Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Loading...


жүктеу 38.27 Kb.
Дата28.03.2017
өлшемі38.27 Kb.





Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысы

      «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі бекітілсін.



      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің      


2013 жылғы 27 наурыздағы


№ 284 қаулысымен   


бекітілген      

Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын

есептеу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және республикалық бюджет (бұдан әрі – бюджет) қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау, сондай-ақ бюджетке қайтаруға жататын білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау үшін қолданылады.

2. Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын

айқындау

      2. Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) жинақтаудың ең аз мерзімі бір жыл болған кезде, 1 қаңтардағы жағдай бойынша білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығының сомасына қарай (бұдан әрі – салым сомасы) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:

      МС = СС / 100 х СМ


      мұнда:


      МС – мемлекет сыйлықақысы;


      СС – салым сомасы;


      СМ – мемлекет сыйлықақысы пайызының мөлшері (7 – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес басым санатқа жатқызылған салымшылар үшін немесе 5 – қалған санаттағы салымшылар үшін).


      3. Басым санатқа жатқызылған салымшының мәртебесі өзгерген жағдайда мемлекет сыйлықақысы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:



      МС = (СС / 100 х 7 / 12 х К) + (СС / 100 х 5 / 12 х (12 – К))


      мұнда:


      МС – мемлекет сыйлықақысы;


      СС – салым сомасы;


      К – салымшының басым санатқа жатқызылған кезеңі (айлар).


      4. Мемлекет сыйлықақысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) жүз еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда АЕК-тің бір жүзге еселенген мөлшері есептеледі.



      5. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

3. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан



жағдайда бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысын


айқындау

      6. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда:

      1) оператор аталған жағдай туралы мәліметтер алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл жөнінде қатысушы банкке хабарлайды және салым бойынша төменде көрсетілген ақпаратты сұратады:


      салым бойынша жарнаның жалпы сомасы;


      салым бойынша банк сыйақысының жалпы сомасы;


      білім беру қызметтерін төлеуге жіберілген жалпы сома;


      салым бойынша нақты жинақталған қалдық;


      2) қатысушы банк оператордан хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты ұсынады;


      3) оператор ақпаратты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушы банкке бюджетке қайтаруға жататын және осы әдістеменің 7 немесе 8-тармақтарына сәйкес есептелетін мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмені жолдайды.


      7. Салымшы Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан сәтте салымның бөлігі білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге пайдаланылған жағдайда, бюджетке қайтарылатын мемлекет сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:



      БҚМС = НЖС х МСЖС / (МСЖС + ЖЖС + БСЖС)


      мұнда:


      БҚМС – бюджетке қайтарылатын мемлекет сыйлықақысы;


      НЖС – салым бойынша нақты жинақталған қалдық;


      МСЖС – салым ашылған кезден бастап есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы;


      ЖЖС – салым бойынша жарналардың жалпы сомасы;


      БСЖС – салым бойынша банк сыйақысының жалпы сомасы.


      8. Салымшы Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан сәтте салым білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге пайдаланылмаған жағдайда, салым ашылған сәттен бастап есептелген мемлекет сыйлықақысы толық көлемде қайтарылады.







© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
storage -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау
storage -> Қабылдау комиссиясына
storage -> Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарыналуғаарналғанжұмыстардыұсыну,ресімдеу және беру
storage -> Алматы отд бойынша 29. 12. 2012ж бос орындар: «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы отд -на қажет: Бас аппарат бойынша бос орындар
storage -> Регламенті Жалпы ережелер
storage -> «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
storage -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
storage -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...