2

Барлығы

496514

100

501773

100

459365

100

Кестедегі мәліметтерге қарағанда үш жыл ішінде кәсіпорынның негізгі қорлары айтарлықтай өзгерген жоқ. Бірақ құрал-жабдықтармен беріліс құралдарының үлесі жыл сайын төмендеді.

2005 жылы 5259 мың теңгеге негізгі қорлар сатып алынды. 2004-2006 жылдары жалпы алғанда тек басқа негізгі қорлар сатып алынды. Негізгі қорлардың техникалық жағдайын талдау үшін келесі көрсеткіштерді есептейді:


  • Жаңару коэффиценті. Жаңа негізгі қорлардың жалпы негізгі қордағы үлесін сипаттайды.

  • Негізгі қорларды жаңарту мерзімі.

  • Шығару коэффиценті.

  • Тозу коэффиценті.

  • Техникалық жарамдылық коэффиценті.

Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділігі мен жиілігінің жалпы сипаттамасын көрсету үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

  1. қор рентабельділігі (пайданың негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасы);

  2. негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығы (өндірілген ортажылдық өнімнің негізгі өндірістік қорлардың құнына қатынасы);

  3. қор сыйымдылығы (негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнының есепті уақытта шығарылған өнім сомасына қатынасы).

6. Өткізу және маркетинг стратегиясы.


Кәсіпорын өнімдерін өндіріс көлемінің өсуі мен кеңеюіне байланысты өткізіп отырады.

Акционерлік қоғам қызметін жүргізу үшін қатысушыларының алғашқы жарнасы, қосымша жараналар, шаруашылық және коммерциялық табыс есебінен қалыптасқан.

Меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс, жабылмаған зиян жатады.

Меншікті капиталдың негізгі элементі болып жарғылық капитал табылады.

Жарғылық капиталға салым ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқық және басқа мүліктер түрінде жасалуы мүмкін.

«Семейқұс» АҚ-ң жарғылық капиталы өз қызметін бастау үшін осы кәсіпорынға тиесілі сомалардан тұрады. Ол капитал салымы есебінен құралады. Жарғылық капитал қатысушылар үлесін білдіреді және кепілдік беруші мазмұнда болады.

Әрбір кәсіпорын өндірістің қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін қарастырады, сондықтан капитал талдауы маңызды орын алады.

Капитал - бұл шаруашылық субъектісінің пайда алу мақсатында қолданылытын қорлары.

Кәсіпорын капиталы жеке қарыз көздерінен де құралады.

Меншікті және қарыз капиталы арасындағы арақатынастың тиімділігінен қаржы жағдайы және тұрақтылығы байланысты.


7. Қаржылық жоспар.
Қаржылық талдау компанияларды басқарудың жоғарғы звеносы болып табылады, қаржылық ресурстардың құрылуы және ақшаның ағымына ықпалын тигізе алады.

Жеке басқарушылық шешімдердің тиімділігі немесе тиімсіздігі келесілерге байланысты: өнім бағасы, мөлшері, партиясы, шикізатты сатып алу және өнімдерді жеткізу, құрал-жабдықтарды немесе технологиялрды ауыстыру және басқа да шешімдер жалпы кәсіпорынның даму мақсатына, оның экономикалық дамуына және жалпы қаржылық тұрақтылығына сай болуы керек.

Қаржылық анализ экономикалық процесстер мен құбылыстарды тану ретінде кәсіпорынды басқару жүйесінде маңызды орын алады.

Өндіріс, сату, инвестиция, қаржы және жаңалықтарды енгізу салаларында шешімдер қабылдау үшін басшылық әрқашан керекті сұрақтар төңірегіндегі ақпаратпен қамтылуы тиіс,ал бұл сұрақтар теру, бағалау анализі және бастапқы шикі мәліметтер концентрациясының соңы болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері алынған пайда сомасы мен рентабельділік деңгейінің қосындысымен сипатталады.

Пайда мөлшері және рентабельділік деңгейі жоғары болған сайын кәсіпорын тиімді жұмыс істейді және оның қаржылық тұрақтылығы жоғарлайды.



«Семейқұс» АҚ қаржылық нәтижелерін талдау барысында келесі пайда көрсеткіштері пайдаланады:

  • Маржиналды пайда (табыс және өнімді өткізуге кеткен өндірістік шығын арасындағы айырым)

  • өнім өткізуден түскен пайда (маржиналды пайда мен кезең шығындарының айырмасы)

  • таза пайда - барлық салықтарды төлеген соң қалатын бөлігін айтады.

Кәсіпорынның жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш өнімнің, қызметтің өзіндік құны болып келеді. Оның деңгейінен кәсіпорынның қаржылық нәтижелері және шаруашылық субъектілерінің қаржылық күйі тәуелді болады.
«Семейқұс» АҚ қаржылық- шаруашылық қызметі нәтижелерінің динамикасы.



Көрсеткіш тауы

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

өсу қарқыны (%)

2005

2005

1

Өнімді өткізуден түскен пайда (теңге)

397588

453033

499236

115

109

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны (мың теңге)

345987

415698

442521

120

106

3

Жалпы пайда (мың теңге)

51601

43335

56715

-84

131

4

Кезең шығындары (мың теңге)

32564

28294

48087

-87

170

5

Негізгі қызметтің пайдасы (шығыны)

19037

15041

-8628

-79

-57

6

Негізгі емес қызметтің пайдасы (шығыны)




18834

2892




-14

7

Таза пайда (шығын)




-3793,3

6036




-159

8

Адам саны

342

368

416

108

113

9

Сақталуы (%)

76,2

86

97,8

113

114

10

Рентабельділік (%)

1,1

1,1

1,1

1

1

Осы кестеге қарағанда «Семейқұс» АҚ рентабельді жұмыс істейтінін көреміз. Бірақ өте жақсы нәтиже 2004 жылы болды. Бұл жылы өнім өткізудің пайдасы ең жоғары .

«Семейқұс» АҚ қызметін толық анықтау үшін және рентабельділігін анықтау үшін экономикалық талдау жүргізу керек.
8. Тәуекелдерді талдау және тиімділікті есептеу.
Негізгі қор рентабельділігі

Көрсеткіштер

2004

2005

2006

НҚ ортажылдық құны

248257

250886,5

229682,5

Пайда

397588

459033

499236

Өндірілген өнім құны

421938

478962,2

528165,7

Рентабельділік

1,60

1,99

20,0

Қор қайтарымдылығы

1,66

2,11

1,93

Қор сыйымдылығы

0,6

0,48

0,52

«Семейқұс» АҚ жұмысының динамикасын талдау




Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2005/2004

2006/2005

2006/2004

Абс.

Сал.

Абс.

Сал.

Абс.

Сал.

Құс саны (м. бас)

421

527

539

106

25,2

12

2,2

118

28,0

Тауық саны (м. бас)

198

287

239

89

44,9

-48

-16,7

41

20,7

Жас тауық саны (м. бас)

223

225

286

2

0,9

61

27,1

63

28,3

Жұмыртқа өндіру (м. дана)

73739

74775

79918

1036

1,4

5143

6,9

6179

8,4

Орташа жұмыртқалауы (дана)

328,7

265

295

-36,7

-11,2

-27

-9,2

-63,7

-19,4

Жұмыртқа өткізуі

61846

71287

77767

9441

15,3

6480

9

15921

25,7

Ет өткізу, тірі салмақ (цн.)

1520

3848

3806

2328

153

-42

-1,0

2286

150

Ет өткізу, сойылған салмақ (цн.)

1347

2463

2598

1116

82,9

135

5,4

1251

92,9

2005 жылы 2004 жылға қарағанда құс саны 106 мың басқа немесе 25,2 % өсті, ал 2006 жылы 2005 жылға қарағанда 12 мың басқа немесе 2,2% өсті. Жалпы алғанда 2004 - 2006 жылдары құс саны 118 мың басқа немесе 28% өсті. 2005 жылы 2004 жылға қарағанда жұмыртқа өндірісі 1036 мың данаға немесе

1,4% өсті, ал 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 5143 мың дана немесе 6,9% өсті. Жалпы алғанда 2004 - 2006 жылдары жұмыртқа өндірісі 6170 мың данаға немесе 8,4% өсті. Осыған байланысты 2005 жылы жұмыртқа өткізуі 9441 мың данаға немесе 15,3% өсті, ал 2006 жылы 6480 немесе 9% өсті. Жалпы алғанда осы кезеңде 15971 мың данаға немесе 25,7% өсуі байқалды. Осыдан жұмыртқа өндірісі тауық санымен оның сақталуына байланысты.

«Семейқұс» АҚ экономисті өндірістік өзіндік құнды есептейді, оның 5% еттің өзіндік құнына кіреді. Сондықтан ет бағасы әр айда әр түрлі. «Семейқұс» АҚ өткізілген өнімінің толық өзіндік құны 442521 мың теңге, ал еттің өзіндік құны 22126 мың теңге. Өзіндік құнды және түсімді біле отырып жалпы пайданы табамыз, ол 2006 жылы 11950 мың теңге.

Өнімнің өзіндік құны өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Ол шаруашылық қызметтің барлық жақтарын көрсетеді. Оның деңгейінен кәсіпорынның және шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайы тәуелді.

Өнімнің өзіндік құнын талдау, осы көрсеткіштің өзгеруін, жоспарды орындауын және кәсіпорын өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндіктерді қолдануын бағалауды анықтайды.


Қорытынды
Кәсіпорын өнімдері тек Семей қаласы бойынша ғана емес, сонымен қатар оған қарасты аудандарда, Қазақстанның ірі және шағын қалаларында сұранысқа ие.

Нарықтық қатынастарда қызмет істеп тұрған кәсіпорын үшін басты мақсат болып - сапалы, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығару болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымы талданып, ерекшелігі аталып көрсетілді.

Кәсіпорынның кейінгі үш жылдағы шығын-пайда, тиімділік, рентабельділік, т.б. көрсеткіштерге назар аударылды.

Нарықта тиімді жұмыс атқару үшін тұрақты тұтынушыларды иелену -кәсіпорынның негізгі маретингтік стратегиясы болып табылады.

Кәсіпорын қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, автоматтандыру, яғни инновациялық технологияларды пайдалану шараларын жүзеге асыруда.

Кәсіпорын қазіргі кезде өнім сапасы арқылы тұтынушылардың сенімділігіне енген, өз атына рекламация алып көрген жоқ және өнімді қайтарып беру тіркелген емес.

«Семейқұс» АҚ менеджменті нарық өзгерісіне және позитивті тендендецияны дамытуға бар күшін салуға дайын.

Кәсіпорын өнім көлемін ұлғайтуға ғана тырыспайды, сонымен қатар ол өнім сапасын мұқият бақылайды.

Негізгі маркетингтік стратегиясы болып, нарықтағы тұтынушыларды жете зерттеп, оларды толығымен түсіну арқылы нарықтың көп бөлігін жаулап алумен қоса, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығару болып табылады.

Ұйымда ішкі бақылау жүйесі қатаң дамыған. Яғни, барлық шаруашылық операциялардың негізділігі мен уақыттылығына және дұрыстығына бухгалтерия қызметкерлері тарапынан бақылау жасалып отырады.



Аталған мәселелерді шеше отырып, артықшылықтарды меңгеріп, кәсіпорын өз болашағынан көп үміт күттіреді.

«Семейқұс» АҚ миссиясы - халықтың құс өнімдеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет