Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама

Loading...


жүктеу 70.25 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі70.25 Kb.
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 2 хаттама

2014 жылы объектілерге кешенді қызмет көрсету және автокөлікке техникалық қызмет көрсету қызметтерін мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2014 жылғы 30 қаңтар сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 100 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» шеңберінде 2014 жылға объектілерге кешенді қызмет көрсету және автокөлікке техникалық қызмет көрсету қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 30 198 660,71 (отыз миллион жүз тоқсан сегіз мың алты жүз алпыс) теңге жетпіс бір тиын (ҚҚС-сыз) оның ішінде:

- ғимаратты ұстау үшін комплекстік қызмет көрсету – 25 325 000,00 теңге;

- автокөліктерді ұстау, техникалық қызмет көрсету – 4 873 660,71 теңге.

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 16 қаңтардағы
№ 12-4/21 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2013 жылғы 24 желтоқсандағы негіздемесінің негізінде, егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;

4. «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана регионалдық филиалының шағын және орта бизнес бойынша директор орынбасары Д.О. Мақұлбаеваның және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана регионалдық филиалының Операциялық басқарманың бастығы А. Б. Жангутенованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана регионалдық филиалы банкісінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 23-03-12-132 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2014 жылғы 16 қаңтардағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Сарыарқа атындағы ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2014 жылғы 20 қаңтардағы анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Бірлескен орындаушы:

«Қазақстан Мед Дез» ЖШС:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- медициналық қызметпен айналысуға болатын лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- директор орынбасары А.З. Долматованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Цеснабанк» АҚ Астана филиалы банкісінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 1509 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2014 жылғы 21 қаңтардағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Сарыарқа атындағы ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2014 жылғы 23 қаңтардағы анықтамасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Бірлескен орындаушы:

«Электромех Техникал Ассосиатс» ЖШС:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- директор орынбасары В. Цыганесконың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалы банкісінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 15250/48 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2014 жылғы 9 қаңтардағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Сарыарқа атындағы ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2014 жылғы 11 қаңтардағы анықтамасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;



- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС, Астана қ., Кенесары,36 және мұндай шарттардың бағасы 30 198 660,71 (отыз миллион жүз тоқсан сегіз мың алты жүз алпыс) теңге жетпіс бір тиын (ҚҚС-сыз), соның ішінде:

- ғимаратты ұстау үшін комплекстік қызмет көрсету – 25 325 000,00 теңге;

- автокөліктерді ұстау, техникалық қызмет көрсету – 4 873 660,71 теңге.

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 12-4/21 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2014 жылы объектілерге кешенді қызмет көрсету және автокөлікке техникалық қызмет көрсету қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Кенесары, 36, мекен-жайы бойынша орналасқан «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС-нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы « 1 » ақпанға дейін «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.

3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы

А.Қ. Евниев









Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры

Ж.Е. Аманбаев




Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г.Ж. Баймаханова



Хаттамаға қосымша


Заключение экспертной комиссии

по государственным закупкам услуг по комплексному обслуживанию объектов и техническому обслуживанию автотранспорта в 2014 году способом из одного источника




г. Астана

«27» января 2014 г.

Экспертная комиссия, в составе:



  1. Утаева Зухра Каирбековна – Главный эксперт Управления бухгалтерского учета Департамента кадрового и административного обеспечения, руководитель экспертной комиссии;

  2. Кусанов Аккожа Талгатович – главный эксперт Управления технической политики в растениеводстве Департамента земледелия, член эксперной комиссии;

  3. Ескенов Жанат Исабекович – эксперт Управления правового обеспечения и государственных закупок Комитета государственной инспекции в АПК, член эксперной комиссии;

утвержденном приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан №12-4/21 от 16 января 2014 года (Приложение 3), рассмотрев техническую спецификацию услуги по комплексному обслуживанию объектов в 2014 году и техническую спецификацию услуги по техническому обслуживанию автотранспорта в 2014 году, представленные потенциальным поставщиком ТОО«Дирекция по обслуживанию зданий и транспорта»:

Пришла к выводам:

  1. Техническая спецификация, представленная ТОО«Дирекция по обслуживанию зданий и транспорта» соответствует требованиям Приложения 2 конкурсной документации.






З. Утаева




А. Кусанов




Ж. Ескенов



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...