Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық Бөлімі: Тіл дамыту

Loading...


жүктеу 36.31 Kb.
Дата22.06.2017
өлшемі36.31 Kb.
Білім беру саласы: Қатынас. Шығармашылық

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі

Мақсаты:А) Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру. Ересектердің айтқанын тыңдап, түсіне білуге, сұрақтарына жауап беруге үйрету.

Ә) есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Б) ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: №2 демонстрациялық материал. (Ертегі кейіпкерлерінің суреттері,), «Шөжелерім» әні жазылған үнтаспа.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: бейнетаспадан «Шұбар тауық» ертегісін көрсету.

Сөздік жұмыс: шұбар тауық, қауырсын, тышқан.

Билингвальды компанент: ата-дедушка, әже-бабушка, тауық-курица, жұмыртқа-яйцо, тышқан-мышь.



Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

  • Балалар, бүгін күн қандай?

  • Күн ашық па?

  • Жылдың қай мезгілі?т.б.

Шұбар тауық туралы өлең оқып береді.

Шұбар тауық мүлдем,

Жолатпайды барса.

Ұясында жүрген

Балапаны қанша?

Балапанын тауық

Қызғанады жаман.

Қанатымен жауып,

Санатпайды маған.

(Ұ.Есдәулетов)



Сұрақтарға жауап береді

Балалар өлеңнің мазмұнынан түсінгендерін айтып беруге тырысады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті көрсету.

-Балалар, сендер білесіңдер ме, тауықтар қандай түсті болады? Ақ түсті, қызыл түсті, шұбар ала тауықтар болады екен. Мен сендерге осы «Шұбар» ертегісін әңгімелеп беремін.



c:\users\admin\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img-20161023-wa0020.jpgc:\users\admin\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img-20161023-wa0017.jpg

Баяғыда бір атай мен әжей күнін әзер көріпті. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты, әжей де ұрып-ұрып жара алмапты. Бір тышқан зырылдап жүріп, құйрығымен қағып кетіпті, сол кезде жұмыртқа жерге түсіп кетіп, жарылып қалыпты. Атай мен әжей жылапты. Сонда Тауық былай деп жұбатыпты:

-Жыламашы аташым! Мұңаймашы, әжешім! Мен сендерге жылтылдаған алтын емес, ас болатын қарапайым жұмыртқа тауып беремін,- депті.

-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-Онда, осы шұбар тауықтан алынған «Қауырсынды үрлеу» ойынын ойнайық. (Шұбар тауық, қауырсын сөздерімен сөздік жұмыс жүргізіледі)

Тыныс алу жаттығуы.

Жеңіл қауырсынды «уф-уф-уф» деп үрлеуді көрсетеді.

Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға

Иілем де қол соғам

Аяғымның ұшына

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С.Қалиұлы)

Дидактикалық ойын: «Балапандарды тамақтандыру»

Ойын шарты: «Шөжелерім» әнін тыңдата отырып, қимылмен балапандарға жем шашуды көрсету.



Балалар ертегіні тыңдайды


  • Иә, ұнады.

Бабалар қауырсынды үрлеп ойнайды

c:\users\admin\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img-20161023-wa0018.jpg

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Әнді тыңдай отырып, қимылмен балапандарға жем шашады


Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог балаларға жеке-жеке ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

c:\users\admin\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img-20161023-wa0015.jpg

Билингвальды компонент: ата-дедушка, әже-бабушка, тауық-курица, жұмыртқа-яйцо, тышқан-мышь. c:\users\admin\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img-20161023-wa0014.jpg



  • Балалар ертегі кімдер туралы?



  • Атай мен әжейдің қандай тауығы болыпты?



  • Ол не тауыпты?



  • Жұмыртқа қандай болыпты?



  • Жұмыртқаның түбіне жеткен не?



  • Атай мен әжейді тауық не деп жұбатыпты?

-Ата – дедушка, әже – бабушка, тауық – курица, жұмыртқа – яйцо, тышқан – мышь.

c:\users\admin\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img-20161023-wa0013.jpg

-Атай мен әжей туралы.

-Шұбар тауығы.

-Алтын жұмыртқа.



-Қатты

-Тышқан


-«Жыламаңдар, мен сендерге алтын емес, қарапайым тамақ болатын жұмыртқа тауып беремін», - деп жұбатыпты.

c:\users\admin\appdata\local\microsoft\windows\temporary internet files\content.word\img-20161023-wa0019.jpg



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегіні тыңдап, мазмұнын айтуды;

Түсінеді: "Шұбар тауық" ертегісінің мазмұнын;

Қолданады: жаңа сөздерді сөйлемдер құрастыру үшін.
: uploads -> doc
doc -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...