Білім беру ұйымдарының қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын зерделеу тексеру қорытындысы бойынша

Loading...


жүктеу 39.4 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі39.4 Kb.
Білім беру ұйымдарының қысқы жылыту маусымына дайындық

жұмыстарын зерделеу тексеру қорытындысы бойынша




АНЫҚТАМА
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес №822 бұйрығын негізге ала отырып 2014 жылдың 13-17 қазан аралығында білім беру мекемелерінде қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын зерделеу тексеру қорытындысы бойынша

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім беру мекемелеріне қарасты 40 мектептің (28 орта, 3 негізгі, 9 бастауыш) 14-і ыңғайластырылған, 26-ы типтік ғимаратта орналасқан. 40 мектептің 10-ы газбен, 1-і (Т.Әубәкіров негізгі мектебі) мазутпен, 1-і (А.Шынасилов атындағы орта мектеп) сұйық отынмен (солярка), 28-і көмірмен жылытылады. 40 мектептің 24-і автономды, 2-і орталықтандырылған, 12-і шағын отқазандықпен жылытылады.12 балабақшаның 5-і («Балауса», «Балдырған», «Ақ бота», «Болашақ», «Балапан») газбен, 7-і көмірмен жылытылады, 10 - ы автономды отқазандықпен, 2-і («Балбөбек», «Айгөлек») мектептің отқазандығынан жылытады.

Газ отынымен қамтамасыз ету үшін «Құлан тазалық» ЖШС-іне -51566,0 мың теңге және «Жамбыл жылу» ЖШС-іне 39300,0 мың теңге қарастырылып, келісім-шарт жасалынды.Ағымдағы жылға «Азия-Фаворит» ЖШС-мен қатты отын алуға 56590,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалынып, барлығы 6480 тонна көмір алынды. Бүгінгі күнгі мектептерге қатты отынның 6350 тоннасы тасымалданды. А.Шынасилов атындағы шағын орталықты орта мектепке қажетті 65 тонна дизель отынына 5 млн.теңге қарастырылып, мердігермен келісім-шарт жасалған.

Барлық мектеп отқазандықтары мен көмір қоймалары ағымдағы жөндеуден өткен. Мектеп отқазандықтары орналасқан ғимараты әктеліп, сырланған. Қазіргі уақытта барлық білім беру мекемелерінде терезелері түгенделіп, шатырлары жөнделген. Ағымдағы жөндеулер: 3 мектепте электр желісін жөндеу жүргізілді: Малдыбай орта мектебінде үш фазалық электр желісін жүргізу, жобалық-сметалық құны-618505 теңге, мердігер «Шарх» ЖШС-і.Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі үш фазалық электр желісін жүргізу, жобалық-сметалық құны-840000 теңге, мердігер «Шарх» ЖШС-і, Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінде үш фазалық электр желісін жүргізу, жобалық-сметалық құны- 500001 теңге, мердігер «Шарх» ЖШС.Малдыбай орта мектебінде жылу жүйесіне (жылу трассасы) жөндеу жұмыстарын жүргізу, жобалық-сметалық құны- 999992 теңге, мердігер «Шарх» ЖШС-і. 3 мектептің электр желісінің трансформатор подстанциясына жөндеу жұмыстары жүргізілді: М.Горький атындағы орта мектебі жобалық-сметалық құны- 616000 теңге, мердігер «Шарх» ЖШС-і; Қызыл шаруа орта мектебі жобалық- сметалық құны-392000 теңге, мердігер «Шарх» ЖШС-і; Қорағаты орта мектебі жобалық- сметалық құны-618505 теңге, мердігер «Шарх» ЖШС-і.

Аудандық білім бөлімі 3 қосымша шағын электр генераторларымен жабдықталған. 29 нысанды электр генераторлармен жабдықтау қажеттігі жоспарланған. Үнемделген қаражат болса, генератор алу жоспарлануда.

2014 жылы мектептердегі отқазандықтарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу мақсатында Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің отқазандығы кеңейтілді. Малдыбай орта мектебінің көмір қоймасы жаңа соғылды, жылу трассасына 999992 теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді,120 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Подгорное орта мектебінің резервтегі пеші ауыстырылды.

Барлық білім беру мекемелеріндегі отқазандықтардың, жылу жүйесінің техникалық жарамдылығын тексеріп, техникалық паспорт алу үшін және отқазандықтағы отжағушыларды оқыту үшін, «Отжағушы -оператор» куәлігін алу мақсатында «Эксиллон Энерджи» ЖШС-мен жалпы соммасы 5120,0 мың теңгеге келісім –шарт жасалынып, тексеру жұмыстары жүргізілді, от жағушы - операторлармен оқу курсы өткізіліп, әр операторға арнайы куәліктер берілді. Барлық мектептердің отқазандықтарының қысқы дайындықтары тексеріліп, дайындық паспорты берілді. Қазіргі уақытта аудан әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №385 қаулысына сай білім бөлімінің 2014 жылғы 08 қазандағы №814 бұйрығымен жылу беру маусымы басталды. Білім мекемелері жылу маусымына толығымен дайын.
Тексеру барысында Ақтоған, А.Байтурсынов, Қ.Султанбеков, Құлан, №1 мектеп-лицейі, №2 орта мектеп, Ш.Уәлиханов, Абай орта мектептерінде, Ю. Гагарин негізгі мектебінде жылу газбен берілген. Б.Момышұлы, Қорағаты, Ы.Алтынсарин, Қызылту, Алғабас, М.Әуезов орта мектептерінің көмір қоймасы талапқа сай.

Ақтоған, Малдыбай орта мектептерінің терезе қуыстары бекітілмеген. Абай орта мектебінде от қазандық орналасқан ғимаратта өртке қарсы құрал-жабдықтар түгел емес, градусник ілінбеген, кезекшілік кестесі, бұйрық шығарылмаған, Ақыртөбе орта мектебінің бұйрық шығарылған, кезекшілік кестесі бар, бірақ мектеп директорының қолы мен мөрі басылмаған, 3- қабаттағы оқу бөлмелерінде термометрлер жоқ. Шынасилов орта мектепте жылу маусымына бұйрық шығарылмаған, кезекшілік кестесі жасалмаған, өртке қарсы құрал-жабдықтары түгел емес. Бірлес орта мектебінің көмір қоймасы талапқа сай емес, кезекшілік кестесі ілінбеген, бөлме таза емес, өртке қарсы құрал-жабдықтары әрленбеген, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары жылу маусымының қай уақытта басталғанын білмейді, от жағылмаған. Р.Смаилов орта мектебінің отқазандығының сыртқы жарығы жанбайды. Ақбұлақ орта мектебі бұйрық шығарылмаған, кезекшілік кестесі жоқ. Қызылшаруа орта мектебінің спорт залының бір терезесі бір қабатты әйнек, акт залының екі терезесі бір қабатты, екінші қабатының терезесі салынбаған.


Барлық мекемелерінің басшылары жылу маусымының басталуына байланысты отқазандықтың үнемі тоқтаусыз жұмыс істеуін қадағалап, тексеру барысындағы анықталған кемшілік бойынша күндізгі және түнгі кезекшілік кестелері түзілсін.


: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> БАҒдарламасы «Кәсіпорын менеджменті»
2014 -> Ойындарды өткізу мерзімі
2014 -> Ғаламды ұстап тұрған зат емес, заңдылық
2014 -> Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және
2014 -> «Бекітемін Ректор, ҰҒА ҚР академигі А. М. Ғазалиев 2014 ж
2014 -> Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді. Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді
2014 -> «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...